400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік "Мерейлі күз,мырза күз".

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту. Күз көрінісін ән, би, ойын арқылы дағдыларын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мерейлі күз, мырза күз» мерекесі


Мақсаты:

Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту.

Күз көрінісін ән, би, ойын арқылы дағдыларын дамыту.


Залды безендіру: сахнаның ортасында жапырақтар шарлар, залға ілінген күзгі жапырақтар.

Көрнекіліктер: жемістер, көкөністер муляжы

Кейіпкерлер: Күз Ханшайымы

Тиін

Музыкалық репертуар:

Ән: « Күз келіпті» , «Урожай собирай»

Би: «Жемістерді жинау» «Күзгі вальс» «Көңілді би»


Би: Балалар музыка әуенімен залға кіреді.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар,қонақтар. Біздің «Мерейлі күз, мырза күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

Бұлттар төніп,

Жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып,

Өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Бой жаза алмай,

Ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады.

Ал қанеки балалар,айтыңдаршы,

Бұл қай мезгілде болады?

Балалардың жауаптары: Күз мезгілі

Залға әуенмен Күз ханшайымы кіреді.(себетке толы жемістері бар «Күз

ханшайымы» билеп кіреді.)

Күз ханшайымы: Сәлеметсіздерме балалар!Сәлеметсіздерме қонақтар

Балалар:Салеметсізбе!

Күз ханшайымы:

Уа халайық, дархан далам армысың!

Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.

Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,

Алмақ болып бар халқымның алғысын.

Мен Күз Ханшайыммын сендерді көргеніме қуаныштымын.Мен сендерге сонау алыстан «Түймедақ» тобынын балаларына арнайы келдім.Маған өнерлеріңді көрсетесіңдерма?

Балалар: Иә

Жүргізуші: Күз Ханшайымы, сіз біздің «Мерейлі күз, мырза күз» мерекемізге қош келдіңіз!

Ендеше біздің балалардың күзгі мерекеге дайындаған әндерін,билерін, тақпақтарын тыңдап тамашаласаңыз.

Ортаға: (Арнұр,Айсұлтан,Жанәлі,Айша,Саянды) шақырайық.

Арнұр

Армысыздар халайық,

Бармысыздар халайық.

Күзгі тойда жұп жазбай,

Келіңдер қарсы алайық.

Айсұлтан

Жетті желмен алтын күз,

Жеміс жинау салтымыз.

Жиып - теріп болған соң,

Той жасайды халқымыз

Жанәлі

Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді
Кел, жемісті Алтын күз
Кемелденсін халқымыз

Айша

Құстар қайтты ән салып,

Бұлт шарлады аспанды.

Қыс келеді жар салып,

Күзгі суық басталды.

Саян

Сап - сары ғып даланы,

Бояпты ғой күз деген.

Құстар қанат қағады,

Қоштасқандай бізбенен.

Жүргізуші: Күз Ханшайымы, сіздің құрметіңізге балалардың басқа да өнерлері бар тамашалаңыз.

Ән: «Күз келіпті»

Күз келіпті көңілсіз,
Десек те, десек те,
Күздің берер жемісі,
Есепте, есепте.
Қайырмасы:
Түрлі – түсті бояуын,
Жер бетіне кестелеп.
Күз келгенде егінші,
Егін жинар дестелеп.
2. Күз келіпті көңілсіз,
Десек те, десек те,
Бау –бақшаның пісері,
Есепте, есепте.
Қайырмасы:
3. Күз келіпті көңілсіз,
Десек те, десек те,
Мақта теру маусымы,
Есепте, есепте.
Қайырмасы:


Ортаға тақпақтарымен:( Ислам,Ақниет,Мансұр,Алижан,Айдана,Жансерік)

Ислам

Келеді көшіп комбайн,

Алтын дария егінді.

Жинап маржан бидайын,

Күзіміз неткен көңілді.

Ақниет

Дала сары киінді,

Самал соқты салқындау.

Қырмандарға үйілді,

Алтын астық, алтын тау.

Мансұр

Көбейді құт - береке,

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.

Алижан

Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.

Айдана

Қамба толы астыққа,
Рахмет саған алтын күз.
Бір уыс дән шаштықта,
Қап - қап жеміс алдық біз.

Жансерік

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.


Би: «Күзгі вальс»( Төрехан Айшайым,Нұрайым Жанәлі,Айсұлтан Айбарша,Жансерік Айша,Ерасыл Айдана,Жігер Балауса)

1.Ұлдар шығып қыздарды шақырады

2.Қыздардың белдерінен ұстайды

3.Қыздар екі жаққа айналады.

4.Ұлдар отырады,қыздар айланады.

5.Ұлдар қыздардың бір қолдарынан ұстап белінен ұстап шеңбермен жүреді.

6.Бір-біріне қарап иіледі.


Ғажайып сәт: Тиін келеді.

Сәлеметсіңдерме балалар! Мен сендерге қонаққа келдім.Балалар күз мезгілінен кейін қандай мезгіл келеді?

Балалар: Қыс

Тиін: Менде күз бойы қысқа дайындаламын жемістерді,көкеністерді жинаймын.

Жүргізуші: Ендеше балалар,біз тиінге жемістерді жинауға көмектесейік.

Ойын: «Жемістер» (Жеміс пен көкөністерді ажыратып, екі себетке салу).


Би: «Жемістерді жинау» (Саян Балнұр, Ерсайын Ақниет,Әділжан Азиза,Ислам Ясмина)

1.шелекті алу

2.алдыға келіп жемістерді жинау

3.шеңберге келіп,шелекті ортаға қою

4.қолтықтасып айланады

5.ұлдар аяқпен билеу

6.қыздар қолдарын көтеріп билейді

7.жұптасып келіп иіледі.

Тақпақтар( Жігер,Айбарша,Төрехан,Нұрхан,Айшайым,Ерсайын)


Жігер

Жайдарлы күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең далам,
Алтын астық айналам

Айбарша

Жомарт күздің біздерге,

Берерін алып шашпайық.

Алтын күз тойын сіздерге,

Өлеңменен бастайық

Төрехан

Мерейлі күз, мырза күз,

Сыйлығыңа ризамыз.

Аппақ арай таңымызда

Шомыламыз нұрға біз.

Нұрхан

Күз мезгілі қамбаға

Қауын, қарбыз толады.

Біздің ауыл жайлауда

Күздеуге кеп қонады.

Айшайым

Жемісі мол беретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген

Ерсайын

Күн шуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.


Ойын тиінмен « Ненің дәмі»

Жүргізуші: Ортаға тақпақтарымен (Нұрайым,Балнұр,Балауса,А.Ерасыл)


Нұрайым

Шиемін мен шиемін,

Піскенше тон киемін

Бала келсе қасыма

Басымды мен иемін.

Балнұр

Дөп-дөңгелек сары

Ішінде бар дәні

Қызығасың көріп,

Оның аты –өрік

Балауса

Нарттай қызыл алмамын,

Мәз болады алғандар.

Жазда әдемі киінем

Тілді балдай үйірем

А.Ерасыл

Іші толған шәрбат

Дәмі қандай әйбат

Үзесің бірден жүзін

Оның аты – жүзім.


Жүргізуші: Балалардың орындауында Ән: «Урожай собирай»

1.Мы корзиночки несем,
Хором песенку поем.
Урожай собирай
И на зиму запасай!
Ой, да, собирай
И на зиму запасай!

2.Мы — ребята-молодцы!
Собираем огурцы,
И фасоль, и горох.
Урожай у нас неплох.
Ой, да, и горох!
Урожай у нас неплох.


3.Ты, пузатый кабачок,
Отлежал себе бочок.
Не ленись, не зевай,
А в корзину полезай.
Ой, да, не зевай
И в корзину полезай.

4.Едем, едем мы домой
На машине грузовой.
Ворота отворяй,
Едет с поля урожай.
Ой, да, отворяй,
Едет с поля урожай!

Жүргізуші: Ортаға тақпақтарымен(Ясмина,Әділ,Азиза,Әділжан,)

Ясмина

Алтын, алтын сары алтын

Алтын күзде нұр жатыр

Ақ бидайды оратын

Алақай –ау күн жақын

Әділ

О,алақай тамаша

Шашу шашты жапырақ

Бақтың іші алаша

Алуан түрлі жапырақ

Азиза

Көбейді құт – береке,

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз

Әділжан

Күзім, күзім, күзім

Пісті алма, жүзім

Тұрғанда бәрін күз беріп

Кел алайық, біз теріп.

Би: «Көңілді би» (Айшайым Мансұр,Нұрайым Арнұр,Азиза А.Ерасыл)

1.Қолдарынан ұстап келіп билеу

2.ұлдар отырады, қолдарын жоғары көтеріп

3.қыздар айланады ұлдарды

4.жұптасып тұрып қолдарын айландырады екі жаққа

5. Ортаға келіп иіледі.

Жүргізуші: Ортаға тақпақтарымен (С.Ерасыл,Жамиля,Ерзат,Қалқаман,Айым)


С.Ерасыл

Алтын, сары, қызыл көк,

Алуна, алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Жамиля

Сарғайды тоғай,

Сап - сары маңай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.


Ерзат

Күздің қазан айында,

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр етеді.


Қалқаман

Күз келіпті дегенше

Жеміс пісті дегейсің

Бағымызда ендеше

Алма теру көбейсін


Айым

Ән салайық күліңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздің тойын тойлайық,

Би билейік ойнайық


Жүргізуші: Құрметті қонақтар бүгінгі біздің «Мерейлі күз, мырза күз»

атты ертеңгілігіміз өз соңына жетті. Көңіл қойып,тамашалағандарыңызға рахмет.






Ұсыныс:____________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

Тексерген:___________________________________________________________________







Ертеңгілік

«Мерейлі күз, мырза күз»

Орта А Түймедақ тобы



Тәрбиешілер:

Ән жетекшісі:





2018-2019 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
412
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі