Ақтөбе облысы, Ақтобе
қаласы
Канапиева
С.С
Тақырыбы:
“Қарттарым-қазынам”
Ертеңгіліктің
мақсаты: Үлкендерді сыйлауға,
құрметтеуге баулу және қариялардың үлгі – өнегелерін кейінгі
ұрпақтарға жалғау. 1 – қазан – Қарттар күні мерекесі екенін айта
отырып, үлкен адамдарға қамқоршы, қолқанат бола білуді білдіру. Ата
– әжеге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Балалармен қыздар қолдарынан ұстап музыка залына
әдемі әуенмен кіреді.
Жүргізуші: Бүгінгі өткелі отырған
мереке құрметті де , қымбатты ақсақалды қариялар мен ақ шашты апа –
әжелерге өздеріңізге арналады.
«Қарттары бар үй – қазыналы үй», себебі бар ақыл
– өсиет осындай ата – әжелерден тарайды.
Жүргізуші: Адал бол деп
балдырған,
Әділдікке баулыған.
Әжелерімізге, атамызға мың
алғыс!
Әнімізді тыңдаңыз,
Сіздерге біз арнаймыз.
Жүргізуші: Әнұраным -
жанұраным,
Айтар әнім – сөйлер
сөзім.
Туған жерім – бағынарым,
Әнұраным мақтанамын.
Қазақстан Республикасы Әнұраны
шырқалсын.
(Әнұран орындалады)
Құттықтау сөздер
беріледі.
Жүргізуші: Олай болса, біздің
кішкентай балдырғандарымыздың сіздерге арнаған мерекелік
тақпақтарын қабыл алыңыздар.
-
Біз
гүлдерді жұлмаймыз,
Торғайларды қумаймыз,
Айтқан сөзді тыңдаймыз,
Ата
әжені сыйлаймыз.
-
Әкемізге еркелеп,
Анамызды тыңдаймыз.
Әжем айтар ертек көп,
Атамызға сыйлаймыз.
-
Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді,
Барған сайын біржаққа,
Кәмпит әкеп береді.
-
Ата
әжені ардақтап,
Қуанатын күн келді.
Мейрамымен құттықтап,
Ән
салайық бәріміз.
Ән: «Ән салам»
Жүргізуші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын,
шешуін айта қойыңдар.
-
Айтары мол ғұлама,
Көп
жасасасын бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің,
Білер оны сұраған.
Балалар ол кім? (АТА)
-
Әкенің анасы,
Балаға әжесі.
Кей
кезде таласып,
Қаласың ол кісіге.
Білесің айтшы, ол кім?
(ӘЖЕ)
(Жауабын балалар хомен
айтады)
Тақпақтар:
-
Әке
деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана
деген – қуанышы көңілдің.
Әже
деген – әрбір үйдің жылуы,
Ата
деген – қазынасы әр үйдің.
-
Қуанышқа бөленген әр
күніміз,
Бақыттымыз балалар
барлығымыз.
Осындай ата – әжелер
арасында,
Қызықпен өтсін әрбір
мерекеміз.
-
Мерекелі күн бүгін ,
Бақшамызда арайлы.
Әжетайым күнім деп,
Отыр өзі күлімдеп.
-
Әже
деген көп шығар
Әжемдей жоқ шығар.
Мейірімді ол кісі,
Қандай ғажап күлкісі
-
Мен
атама тартқанмын,
Өнегесін аламын.
Өнер қуған баламын,
Мен
атамдай боламын.
Би: Қара жорға
Ойын: «Немереңді тап»
Ән: «Сағындым әже»
Тақпақтар:
-
Әжем менің, ақ әжем
Ақыл беріп үйреткен
Аппақ әжем, пәк әжем
Мейіріммен тербеткен
-
Аман болсын басыңыз,
Ағармасын шашыңыз
Шөбере сүйіп әліде
Жүзге жетсін жасыңыз
-
Әжем өрнек тереді,
Сырмақ отыр оюлап
Басы ауыра береді
Шай
ішпесе қоюлап
-
Ата
отыр кәріміз,
Қуат берер дәріміз.
Әулиедей аялап,
Ардақтаймыз бәріміз
Ойын: «Әжені қонаққа
дайындау»
Жүргізуші:Балалар сендер білесіңдер ме
осы өмірде не қымбат екенін?
Олар: Достық, ата – ана, күлкі, қайта айналып
келмейтін балалаық шақ.
Әлпештеген ата – әжем
қымбат.
Қамқор болған ата – анам
қымбат
Көмектескен аға – інім
қымбат
Білім берген тәрбиеші, ұстаз
қымбат
Өмір берген анам қымбат
Сәби тәтті сезім қымбат
Өмірде не қымбат екенін біліп естеріңе сақтап
жүріңіздер!
Жүргізуші: Қуанышқа бөлінген әр
күніміз,
Бақыттымыз, балалар
барлығымыз
Осындай ата әжелер
арқасында
Қызықпен өтсін әрбір
мерекеміз.
Жиналған ата – әжелерімізге денсаулық тілеп
мерекені аяқтаймыз.