Ертеңгілік :«Мен елімінің – патриотымын!»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертеңгілік :«Мен елімінің – патриотымын!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балапбаұшаға керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мен елімінің – патриотымын!»


Сабақтың тақырыбы: «1-қыркүйек – білім күні!».

Сабақтың мақсаты: Балаларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету.

Көрнекі-құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері,суреттер.

Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сөздік, сұрақ-жауап.

І. Кіріспе бөлім.

Мемлекеттік әнұранды орындау.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі оқу қызметіміз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1-ші қыркүйек күні барлық балалбақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады (тәрбиеші қоңырау соққан баланың суретін көрсетеді).

Осы тұңғыш қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер.

Балалар, біз Қазақстан Республикасының рәміздері жайында білім алғанбыз, ендеше есімізге түсірейікші, біз қандай Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз(балалардың жауабын тыңдау).

Тәрбиеші: Дұрыс, әнұран, елтаңба, ту.

Балалар, айтыңдаршы, біз қай Республикада тұрамыз?

Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.

Тәрбиеші: Дұрыс. Қазақстан Республикасының президенті кім?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Тәрбиеші: Өте жақсы. Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қалада?

Балалар: Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласы.

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар.Айтыңдаршы, біз қай қалада туып, өмір сүріп жатырмыз?

Балалар: Біз Қызылорда қаласында туып, Аранды ауылында өмір сүріп жатырмыз.

Тәрбиеші: Балалар, айтыңдаршы, біздің балабақшамыздың аты қалай?

Балалар: «Арай» балабақшасы».

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Сендер өздеріннің Республикаларын, рәміздер жайында, елорда жайында барлығын білесіңдер. Ал, балалар, енді бізге Мансұр атты баламыз Отан туралы тақпақ айтып бергісі келеді.

ІІ. Негізгі бөлім.

Досжан: 

Отан дейміз кең байтақ астананы

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның жетіде жоқ, шегіде жоқ

Ол бірақ өз үйіңнен басталады

Отан! Отан!

Бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Тәрбиеші: Міне, осындай тату тәтті, бақытты мелекетте біз өмір сүріп жатырмыз. Ендеше біз бүгінгі мерекеге арналған өлең тақпақтарымызбен сабағымызды жалғастырайық.

Ө.Айзере: 

Білім алған өзіңнен, дәрігер, ұшқыш не ғалым.

Саған ыстық сезіммен, қарайдыжұрт, мұғалім.

Мен де өзіңді әрдайым, қамқорым деп ұғамын

Күліп атқан таңдасың, жарқыңсың сен, мұғалім.

Мақсат:

Қыркүйектің бірінде, кеудем толы дірілге

Құлақ түйем елеңдеп, «Бақша» деген бір үнге.

Нұрлыхан:

Сәлем саған балабақшам, алтын ұйям сүйікті

Сен әпердің білікті, сенен өсіп көктедім.

Балалардың орындауында ән: «Біздің балабақша».

Ж.Іңкәр:

Келгенімде алдыңа, қызыл арай гүл алып

Жақын тартып жаныңа, шәкіртім деп қуанып.

Балалармен суреттер бойынша әңгімелесу.

Ойын: «Менің сүйікті балалбақшам».

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, өз туған жерлеріне, елдеріне, балабақшаларына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Б.Айерке:             

Сәлем саған балабақшам, алғыстарым көп менің.

Оқу, білім, тәрбие, ой санама еккенің.

Назым:

Балабақшам – айтар әнім, сан рет қайталадым.

Өзіңнен алғанымды, өзіне қайтарамын.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Тәрбиеші: Міне, балалар, осы күннен бастап бізде күнделікті оқу кызметіміз, қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз басталды.

Әрқашан бүгінгідей жақсы көңілмен, барлығын үйренеміз деген мақсатпен балабақшаларыңа келулеріңе тілектеспін. Бүгінгі оқу қызметімізге жақсы қатысқандарын үшін көп рахмет. Бүгінгі 1-ші қыркүйек – білім күніне арналған сабағымыз осымен аяқталды.


Shape1

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.11.2018
305
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі