400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік "Мерекеңмен Анашым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілер мен ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жүргізуші : Кеш жарық қымбатты ата-аналар,әжелер, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Осынау көктемнің көркем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар өмірдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы.Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де Ана сізге арналады.

Армысың әжелерім, аналарым,

Мейірбан әппақ көңіл даналарым.

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,

Құттықтайды сіздерді балаларың – деп бүлдіршіндерімізді қарсы алайық.

Құрметті аналар,әжелер, ұжымдастар, ару қыздар бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесі 8-Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға тек жақсылықтарды тілейміз.Бүгінгі «Мерекеңмен Анашым!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Құттықтау сөз кезегін балабақша директоры Сарбиназ Талапқалиқызына және әдіскер Ұлмекен Мұратбайқызына береміз.

Шалқып тасып әніміз,

Жадырасын жанымыз.

Ана сені құттықтып

Әндетеміз бәріміз.

Ән: «Анажаным» - Төребай Әдемай

Ертегі: «Аю мен маса» ертегісі

Жүргізуші: Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашан ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз.

Жанымызды жайнатқан,

Cіздерсіз ғой аналар.

Зор денсаулық, мол бақыт,

Тілейміз біз балалар. – деп балалаларымызды тақпақтарымен ортаға шақырамыз.

Жандос: Бүгін наурыздың сегізі,

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз баланың,

Анаға айтар лебізі.

Дана: Жарқын жүзді жан анам,

Сендей болсын бар адам.

Сендей болса бар адам,

Шаттық кетпес баладан.

Нұрбек: Сенсің ана жан күші,

Сендей болсын бар кісі.

Сендей болса бар кісі,

Шексіз перзент алғысы.

Малика: Анам менің күн көзіндей шуақты,

Даладай кең таулы қуатты.

Дүниедегі жақсылықтың барлығы,

Жан анадан тарап жатқан сияқты.

Мади: Ананың түссе қабағы,

Шаттанып мен күлмеймін.

Өйткені мен анамнан,

Жақын жанды білмеймін.

Жүргізуші: Мерекеге арналады бүгін билер,

Көтерілсін қанекей көңіл – күйлер.

Алдарыңызда кішкентай аспазшылар,

Таң қалдырып тамаша би билеңдер.

Би: «Аспазшылар»

Жүргізуші: Бала жүректің мирасы деп қарайтын балажан адамдардың бірі – әже. Әже отбасының ғана емес, әулеттің де ұйтқысы. Ол өте мейірімді жан. Бар тәттіні немересінің ауызына тосып, бар жақсыны үстіне кигізіп, еркелетіп өсірген, қызық ертегісі мен ақыл – өсиетін құлағына құюдан жалықпаған ол – әрине Әже.



Әжетай нұрға толсын жүзіңіз,

Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.

Тіршіліктің қызығына бөленіп,

Аман – есен ортамызда жүріңіз.

Мерекеңіз ұзағынан бола берсін,

Үй – ішің немере, шөбереге тола берсін.

Ән: «Сағындым әже, сағындым» - Азан Арай мен Закирбай Жаниха.

Жүргізуші: Ана деген асыл жандар болаттай,

Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар, қадірлей біл ананы,

Жат қылыққа ақыл – ойды тонатпай.

Десекте уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен қарыштайды.

Бүлдіршіндер шын жүректен тебіреніп,

Тілектерін аналарға бағыштайды – деп балаларымызды аналарына арналған тақпақтарымен ортаға шақырамыз.

Ақбота: Әлпештеген аялаған,

Ақ сүт берген апатайым.

Сәлем жолдап бүгін саған,

Мерекеңмен құттықтаймын.

Ернар.Б: Бал бөбегін баптаған,

Мамам үшін мақтанам.

Аялайтын біздерді,

Көп жасасын ақ мамам.

Аяна: Құшағыңа кіргенде,

Жылынамын бір демде.

Не жетеді көзіңе,

Мейірімді күннен де.

Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен,

Құттықтаймын анашым,

Сегізінші наурызбен.

Нұрасыл: Еркелесем күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан сыйпап мені,

Құлыншағым, күнім дейтін.

Раяна: Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймын мейраммен,

Құрметті біздің аналар.

Жүргізуші: Ару ана өмірдің асылдары,

Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.

Сендер үшін ән мен би шырқалуда,

Сендер үшін мереке шашулары.

Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,

Жасқанбай әр қадамын нық – нық басып.

Биімен көрерменді тәнті ететін,

Бүлдіршіндер келді міне толқып тасып.

Би: «Мама»

Жүргізуші: Мерекемен құттықтап аналардың,

Ән айтылса ұйып тыңда балалардың.

Ән айтпақшы сіздерге ұл – қыздарың,

Өшпес ыстық алаулаған жалынмен.

Ән: «Ақ мамам» Хор.

Жүргізуші: Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде,

Ақ сүтіңді ақтап өтеу арнаманым.

Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар,

Аналардан небір туған даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Мерекеңмен қасиетті аналар!

Осымен «Мерекеңмен Анашым!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келіп тамашалаған-дарыңызға көп рахмет. Қош сау болыңыздар!



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
432
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі