жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ертеңгілік. "Қош келдің Алтын күз!"
Жүргізуші:
Сары жібек көйлегін желбіретіп,
Жапырағын ағаштың селдіретіп.
Тойға бөлеп елім күзім келді,
Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.
Құрметті қонақтар, күз мезгіліне арналған той-думанға қош келіңіздер! Мереке құтты болсын. Күздің бізге берер сыйы берекелі де, мерекелі болсын.
/музыкамен балалар кіріп, жарты шеңберге тұрады./
Жүргізуші:Думан толы асқарлы,
Күз мезгілі басталды.
Жырға бөлеп көңілді.
Күз әуені басталды.
Ән: «Алтын күз» /кызыл-сары жапырақтар/ /балалар орындарына отырады/
Жүргізуші:
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгіліндегі ауа-райын сипаттап беріңдерші.
- Табиғат өзгерістерін атап беріңдерші?
Балалардың жауабы:
Дұрыс айтасыңдар балалар, қазір жылдың күз мезгілі, жапырақтар сарғайып, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, ауа- рай өзгеріп, жауын-шашын болады. Сонымен қатар күздің бізге берер өнімі де көп, жемістер мен көкөністерді жинап, егінді де орып қамбаға тасимыз.
Жүргізуші: Балалар күзде Күз ханшайымы келу керек еді, қайда жүр екен? Неге келмей жатыр? Ауа-райы қолайсыз болдыма екен жолда адасып кетпеді ме?
Осы кезде күн күркіреп жауынның дауысы естіледі, балалар жел биіне шығады.
ТАҚПАҚ КЕРЕК
Азамат, Абылайхан, Кемел ,Абылай ,Жарас, Диас ,Іңкәр
Би: «Жел» / ұлдар орындарына отырады/
Музыкамен Жауын келеді залды айналып жүреді.
Жүргізуші:
Тоқтаңыз! Тоқтаңыз! Сіздің бұл не қылығыңыз? Жел тұрып жауын жауса біз өнімдерімізді, астығымызды қалай жинамақпыз?! Сіз ақылға келіңіз.
Жаңбыр жаумай тоқтай тұр,
Дабылыңды соқпай тұр.
Саяғыңды түгендеп,
Үйіріңді соқпай тұр!
Жауын:
Жо, жоқ, мен қазір жаумасам қашан жауамын? Күз айы менің нақ осы жауатын мезгілім, сондықтан мен жауа беремін. Ал, сендер егін жинайсыңдар ма, көкөністер мен жемістер жинайсыңдарма жоқ па онда менің шаруам жоқ! Ух мен нөсерлетіп жауамын – деп жауын әрі айналып жауа береді.
Жүргізуші:
Балалар, енді қайттік? Енді не істейміз? Жауынды тек Күз ханшайымы ғана тоқтата алады. Ендеше бәріміз Күз ханшайымын шақырайық.
Тілегіміз аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекелі
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз ырыс, береке ала келді
Ән: «Алтын күз»
/балалар орындарына отырады/
Музыкамен Күз ханшайымы келеді.
Күз ханшайымы:
Уа, халайық, дархан далам армысың,
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
Күз ханшайымы:
Мына нөсерлі жауын не істеп жүр мына жерде?
Жауын:
Мен де қонаққа келдім.
Жүргізуші: Хош келіпсіз, Күз ханшайымы! Біз сізді асыға күттік? Бізге жауын жемістерді де егінді де жинауға кедергі жасап жатыр.
Күз ханшайымы: Ай,ай,ай мен сенің осылай жасайтыныңды біліп едім.
Жүргізуші:
Күз хайымына арнаған әсем әндерімізді айтып берейікші. Мүмкін Жауын райынан қайтар. Көңілі көтеріліп, жауынын жаудырмас.
Алтынай
Күз келді алақай,
Алтын келді далаға,
Думан толы асқарлы,
Күз мезгілі басталды.
Арслан
Қуандырып біздерді,
Мерекеге күз келді.
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз
Абылай
Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге
Қызық көп күзде
Даниал
Беркесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шықырады біздерді
Азамат
Астық толы қамбамыз.
Көбейді құт береке,
Алтын күзді тойлаймыз
Құтты болсын мереке,
Күз ханшайымы Міне Жауын көрдіңбе Күз мерекесі, молшылықтың, әсемділіктің, байлықтың, қуаныш пен шаттықтың белгісі дегенді түсінген шығарсың.
Жауын: Ия оны түсіндім, алайда ауа- райының ашық , жарық болсын десеңдер, балалар менің тапсырмаларымды орындасын. Ия, ия мен әйтпесе ууух, ууух жауа беремін.
Күз ханшайымы: Балалар Жауынның тапсырмаларын орындаймыз ба?
Балалар: Ия орындаймыз
Жауын: Ал кәне онда менің берген тапсырмаларымды орындаңдар.
1-тапсырма: Күз айларын атаңдар? /Қыркүйек, Қазан,Қараша/
Жүргізуші: Олай болса күз айларын ортаға шақырайық. Аслан, Сүндет, Даниал
/ортаға шығып тақпақтарын айтады./
Қыркүйек: Арслан
Бірінші қаркүйек,
Қоңырау соғылды.
Күміс күй төгілді,
Білімге талпынған, балалар жиылды.
Қазан: Сүндет
Қазан айы болыпты,
Қамбаға астық толыпты.
Қараша: Даниал
Қараша айы жасай бер,
Бар өмірдің белесі.
Адамзатқа бақ берген,
Он екі айдың төресі.
2-тапсырма:
Жауын: Өнерлі қыздарымыз бар ма? Ал кәнекей ортаға түрайық
Жүргізуші: Әрина бар кәне менің өнерлі қыздарым қайда?
Жауын: Олай болса өнерлерін көрсетсін.
Жүргізуші:
Мың бұралып, би билеп,
Ән салып, жыр жырлайық.
Қолшатырмен айналып,
Әсем биді бастайық
Би: «Қолшатыр»
/қыздар билеп жүргенде Жауын жапырақтарды жерге шашып тастайды/
Күз ханшайымы:
Жауын қарашы сен нөсеріңді жаудырып менің әсем жапырақтарымның барлығын шашып тастадың.
Жауын:
Күз ханшайымы мен бұл жапырақтарды шашқан себебім балалардың сенің жапырақтарыңмен би-билеп осы олардың қаншалықты әсем екендігін көргім келеді.
Ән салыңдар күліңдер,
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық,
Жапырақтармен би билейік
Би: «Жапырақпен» /барлығы билейді қатармен/
Жүргізуші:
Жауын қарашы біздің балалар жапырақтармен әсем би-билеп берді. Олар балалармен бірге көңіл көтерді. Енді осы жапырақтарды Алтын күздің өзіне жинап берейік. Біздің балалардың қаншалықты шапшаң екенін көріңіз.
Ойын: балалар екі топқа бөлінеді. Олардың 1-тобы жасыл, 2-тобы сары жапырақты жинайды. Алтын күзге жинап береді.
Жауын: Балалар жарайсыңдар, сендер барлық тапсырмаларымды орындадыңдар, өнерлеріңді де көрсеттіңдер, шапшаңдықтарыңды да тексердім, енді мен кетейін сендер астық толы қамбаларыңды, егістіктеріңді жинап алыңдар.
Сау болыңдар /жауын кетеді/
Жетті желмен Алтын күз,
Астық жинау салтымыз.
Жиып-теріп болған соң,
Жар салады Сабан той деп халқымыз
Ән: «Сабантой»
/балалар ән айтып бітеді орындарына отырады, бір бала ғана отырмай тұрып қалады да, әлсіреп құлайды/
Даниал:
Тоқтандар, тоқтаңдар!
Бойымнан әл құрып
Көздерім бұлдырап
Басым айналып барады!
бала: Азамат
Енді, енді не істейміз?!
Даниал балаға қалай көмектесеміз. ?
Жарас:
Сабыр сақта, саспайық,
Дәрігер шақырайық!
бала: Даниал
Жоқ-жоқ! Дәрігер керек емес!
Қазір өзім тұрамын тез!
Шыңғыс
Онда дәрі ішіп ал,
Менде міне, көп дәрі бар!
5-: Алтынай
Ауырмау үшін суық суға шомылу керек
Бұл- дәлелденген рецепт!
бала: Даниал
Ах! Ах ух тоңдым
Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер! («Жедел жәрдем» машинасының дыбысы естіледі. Дәрігер киімін киген бала келеді. )
Дәрігер: Мені неге шақырдындар;
Қандай шағым, арыздар бар?
Бәрі бірге:
Бізге дәрігерлік көмек керек!
Дәрігер:
Неден ауырғанын ұғайын....(фонендоскоппен кеудесін тыңдайды)
А-а-а- деп қане, аузыңды ашшы....(Тексереді)
Тістерің орнында, тамағың іспеген
Қол- аяғың әлсізденген
Қызуың ыссы екен.
Білдім, неден ауырғаныңды...!
Жеткілікті мөлшерде ағзаңа
Дәрумендер жетіспеген!
бала: Даниал
Енді не істеймін? Қалай жазыламын?
Дәрігер:
Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс
Көп-көп көкніс, жемістер жеуге тырыс!
5-бала: Азамат
Қазір күз мезгілі түсті ғой!
Қоймаға қонырау шалайық.
Күз өнімдерін осында алдырайық!
7-бала: Арслан
Дұрыс айтасыңдар! (Қалта телефонымен қоңырау шалады)
- Алло, алло! Қойма ма?
Бізге жемістер мен көкөністер керек
Машинаға тиеп жіберіңіз
Мүмкін болса тезірек!
( Машинаның дыбысы естіліп, руль ұстаған жүргізуші бала жемістер мен көкөністерді «тиеп» алап келеді)
Картоп: Кемел
Мен картоппын, картопын
Бір қарасаң- доппын?!
Немен жесең де жағам
Мені қоссаң тәтті болар тағам!
Қияр: Абылайхан
Мен қиярмын, қиярмын
Жасыл түсті боламын.
Дәруменім мол менің
Адамдарға сыйлаймын.
Асқабақ : Бейбарыс
Таңданады бәрі
Асқабақпын дәмді
Кептірілген дәні
Таптырмайтын дәрі!
Қызанақ: Сүндет
Менің атым-қызанақ
Тұзды сеуіп молырақ
Банкілерге салыңыз
Қауын: Злата
Мен қарбызбын, қарбызбын,
Күннің көзін сүйемін.
Ауырса бауыр, бүйрегің,
Көмегімді беремін
Алма: Диас
Мен- алмамын, алмамын
Таңдандырар бал дәмім.
Пісіп толдым, мінекей!
Баптап ерек бағбаным
Шие: Алтынай
Мен шиемін. Шиемін
Күннің көзін сүйемін
Қажеттімін адамға
Оны жақсы білемін!
Жүзім: Жарас
Мені бәрі жүзім дейді
Бір- бірлеп дәмдеп үзіп жейді
Қызықтырам көркіммен
Қатар- қатар тізілген
Өрік: Шыңғыс
Мен- өрікпін, өрікпін
Дәміммен тәтті еліттім
Сүйіктімін сәбилерге
Айтпасам да болып тым
Жүргізуші: Балалар енді ата-аналарға да кезек берсек, олармен бір ойын ойнап жіберсек.
Еркін күліп ойнаймыз,
Егінді біз жинаймыз.
Бәріміз бірге,
Алтын күзді тойлаймыз.
Ойын:« Егін жинаймыз»
Егіннің егу кезеңі мен жинау кезеңін көрсетсек. Көктемде жер жырту, қопсыту, қазу, дән себу, су құю, ору, жинау, машинаға тиеу. 6-ата ана үштен
Тәрбиеші: Міне балалар ата-аналарың сендерге астық жинауға көмектесті. Енді сендер бұл еңбекті бағалап, тамаша бір билеп берсеңдер.
Би: «Қырманға кел қалқатай»
Күз ханшайымы: Балалар барлығың өнерлі екенсіңдер, керемет. Менің де сендерге әкелген сыйлығым бар, қабыл алыңдар!
Ортаға аттап басайын,
Себеттің аузын ашайын.
Мерекеде бүгінгі,
Менде шашу шашайын. /Күз ханшайымы кетеді/
Тәрбиеші:
О алақай балалар,
Алтын, сары күз келді.
Бақшадағы өнімді,
Жинайтын да кез келді
Ән: «Күз тамаша» /
Қолдарына жапырақтар ұстап би билейді, соңында лақтырады./
Жүргізуші: Құрметті ата- аналар! Бүгінгі «Алтын күз» мерекесі осымен аяқталды. Көңіл бөлгендеріңізге рахмет, келесі кездескенше сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген