Материалдар / Ертеңгілік "Күзгі бал"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ертеңгілік "Күзгі бал"

Материал туралы қысқаша түсінік
- мерекелік көңіл-күйін құру; - ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру; - балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру; - ойын барысында досшылыққа тәрбиелеу; - табиғатты тамашалай білуге, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2023
280
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін ________________

«Әйгерім» бөбекжай бақшасының

әдіскері: Токова А.Ж






«Балапан»-І кіші топ




«Күз берекелі, күз мерекелі»

күзгі бал








Тәрбиешілер: Кайраккалиева К.М

Арықбаева Г.



2023ж




"Күз берекелі, күз мерекелі" атты ертеңгілік.

Топ іші түрлі түсті әдемі жапырақтармен әсем безендірілген,балалар әдемі киінген бастарына маска жапырақтары

Тәрбиеші : Құрметті қонақтар,ата-аналар,сіздерді күз мерекесімен құттықтаймыз! Күз айлары сіздерге құт береке ,молшылық әкелсін.Осындай тілекпен "Күз берекелі, күз мерекелі" атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

Салқын сыз дымқыл тұман соңына ерген

Жылауық бұлттары бар соңына ерген

Күз келді мезгіліне арқаланып

Күн барма байлығын ол тегін берген

Біз оны күтіп жүрсек әуел баста-ақ

Кеттік те дереу істі дереу бастап

Астық,жеміс,мақтасын бар байлығын

Алып қалдық еңбекке айырбастап

(осы кезде күн күркіреп, тарсыл-тұрсыл естіледі) Тәрбиеші: Ой балалар бұл не болды екен ? Күз Ханшайымы ? (осы кезде ишке жаңбырлатып бұлт кіреді)Балалар бізге Бұлт келіп қалыпты.Ашулы сияқты, балалар,жаңбырлатып келеді.

Бұлт:Мына жерде не болып жатыр, мен қайда келдім?

Тәрбиеші:Сәлеметсізбе Бұлт! Бұл балабақша, біздер балалармен

Бұлт:Ой, балалар, кешіріңдер мен білмей қалдым. Жарайды мен жаңбырымды басқа жаққа жаудырайын, сіздерге күз ханшайымын көрсем жіберермін. Ендеше мен кеттім балалар мерекені жақсы тойлаңдар.

Тәрбиеші:Тоқтай тұр, Бұлт, қонаққа келіп қалған екенсіз біздің балалардың өнерін тамашалаңыз.

Бұлт:Жарайды, ендеше мен балалармен бір би болса, билеп кетейін.

Би:Бұлттар биі.

Бұлт:Жарайсыңдар, балалар,, керемет билейді екенсіңдер. Ал, енді мен кетейін. Жолдан күз ханшайымын көрсем, сендерге жіберейін. Сау болыңдар, балалар!

Осы кезде әсем әуен ойнап ішке күз ханшайымы кіреді

Күз ханшайымы: Сәлеметсіздерме балалар, құрметті қонақтар!

Күздің суығын, жауын-шашынын әкелген , құстарды жылы жаққа ұшырған

күз ханшайымы мен боламын!

Тәрбиеші:Сәлеметсіңбе күз ханшайымы! Төрлетіңіз! Балалардың өзіңізге арнаған

"Күз-берекелі, күз мерекелі" атты ертеңгілігін тамашалаңыз. Балаларымыздың

тақпақтарын тыңдаңыз.

Даяна: Жеміс мол теретін

Күз дос екен бізбенен


Оразбек: Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген

Тәрбиеші: Балалар рахмет тақпақтарынды жақсы айттындар.Енді Күз Ханшайымен бірге "Жапырақтар"әнін орындайық.

Ән : "Қызыл сары жапырақ"

Күз Ханшайымы : Рахмет балалар әндерің тамаша екен.Күзде құстар жылы жаққа

ұшып ,жаңбыр жауып ,жапырақтар сарғаяды,астық жинаймыз,жемістер мен

көкөністер піседі.Ал маған кім жемістер туралы тақпақтар айтып береді.


Бейбарыс : Мен алмұртпын,алмұртпын

Ауыздамын бар жұрттың



Ақтангерей: Мен өрікпін ,өрікпін

Табиғатқа көрікпін


Кенесары: Мен алмамын,алмамын

Тандайда қалар бәр дәмім.

Күз Ханшайымы : керемет балалар , осы тақпақтарын үшін . Ал енді біз жапырақтар биін билейік. Менің ұшырып жіберген жапырақтарым қайда екен.

Би: "Жапырақтар"

Күз Ханшайымы: Жарайсындар балалар,керемет биші екенсіңдер.

Осы кезде ішке адасып қоян кіреді

Тәрбиеші: Ой, балалар бізге тағы да қонақ келіп қалыпты.Кім екен таныдындар ма?

Балалар: Ия Қоян ғой.

Қоян: Сәлематсыздар ма балалар!Мен мында түлкіден қашып жүріп,адасып келдім Мені жасырыңдаршы,әйтпесе қу түлкі мені жеп қоюы мүмкін

Тәрбиеші:Балалар қоянды жасырып қоялық .

Бұландап түлкі кіреді.

Түлкі : Сәлеметсіндер ме балалар! Мында не болып жатыр ?Қоянды көрмендіндерме

осы жаққа қарай қашып кетіп еді.

Тәрбиеші: Сәлеметсің бе Түлкішек! Сен ашуынды бас. Біздің балалармызды көрмейсің бе?

Күз ханшайымы:Қарашы қане балаларымыз әдемі киініп, күз мерекесін тойлап жатыр. Ал сен болсаң қоянды іздеп, біздің балаларымызды шошыттың.

Түлкішек:Ал, жарайды, көрейік қандай өнерлері бар екенін.

Тәриеші:Ал ендеше тыңда балаларымыздың тақпақтарын

Медет: Алтын,сары,қызыл,көк

Алуан-алуан жапырақ

Ағаштардан жамырап

Ұшты кенет жамырап


Ақтілек: Күде дала жаурайды,

Көкте бұлттар аунайды.

Бұтағынан үзіліп,

Жапырақтар саулайды

Манзура: Ән салындар күліндер

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздің тойын тойлайық

Би билейік, ойнайық


Диана: Қызыл сары жапырақ

Көз тартады атырап

Қандай жел тамаша

Қарандаршы бақылап


Абылай: Көрініп еліме

Күндері мереке.

Келді ғой жеріме

Күз дейтін мереке.

Түлкішек:Ой, балалар, қандай керемет. Мен мында не үшін келдім, ұмытып қалдым ғой

Тәрбиеші:Ааа, солай ма, Түлкішекті татуластырайық

Түлкішек: Жарайды, мен енді қоянға тиіспеймін, татуласайық. Балалар,Қоян екеуміздің татуласқанымыз үшін, сіздерге рақмет!

Ойын!" Себетке сәбіздерді жинау"

Қоян: Балалар сендерге рақмет сәбіздерімді жинап бергендеріне!

Түлкішек:Қоян екеуміз орманға барайық, сендер туралы ормандағы достарымызға айтып береміз. Сау болыңдар, балалар!

Тәрбиеші: Сау болыңыздар Түлкішек пен қоян. Енді бір бірлеріңмен ұрыспаңдар, тату болыңыздар. Ал, енді, "Ерте,ерте, ертеде, ешкі құйрығы бөртеде" дей келе енді балаларымыздың қояттын "Шалқан" ертегіссін тамашалайық.

Ертегі "Шалқан"

Рөлдерде.

ата-Медет

әже-Манзура

қыз-Даяна

ит-Жантөре

мысық-Абдуллаһ

тышқан-Ақерке

Күз ханшайымы:Керемет балалар, мен сендердің мынадай көріністеріңе ризамын. Менің көңілім көтеріліп қалды сендерге көп-көп рақмет!


Тәрбиеші: Алма, өрік қамбаларға

Толтырды әкеп, Алтын күз

Бұлтта болып қамбаларға

Байланыпты Алтын күз

Дастарханда таба нанға

Айналыпты Алтын күз

Рахмет саған күз ханшайымы, біздің қадірлі қоңағымыз болғанына, қош сау бол!

Күз ханшайымы: Сау болыңдар балалар!

Тәрбиеші: Қадірлі қоңақтар, ата-аналар "Күз-берекелі, күз мерекелі" атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сөз кезегі балабақша менгерушісі Алмажай Кубашевнаға және балабақша әдіскері Ақнұр Жандосқызына беріледі.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!