400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік "Қош бол балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшамен қоштасатын топтарға арналған ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Қош бол, балабакша»

Ортада: Даулет пен Жәния.

Даулет: Ассаламумағалейкум қымбатты ата-аналар,ұстаздар.

Құтты болсын қадамдарың қонақтар,

Біздің тойдың көрермені болыңдар.

Тамашалап балалардың өнерін,

Марқайып алақанды соғыңдар.

Жәния: Құрметті біздің қоштасу кешіне келген қонақтар!

Дәулет: міне балабақшамен қоштасатын күн де келді.

Жәния: Дұрыс айтасың Даулет ендеше ортаға бітіруші түлектерді шақырайық.

Дәулет: Көк байрағың көк жүзінде қалқыған,

Әнұраным әуелеген шалқыған.

Бес құрлыққа елдің атын паш еткен,

Елбасыда откн ұстаз алдынан.

Жәния:






Жүргізуші: Қымбатты ата - аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін біз мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз.

Бүгінгі күн осында жиналған бәріміз үшін ерекше, әрі қуанышты күн.Біздің балабақшадан, білімді педагогтардың қатысуымен, ерекше гүлдер өсті.Олар  осында болған бірнеше жыл ішінде сүйіспеншілікпен, жылулықпен өсіп шықты.

Сондай керемет біздің гүлдер, тіпті оларды қоштасуға қимаймыз!

Біздің гүлдер – біздің балалар! Көп сөз айтып қайтеміз! Мерекені ғажап көңіл – күймен тамашалап, балаларыңыздың білімі мен өнеріне тәнті болыңыздар. Олай болса, бүлдіршіндерімізді сахна төріне шақырамыз!

1. Атаев Даулет

2.Аширматова Лайло

3.Абдуразакова Мархамат

4.Әбдікәрім Нұрболат

5.Батырхан Аңсар

6.Бахтияров Мухаммед

7.Дәуленбай Таңатбек

8.Дүйсенбай Дидар

9.Камилжанов Сураж

10.Қуаныш қарақат

11.Көкенова Зиода

12. Құдабай Рамазан

13. Мейрамбай Гүлнүр

14.Мухиддинова Шахноза

15. Марат Мирас

16. Момыш Лаура

17.Мұсабаев Шахзодбек

18.Мухаметхан Жалолиддин

19. Ташкенбай Марғұлан

20. Райымжанов Сардор

21. Райымбердиев диярбек

22. Турұунмахамед Дінмухаммед

23. Турсунматов Бехруз

24. Тәжен Жәния

25. Тайров Сардор

26.Эргешова Арзу

27.Жаксылық Диас

28.Ахмед Досымжан

29.Турехан Эльяр

30.Рүстемов Едіге


Жүргізуші: Өтті қызық көп күндер
Алты жасқа да жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл – ойларың,
Өсті міне бойларың.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларың!

Хор: «Біздің балабақша»

Тақпақтар: Лаура, Р.Сардор, Лайло, Гүлнүр, Таңатбек, Сураж.

Лаура:

Балабақша, балабақша,

Шаңырағы шаттықтың.

Балабақша қорғаны,

Балғын сәби жастықтың.

Қуанамыз сыйлаймыз,

Қуаныштың мың гүлін.

Бақшамызбен қимай біз,

Қоштасатын күн бүгін.

Лайло:

Біз сабақты бастаймыз,

Қайталаудан аспаймыз.

Есептен де қашпаймыз,

Жазуды енді бастаймыз.

Мектепке енді барамыз,

Оқимыз сауық құрамыз,

Қашық емес арамыз,

Бақшаға келіп тұрамыз.

Гүлнүр:

Балдырғанды мәпелеп,

Бақшада бар апайлар.

Қолымыздан жетектеп,

Бізді осында әкелер.

Өз үйіміз анамыз,

Күнде-күнде барамыз.

Достарыммен табысып,

Қуанысып қаламыз.

Таңатбек:

Балабақша бесігім,

Қайсысын айта берейін.

Қабыл алғын гүлімді,

Сендерге сыйлап кетейін.

Сураж :

Біздер алты жастамыз,

Сәбиліктен асқанбыз.

Мектеп бізді шақырды,

Қош бол әсем бақшамыз.

Нұрбек:

Ботақаным бөбек деп,

Еркелеткен ұл-қызын,

Анамызды ерекше,

Қуантатын күн бүгін.

Би: «Вальс» №1


Жүргізуші: Ендеше бүлдіршіндеріміз қоштасу тақпақтарын айтсын.

Зиода,гүлнүр,Р.Сардор,Досымжан,Марғұлан,Шахзодбек,Мархамат.

Зиода:

До свиданья,куклы наши,

Даши,Сони и Наташи.

Новых девочек встречайте

Дружно с ними вы играйте.



Гүлнүр:

Наш любимый детскии сад,

Ты наш дом второй,

Расставаться в этот час,

Грустно нам с тобой.

Р.Сардор.

До свидания игрушки,

До свидания,детски сад.

Не грустите завтра утром,

Превезут других ребят

Досымжан:

А у нас сегодня праздник,

Радостный веселый,

До свидания детски сад,

Здравствуй,школа!

Марғұлан:

Қуанышымыз біздің мол.

Мектепке біз тарттық жол.

Ұмытпаймын өзіңді,

Балабақша қош сау бол!

М.Шахзодбек:

Мектепке енді барамыз,

Оқимыз сауық құрамыз.

Қашық емес арамыз,

Мектепке келіп тұрамыз.

Мархамат.

Ойыншықты жинаймыз,

Бөбектерге сыйлаймыз.

Оқу білім үйреткен,

Өзіңізді қимаймыз.

Алты жасқа толамыз,

Қуантып ата-ананы

Мектепке кетіп барамыз.

Ән: «Оқуда озат боламын» Диас пен Қарақат.

Едіге.

Бәрімізді сүйіп өскен,

Ақыл бізге үйреткен.

Тәрбиеші апайларға,

Бас иеміз құрметпен.

Анарбай.

Сүйікті біздің бақшамыз,

Айтамыз біз рахмет,

Денсаулық тілеп бақ тілеп.

Абырой атақ бақ тілеп,

Тілейді сізге жас түлек.

Арзу.

Талай қызық той өткіздік,

Бірақ орны ерекше.

Бақшамызбен қоштасатын,

Бүгінгі ьой ерекше.

Рамазан.

Үлкендердей тап-таза,

Жазамыз бормен тақтаға.

Үлгілі бала боламыз,

Жүретіндей мақтана.

Бехруз.

Сен үйреттің сөйлеуді,

Сенде ойым есейді.

Мектепке барам мен енді,

Балабақшам қош енді.

Алты жасқа толамыз,

Біз оқушы боламыз.

Шахноза.

Құшағыңда жарқылдап,

Өтті сәби күндерім.

Би биледім,ән тыңдап,

Алаңдауды білмедім.

Өсті талап талғамым,

Көп нәрсені ұғындым,

Балабақшам қош енді.

Би: «Лента» Зиода,Жәния,Лаура,Лайло

Дидар.

Қуанамыз сыйлаймыз,

Қканыштың мың гүлін,

Бақшамызды қимай біз,

Қоштасатын күн бүгін.

Алау болып жанамыз,

Құлыншақ боп шабамыз,

Балапандай талпынып,

Көкке қанат қағамыз.

Эльяр.

Бұл қуаныш себебін,

Бізге қарап ұғарсың.

Ер жетті деп бөбегің,

Туған Отан қуансын.

Мухаммед.

Жақсылыққа құмармыз,

Жақсы адам боп шығамыз.

Таза сәби жүректен,

Қабылдаңыз мың алғыс.

Т.Сардор.

Мектеп ана шақырады бізді алдан,

Алдымызда әлі талай сан арман.

Қоштассақта балабақша өзіңмен,

Санамызда өзің берген өнегең.

Дінмухаммед.

Тәрбие берген ұямыз.

Тәртіпті бала боламыз.

Қоштасып балабақшамен,

Біз мектепке барамыз.

Нұрболат.

Бұл қуаныш себебін,

Бізге қарап ұғарсың.

Ер жетті деп бөбегің,

Туған Отан қуансын.

Диас.

Қоштасып мен бүгін балалықпен,

Қоштасамын сыйқырлы балабақшамен.

Танысып мектеп деген әлемменен,

Достасамын біліммен даналықпен.

Диярбек.

Оқимыз білім аламыз,

Болашақ жолын саламыз.

Бақшамызбен қоштасып,

Біз мектепке барамыз.

Қыздардың әңгімесі:

Қарақат,Лайло,Лаура,Гүлнүр,Зиода,Мархамат,Арзу,Шахназ,Жәния.

Слайд.( самалет ұшады)

Жүргізуші :

Тындаңыздар, құрметті жолаушылар!

«Мереке» балабақшасының «Бәйтерек» тобының бүлдіршіндері балабақшамен қоштасып мектепке сапарға шыққалы тұр. Бүлдіршіндерімізге сәтті сапар тілейік.

Би: «Стюардесса»

Білім ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме балалар,мен сендердің балабақшамен қоштасқалы тұрғандарыңды естіп келе бердім.балалар сендер мектепке баруға дайынсыдар ма?

-Ия дайынбыз.

-Ал ендеше мен сендердің бідімдеріңді бір сынап көрейінші.

Менің қойған сұрақтарыма жауап бере аласыңдар ма?

-ия жауап бере аламыз.


1.Білім туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

2.Алфабитте неше әріп бар?

3.Неше дыбыс бар?

4. 1 ден 10ға дейін тура және кері санап бер?

5. Үш тілде санап бер?

6.Сенің атың қандай әріптен басталатынын білесің бе?

7.Тақтадағы сөздерді оқып беріңдерші?

8.Еліміздің рәміздеріне нелер жатады.

9.Елбасымыз кім екенін білесіңдер ма?

10.Біздің балабақшамыз қалай аталады?

-Ой жарайсыңдар балалар сенде шынымен де мектепке баруға дайын екенсіңдер.

Ал ендеше балалар менімен қызықты ойын ойнағыларың келе ме?

-Ия.

Бұл ойынымыздың аты «Ия,ия», «Жоқ,жоқ» деп аталады.

Шарты: Мен сендерге сұрақтар қоямын, сендер сол сұраққа иа немесе жоқ деп жауап бересіңдер.
1. Мектепке біз барамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба?
3. Айтқан тілді аламыз ба?
4. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
5. Ақылды бала боламыз ба?
6. Таңертең ерте тұрамыз ба?
7. Сабақта отырып ұйықтамаймыз ба?
8. Мектепте ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9. Екі алғанда жылаймыз ба?
10. Жақсы оқушы боламыз ба?


Жүргізуші: Олай болса ата- аналармен де

«Ия,ия» «Жоқ,жоқ» ойынын ойнайық.

1. Балаңызға әрқашан тірексіз бе?
2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз бе?
3. Тамағын уақытылы бересіз бе?
4. Сериал көріп жатасыз ба?
5. Ұрып,нұқып үйретуге барасыз ба?
6. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз бе?
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8. Сен оқыт, мен оқыт, шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?
10. Бала үшін асулардан асасыз ба?

Рахмет біздің ата-аналарымыз баласы үшін бәріне дайын екен.

Осы балалар үміттеріңізді ақтап білімді болып өссін деген тілегім бар.


Ортада: Аңсар мен Р.Сардор.

Аңсар:-Мардан, сен балабақшамен қоштасқың келе ме?

Сардор:-Жоқ, менің қоштасқым келмейді.

Аңсар:- Неге қоштасқың келмейді?

Сардор:-Балабақшадағы достарымды, апайларымды, жақсы көретін ойыншықтарымды қимаймын.

Аңсар:- Ааа, ойыншықтарыңды ма әлде, сұлу қыздарды қимайсыңба?

Сардор:- Сенде айтасың ау, Сардор мен бәрін де қимаймын.

Бірге:Ендеше «Флешмоб» биін тамашалаңыздар.

Би: «Флешмоб»


Оркестор ойналады:


Жүргізуші: Біздің балаларымыздың балабақшаға айтар алғысы өте мол.

Балаларымыз балабақша қызметкерлерге өз ризашылықтарын білдірмек.

Ендеше балалардың алғыс тақпақтарын қабыл алыңыздар.


Жәния.

Ұстаздардың ұстазы,

Тәрбиенің ұстасы.

Меңгеруші апайға,

Ырза шеше,әке де.

Біздер мұнда әрдайым,

Бәрі-бәрі дап дайын,

Қамымызды ойлаған

Жанар апайға мың алғыс!

Дәулет.

Әдіскерді біз үлгі тұтамыз,

Біз үшінғой еңбектенген.

Арамызда жол көрсетіпжүрген

Камшат апайға мың алғыс!

Зиода.

Денсаулыққа болаттай,

Ауруларды жолатпай.

Күнде болған әбдігер

Қамқоршымыз дәрігер,

Зулайхо апайға мың алғыс!

Қарақат.

Жазу жазып үйреткен,

Әріптерді оқытқан.

Санамақты жаттатып,

Санауды бізге үйреткен.

Жақсы болсаң қуанған,

Қәте болсаң кешірген.

Айнұр,Шахло апайларға

Айтамыз біз мың алғыс!

Лаура.

Талай-талай баспалдақты аттармыз,

Ата-ананың үмітінде ақтармыз.

Аққұштап,Гүлмира,Айдын апайлар

Сіздерден алған ақылды,

Есімізде өмір-бақи сақтармыз,

Сіздерге де мың алғыс!

Жалоллиддин.

Ақ төсекке жатқызған,

Тәтті тамақ жасаған,

Бала болып ойнаған,

Басымызды сипаған,

Күтуші Гүлзат,Нилуфар апайларға мың алғыс!

Досымжан.

Үйренгенбіз өнер біз,

Шетімізден шеберміз.

Бал татыған әндерді

Мың бұралған билерді,

Үйреткен Сардор ағайға мың алғыс!

Аңсар.

Тәтті тағам пісірген,

Айран,сүтін ішкізген.

Гүлмира,Айнұр,Райхан апайлар,

Сіздерге де мың алғыс!

Р.Сардор.

Балабақша ауласына,

Еңселі еңбек еткен.

Көгертем деп бақшаны,аянбай терін төккен,

Ердесбек,Айбек ағайларға мың алғыс!

Барлығы балалар:
Сіздерге көп рахмет.

«Рахмет» деген сөзді жоғары көтереді.


Ән: «Махабатқа әлі ерте» Атаев Даулет.


Үлкен сенім жүктеп алып,
Мектепке кетіп барамыз.
Балабақшам , өзіңмен,
Қоштасу әнін саламыз
.


Балалар ортаға шығады .

Би: «Қоштасу вальсі»


Хор : «Қош бол, балабақша»



Жүргізуші:

Осымен «Бәйтерек» тобы бүлдіршіндеріміздің «Қош бол балабақша» атты ертеңгілігі аяқталды.


Бәріміздің ақылшымыз,панамыз,
Ақыл сұрап,тірек болар саямыз.
Жанар апай- балабақша тірегі,
Қошеметтеп,қол соғып,қарсы аламыз!
Ендігі сөз кезегін балаларға деген ақ тілегін,жылы лебізін білдіру үшін
«Мереке» балабақшасының меңгерушісі Қожабаева Жанар Құралбайқызына сөз береміз.
(грамота балаларға, ата аналарға, балаларға сыйлықтар тарту етіледі)

Жүргізуші:

Бір ата,бір ананың тірегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз,
Бірлік барда,тірлік бар деген бабам.
Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз! -дей отырып құттықтау сөзді ата аналарға береміз.

Балалар далаға шығып, тілек ойлап аспанға шар ұшырады.



Жүргізуші :

Тындаңыздар, құрметті жолаушылар!

«Мереке» балабақшасының «Бәйтерек» тобының бүлдіршіндері балабақшамен қоштасып мектепке сапарға шыққалы тұр. Бүлдіршіндерімізге сәтті сапар тілейік.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 мамыр
877
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі