Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы
«Ақтас негізгі мектебі» КММ
Жаса Наурыз жыл басы!
Тексерген: әдіскер НегмеджановаК.С
Жауапты: Батырбай Ж.Т
2025 жыл
Жаса Наурыз жыл басы
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар,ұстаздар,қонақтар ! Бүгінгі біздің ұлыстың ұлы күніне арналған Жаса Наурыз жыл басы атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!Мерекелеріңіз құтты болсын. Ұлыс баршаңызға бақыт, денсаулық, ырыс, береке әкелсін. Кезекті сөзді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Өміржанова Жансұлу Сапарқызына, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Омарова Айгерім Марданқызына, шағын орталықтын әдіскері Негметжанова Күлән Сабырқызына беріледі.
Енді келген қонақтарымызға сөз кезегін берейік.
Мұхаммедали:
Уа халайық,халайық,
Мұнда назар салайық
Думандатып бақшамда
Наурыз тойын тойлайық
(Ішке әже кіреді)
Тәрбиеші: Амансыз ба әже! Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын!
Әже: Амансындар ма, айналайындар! Келіңдер, төрлетіндер, мерекені бірге қарсы алайық. Наурыз күні барлық қауым төс қағызып амандасқан, өкпе ренішті ұмытып, достық пейілмен табысқан екен. Қане баршамыз «Төс қағысып амандасайық».
Тәрбиеші:Әже, бүгін балалар Наурыз мерекесін осы шағын орталықта тойлап, өнерлерін көрсетіп, ән мен биден шашу шашады.
Әже: Жарайсындар, балалар. Алдымен ауру-сырқау, реніш пен өкпе сияқты ауырлықтар өткен күндерде, басқан іздерде, жанған отта қалсын деп АЛАСТАУ рәсімін жасайық.
-Бисмилләхи рахмани рахим
Алас-алас
Әр пәледен қалас
Ескі жыл кетті
Жаңа жыл жетті
Айда аман,
Жылда есен қыла көр.
Аластау Гузаль Ляззат Бимаржан Марал
Ән топпен Қошақаным
ТӘРБИЕШІ: Әже, енді ортамызға Наурыз қызды шақырайық.
Күн мен түн теңескен,
Ай мен күн теңескен
Бақытты күн – бұл Наурыз
Ренішті қойыңыздар, тату – тәтті болыңдар,
Құтты болсын бұл Наурыз.
(Наурыз қыз Зәуре т ішке кіреді)
Наурыз қыз:
Мен көңілді көктеммін
Көзін ашып бұлақтың
Түбіне тал екенмін
Жыл бойымен жарысқан
Күн мен түнді теңеймін
Наурыз болып еліме
Жаңа жылын бастаймын
Нұрхат:
Сізді сыйлап қарсы алып,
Бар әлемге жар салып
Сәлем бердік біз сізге
Жаннура:
Қош келіпсің Наурыз
Арман тойы халықтың
Қуанышы халықтың
Құтты болсын қадамын
Қуанышбай:
Наурыз келді ауылға
Наурыз келді далаға
Қуанышқа бөленді
Үлкен кіші балада.
Аяжан:
Әнімде саған биімде
Құт қонақ өз ұйімде
Қуаныш сыйлап еліме
Күлімде Наурыз күлімде.
Марлен:
Осыншама жақсылық
Алып келген Наурызым
Төрлет бізге нұр болып
Шуақ шашып ақ жүзін
Кәусар:
Наурыз айы - гүл айы
Наурыз айы – нұр айы
Наурыз айда халқымның
Арта түсер шырайы
Жантөре:
Көктем, көктем, көктемді
Күн шуағын төккенді
Күміс күміс қағамыз
Ойнап асыр саламыз.
Наурыз қыз: Рахмет балалар! Көктем туралы жақсы тақпақтар білед екенсіндер.
Тәрбиеші: Наурыз мерекесін тамашалаңыз бізбен бірге, төрлетіңіз. Қазақ халқы үшін бүгінгі Наурыз мерекесіне, тойға алыстан ат терлетіп қонағымыз келіп қалыпты.
Қанекей қошеметпен Қыдыр бабамызды қарсы алайық.
Мұхаммедали:
Тақпақ айтамжыл басы
Құлағын сап тындашы
Бар бөбекке өзіндей
Тыныш өмір сыйлашы.
Жантөре:
Наурыз келді, тамаша
Ән айтайық таласа
Атам,апам той тойлап
Қуанып жүр балаша
Қыдыр ата: - Армысыздар халайық
Армысындар, балалар!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын
Қайда барсаң жол болсын
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын
Ұлыс бере берсін
Пәле жала жерге еңсін
Ұлы халқым тоқ болсын
Көйлектерің көк болсын
Қайғы – уайым жоқ болсын
Қуаныштарың көк болсын! Аумин!
Ән Қуырмаш Кәусар
Тәрбиеші: Бүгінгі Наурыз тойында, дүниеге сәби келді,сәбиге салт дәстүрімізбен ат қояйық.
Қазақ отбасында баланың дүниеге келуіне байланысты, ежелден келе жатқан салт-дәст.рлер бар. Кей дәстүрлер сәл өзгерген түрде бүгінге дейін сақталға.
Бала дүниеге келгеннен кейін атасы мен әжесі ауыл ақсақалын шақырып, балаға ат қояды.Кейде баланың атын азан шақырып молда қоятын болған.
Азан шақырыу ат кою рәсімі
Келін: Әже сәбиге азан шақырып ат қояйық. Келген қонақтарымыз, бар енесі деп келін әжесінің қолына баласын береді.
Әже:Осы жерде сізден үлкен адам жоқ. Қыдыр ата, сіздің жолыңызды бөбегімізге берсін, Азан шақырып ат қойыңыз.
Қыдыр ата сәбиді қолыңа алып:- Бисмилләхи рахмани рахим тфа-тфа! Сенің атын, Сенің атын Кәусар деп 3 рет Құлағына қаттырақ айтады.
Мәншүк, Әлия апайларынның батырлығын, қайсарлығын берсін, елімізге елеулі, халқымызға қалаулы үлкен азаматша бол!
Тәрбиеші: Азан шақырып ат қойылған сәбиге, Қыдыр ата сізге және келіп отырған қонақтарға қазақтың биі Қара жорғаны тарту етеміз қабыл алыңыздар.
Би Қара жорға
Нұрхат:
Уа ағайын туысқан
Наурыз туды шығыстан
Сол тойға келдім шақыртып
Ат терлетіп алыстан
Жаннура:
Наурыз дәстүрім деп
Адамдар ән салады
Наурыз тойын еліміз
Қуана қарсы алады.
Қуанышбай:
Арпа, бидай, тары бар.
Қатық малта тағы бар
Ішілетін жейтінің
Бұл көжеде бәрі бар.
Кәусар:
Жақсы ма, ата халіңіз?
Менің атым Наурыз
Балдай тәтті сары уыз
Алып келдім алыңыз.
Марлен:
Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты әніміз
Ән саламыз бәріміз
Би билейміз бәріміз!
Аяжан:
Бата беріп атамыз
Бата беріп апамыз
Тәтті болып жасалған
Наурыз дәмін татамыз.
Аналар шығып келе жатқан күнге тәубе етіп «Армысын, қайырымды Наурыз - Ана»- иіліп сәлем береді.
Ләззат: Наурыз көже беретін
Үй қыдырып жүретін
Әдет-ғұрып, салтым бар
Қане қазан ашылсын.
Ақерке: Жеті дәмнен тұратын
Наурыз көже ішілсін
Ырыс толсын шарама
Көже құя бастаймын.
Наурыз көже беріледі, ұлттық тағамнан дәм тату.
Қазақтың салт-дәстүр ойындары: Арқан татыс, Ханталапай, Күш сынасу.
Тәрбиеші: Наурыз құт келгені халайық
Есіп ашып, шашу шашып,
Ел болып қарсы алып,
Той пердесін ашып
Тойға шашу шашайық.(Шашу шашылады)
Тәрбиеші: Ықыласпен қол жайып, бүлдіршіндердің батасын алайық.
Нұрхат:
Наурыз құтты болсын
Береке бірлік болсын
Күніміз жарық болсын
Аспанымыз ашық болсын
Мұхаммедали:
Деніміз сау болсын
Нанымыз көп болсын
Бәріміз тату болайық
Екеуі бірге: Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Балалар көп болсын,Аумин!
Тәрбиеші: Әумин, айтқандарыңыз келсін. Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтай отырып, мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз, Сау болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ертеңгілік мерекесі

шағым қалдыра аласыз