«АЛТЫН
КҮЗ»
Тақырыбы: Алтын
күз
Мақсаты: Күзгі табиғат өзгерістерін
бақылап, күз байлығын, әсемдікті, сұлулықты сезіне білуге
үйрету.
Көрнекілік: Күзгі суреттер,
жапырақтар
Тәрбиеші:Сәлеметсіздер ме, құрметті
ата-аналар, балалар! Бүгінгі «Алтын күз» мерекесіне қош
келіпсіздер!!!
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп, Көз
тартады атырап.
Күншуаққа маужырап, Жатыр еді
атырап.
Ағаштардан жамырап, Ұшты кенет
жапырақ.
Балалар қараңдаршы күз мезгілі
даланы қандай әдемі етіп безендірген. Ағаштағы жапырақтар сап-сары,
егін алқаптары астыққа толып тұр, бау-бақшада жеміс-жидектер,
көкөністер пісіп жатыр. Күз мезгілі қаншама көп жұмыс атқарған. Күз
адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да,
адамдар күзге берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін
себебі айналаның бәрі сап-сары түске боялады, ал алтын байлықтың
белгісі екен.
Тәрбиеші:- Балалар, мынау тұрған кімнің
үйі екен?
Мүмкін бұл Күз Аруының үйі
шығар? Қанекей есігін қағып тарсылдатайық.
Тәрбиеші: -Балалар Күз Аруы шаршап
ұйықтап қалған сияқты, біз ән айтып көрейік, мүмкін күзді оятып
алармыз. Олай болса шеңбер жасап «Күзгі
жел» әнін
орындайық.
Ән: «Күзгі
жел»
Шеңберге біз
тұрамыз,
Жапырақтай
шулаймыз.
Шух-шух-шух,
Шух-шух-шух.
Жерге түссе
бастаймыз,
Ағаштай боп тербелеміз,
«тербеледі»
Күзгі жел боп
әндетеміз,
У-у-у-у-у-у-у-у-у-у-у
Күзгі жел боп
айналамыз,(айналады)
Тамшы болып
секіреміз,(секіреді)
Таза ауада
ойнаймыз,
Балалар әнді шеңбер бойында
тұрып орындайды.
Тәрбиеші:- Балалар Күз Аруымыз әлі оянған
жоқ, енді не істейміз күз мерекесін қалай
жалғастырамыз? .
Тәрбиеші: Ал,
ендеше, «Қандай жаңбыр?»
ойынын ойнайық.
- Балалар, сендер жаңбырдың
қалай жауатынын білесіңдер ме?
Балалар: - Иә,
білеміз.
Тәрбиеші:- - Өте жақсы. Жаңбырдың жай
түрі болады. Оны салу үшін қолымызды жай шапалақтаймыз. Сонымен
қатар, қатты жаңбырлар да болады. Қатты жаңбыр болса, қолымызды
қатты шапалақтаймыз.
Тәрбиеші:- Балалар Күз Аруы әліде оянған
жоқ, мүмкін бәріміз дауыстап шақырамыз?
Балалар: Келші, келші алтын күз, Келші,
келші жарқын күз. (Әдемі музыка әуенімен Күз
Аруы оянып үйден шығады)
Осы кезде мерекелік
көңіл-күйімен залға Күз Аруы қолында себетімен кіріп
келеді.себетінде ішінде күзгі базарлық жемістер, көкөністер
салынған.
Күз
Аруы:Армысыздар, балдырғандар!
Күзгі бақтағы қонақтар. Мен қатты шаршап ұйықтап қалыппын,
кешіріңдерші мені! Мен сендерге көңілді ойындар дайындап
қойдым.
Тәрбиеші: Төрлетіңіз, Күз Аруы Біздің
балалардың өнерін тамашалаңыз!
Күз Аруы, балалар сізге арнап
өз тақпақтарын айтып береді, қабыл алыңыз.
Балалар тақпақ
айтады.
БӘРІ:Алғыс саған, алтын
күз!
Күз
Аруы:- Қандай керемет балалар,
тақпақтарын жақсы айтады екен.
Тәрбиеші: Алтын күз, мына сыйды
балаларға таратып берсек бола ма?
Күз
Аруы: Жоқ, бұл сыйды балалар еңбек
етіп, тер төгіп, жеңіп алулары қажет өйткені күздің сыйлары
жемістерде, көкөністерде тек адамның еңбегінің арқасында болады.
Сондықтан балалармен бір ойын ойнайық, егер ойын шартын ойнай
білсе, ептілік көрсете осы сыйлықты алуларыңа
болады.
Ойын: «Кім жапырақты көп
жинайды?» Олай болса, қазір бәріміз мына
жерде шашылып жатқан күздің әдемі жапырақтарын жинайық. Еденде
жапырақтар шашылып жатады. Балалар белгі берілген кезде
жапырақтарды жинап шығу керек. Көп жинаған бала
жеңеді.
Тәрбиеші: Ал, балалар,
тұрмайық,
Қол соғайық,
тұрмайық.
Күзгі бақта
бүгінгі.
Шырқап биге
салайық!
«Жапырақтар» биі
Тәрбиеші: Алтын күз, сізде толып жатқан
сырлар көп, сондықтан бізге арналған қандай сыйыңыз
бар.
Күз Аруы
:Рахмет сендерге, балалар! Өте
өнерлі екенсіңдер. Сендердің мерекелеріңе ата-аналарың келіп отыр
екен. Мен олармен ойын өткізейін деген
ойдамын!
Ойын: «Қысқа
азық»
Тәрбиеші: Қыздардың орындауында
«Қарлығаш» биі.
Ойыннан кейін төрде
қолшатырдың астында себетке салынған алмалар тұрады, балаларға
арналған тосын сыйлық.
Тәрбиеші:- Балалар мына қолшатырға
қараңдар, қандай үлкен. Оның астында не бар екен
көрейік.
Тәрбиеші қолшатырды алған
кезде себетке салынған аламалар
тұрады.
Тәрбиеші:- Қандай керемет себет тола
алмалар ғой!!!
Күз
Аруы:- Бұл балаларыма арнаған
берекелі жомарт күздің сыйлығы. Бұл алмалардың бойында көп
дәрумендері бар.
Алтын күз балалардың
әрқайсысына алма үлестіреді. Балалар сендерге үлкен рахмет, өте
көңілді, өте өнерлі, ақылды балалар екенсіңдер. Бүгінше сендермен
қоштасамын, ал келесі жылы тағыда кездесеміз. Сау
болыңдар!!!
Балалар:- Сау болыңыз Күз
Аруы!!! Күз Аруы шығып
кетеді.
Балалар:- Р А Х М Е
Т!!!
Тәрбиеші:- бүгінгі мерекемізді аяқтап,
келген ата-аналарымызға, қонақтарымызға рахмет айтайық. Сау
болыңыздар!!!