Тақырыбы: «Менің
тұңғыш
Президентім»
Мақсаты:Болашақ ұрпаққа Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру.Елбасының өмірін, еңбек
жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін
арттыру.Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бол
білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер,
слайд, шарлар,
Н.Ә.Назарбаевтың қанатты сөздері.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу,
сұрақ-жауап
Барысы:
Алаулаған алабынан нұр
тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр
танып.
Көк
байрағың желбірейді төріңде,
Гимнің тұр көгіңде шырқалып. (Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Гимні
орындалады)
Тәрбиеші:
Бағдарлап елдің ертеңін,
Тыныштық тауып жатпаған.
Болашақ үшін тер төгіп,
Үмітін елдің ақтаған.
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар,
оқушылар!
Бүгінгі 1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күніне арналған
«Менің
тұңғыш Президентім»
атты мерекелік іс-шарамызды ашық деп
жариялаймыз.
Мадияр:Нұрсұлтан ата құтты болсын
мерей тойың,
Сомданып, тұлғаланып, өскен
бойың.
Жер шары әлемдегі барлық
елдер,
Біледі Президентіміздің
ақыл-ойын.
Ақбота:Ұл едің қатарынан артық
туған,
Еңбекке жастайынан белін
буған.
Танытып әрбір елге белін
буған,
Жастарға жалын бердің білім
қуған.
Серік:Отан деген-әр адамның
жүрегі,
Оған ел де, жер де, су да
кіреді.
Отанымды бар әлемге паш
еткен,
Президентім-мақтанышым,
тірегім.
Мейрам:Сәулесі күн шатырлы
аспан,
Кең дала төсі толқыған
егін.
Көлдері күміс шашқан,
Қазақстан –Республикам
менің.
Назым:Толтырған гүлге даланы,
Жайнатқан ауыл қаланы.
Ардақты атамекенім,
Отаным Қазақстан.
«Жаса, Қазақстан» әні
орындалады.
Эльнара:Барша қауым бейнеттен
арылғанда,
Жаңа ғасыр есігі
ашылғандай.
Елбасы тыным таппай ел кезіп
жүр,
Ел
үшін Асанқайғы бабасындай.
Сайранбек:Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі
бар.
Әлемде егемен Қазақстан
бар.
Оның көп ұлтты, тату,
ынтымақшыл халқы бар.
Ең бастысы-бүгіннен нұрлы,
бүгіннен кемел болашағы бар.
Сол
күнге берік сенім бар!
Тәрбиеші:Н.Ә.Назарбаев 1940
жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында
дүниеге келген. Атасының есімі-Назарбай, әкесінің есімі-Әбіш,
Нұрсұлтан деген есімді әжесі Мырзабала
беріпті.
Алланың 99 аты бар екен. Соның
бірі-Нұр, тағы
бірі- Сұлтан. Анасының
аты-Әлжанекен. Нұрсұлтан 5 жасқа толғанда Жамбыл
атаның ақ батасын алған екен. Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта
мектебін бітірген. Мектепте озат, үлгілі оқушы болыпты. Еңбек жолын
Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған. 1967 жылы
Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу
орнын, 1976 жылы партия мектебін бітірген. 1991 жылы 1 желтоқсанда
біздің Отанымыздың тұңғыш Президенті болып
сайланды. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев
2010 жылы 15 маусымнан бастап заңды түрде «Елбасы» мәртебесіне ие
болды. Ол осы жетістігіне өзінің табандылығы мен
еңбекқорлығының арқасында жетті.
Нұрғанат:Бағдарлап елдің
ертеңін,
Тыныштық тауып
жатпаған.
Болашақ үшін тер төгіп,
Үмітін елдің ақтаған.
Балнұр:Қиялы ұшқыр ойлы адам,
Әлемге болған аты аңыз.
Ұрпақтың қамын ойлаған,
Аман-сау жүрші, Атамыз.
Ойын: «Өз жалауынды
тап»
Кәусар: Шықты тарап ой
данадан,
Бер қарады жұлдыз
беті
Өзі қалап, сайлап
алған,
Елімнің бар
президенті.
Қайсар
: Олда алмай жанын
салды,
Жету үшін мұндай
сыйға
Нұрсұлтан ата ел
басшысы,
Көгіндегі тудай
сыйла.
Дастан
: Отанның қасиетті тілін
сүйем,
Отанның құдіретті үнін
сүйем.
Отан, отан бәрінен биік
екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп
өтем
Нұрислам: Толтырған гүлге
даланы,
Жайнатқан ауыл
қаланы
Ардақта ата
мекенім,
Отаным-Қазақстаным.
Тәрбиеші:Сіз-әке барша қазақ
бәрімізге,
Жас сәби үлкен-кіші
кәрімізге.
Сіз
–басшы, халқың-қосшы бола бергей,
Жарасып келе жатыр әніміз де, сәніміз де,-дей
келе «Менің
тұңғыш Президентім» атты тәрбие сағатымызды
аяқтаймыз.
А.Иманов атындағы негізгі орта
мектебі
Тақырыбы:
«Менің тұңғыш
Президентім»
Тәрбиеші:
Б.Темиртасова
2016-2017 оқу
жылы