Материалдар / Ертеңгілік: "Менің анам - Алтын"

Ертеңгілік: "Менің анам - Алтын"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Мамыр 2018
842
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қарлығаш» екінші кіші тобына арналған 8 наурыз мерекесінің ертеңгілік сценарийі.Тақырыбы: «МЕНІҢ АНАМ АЛТЫН»Жүргізуші:
  • Армысыздар құрметті қонақтар, аяулы әжелер, асыл аналар және біздің кішкене ханшайымдарымыз!Бүгін бізде үлкен мереке!
Шуақты көктем күні, күн нұрын төккен күні,Аналарды мейраммен балалар құттықтайды!Әжелермен аналар , қыздарменен апайлар,Сұлуланған, нұрланған , әдемі боп құлпырған,Би билейміз, жырлаймыз,мерекені тойлаймыз! Әдемі әуенмен залға балалар кіріп, жарты шеңберге тұрады.

Балалар, әлемдегі ең жақсы, ең мейірімді , ең жүрегі жұмсақ кім екен? Балалар:
  • Аяулы анамыз!
Жүргізуші:
  • Балалар, айтыңдаршы.
Бізді жақсы көретін,Бар жақсыны беретін.Баласы үшін әрдайым,Мейірімін төгетін
  • Ол кім?
Балалар:
  • Анашым!
Жүргізуші: Жүрегіме жыр шашып,Нұр төгетін Сіз екен.Құтты болсын анашым,Балалар: Құтты болсын мерекең!Жүргізуші:Ой, балалар, тыңдаңдаршы, бізге қонақ келе жатқан сияқты. Қызық! Бұл кім екен?(Әуенмен залға қуыршақ кіреді)Қуыршақ:Қуыршақпын сондай сұлу, әдемі.Мерекемен құттықтағым келеді.Ақ әжелер, аяулы бар аналар,Мерекеміз құтты болсын балалар!Жүргізуші:
  • Сәлеметсің бе, әдемі қуыршақ! Сен біздің аналарымыз бен қыздарымызды, әжелерімізді 8 наурыз мерекесімен құттықтауға асығып жетіпсің. Көп рахмет саған! Төрлет, ән тыңдап деміңді ал.
Ана деген өмірдегі ұлы есім,Бақ тілесе анадай – ақ тілесін.Ана деген ардақты ат, сен оны,Ана жайлы ән тыңдасаң білесің.
  • Біздің балалар аналарымызға арнап дайындаған әсем әнін тарту етеді.
Ән «Ақ мамам» БАЛАЛАР ОТЫРАДЫ.Қуыршақ:
  • Рахмет балалар! Әрине мен де құралақан келген жоқпын. Менің сіздерге сақтап қойған сыйлығым бар. Ол сиқырлы моншақтар. Қазір көрсетемін.
(- Қазір көресіңдер деп сөмкесін ақтарып қарайды, моншағы жоқ тек жібі ғана шығады.)- Ой, ой, ой... Енді қайттім! Моншақтарымды жоғалтып алған сияқтымын. Балалар маған моншақтарымды іздеуге көмектесіңдерші!(Жылайды)Жүргізуші:
  • Әдемі қуыршақ, сен жылама. Біз сенің моншақтарыңды міндетті түрде тауып береміз. солай ма балалар? Орындықтарыңның астына домалап кеткен жоқ па? Қараңдаршы. Олай болса мен ортамызға ару көктемді шақырайын
Қуыршақ:
  • Ой, жақсы болды ғой,
  • Жүргізуші:Ару көктем армысың
  • Көкке біткен әнбісің
  • Жерге біткен сәнбісің
  • Алтын арай таңбысын
  • Жырың шашақан күнбісің
  • Жайнап өскен гүлмісің
  • Тербетілген талмысың
  • Хош, келіпсің армысың!
  • Көктем: Сәлеметсіздер ме, балалар.
  • Мен көңілді Көктеммін,
  • Былтыр келіп кеткенмін.
  • Көзін ашып бұлақтың,
  • Түбіне тал еккенмін.
  • Гүл боп қырда егілем,
  • Дән боп жерге себілем.
  • Жаңбыр болып жауам да,
  • Нұр боп көктен төгілем.
  • Шуағын төгіп әлемге,
  • Жылуын күннің әкелем.
  • Табиғаттың төсіне,
  • Тіршілікті сыйлаймын.
Көктем: Қуыршақ неге жылап отырсың Қуыршақ:
  • Балабақшаға мерекеге келе жатып сиқырлы моншағымды жоғалтып алдым.
  • Көктем: Біз де моншақты табуға көмектесейік.
  • Жүргізуші:
Ару көктем біздің балаларымыз аналарына арнап көп тақпақтар жаттап келді. Балаларымыздың тақпақтарын тыңдасақ қуыршақтың моншақтары табылып қалар.Балалардың тақпақтары: 1.Інжу:Аяулым менің анашым,Өзіңсің маған жанашыр.Қажетіңе жарасам,Қуанып – ақ қаласың.2.Нұрасыл:Елжіреп маған қарайсың,Асылыңа балайсың.Ер жеткенде сүйенер,Тірегің деп санайсың.3.Ақәділ:Үмітіңді ақтармын,Үлгіңді есте сақтармын.Табаныңа төсермін,Әлемдегі бақтарды4.Дидар :Бәрімізге анасың,Біз үшін гүл боп жанасың.Құтты болсын мейрамың,Құттықтаймын, анашым!5.Сәтжан :Әлпештеген баласын,Ана – бақыт, ана – Күн!Әркім сүйіп өзінің,Мақтан етер анасын!6.Айзере:Әр сөзіңді жаттағам,Жүрегімде сақтаған.Анашым деп мақтанам,Айналайын, ақ мамам!7.Айзада :Мамочке подарок,Приготовлю я.Самая красивая ,Мама у меня!8.Санжар :Улыбнется мамаочка,И светлей вокруг.Потому что мамочка,Самый лучший друг!9.Ерасыл :Мақтанам апа,Шат әнім апа.Өзіңе тақпақ,Жаттадым апа.10.Айкөркем:Мені өсірген апатай,Еңбегің де зор екен.Құтты болсын апатай,Құтты болсын мерекең.
  • Ару көктем: Әдемі қуыршақ, моншағың расымен сиқырлы екен. Балаларға да көп рахмет! Ала ғой моншағыңды.
Жүргізуші:
  • Қуыршақ, моншақтарың әлі түгел емес сияқты ғой.
  • Жүргізуші:
  • Ендеше, көктемнің осы бір шуақты күнінде 8 наурыз мерекесі қарсаңында гүлдеп шыққан гүлдерді қарсы алыңыздар! Тек қана Сіздер үшін «гүлдер» биі!
Қуыршақ:
  • Қане қыздар биге шығыңдар. Мен моншағымды қайтарып алайын.
«гүлдер» биі.Жүргізуші:
  • Моншағыңды ала ғой. Түгендеп көр. Ал, біз ән айттық, би биледік, енді ойын ойнайықшы.
Ойын «Әкелер»Жүргізуші:Қуыршақ:
  • Мен келісемін.
Жүргізуші:
  • Ән де айттық, би де биледік, енді аналарымызға да ойын ойнатайық. Аналар балаларын алыстан көріп қалса да танып қояды. Күлсе күлкісінен танып қояды. Ал, әр баланың иісі анасы үшін ерекше екен. Аналарымызды сынап көрейікші. Аналарымыз өз баласын иісінен тани алар ма екен?
Ойын : «Балаңызды иісінен танисыз ба?» (ата – аналармен ойын)Жүргізуші:
  • Біздің балалар билегенді өте ұнатады . Би: «Кір жуу»
  • Біздің балалар тағы тақпақ айтқысы келіп тұр екен.
Балалардың тақпақтары:11.Нұртай:Айналайын анашым,Жұмысыңа барасың.Қайтып мені көргенше,Шын сағынып қаласың.12.Айзада :Анашым анам,Келгенше шамам.Үмітіңді ақтап,Азамат болам.13.Сүйіндік :Бізді өсіріп, баптаған,Жақсы болсам шаттанған.«Алтыным» деп мақтанам,Айналайын ақ мамам.14.Қадыржан :Өзің мені өсірген,Айналайын ақ әжем.Тентек болсам кешірген,Шөлдедің бе, дана әжем.15.Айкөркем:Баланың да тірегі,Дананың да тірегі.Шаншылмасын ешқашан,Әжелердің жүрегі.16.Сәтжан:Қуаныштың ағайын,Қоңырауын соғайын.Ағартпасын тентектер,Бір ананың самайын.Жүргізуші:
  • Әжем менің жан әжем,Ақыл білім үйреткен.Аппақ әжем жан әжем,Тербететін мейіріммен.Аман болсын ақ әжем,Жүзге жетсін жасыңызАғармасын шашыңыз. Дейотырып кезекті «әжелер»әніне берейік
  • Жүргізуші:
  • Қуыршақ бізге тосынсый жасамақшы. Сюрприз! Surprise!
  • Қуыршақ:
Әдемі моншақтар сиқырлы,Құлпырып кетіпті бір түрлі.Сыйлыққа айналсын моншақтар,Көріңдер ғажайып сиқырды!!!(сыйлық салынған қорапшаға салып жіберіп «уф, уф,уф» деп сиқырлайды, қорапшаның ішінен балаларға арналған силықтар алып шығады, үлестіреді)

  • Жүргізуші:
Әлемнің жарығын,Сыйладың сен маған.Даланың әр гүлін, Жинадың сен маған.

Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ