400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертеңгілік:" Қонақ келсе қуаныш" (мектепке дейінгі ұйым)

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: Қонақ келсе – қуаныш Мақсаты: «Қонақжайлылық» туралы түсінік беру (слайд) Дамытушылығы: Қонақжайлылық, жағымды қарым - қатынас дағдыларын дамыту. Тәрбиелігі: Өзін-өзі тануға деген қызығушылықтарын арттыру. Әдептілікке тәрбиелеу. Әдіс - тәсілі: көрсету, әңгімелеу, дәйексөз, сұрақ - жауап, дәптермен жұмыс, қорытындылау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Талдықұдық ауылы

С.Есетов атындағы орта жалпы білім беретін мектебі

Калиманова Айымгул-мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі



Ашық сабақ

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Қонақ келсе – қуаныш
Мақсаты: «Қонақжайлылық» туралы түсінік беру 
(слайд)
Дамытушылығы: Қонақжайлылық, жағымды қарым - қатынас дағдыларын дамыту.
Тәрбиелігі: Өзін-өзі тануға деген қызығушылықтарын арттыру. Әдептілікке тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: көрсету, әңгімелеу, дәйексөз, сұрақ - жауап, дәптермен жұмыс, қорытындылау.
Көрнекі құралдар: тақырыпқа сай суреттер, дәптер, хрестоматия

Шаттық шеңбер
Тәрбиеші: Қайырлы таң, балалар! Мен сендермен кездескеніме өте қуаныштымын. Бір-бірімізге күлімсірей қарап, жақсы тілектерімізді білдіріп, амандасайық.
Балалар: Сәлем, Жанель. Ақылды болып өс.
Сәлеметсің бе? Арай. Үлкендерді сыйла.
Амансың ба, Әсел? Достарыңмен тату бол.

Әңгімелесу
Тәрбиеші: Келген қонақты қалай күтіп аласыңдар?
Балалар: Қонақтармен амандасамыз. Үйге кіргіземіз. Төрге шығару. Дастархан жайып, қонақты күту.

Тәрбиеші: Қонақжайлылықты қалай түсінесіңдер?
Балалар: Қонақ келсе жылы жүзбен қарсы алу керек. Қонақ келсе берекесі мен ырысы мен келеді.

Әңгімелеу
Тәрбиеші балаларға «Түлкі мен тырна» ертегісін әңгімелеп беремін.
Тәрбиеші: Қалай ойлайсыңдар осы ертегіде түлкі мен тырна бір-біріне қандай қонақжайлылық көрсетті.?
Балалар: Түлкі мен тырна қонақжайлылық көрсете білген жоқ.
Тәрбиеші: Балалар осы ертегіні өздерің басқаша қалай аяқтар едіңдер.
Балалар: Дастарханды түрлі - тағамдардан толтырып қояр едім. Қуана қарсы алып, қонақжайлығымды көрсетер едім.

Ойын. «Қонақ күтеміз»
Тәрбиеші: балаларды екі топқа бөліп, Бірінші топ - «Қонақтар». Екінші топ -«Үй иелері. Қонақты қалай күту керек екенін көрсетеміз.
- қонақпен амандасамыз.
- үйге кіргізу.
- төрге шығару
- дастархан жайып, қонақ күту.

Дәптермен жұмыс.
Тәрбиеші: Суретке қарап қонақтарды қалай қарсы алатындарың туралы айтып беріңдер. Берілген дәптердегі суретті бояңдар.

Сергіту сәті
(Қимыл - қозғалыспен көрсету.)

Біз қандаймыз, қандаймыз.
Шұғылалы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз
Ренжісуді білмейміз.

Ғажайып сөздер.
Тәрбиеші: Балалар сабақта үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.
«Қонақ келсе, құт келер»

Қорытындылау
Тәрбиеші: балалар біз бүгін қонақжайлық туралы әңгімелестік. Қазақ халқы – қонақжай халық. Қонақ келген кезде ең әуелі амандасамыз. Үйге кіргізіп төрімізді ұсынамыз. Дастарқан жаямыз. Дастарханға ең әуелі нан қойылады. Қой сойылып, ет асып, қазы – карта жал - жая дастарқанға қойылады. Бас тартылады. Ауылдың ақсақалы бата береді.

Жүректен - жүрекке.
Тәрбиеші балаларға шеңбер жасайды.
Біз балдырған тең басқан
Дос құшағын елге ашқан
Тілегіміз тыныштық
Ашық болсын кең аспан
Мықты болсын іргеміз.
Бәрімізде біргеміз






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
811
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі