Материалдар / Ертеңгілік «Күз сыйы» (Шалқан ертегісінің желісі бойынша)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ертеңгілік «Күз сыйы» (Шалқан ертегісінің желісі бойынша)

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: балалардың күз туралы түсініктерін молайту. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін байқату. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезіне білуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Маусым 2020
778
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

40 «Болашақ» бөбекжайы

Тәрбиеші:Амандыкова Сандігүл Амандыққызы


«Күз сыйы» (Шалқан ертегісінің желісі бойынша)


Музыкалық композициямен залға балалар кіреді.

Жүргізуші: Думан толы асқарлы

Күз мезгілі басталды

Күз әуені кеп жетті

Әнге бөлеп жастарды

Жүргізуші: Нұрға бөлеп өмірді

Жырға бөлеп көңілді

Жарқыраған сәулелі

Күз әуені төгілді

Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Күз мерекесіне қош келдіңіздер!

(Балалардың тақпақтары)

1.Әліби: осень я люблю за то

Что пора носить пальто

И сапожки одевать

Чтоб по лужам погонять

Нұрай: армысыздар халайық

Бармысыздар халайық

Күзгі тойды жұп жазбай

Келіңдер қарсы алайық

Адиль: осень,осень не спеши

И с дождями подожди

Дай еще нам лета

Солнышко и света

Айсұлу: қарашы күз келді, күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді

Құс біткен керуен тізеді

Қара бұлт қабағын түйеді

Әсемай: поздняя осень

Грачи улетели

Лес обнажилась

Поля опустели

Ерсұлтан: жеміс мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген

Қ.Раяна: күз келді, алақай

Алтын келді далаға

Дәні бітік бидайды

Құйып жатыр қамбаға

Арсен: сап сары маңай

Сап сары тоғай

Соңғы әнін айтып

Құс кетті қайтып

Эльдар: отэм ливс а фоллиң даун

Фоллиң даун, фоллиң даун

Отэм ливс, а фоллиң даун

Еллоу, ред, ориндж энд браун

Нұрбатыр: соңғы шуақ төгіліп

Жалқынданып тұр аймақ

Ақ сәулеге шомылып

Жапырақтар жүр ойнап

Алан: жеміс-жидек пісті

Қамбаға астық түсті

Қызу жұмыс басталып

Жинап алды жан салып

Әсия: даун даун

Еллоу энд браун

Зе ливс а фоллиң

Әувә зе таун

Ән: «Күзгі бақ»

(Балалар орындарына отырады.Көкөністер :пияз,қырыққабат,картоп ортаға отыра қалады.музыкамен залға Алтын күз кіреді)

Жүргізуші: міне,өлкемізге қызыл,сары түсті жапырақтармен даламызды нқрландырып,дәнге толы алқаптай толқып,билеп күзде жетті.Күздің келуін бәрімізде асыға күттік.Ал,күз бізге мол өнімдерін сыйға тартуда.Берекелі,мерекелі Алтын күз қош келдің!

(Көкөністер ортаға шығып отырады.Шалқанның маңына дауласады.

Жүргізуші: Көкөністер бір кезде жиыла қалып дауласты.

Көкөністер бәрі: Жиналып қаппыз бәріміз,

Қайсысымыз ең дәмдіміз?

Ішімізден адамға

Тиеді көп пайдамыз?

Қырыққабат-Әліби: Мақтанғаннан не пайда

Менсіз дәмді щи қайда

Мені қосса самсаға

Жейді бәрі тамсана

Пияз-Санжар: Боламын мен дәмдеуіш

Барлық-барлық тағамға

Көкөністер ішінен

Мен пайдалы адамға

Картоп: Әсия:: Мен ұялшақ картоппын

Мен емеспін мақтанар

Мені жақсы көреді

Үлкендер мен балалар!

Дауласуды тоқтатып,

Бос айтысты қояық

АЛТЫН КҮЗ: Дауласпаңдар! Сендер бәрің де пайдалы,дәруменге бай көкөніссіңдер.Тағамға тамаша дәм,Бойға қуат бересіңдер.Бәріңде адамға керексіңдер.

Залға Шалқан ертегісіндегі Ата келеді.

Ата: Амансыңдарма айналайындар. Алтын күз сенде қош келіпсің өлкемізгеМенің бақшам жайнап кетіпті ғой.Көкөністерім өсіпті.Піскен өнімді жинайтын уақыт болыпты.(Ата көкөніс балаларды жинай бастайды.Балалар орындарына отырады.Ата шалқанға бұрылып оны тартып көреді.)

Ата: енді қайттым.Жұлайын десем әлім келер емес.Әжелеріңді шақырайын бәріміз бірігіп тартып көрейік ия?!Әй әжесі, қайдасың? Кел қол ұшыңды бер.

Әженің дауысы: менің ана Абысындар деген сериалым басталып жатыр. Тап қазір қолым тимейді. Сәл күте тұрсаңшы.

Жүргізуші: ендеше ата, келіңіз алдымен біздің балаларымыздың әдемі биін тамашалап алыңыз. Содан соң шалқанды жұламыз.

Би: «Саңырауқұлақтар мен қыздар»

(билеген соң сол бишілер атаймен бірге шалқанды тартып көреді.Жұлынбайды)

Тақпақ балалардың:

Ш.Райана: қуандырып біздерді

Кел жемісті алтын күз

Өлкемізге күз келді

Кемелденсін халқымыз

Санжар: ақтарады мырза күз

Уылжыған жемісті

Күзге бізде ризамыз

Аянбаған ел үшің

Арман: алтын, сары, қызыл, көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады адырап

Әсет: Падают, падают листья

В нашем саду листопад

Желтые,красные листья

По ветру вьются летят

Эльнара: күздің қазан айында

Алма, алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр-сыбдыр етеді

Нұрәли: здравствуй, осень! Как дела?

Ты надолго к нам пришла?

Приготовила уж краски

Чтоб одеть деревьям краски

Нұрислам: берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

Ержан:нұрға бөлеп өмірді

Жырға бөлеп көңілді

Жарқыраған сәулелі

Күз әуені төгілді

Адилхан: золотое время года

Осень добрая пришла

Всем подарки принесла

Алтынзер: ән салыңдар күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер

Күздің тойын тойлайық

Би билейік ойнайық

Айша: думан толы асқарлы

Күз мезгілі басталды

Күз әуені кеп жетті

Әнге бөлеп жастарды

Даулет : нұрға бөлеп өмірді

Жырға бөлеп көңілді

Жарқыраған сәулелі

Күз әуені төгілді

Алтын күз: мойымаңдар. Қане келіңдер, ойын ойнап көңілімізді көтерейік.

Ойын: «Картоп жинау»

Шарты: екі топқа бөлініп картопты қасыққа салып бір шеттен екінші шетке тасиды.Қай топтың картобы бірінші бітеді ыдыста,қасықтан түсірмейді сол топ жеңімпаз.

Ән: «Наступила осень»

Әже келеді: Атасы, шалқан не болды? Жұлынды ма? Өй сен әлі жұлмапсың ғой?!

Әлің келмеді ма? Қазір мен немеремізді шақырайын.

Немерем, келе ғой. Атаң екеумізге көмектесіп жібер.

(Немере қыз бала шетте планшет ойнап отырады)

Немере: Ой әжетай, мен плей до қарап алайыншы.

Жүргізуші: ендеше балалар ата мен әжеге біз тағы бір өнерімізді көрсетіп жіберелік.

Би: «Туча »

(ата әже биші балалар бірігіп тағы тартып көреді. Шалқанды жұла алмайды)

Жүргізуші: Мына шалқанымыздың тамыры тіптен тереңге бойлап кеткендей. Алып шалқанды жұлу үшін бәріміз орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық.

Қимылды ән: « Rain rain»

Немересі келіп: әжеее, шалқан жұлынбаған бааа? Мен онда күшігімді шақырайын. Күшігім! күшігім!

Күшіктің дауысы: аф аф аф. Мен әжем құйған жылы сорпаны тауыспай бармаймын.аф аф аф.

Алтын күз: күшік сорпасын тауысып болғанша балақайлар сендер бізге ән салып берсеңдер жақсы болар еді.

Ән: «Кап кап» (әннің соңында күшік келеді. Шалқанның жаныныа барып тартып көреді)

Күшік: мына шалқанға менің әлім келмейді екен. Мысықты шақырып көрейін. Мысық,мысық!

(пырылдаған мысық дауысы естіледі тек)

Жүргізуші: балалар естіп тұрсыңдар ма? Мысық күшікті естимей тұр ау. Ол ұйықтап жатырған секілді. Мысық ұйқысынан оянғанша әсем биімізді қонақтарға тарту етейік.

Би: «Зонтик»

(Бидің балалары атамен шалқанды тартып көреді. Жұла алмайды)

Мысық келеді: Мяу! Мені шақырдыңдар ма?

Жүргізуші: ия ия. Шалқанды жұлуға көмекке шақырғанбыз.

Мысық шалқанға қарап ойланып тұрып : жооқ. Менің де шамам келмес. Қайтсек екеееен?

(Сол кезде ортаға қарай тышқан жүгіріп шыға келеді.Мысық тап береді. )

Кел тышқан бізге көмектес.

Ата: ал кәне шырақтарым, бәріміз бірігіп тартып көрейік.

(шалқанды жұлып алады. Бәрі қуанады, секіреді)

Ән: «Жарқын күз»

Ата ортаға шығып: рахмет сендерге айналайындар. Өнерлеріңді көрсеттіңдер. Шалқанымды да жұлуға көмектестіңдер.

Алтын күз: балалар, биыл атамыздың бау бақшасында шалқаннан бөлек тәтті алмалары да пісіпті. Мынау сендерге атаның сыйы. Қане ала қойыңдар.

(алма үйлестіреді)




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!