Бекітемін:
Күні:
Тақырыбы:
«Мен елімді
сүйемін.»
Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері,
Елбасы, желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін
молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер
арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын,
елін сүюге тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме,балалар,
қонақтар, әріптестер! Бүгінгі 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне
арналған мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.
Рәміздерім – елдігімнің белгісі,
Білу керек бала –дағы ең кіші.
Рәміздерім- ӘНҰРАН, КӨК ТУ, ЕЛТАҢБА,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Тәрбиеші: Балалар, біздің Отанымыз қалай
аталады?
Балалар: Қазақстан.
Тәрбиеші: Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді
мемлекет.
Тәрбиеші: Еліміздің елордасы қай
қала?
Балалар: Астана.
Тәрбиеші: Астана қандай қала?
Балалар: Астана-бас қала, әдемі, үлкен
қала.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар.
Отан туралы тақпақтарымызды
айтайық.
Бахытжан:Сарқылмайтын
қуатым,
Тірегімсін
Қазақстан
Мәңгі соғып
тұратын,
Жүрегімсін
Қазақстан.
Қадиша:Отан-дейміз от жаққан
жерімізді
Отан-дейміз өсірген
елімізді
Отан дейміз туған жер,
атамекен-
Биік тау, орман, тоғай,
көлімізді.
Нұрислам:Қуат алған
өзінен,
Туған елдің ұлымын.
Бақытты етіп өсірген,
Отанымның
гүлімін.
Ерқанат: Гүл жайнаған
Астана,
Қазақстан
отаны
Бірін-бірі
сыйлаған,
Туысқандар
отаны.
Перизат: Толтырған гүлге
даланы,
Жайнатқан ауыл
қаланы
Ардақта ата
мекенім,
Отаным-Қазақстаным.
Ерназар: Отан-менің
ата-анам
Отан-досым,
бауырым
Отан-өлкем,
астанам,
Отан-туған
ауылым.
Отан-асыл
анамыз,
Ана сүтін
ақтаймыз
Есейгенде ел
болып
Елді жаудан
сақтаймыз.
Ән:
«Келші,келші бөпешім»
орындайтын:Айнара
Тәрбиеші: Біз бүгін тәуелсіздік алған күнімізді мерекелеудеміз.
Біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан өз мемлекеттік Әнұраны,
Елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар. Балалар, мемлекеттік
туымыздың түсі қандай екен? Нелер бейнеленген.
Балалар: Туымыздың түсі – көк.
Тәрбиеші:
Иә, өте жақсы.
–Ал, енді балалар, Рәміздерге байланысты тақпақтарымызды айтайық
(балалардың тақпақтары тыңдалады).
Перизат:Аспан түстес
көгілдір,
Тік бұрышты
матаның
Ортасында төгіп
тұр,
Күн жаяды
шапағын
Астында оның
қалқыған,
Қыран құстың
бейнесі
Азат елдің
шалқыған,
Көңілі деп
білерсі
Айнара: Ақ ниеті- алтын күн
Асқақ арман – қыраны.
Жалауы бұл- халқымның,
Мәртебесі,
мақтаны
Мейрам: Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат,
әдемі!
Тұнығындай
көңілдің,
Ортада- аспан әлемі.
Құт, береке – шаңырақ,
Орын алған ол
төрден.
Қанатты қос
арғымақ,
Екі жақтан
көмкерген.
Би: «Қазақ биі» орындайтын
қыздар тобы
Тәрбиеші: Балалар, Қазақстан
Республикасының Елбасшысы кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев.
-Елбасы туралы тақпақ кім
біледі?
Айнара:Шықты тарап ой
данадан,
Бер қарады жұлдыз
беті
Өзі қалап, сайлап
алған,
Елімнің бар
президенті.
Ильяс: Олда алмай жанын
салды,
Жету үшін мұндай
сыйға
Нұрсұлтан ата ел
басшысы,
Көгіндегі тудай
сыйла.
Нұрислам:Отан деген-әр адамның
жүрегі,
Оған ел де, жер де, су да
кіреді.
Отанымды бар әлемге паш
еткен,
Президентім-мақтанышым,
тірегім.
Ерназар: Бақыт құсы қонды
ғой,
Бүгін туған
жеріме,
Тіліміз бен
дініміз,
Қайта келді
еліме.
Мейрам: Бақытты боп
жүргенім
Сенің арқан
Қазақстан
Елім менің
тірегім
Құшағында гүл
атам.
Ерқанат: Тәуелсіздік мен білсем
Той
мейраммен басқалаң
Ел
мен жердің байлығы
Төгіп- шашпау, ластамау
Ән: «Көк тудың
желбірегені»
Тәрбиеші: Осымен бүгінгі өнегелі
сағатымыз өз мәресіне жетті, бүгінгі Тәуелсіздік мерекесімен
барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге отбасыларыңызға
амандық, дендеріңізге саулық, осы балапандарыңыз Қазақстанымыздың
туын желбірететін, биік шыңынан көрінетін азамат пен азаматша
болуға тілектеспіз.
А.Иманов атындағы негізгі
орта мектебі
«Мен елімді
сүйемін»
Шағын орталық
тобы
Тәрбиеші: Темиртасова
Б
2017-2018 оқу
жылы