Ертеңгілік "Əліппемен аштық білім есігін, тербетеміз тәуелсіз ел бесігін" 1 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертеңгілік "Əліппемен аштық білім есігін, тербетеміз тәуелсіз ел бесігін" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімінің қажетіне жарайды
Материалдың қысқаша нұсқасы


Әліппемен аштық білім есігін,
Тербетеміз Тәуелсіз ел бесігін.


Мақсаты: Білімнің бастауы болған «Әліппеден» үйренгендерін жүйелеу, тиянақтау. Әліппе оқулығына оқушылардың ерекше құрметін білімдерінің артуы,сөз байлығының молаюы,саналарының өскені арқылы көрсету. Отанын,мектебін,ұстаздарын,ата-аналарын құрметтеуге тәрбиелей отырып, өнерлерін тамашалау. Тәуелсіздігіміздің ұландары екендерін ұғындыру. Көрнекілігі: шарлар, әріптер макеті,көрініске қажетті заттар, Әліппе және Ана тілі оқулықтарының макеті.
Сабақ барысы:
Сынып бөлмесінде музыка ойнап тұрады
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата – аналар! Тойымызға қош келдіңіздер! Кеше ғана мектеп есігін ашқан бүлдіршіндеріңіздің қадамдарының сәттілігін тілей отырып, алғашқы айлардағы өнерлерін тамашалауға шақырамыз.

Ұлпан. Қыр гүліндей жайнаймыз,
Ән сап,билеп ойнаймыз.
Бүгін бізде мереке,
Әліппе тойын тойлаймыз.
Анель. Тал шыбықтай бойына,
Әдемі көйлек жарасар.
Ортада біздің сүйікті,
Балдырған балғын балалар.
Музыка баяу ойналады,оқушылар екі-екіден қол ұстасып сынып бөлмесіне кіреді.
Хор: Әнұран.

Ұлпан: Әліппе деген - алтын жол
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес,ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
Мұғалім: Тәуелсіздік бабалардың ұраны,
Бұл уақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік – түлектерде тұншығып,
Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы. 
Анель: Қазақстан сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан – бұл азат ел, танысыңдар.
Көк байрағы,елтаңбасы,әнұраны
Қазақ елі егеменді,сан жұрты бар - дей келе,бүгінгі:
Бірге: «Әліппемен аштық білім есегін,Тербетеміз Тәуелсіз ел бесігін» атты Әліппемен қоштасу ертеңгілігімізге хош келдіңіздер.
Мұғалім: Балалар бүгінгі ертеңгілігіміз ерекше болады. Себебі, біз ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз. Көздерімізді жұмып, көз алдымызға ертегілерді елестетейік. Кәне, қандай ертегілерді естеріңе түсірдіңдер? -Бауырсақ ертегісі. Ендеше, бауырсақ ертегісін кім айтып береді? Жания: - Ертеде шал мен кемпір болыпты. Шал кемпірге: Кемпір, менің қарным ашты, бауырсақ пісірші! – депті. Кемпірі: үйде ұн жоқ, - дейді. Қаптың түбін қырып ал, - дейді шал. Кемпір бауырсақ пісіріп, шалға алып келеді. Шал: - Бауырсақ ыстық екен, терезені ашып қоя тұр, суысын, - депті. Терезені ашып, бауырсақты суытып қояды. Бауырсақ домалап жерге түсіп қашып кетеді.

Апамнан да құтылдым, Атамнан құтылдым, - деп әндетіп келе жатып, балаларға кездеседі. Бауырсақ:– Ой, мына жерде той болып жатыр екен ғой! Бұл не той? Балалар: Әліппемен қоштасу тойы. Сол кезде алдынан қоян шығады. –Қоян: - Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін. Бауырсақ балалардың артына тығыла қашып, балалардан көмектесуін сұрайды. Мұғалім: балалар, кәне, бауырсаққа көмектесіп, ажалдан құтқарайық. Балалар! Әрине, көмектесеміз. Бауырсақ: Жемеші, жемеші біз саған тақпақ айтып, ән де шырқап береміз. Жания: Көз салып қараңызшы бойымызға, Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға Хош келіпсіз ұстаздар, ата – аналар! Әліппемен қоштасу тойымызға. Айдана: Өтті оқу сан сабақ Бүгінгі үлкен салтанат, Оқулықпен достасу, Әліппемен қоштасу Өсті білім ойымыз Құтты болсын тойымыз! Сағындық: Армысыздар аналар! Бармысыздар балалар! Сөзіме құлақ салыңдар, Бір серпіліп қалыңыз. Әліппеге арналмақ, Бүгінгі жыр - әніміз! Хор: Ағылшын тілінде Ұлпан - Ерқанат: Ағылшынша диалог Ертегі: Мақта қыз бен мысық.

Қоян: - Ой, жарайсыңдар, балалар! Өнерлі екенсіңдер. Жарайды, бауырсаққа тиіспей – ақ қояйын. Сау болыңдар! Мұғалім: Балалар менің сендерге бір сұрағым бар. Іші толған әріпке Білімдіге жарық не? Оқушылар: Болашаққа жол ашар, Ол - сүйікті әліппе! Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық. Хормен: Әліппе, Әліппе Әліппе ортаға келеді. Әліппе: Армысыздар, жас достар! Армысыздар, ата – ана! Болашаққа жол ашар Әліппе келді ортаға. Білім деген ғалымның Әліппесін меңгерген. Келешегі қазақтың Басталады сендерден. Жақсы білім көрімдік Болсын сізге халайық. Не үйрендік, не білдік? Кәне, ортаға салайық. – Балалар, сендер мені оқыдыңдар. Менен не үйрендіңдер? Оқушылар: Жұмбақ, жаңылтпаш, өлең үйрендік, жазуды үйрендік. Енді кез – келген кітапты өзіміз оқи аламыз. Әліппе: Олай болса, менің сендерге жасыратын жұмбақтарым бар. 1.Қабат – қабат қаттама, Ақылың болса аттама.(кітап) 2. Суда мұз бар, Жерде қар бар, Боран борап соғады, Бұл қай кезде болады? (қыс) 3.Өзі қара, бетінде көп ақ іздер, Сол іздерді достарыңның бәрі іздер. (тақта) Бауырсақ әндетіп жүреді. Алдынан қасқыр шығады. Қасқыр: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін. Бауырсақ балалардың артына тығып, балалардан көмек сұрайды. Балалар: Әрине көмектесеміз. Бауырсақ: Жемеші біз саған мақал – мәтел, тақпақ айтып береміз. 1. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ. (Айдана) 2. Оқу білім бұлағы, Білім өмір шырағы. (Мағжан) 3. Қына тасқа бітеді, Білім басқа бітеді. (Жансұлу) 4. Ақыл тозбайтын тон, Білім таусылмайтын кен. (Жания) Нұрлан: Бар әріпті үйреткен – 
Міне менің әліппем
Жақсы оқимын сабақты,
Әріптерді танып мен.
Жанерке:Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпте,
Үйреткен оны әліппе
Дәулет: Әліппем менің әліппем, Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің
Нарқыз: Әліппем менің әліппем, Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Жания: Әліппем менің әліппем, Өмірді келем танып мен.
Қайталап айтам мың рет,
Әліппеге рахмет! Әліппеге рахмет! Кітапханашы Ана тілін ертіп келеді. Кітапханашы апай: Ой, балалар, жарайсыңдар! Сендер әліппені жақсы меңгеріпсіңдер. Сендерге Ана тілін ертіп келдім. Әліппемен қоштасып, ана тілімен дос болыңдар. Әліппе: Кітапханашы апайларың дұрыс айтады балалар, мені оқып бітірдіңдер, енді ары қарай сендерге білім беретін Ана тілі болады.

Ана тілі:Сәлеметсіздер ме, балалар? Сәлем, достар, аман ба? Аман болған әманда, Ана тілін ардақтар, Ата – бабам, анам да, Туған тілдің тілімін, Ақылы мен танымын Таныстырар бәріне Ана тілі пәнімін Ана тілі ұраным Ана тілім – құралым Ана тілім болмаса Мықты болмас тұрағым. Қыздар биі: Нарқыз, Ұлпан, Жанерке. Қасқыр: Ой, балалар, жарайсыңдар! Сендер өте өнерлі балалар екенсіңдер. Сендермен бірге мен де оқысам болады ма? Бәрі: Әрине. Қасқыр: Олай болса мен де оқу құралдарымды алып келейін. Көріскенше, балалар! Бәрі: Сау болыңыз. Қасқыр кетіп қалады.
Бауырсақ әндетіп жүреді, алдынан аю шығады.
Аю: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ балалардың артына тығылып қалып, көмек сұрайды. Балалар: Жемеші, жемеші біз сізге есептер шығарып, сандардың сырын ашып береміз. Анель:Оқи берсең ғылымды,
Артық болмас баршасы
Математика – өмірде
Бар ғылымның патшасы.
Ұлпан:Ойлантып есеп шығартып,
Төрт таңбаны білдіріп,
Ғалымдардың мықтысы
Математика данамыз. Аю: Ал, ендеше ойланыңдар. Ойда жүр бес ешкі, Қырда жүр бес ешкі Болады сонда неше ешкі? Хормен: Болады сонда он ешкі. Аю: Өте жақсы. Аю: Бастаңдар енді санамақ Кім ұшқыр да, кім ұтқыр. Оннан кері саналық. Жауаптар: Жания: 1 дегенім - бесік,
Шықтың содан өсіп.
Дәулет: 2 дегенім – елім,
Далам, тауым, көгім.
Жангүлім: 3 дегенім – үміт,
Үміт артар жігіт.
Ерасыл: 4 дегенім – төзім,
Төзе білем өзім.


Ақерке: 5 дегенім – бақыт, Бағалайтын уақыт.
Алмаз: 6 дегенім – ақыл,
Тыңдағаның мақұл.
Мөлдір: 7 дегенім – жалау,
Жүректегі алау.
Қанат: 8 дегенім – сөзің,
Серт беретін кезің.
Мағжан: 9 дегенім – тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
Жансұлу: 10 дегенім – Отан,
Қорға соны, ботам.
Ұлпан Ортаға сиқырлы сандарды шақырамыз.
Сағындық: Мені келсе білгің,
Мен таяқша бірмін.
Барлық санға жол бастап,
Ең басында тұрмын
Жансұлу: Екіден соң әрқашан
Үш саны мен тұрамын,
Орныма мен тұрамын
Екі айшық саламын
Мағжан: Үш сызықтан таяғым,
Оқушылар қояды,
Төрт дегенің баяғы
Төрт түлкінің тұяғы
Ерасыл: Төрттен кейін бесті,
Білу оңай десті,
Санашы бір қолыңның саусағын
Оңай табасың бесті.
Жанерке: Мен өзімді қатарға,
Бестен кейін қоямын.
Басым бірден басталып,
Нольмен бітер аяғым.
Нарқыз: Қара мына қызықты,
Көсеуді кім ұрыпты
Жеті болам бір тартсаң
Бел ортамнан сызықты.
Жангүлім: Менің атым сегіз
Жетіден соң деңіз.
Жазылған қос дөңгелек,
Мен боламын сегіз.
Ән Әліппе Аю: Жарайды, балалар, сендер өте білімді екенсіңдер. Мен кеттім, сау болыңдар! Аю кетіп қалады. Бауырсақ әндетіп жүргенде алдынан түлкі шығады. Түлкі: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін. Бауырсақ балалардың артына тығылып , балалардан көмек сұрайды. Балалар: Жемеші, жемеші біз сізге тақпақ айтып, би билеп береміз. Мұғалім: Балалар,Ана тіліне арналған өлеңдерің бар ма? Кәне, ортаға салайық.



Айдана: Ана тілі – ұраным
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның.

Жансұлу: Ана тілі – ұраным
Ана тілім – құралым
Ана тілі болмаса 
Мықты болмас тұрағым.
Ерқанат: Адамдықты үйретер,
Жамандықтан жирентер
Тілімізді ширатар
Ана тілі – данамыз
Ұлдар биі:
Мұғалім: Қолыңа ұңғыш қалам ап,
А әріпін алғаш жазарсың, Біліп ап А –ны саралап,
Б- сына көз саларсың.
Сырлы әріптер сөз түйіп,
Сабырмен саған қарайды,
Сырларын білсең бас иіп,
Керегіңе жарайды.
Ортаға сырлы әріптерді шақырамыз.
Сағындық: Т Тәуелсіз елде тұрағым,Тәуелсіздік жыр әнім
Жания: Ә Әспеттеп салт пен әдетті,Боламыз бала әдепті.
Мағжан: У Уәдеге берік боламыз,Биік –биік үйлер саламыз.
Ақерке: Е Елім деп мен жар салам,Еліменнен мақтанам.
Айдана: Л Лайым болсын ел аман,Несібесі мол заман.
Жангүлім: С Сенімін елдің ақтаймыз,Жақсы істер жасаймыз.
Нұрлан:І Ізгілік нұрын шашатын,Жасасын Қазақстаным!
Алмаз:З Зейінге бәрін тоқимыз,Сабақты 5 – ке оқимыз.
Ерқанат: Д Даламыздай кең пейілді, Мақтан тұтам елімді.
Қанат: Ізетті бала боламыз, Үлкенді әркез сыйлаймыз. Ерасыл: К Келешекке нық басқан,Біз бақытты балдырған! 
Мұғалім: - Қандай сөз шықты балалар? Б: Тәуелсіздік! 
М:Біздің отанымыздың Тәуелсіздік алғанына биыл қанша жыл толды?
Б:22 жыл М:Елбасымыз кім? Б:Н.Ә.Назарбаев 
Түлкі: Балалар мен сендерге әлі риза болған жоқпын. Мұғалім: Ашуыңызды басыңыз түлкішек, менің балаларым өте ақылды және алғыр. Оның дәлелі ретінде біздің ойынымызды тамашалаңыз. Түлкі: Жарайды. Ойын. Жіпте ілініп тұрған әріптерді кесіп алып, әріптен сөз құрау, сөзден сөйлем құрау.

Түлкі: Жарайсыңдар, балалар. Сендердің өнерлеріңе де, білімдеріңе де тәнті болдым. Енді мен бауырсаққа ешқашан да тиіспеймін. Сау болыңдар, балалар. Ақерке: Ыстық әрбәр беттерің
Жазуыңды ұғамын,
Ақыл бердің әліппе,
Ақылшым менің әліппе.


Алмаз: Таныстырған 42 әріппен, Қош бол менің қасиетті әліппем! Сенің арқаң оқи жаза білгенім Сауатты адам санатына кіргенім. Жангүлім:Мұғалім ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың сенің тойыңа
Арнайды саған бұл әнін.
Анель: Ән «Мұғалім ол біздің» Бұл ән барлық ұстаздарға арналады.
Мұғалім: Әліппе біз 4 ай бойы сізден үйрегенімізді,ортаға салдық. Сауат аштық,енді өзіміз жаза аламыз.Сізге рахмет!
Кітапханашы апай: Ал, балалар, сендердің өнерлеріңді білімдеріңді тамашаладық. Әліппеден көп нәрсе үйреніп, оқып бітірдіңдер. Әліппе екеуміздің сендерге сыйлығымыз бар. Соны қабыл алыңдар. Әліппе: Рахмет достар. Мен сендерге ризамын! Ал қош болыңдар!Үнемі биік шыңнан көріне беріңдер! Бауырсақ: Балалар сендерге көп рахмет. Сендер мені қояннан, қасқырдан, аюдан, тіпті қу түлкіден де құтқардыңдар. Енді мен атам мен апама барғым келеді. Маған соңғы рет көмектесіңдерші. Мұғалім: Бауырсақ біз ол жұмысты Әліппеге тапсырамыз. Әліппе сіз бауырсақты Ата мен Апаға жеткізіп салыңызшы. Сізден өтінеміз. Солай ма балалар? Бәрі:Ия. Бауырсақ: Жарайды, достар! Мұғалім:Рахмет сізге кітапханашы апай, рахмет Әліппе. Қош сау болыңыздар! Бәрі: 1,2,3,1,2,3 кел билейік, Музыканың ырғағымен тербелейік. Қайталанбас бүлдіршін кезімізді Бұл вальсті кейін еске түсірейік. Би: Бүлдіршіндер вальсі. Мұғалім: Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар, Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар. Сөз кезегі мектебіміздің директоры Шардарбекова Жанат Диасқызына беріледі. Директор құттықтау сөз сөйлеп, балаларға құттықтау қағазын таратады. Мұғалім:Ата аналар өздеріңіздің бір ауыз тілектеріңізді айтып кетіңіздер. Осымен «Әліппемен аштық білім есігін, Тербетеміз Тәуелсіз ел бесігін» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көрісікенше күн нұрлы болсын!



































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
05.06.2018
424
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі