Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Ертеңгілік "Қош бол, сүйікті әліппем!"

Материал туралы қысқаша түсінік
1- сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Қош,сүйікті Әліппем!

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімдерін бекіту,олардыңалғанбілім,біліктерін ,дағдыларын көрсету;тілдерін дамыту, сөздік қорларын молайту;ұқыптылыққа, оқуға,білім алуға тәрбиеле

Көрнеккіліктері: Әліппе,Ана-тілі макеті,нақыл сөздер,,.

Құрылымы: Перде жабық тұрады.Сахнада көңілсіз ,мұңайып отырған балалар.Бірі ойыншық ойнап,бірі жерге қарап ренжіген кейіпте отырады.

Сахна сыртында :Ертегі кейіпкерлері:Буратино,Мальвина келеді

Мальвина: Мен бүр түрлі жүрексініп тұрмын.

Буратино: Неге жүрексінесің?Қорықпа мен қасыңдамын ғой.

Мальвина: Мына жерде бір той өткелі жатқан сияқты.

Буратино: Иә,үлкендер,балалар!Жүр балаларға жақындайық.

Мальвина: Балалар,неге ренжіп отырсыңдар?

Маржан: Сендер қайдан жүрсіңдер?

Мальвина: Осында әліппе тойы өтеді дегенді естіп келдік.

Аружан: Иә,дұрыс айтасың.Бүгін бізде "Болашаққа жол ашқан ,Сүйікті Әліппемізбен қоштасу" тойы.Бірақ біз

" Сүйікті әліппемізді"жоғалтып отырмыз.

Буратино: Біз жолда келе жатқанда "Әліппе"деген оқулықты

кездестірдік.Ол да осы тойға келе жатқанын айтты.

Балалар: Алақай ,кітабымыз табылды!Алсіздер тойымыздың қонағы болыңыздар.

Буратино: Бұл қандай кітап өзі?

Айғаным: Әліппе оқулығы өте сиқырлы кітап.Әр баланың өміріне өшпес із қалдырып,білім әлеміне жол ашатын оқулық.

Мальвина: Ендеше,бәріміз әнге басып,"Сүйікті оқулығымызды"ортаға шақырайық.

/Буратино әнінің ырғағымен әндетіп әліппені ортаға шақырады/: Таныстырған әріппен,

Іші толған әріпке

Көп нәрсеге үйреткен

Тақылдатып сөйлеткен

Білімдегі жарық не?

Ә - ліп - пе.

Сағыныш:Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.

Хош келіпсіз ұстаздар,ата-аналар

Әліппемен қоштасу тойымызға.

Назерке: Шашу,шашу шашайық!

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке ,бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық.

Әліппе сөзі: Армысыздар жас достар!

Армысыздар ата-ана!

Болашаққа жол бастар

Әліппең келді ортаға.

Білім деген ғылымның

Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың,

Басталады сендерден.

Жақсы білім көрімдік,

Болсын сізге халайық.

Не үйрендік не білдік,

Қане ортаға салайық.

Хор:Әліппе.

Аңсар: Жақсы кітап әліппе,

Үйретеді әріпке

Ойыншықпен қоштастым

Әліппемен достастым.

А-дан бастап әріпті

Теріп маған танытты.

Аружан: Осы біздер қандаймыз,

Талабы биік таудаймыз

Мың бұралған бишіміз

Күмбірлетер күйшіміз.

Қуаныш: Еркесі едім атамның

Еркесі едім анамның

Толып биыл жетіге

Мен оқушы атандым.

Тамерлан: Біз қызықпыз,қызықпыз,

Сәл еркелеу,бұзықпыз

Біз шеберміз,

Ақылдымыз,

Үлкенге ізеттіміз,

Кішіге қамқормыз

Көп оқитын батылмыз!

Ән :Ертегілер:орындайтын: Тулеуханова Назерке

Мальвина:Міне,тамаша!Қандай жақсы балалар!

Буратино:Бізде сіздер сияқты болғымыз келеді.

Әліппе:Уайымдамаңдар!Балалар сендерді де үйретеді.

Солай ма,балалар?

Бәрі:Иә,үйретеміз.

Жанель: Мектепке елгенімізге 4 ай ғана уақыт өтті.Осы уақыт ішінде біз көп нәрсеге үйрендік.Осының бәріне сүйікті әліппеміз себепкер.

Ең алғаш қолға алғанда әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерді

Мен үшін сырлы жұмбақ бұл кітаптың

Ұстазым кілтін маған алып берді.
Әліппе:Дұрыс айтасың Жанель,Әліппе оқулығы әріптердің қыр-сырын,сол сырды мына тұрған бүлдіршіндер сендерді алға сүйреп,білімнің,өмірдің шыңына жетелейтін-әрине, алғашқы ұстаз.

Малика:Ата-анаңнан кейінгі

Екінші адам өмірде,

Бала бол деп зейінді

Мейір құйған көңілге

Ол ұстазың сүйікті.

Сағыныш:Көп ойлап отырма

Ауылға қадірлі кім атын атай ғой?

Шахрияр:Әліппе оқуға үйреткен

Мұғалім апай ғой.

Маржан: Анаңдай аяулы мәпелеп өсірген

Кім атын атай ғой?

Шахрияр: Үйретіп санауды көп еңбек сіңірген

Мұғалім апай ғой.

Хор: Мұғалім -ол біздің.

Мейрамбек: Осы 4 ай ішінде:Мен кітап оқуды,өлең жаттауды:сурет салуды үйрендім.

Қош бол құтты әліппе

Көп нәрсеге үйреткен

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлеткен.

Бақытбек:Әліппе білім анасы

Әліппе білім данасы

Әліппе бетін ашпаған

Адамның бар ма баласы?

Әлішер:Әліппе сенің сырласың

Әліппе досың болады

Әріптердің шұғыласы

Дәптеріңе қонады.

Жастар биі:орындайтын бишілер тобы.

Әліппе:Ал ,балалар сендердің осындай дәрежеге жетулеріңе тағы кімдер себепкер болды.

Ернар:Балалар,бізге қызықты оқиға айтатын,ұрпағымның жалғасы деп қасынан тастамай жүретін кім?

Бәрі: Ата

Мақсат:Өте мейірімді,ақ шашты,тәтті бауырсақ пісіріп"Айым","Күнім"деп еркелететін кім?

Бәрі:Әже.

Маржан:Өзі салмақты,отбасының қорғаны,асыраушысы кім?

Бәрі :Әже.

Малика :Отбасының сая бағы,бала үшін ең аяулы жан кім?

Бәрі :Ана.

Ал осы адамдар біздің өмірімізде қандай орын алады?

Ал енді осы сөздерг /ата,әже әке ,ана/сөздеріне дыбыстық талдаулар жасалады.

Әліппе: Балалар біз кандай мемлекетте тұрамыз? -Дұрыс айтасыңдар Тәуелсіз Қазақстанда тұрамыз.Кәне,Тәуелсіздік сөзіндегі"Сырлы әріптер"сырын білейікші.

Аңсар:Т - Тәуелсіз елде тұрамын,

Тәуелсіздік жыр әнім.

Алина:Ә- Әспеттеп салт пен әдепті,

Боламыз бала әдепті.

Бақытбек:У-Уәдеге берік боламыз,

Биік үйлер саламыз.

Маржан:Е-Елім деп мен жар салам,

Елімменен мақтанам.

Ернар:Л- Лайым болсын ел аман,

Несібесі мол заман.

Аружан:С-Сенімін елдің ақтаймыз,

Жақсы істер жасаймыз

Нұрсұлтан:І-Ізгілік нұрын шашатын,

Жасасын Қазақстаным!

Назерке: З-Зейінге бәрін тоқимыз

Сабақты 5-ке оқимыз.

Ернар: Д-Даламыздай кең пейілді,

Мақтан тұтам елімді.

Сағыныш:І-Ізеттілік бойда бар,

Ізгі тілек қабыл ал.

Әлішер:К-Келешекке нық басқан,

Біз бақытты балдырған.

Қандай сөз шықты?-Тәуелсіздік.Дұрыс айтасыңдар Тәуелсіз ел тірегі сеңдерсіңдер.Біз сендерден үлкен үміт күтеміз.

Ән:Бала тілегі:орындайтындар Әлдекенова Маржан,Хайрышева Алина.

Буратино: Қандай керемет,Мальвина, қалай бәрін үйреніп алған.

Әліппе: Балалар ,менің сендергі әкелген сыйлығым бар

Кәне ортаға шақырайық

Балалар ,сендердің енді оқитын оқулықтарың Ана тілі болады.

Ана тілі:Ақыл -ойы дананың

Ана тілі боламын.

Ана тілі ардақты,

Ақ сүтіндей ананың,

Өсірген ой білімді,

Мәнін терең білуде,

Мейірімі мол балаға

Ана тілді құрметте.

Әліппе:Балалар,сендер мені жақсы игеріпсіңдер.Мен сендерге ризамын.Болашақта "Ана тілін"де жақсы оқыңдар.

Ал,Мальвина,Буратино сендер осында осында қалып,білім алыңдар!

Алина: Әліппем менің әліппем

Өмірді келем танып мен

Қайталап айтам мың

Өзіңе көп-көп рахмет.

Нұрсұлтан: Таныстырған 42 әріппен

Қош бол менің қасиетті әліппем

Сенің арқаң оқып-жаза білгенім

Сауатты адам санатына кіргенім.

Айғаным : Әліппем қош айтасып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол ,

Сауатты боп шықты міне,балаңыз!

Оқушы: Ана тілі төрлет ,төрге шық.

Ернұр: Ана тілін білмеген

Ақылы жоқ желік бас

Ана тілі сүймеген

Халқын сүйіп жарытпас.

Мадина: Мейірі мол балаға

Бар әлемде анаға
Басымызды иеміз

Бабамыздың тілі деп

Даламыздың үні деп

Ана тілін, Ана тілін сүйеміз.

Ән:Жас дәуірдің тілегіміз орындайтын:Болатов Райымбек,Нағашыбаев Ернар.

Ал,балалар әліппені меңгеруге сендердің ата аналарыңның да қосқан үлесі өте көп .Сондықтан ата аналарымызға айтар алғысымыз шексіз.

Бұл мереке сенің арқаң ата-анам

Бір мен үшін керектіні табасың

Балаң жақсы деген сөзді естісең,

Күлімсіреп қуанып бір қаласың.

Ендеше,ата-аналардың құрметіне "Анашым"әнін қабыл алыңыздар.

Орындайтындар:Кенжебек Аружан,Кеңесов Қуаныш.

Мұғалім :Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің,әр айың

Тойларыңыз құтты болсын ата-ана,

Тойларыңыз тойға ұлассын ағайын!

Мұғалім: Құрметті ата-аналар балаларыңыздың мектептегі алғашқы жетістіктері құтты болсын!Ал ,менің кішкене шәкірттеріме айтатыным :Әліппе оқулығы сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ,сендерді адамгершілікке,достыққа ,тәртіпті болуға үйретті.Сендерге жаны сұлу,

жүрегі жылы,білімді де,қажырлы азамат болып өсулеріңе тілектеспін.Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.11.2018
415
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12