400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Ертеңгілік. Қош бол бастауыш! 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қош бол, сүйікті бастауышым!

Мақсаты : Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру.

Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті яғни, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу. Ақыл, ой өрісін дамыту. Бастауыш сыныбымен; білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып, сәт сапар тілеп табыстау.

Көрнекілігі: Оқу- білім туралы нақыл сөздер, слайдтар.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Бұл оқу тамақ болар қарын ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда,

Мал озбас біле білсең, білім озар

Ақыры керек болар бір сасқанда,- деп Міржақып ақын айтқандай, тарыдай болып кіріп, ақыл-ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруы мен өткізгелі отырған «Қош бол, сүйікті бастауышым!» мерекесін бастауға рұқсат етініздер.

Бесіктегі баланың

Күлгенін көрген бір мұрат,

Алдына түсіп ананың

Жүргенін көрген бір мұрат,-

дегендей бастауыш бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық.

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,

Мұндай күй болған сірә, қаншаңызда,

Қол соғып қошеметтеп шақырайық

4 «В» сыныпты ортамызға

Осыдан 4 жыл бұрын, яғни 2008 жылдың 1 қыркүйегінде кіп-кішкентай болған бүлдіршіндер қандай болды екен?

Олай болса құрметті ұстаздар ақ пейілді ата-аналар және қонақтар сол бүлдіршіндердің тәтті де бал-күндеріне көз жүгіртейік. (экранға назар аударыныздар)

Кешегі кішкентай бүлдіршіндеріміз бүгінде көптеген жетістіктерге жетіп, өз білімдерін шыңдай түсуде. Көптеген облыстық, қалалық, мектепшілік, жарыстарға қатысып, үлкен жетістіктерге жетуде. Атап айтар болсақ,

Міне, қанша қыс пен жазды бірге өткізіп, ыстық пен суыққа бірге төзген ұстаздарға тағзым етейік. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық.

Бақытжан. Бала шаққа болашықты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты,

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар, ұстаздарым қымбатты

Меруерт. Армысыздар, әжелер мен аналар

Ұрпағыңыз күнде өзінен бата алар

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.

Бақытжан. Армысыздар өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай балапанын мәпелер,

Бүгін мәне, бастауыш пен қоштасар

Азамат боп, кешегі сәби еркелер

Меруерт. Армысың, сен алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағым

Мектебіме арналады бұл әнім

Бақытжан. Дұрыс айтасын, Меруерт! Бұл мектепте қаншама адам тәлім алған десеңші, Меніңде екі әпкем, менде осы мектепте тәлім алудамын.

Олай болса «Мектебім» әнін шырқайық.

Хор. «Мектебім»

Слайд мектептегі мерекелер.

Бақытжан . Иә, мектебімізге қандай жыр арнасақ та жарасады. Ендеше сыныптастардың мектепке арнаған жырларын тыңдайық.

1-оқушы. Мектебім білім берер алтын ұям,

Ер жетіп, сенде сөзім артты санам,

Баулыған төрт жыл бойы ата-анамдай

Әрқашан қасиетті атын маған.

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл

Өзіне борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіннің серті деп біл

2-оқушы. Мектебім алтын ұям, нұрын жарық

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып,

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып

3-оқушы. Мектеп үйім, ұстазым менің ата-анам

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам

Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек

Тамырланып, сан тарапқа тараған.

4-оқушы. Мектеп деген білім кеңі, жыр кеңі

Мектеп деген ғылымның ең үлкені

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекеені

5-оқушы.

Мектебім, сүйікті мектебім,

Байырында түлеймін, көктеймін

Сен бұлақ мен қайын болып бүршік атқан

Өзімнен нәр алып, көктедім

Меруерт;: иә, балалар осы мектебімізге арнап, би билейтін оқушыларымыз да бар екен. Ендеше: Мың бұрала билейтін,

Биді жақсы көретін

Қыздарымыз бар біздің

Қазақ биін билейтін.

Қазақ биі орындайтын Калбаева Жанар.Қазақ биі.

Меруерт. Ұстаздық еткен жалықпас үйретуденн балаға деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз ұстаз екені бәрімізге мәлім.

Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын ұстаз туралы не айтар едің?

Бақытжан. Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз.

«Мұғалім- мектептің жүрегі» деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Олай болса, жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.

6-оқушы. Қоңыр үнді дауысым әсем таңдардай

Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай

Мейірлене қарап қойып біздерге

Күн астында сабақ беріп тұрғандай.

7-оқушы. Ұстазым өзім едің асқақ әнім.

Басталған ақ батаннан жас талабым.

Ұғындым ұлылықтың , даналықтың

Ұстаздың ұлағытынан басталарын

8-оқушы.

Жарық күннен жылы жүзін елестеп,

Құлағымда өзін берген кеңестер,

Жанарымда алыс тартқан қара жол

Көз жұмсамда көре тұрған белестер

9-оқушы.

Әлі есімде отырғаным партада

Таңданып кеп, үңілгенім тақтаға

Жайдары ашық ұстазымның сондағы

Түзу отыр деп қаққаны арқаға

Меруерт. Иә, дұрыс айтасың, Ұстаз орны ерекше. Ендеше, «Ұстазым» әнін орындайық.

Бақытжан: бізге 4 жыл бойы өз білімдерін бойымызға сіңіріп, еркелігімізді көтерген санамызға құйған әр пән ұстаздарымызда бар. Осы ұстаздарға неге алғыс айтпасқа.

Меруерт. Оқындар, ұл-қыздар деп,

Күлімдеген ұстаздар

Ән арнадық арнайы

Тағзым ете ұстаздар

Мұғалімдер тізімдерін айту.

Ән «Еркем-ай»

10-оқушы . Алғашқы ұстаз,ерекше тұлға, дара шын,

Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын

Сағына әр кез суреттерді парақтап,

Шәкірттерін жиі еске алатын

11-оқушы.

Нұр құйған санасына зейіндінің,

Нұрының шам сәулесіндей мейрімнің

Дарыттың адалдықты шәкіртіне,

Дамыттың дарын атын бейімдінің

Бақытжан. Бізде жоғарыда айтқандай дарынды қабілетті балаларда бар екен.

Ендеше, неге өз өнерлерін ортаға салмасқа.

Көрініс.

Өзбек биі.

Бақытжан.Иә, осыдан 4 жыл бұрын біз 6 жастағы сәби едік.

Сөмкемізіді зорға көтергенбіз. Енді міне, бастауыш пен қоштасқалы отырмыз.

Меруерт. Бастауыш туралы неге айтпасқа

12-оқушы.

Жасқана кіріп, жарық сыныпқа біз,

Әріп бетін Әліппенің күле ашқанбыз.

Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде

Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

Қыздар мен ұлдар айтысы.

13-оқушы.

Бастауышым- бал бұлағым.

Алдым сенен балдың дәмін

Әріп танып, білім алып

Рахметімді жаудыратын

Бақытжан. Осы 4 жылда бірге ойнап, күліп, талай қызықты күндерді бірге өткіздік. Бір-бірімізге қалжынымыз өте жарасады. Қалжындасып ойнап күлгенге не жетсін. Ендеше үзінді келтіру.

14-оқушы. Бірдей біздің ойымыз да сырымыз

Бір мектептің ұлы менен қызымыз

Бірдей өстік оқуда да еңбекте

Күліп-ойнап біріміз бен біріміз

Деп ортаға КВН тарландарымызды шақырамыз.

Меруерт. Мың бұрала билеген

Аруды кім сүймеген

Аққудайын қалықтап

Түрік биін билеген (түрік биі)

Бақытжан. Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып, жүрген біздің ата-аналарымыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүргені сол кісілердің арқасы.

Меруерт. Саяжай бізде өнерлі

Әнді жақсы көреді

Сіздерге қазір «Ана» әнін айтып береді.

Дүниеге әкелген, олда сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген,олда сенің анашың,

Тіл алмасаң кешірген, олда сенің анашың.

Бақытжан. Иә, Меруерт бізде анамыздың әкеміздің жақсылығын түсінбдей кететін кездеріміз де болады.

Ендеше сондай баланың басынан кешкен, хикаясын тамашалайық. (Әзіл - оспақ)

Меруерт. Шара апамдай бұралып,

Биді билеп береміз

Әке толғауындай билерді

Өте жақсы көреміз, деп қыздар тобын шақырайық.

Бақытжан. Бізде спорт шеберлері де бар.

Осы балалардың өнерлерін тамашаласақ қайтеді.

Спорт биі.

Меруерт. Жетекші болып жүрдіңіз түлегіне

Бізді ойлап, көңіліңіз жүдеді де,

Шәкірттер тыңдаңыздар, ұстаз сөзін

Сіздерге арнап айтар тілегің де дей,- отыра ұстазымызға сөз

береміз.

Ұстаз сөзі. Оқушылардың фотосуреттерін тарату. Ұстаз:

Айналайын, жап-жарқын жүздеріннен

Аластайтын жанымды күз көңілден

Мен сіздерге мәңгілік тілекшімін

Тілек тілеп тұратын іздеріннен

Марапаттау рәсімі. Алғыс хат.

Ән. «Қоштасу»

Бақытжан. Қол жаяйық халайық,

Бата тілеп, алайық

Бастауыш пен қоштасып,

Орта буынға барайық (Бата)

Қоштасу вальсі

Апа кіріп немересін әкеледі.

Қыз – білім алуға үлкенді сыйлауға, Отанды қорғауға, тіліміз бен салт-дәстүрімізді сақтауға.

Ұл : Мәдениетті сақтауға, Үлгілі болуға, ерінбей сабақ оқуға

Мектебіміздің данқын көтеруге, ант етеміз!

«Достық әні»

Шарлар ұшыру.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
504
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі