400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертеңгілік: Менің достарым қонаққа келді

Материал туралы қысқаша түсінік
Қонақтарды қарсы алу және оларға қуаныш пен шаттық сыйлау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Аққайың» бөбекжай бақшасы.



«Менің достарым қонаққа келді»

(Тақырыптық оқу-қызметі)

« Бөбек » ерте жас тобы







Тәрбиешілері: Бердиева.Р

Нұрабаева.Ж




Тақырыбы: «Менің достарым қонаққа келді»

Мақсаты: Аналар мерекесімен бірге нұрын төгіп келген көктем мерекесінің ерекшіліктерін атай отырып,табиғаттың жаңаруын,келген қонағымызды құрметтеп жіберуді балаларға жеткізу.Ешқашан аналарын ренжетпеуге,қолғанат болуға,құрметтей білуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар «Балапан»1-кіші тобының «Менің досым қонаққа келді» атты оқу қызыметіне қош келдіңіздер.

Бүгін наурыздың 8-і,

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз адамның,

Анаға айтар лебізі.

Сіздерді көктем айының алғашқы мерекесі 8-наурыз аналар күнімен құттықтаймыз.Әрқашан деніміз сау,көңілдеріңіз жайдарлы бола білсін! Кішкентай бүлдіршіндеріміздің өнерлерін тамашалауға рұқсат етіңіздер!

Балалар қараңдаршы айнала қандай әдемі,қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Көктем мезгілі.

Жүргізуші: Дұрыс балалар,көктем мезгілінде күн жылып,қар еріп,жылы жақтан құстар ұшып келеді,ағаштар бүршік жарады,табиғат сұлулана түседі.

Көктем мезгілінің алғашқы мерекесі қандай мереке

Аналар күні!Қәне балалар бәріміз бірге көктем мерекесіне арнап қонақтарымызға ән айтып би-билеп өз өнерімізді көрсетейік

Ән: «Көктем»

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар!

-Осы кезде ойыншықтар арасынан қуыршақ,қоян,түлкі,қасқыр оянады.аяқтарым құрысып,бұл жерден отыра ішім пысып кетті(жан-жағына қарайды).

Қоян,түлкі,қасқыр: Біздіңде ішіміз пысты деп(жанжағына қарайды)

Біздің анамыз қайда?

Қуыршақ: Аналарың қандай еді?

Қоян,түлкі,қасқыр: Аналарымыз сұлу,әдемі(жылайды)

Қуыршақ: Жыламаңдар сендерге аналарынды табуға көмектесем.Жүр менімен бірге еріңдер.

Біз қайда келдік?

Жүргізуші: Балалар бізге қонақтар келген тәрізді бұлар кімдер екен?

Қуыршақ: Біздер ойыншықтармыз бір бұрышта отыра-отыра шаршадық қасымда достарым аналарын іздеп жолға шығып едік.

Бұл жерде не боп жатыр?

бізге қосылыңдар.Аналарыңды осы жерден күтіңдер.

Қуыршақ: Бұл жерде мен секілді қуыршақтар отыр екен менімен бірге көңіл көтеріп би-билесек

Би: «Қуыршақ би»

Жүргізуші: Балалар бүгінгі мерекеміздің басты қонағын шақырайық.

Тосын сәт: Ару көктем келеді.

Ару көктем: (Амандасады)Балалар өзіммен бірге сыйлық ала келдім.

Ойыншықтар: Қоржынға таласады біз тәттіні жақсы көреміз маған,маған....

Тәттілерді шашып алады(балалар қоржынға жинайды)



Ойын:Қоржынға тәттілерді жыйнау.

Би: «Аналарға арналған жүрек биі»



Ару көктемнің тапсырмасы:

Әр бала өз анасына арнап гүл орналастырады.


Жүргізуші: Қараңдар ойыншықтар бұлар сіздердің аналарың секілді.

Ойыншықтар: Ия бұл біздің анамызғой.

Аналарымен табысады.

Ару көктем: Аналарымызға арнаған таппағымызды айтып берейік(аналарына сыйлықтарын береді).



Ару көктем: Рахмет балалар сіздермен мереке өтте көнілді өтті,ендеше сендермен қоштасайын.Сау болыңдар балалар.

Жүргізуші: Кейде осындай айтқанды тыңдамай,мамасынан адасып кететін балаларкездеседі.Бірақ,біздің арамызда ондай бала жоқ.Біздің балалар мамаларының айтқанын тындайды,сыйлап,құрметтеп жүреді.

Ендеше бүгінгі сабағымызда аяқталды сау болыңыздар!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23.06.2023
300
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі