400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік, "Қош бол, сүйікті балабақшам"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге, «Қош бол, сүйікті балабақшам» атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігі Мақсаты: балалардың жыл бойы алған білімдерін бекіту, білімге деген құштарлығын арттыру, эстетикалық талғамын қалыптастыру, білімділікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қош бол, сүйікті балабақшам»

атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігі

Мақсаты: балалардың жыл бойы алған білімдерін бекіту, білімге деген құштарлығын арттыру, эстетикалық талғамын қалыптастыру, білімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тақырыбы, шарлар, гүлдер т.б.

Залға балалар музыка әуенімен кіріп, орындарына отырады.

Барлығы балалар:
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам болып шығамыз
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс!

Жүргізуші:
Сәлем гүлдей жайнаған балғындарым
Бақшамыздан тәрбие алғандарым
Енді міне ер жетіп бәрің бірге
Достарыңмен мектепке барғандарың.

Балаларым, балапан, балғындарым,
Кілең беске оқыңдар жарқындарым.
Күлерсіңдер әрқашан шаттаныңдар,
Барлығыңда болашаққа аттаныңдар.

Аттаныңдар жұптарың жазылмасын
Ешқандайда қиындық жолықпасын.
Жүргізуші: Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл ойларың,
Қуанышты бүгінгі
Құтты болсын тойларың.

Қымбатты ата — аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар, бүгін біздің бірінше жыл мәпелеп, күтіп, тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын! Кәнекей, кішкентай түлектерімізді тағы да қошеметтеп бір қол соғып қоялық.

Жүргізуші:
Мерекеде сызылтып ән салады,
Ән айтып би де билеп жан салады.
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда,
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.

Ән: «»
Жүргізуші: Алдындағы балалар,
Мектепке кетіп барады.
Тақпақ айтып бір-бірден,
Қимай кетіп барады — дей отырып ортаға балаларымызды өз тақпақ өлеңдерін айтуға шақырамыз.

:
Балабақша, балабақша
Шаңырағы шаттықтың
Балабақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін

:
Ботақаным бөбек деп
Еркелеткен ұл қызын
Анамызды ерекше
Қуантатын күн бүгін
Өсті міне бойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз.

:
Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың
Ер жетті деп бөбегің
Туған Отан қуансын

:
Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біріншіге барамыз

:
Балабақша базарлы үй
Көшедегі ажарлы үй
Шаттығы бар шуақта
Өз үйіміз сияқты

Ортаға музыка әуенімен «Білім Ханзадасы» келеді.
Білім Ханзадасы: Балалар сәлеметсіңдер ме, мен сендерге ақ жол тілегім келіп сендердің мерекелеріңе құтты болсын деп айтқалы келдім. Сендердің барлықтарыңда ақылды, саналы білімдісіңдер. Мен сендерді өз әлеміме шақырамын, менің достарым боласыңдар, бізді алда көп биік асулар күтіп тұр келісесіңдер ме?

Білім Ханзадасы: Апай, мен балалармен ойын ойнап көрейінші балалар мектепке дайын ба?!

Ойын: «Кім жылдам сөз айтады?»
Шарты: Ортаға әр түрлі әріптер тасталады, балалар музыка тоқтағанда әріптердің үстіне тұра қалады, сол әріпке сөз айтады.

Жүргізуші: Ал, қалай екен біздің балалар? Олай болса менде ойынды жалғастырғым келіп тұр «Ия,ия» «Жоқ,жоқ» ойынын ойнайық.
1. Мектепке біз барамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба?
3. Айтқан тілді аламыз ба?
4. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
5. Ақылды бала боламыз ба?
6. Ертеңгісін тұрамыз ба?
7. Сабақта отырып ұйықтамаймыз ба?
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9. Екі алғанда жылаймыз ба?
10. Оқушы біз боламыз ба?

Жүргізуші: Олай болса ата аналарменде «Ия,ия» «Жоқ,жоқ» ойынын ойнайық.

1. Балаңызға әрқашан тірек сіз ба?
2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз ба?
3. Тамағын уақытылы бересіз бе?
4. Сериал көріп жатасыз ба?
5. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
6. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8. Сен оқыт, мен оқыт, шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?
10. Бала үшін асулардан асасыз ба?


Жүргізуші: -Балалар бізмектепке не үшін барамыз?

Дильназ: -оқып білім алу үшін
Айым: -еліме еңбек ету үшін
Жанель: Білімді азамат болу үшін
Елжан: Ер жетіп Отанымды қорғау үшін

Жүргізуші: Талаптарыңа нұр жаусын! Өте жақсы балалар екенсіңдер, біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында «Білім беруді балабақшадан бастау керек» деп атап кеткен болатын, әрине осы сөз текке айтылмаған, мінекей Елбасымыздың қолдауымен жасаған «Балапан» бағдарламасы арқасында сендер мектеп табалдырығын нық аттап бара жатырсыңдар.

Білім Ханзадасы: Біздің балалар қандай ақылды, өнерлі екенің. Балалар, мен тағыда сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын: «Тез тұратын сандар»
Шарты: Балаларға бірден10-ға дейінгі сандар беріледі, музыка тоқтағанда бір қатарға тез тұру керек.

Білім Ханзадасы: Менде үйге барып мектепке дайындалайын. Балалар күзде мектепте кездесейік.

Жүргізуші: Білім Ханзадасы, саған көп рахмет. Біздің де балалардың саған дайындаған бір өнерлері бар, кәне сенде отырып тамашала.
(Сол жерде орындықта отырады соңына дейін)

Бала…………: Өздеріңді ұмытпай,
Есімізге аламыз.
Ұмытпас деп ұясын,
«Қуыршақ» биін сыйлаймыз

Би: «Қуыршақ» биі, «Қызғалдақ» тобы


Жүргізуші: Біздің ел қорғайтын нағыз қаһарман ұлдарымыз мен нәзік қыздарымыз «Жалқаубек» биін билейді. Тамашалаңыздар.

Би: «Жалқаубек».

Ән: «»

Жүргізуші: Рахмет көп-көп
Балаларымыз көңілді
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп
Би билейік тамаша
Кешімізді одан әрі жалғасын биге берейік

Би: «Қуыршақ» биі (қыздар билейді)


Бала………………:Бірге ойнап, бірге жүрген,
Күндерімді қимаймыз.
Естелік болсын біздерден,
«Гүлдер» биін сыйлаймыз.

Би: «Флешмоб»


Жүргізуші: Қысылып еш саспаңдар,
Қызықты ойын бастаңдар.
Аналардың көңілін,
Бір көтеріп тастаңдар.

Жүргізуші:
Ата аналардың жарысы
Дәл осылай басталсын.
Ойын ойнап бір сәтке,
Жастық шағын еске алсын.

Енді ата аналармен бірге ойын ойнайық.

Ойын шарты:

Жүргізуші: Ендігі тамашалайтындарыңыз «Бипыл» биі

Би: «Бипыл»

Ән: «».
Жүргізуші:
Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біріншіге барамыз
деп енді балаларымыз балабақшадағы апайларына өз ризашылықтарын білдірмек.

Фатима: Гүлдендірген бақшаны
Меңгеруші апай жақсы адам
Сондықтанда да біз үшін
Артықсыз сіз басқадан
Айгерім Рахымқызына мың алғыс!

Наргиза: Бақшамыздың тірегі

Ұлы – қызы сүйеді

Қарсы алады келгенде

Жылы жүзбен күледі

Әдіскер Гүлбаршын апайға мың алғыс!

Фатима: Есеп-қисап жүргізетін

Бақшаға кіріс кіргізетін

Айнаш атты апайға

Біз айтамыз мың алғыс!


Айым: Тәрбие берген ұямыз

Тәртіпті баламыз

Қоштасып психолог апаймен

Мектепке біз барамыз

Сания апай сізге де

Балалардан мың алғыс!

Айсұлтан: Денсаулыққа болаттай,
Ауруларды жолатпай.
Күнде болған әбдігер,
Қамқоршымыз дәрігер
Дәрігер апайға мың рахмет!

Дильназ: Үйренгенбіз өнер біз
Шетімізден шеберміз
Бал татыған әндерді
Мың бұрылған билерді
Үйреткен Сильвия апайға мың алғыс!



Жанель: Жайдары жүз, ай қабақ
Жүреді бізді аймалап
Тобымызға жиі кеп

Ағылшын, орыс тілдерін үйрететін

Кенжегүл апай мен Хамида апайларға мың алғыс!
Жандарбек: Ақыл айтып тұратын

Ылғи бізбен жүретін

Ойната да білетін

Данияр ағайға мың алғыс!

Елжан: Жазу жазып үйреткен
Әріптерді оқытқан
Санамақты жаттатып
Санауды бізге үйреткен
Жақсы болсақ қуанған
Қате болсақ кешірген
Сарқыт апай мен Шынар апайларға
Айтамыз біз мың алғыс!

Расул: Бізді баптап қараған
Күлімдеген жақсы адам
Ақ төсекке жатқызған
Басымыздан сипаған
Бақыт апай мен Набияш апайларға мың рахмет!

Омар: Тәтті тағам пісірген
Айран, сүтін ішкізген
Люба, Бота апайлар
Сіздерге де мың алғыс!

Кәусар: Бізде мұнда әрдайым

Бәрі-бәрі дап-дайын

Қамымызды ойлаған

Айгүл апай мен Әсел апайға мың алғыс!

Наргиза: Төсек орным тап-таза

Аппақ жуған сүлгісі

Бақыт апай мен Алмагүл апайларға

Сіздерге де мың алғыс!

Аяулым: Бақшамызды күзеткен

Жоқ заттарын түзеткен

Күзетші біздің ағайларға

Балалардан мың алғыс!

Әділжан: Түрлі білім үйреткен

Әлпештеп бізді баптаған

Ардақтап бізді мақтаған

Тәрбиешілеріміз Айнагүл Мұратқызы мен Альбина Қадымуллақызына

Айтамыз біз мың алғыс!

Жүргізуші: Ендігі кезекті әнге берейік. «» әні

Ән: «».

Жүргізуші: Бүгін қызық, бүгін той,
Біздер үшін біліп қой.
Ән де салып, би билеп,
Жалғастырсын ойды ой,
- деп келесі кезекті әдемі бір биге берсек.
Би: «Қоштасу Вальсі» (қыздар мен ұлдар)



Жүргізуші: Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!
Дендеріңіз сау аман есен мықты болсын!
Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын!
Біріншіге баратын қадамдарың құтты болсын!
Жүргізуші: Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын,
Балабақша есігі әрқашан ашық болсын.
Даярлыққа баратын бүлдіршіндерді

Балабақша директоры құттықтасын. -дей келе «Балбұлақ» бөбекжайының директоры Аменова Айгерім Рахымқызына бүлдіршіндерімізді құттықтау үшін сөз кезегін береміз.

(грамота балаларға, ата аналарға, медаль тарту етіледі)

Жүргізуші: Бір ата, бір ананың тірегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз,
Бірлік барда, тірлік бар деген бабам.
Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз! -дей отырып
құттықтау сөзді ата аналарға береміз.

Әділжан: Үлкен сенім жүктеп алып,
Мектепке кетіп барамыз.
Тәрбиешім, өзіңмен,
Қоштасу әнін саламыз.

Ән: «».

Шар ұшыру рәсімі.

Жүргізуші: Қош, балалар, сәт сапар,
Үлгілі бәрің болыңдар.
Жақсы оқып әрқашан,
Тек – «5-тікті» алыңдар — дей отырып, бүгінгі «Қош бол, балабақша» атты ертеңгілік кешімізді жабық деп жариялаймыз.

Shape1 Shape2


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
695
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі