400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік "Қош келдің, Алтын күз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ересек тобына арналған сценарий. Балаларды күз әлемімен тансыстыру. Ойын, би, ән арқылы балалардың көңілілдерін көтеру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

2021-2022 оқу жылы


ЕРТЕҢГІЛІК

«Қош келдің, Алтын күз!»

(ересек топ)



Тәрбиеші: Қош келдіңіздер құрметті қонақтар!

Армысыздар қадірлі әріптестер!

Бармысыздар жас достар!


Мұнда назар салайық

Мерекесі халықтың

Алтын күзге арналған

Іс-шарамызды бастайық

 

  • Балалар мен сендерге жұмбак жасырғым келіп тұр , сендер бұл  жұмбақтың шешуін тапсаңдар біздің көптен күткен қонағымыз келеді.  Ендеше сендер дайынсыңдар ма?


1.Ағайынды бәрі,
Шықса жасыл
Түссе - сары. Бұл не? (Жапырақ)

2.Бұтақта ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым.(Жеміс)

3. Ашулы қонақ бұл анық,

Тонып шешсе жыладық. (Пияз)

4.Сырты қатты,

Іші тәтті. (Қарбыз)

5. Өсірдім ұлпа қар,

Шешуінкімтабар. (Мақта)

  • Күз айларын атаңдаршы?

Қыркүйек, қазан, қараша


  • Күз ерекшеліктерін?

Ойын: «Көкөніс-жеміс» (тәрбиеші жемісті атағанда балалар қолдарын көтереді, көкөніс атағанда қолдарын түсіреді)

Хор Ән «»


Әуен ойналады







Алтын күз кіреді: Сәлем менің достарым,
                               Өмірге көп қосқаным,
                               Күз сыйлығын алыңдар
                               Сыйлығына қаныңдар.
                               Молшылыққа кенеліп,
                              Шаттық әнге салыңдар.


Тәрбиеші: Қарсы алайық бәріміз,
                          Жасымыз бен кәріміз.
                           Қырдан кепті қыдырып,
                          Алтын күз бізге нұр төгіп.

Тақпақтар


Қайың терек басынан

Сарғыш тартып жапырақ

Жерге түсіп шашылған

Жапырақтар қобырап

Аулаларға тарайды


Қарашы күз келді, күз келді

Жапырақ жауып іздерді

Құс біткен керуен тізеді

Қара бұлт қабағын түйеді


Думан толы асқарлы

Күз мезгілі басталды

Күз әуені кеп жетті

Әнге бөлеп жастарды


Жел танымсыз гуілдеп

Болып кетті тым бұзық

Шуылдайды тал терек

Жапырағын жұлғызып


Талымды келісті

Тойлады жемісті

Береке салты күз

Мереке-Алтын күз


Көктен көзін бір алмай

Қызғылт тартты кәрі құз

Жер қызығын қия алмай

Маужырап тұр сары күз


Сап - сарымаңай,
Сап – сарытоғай.
Соңғыәнінайтып.
Құскеттіқайтып.


Нұрға бөлеп өмірді

Жырға бөлеп көңілді

Жарқырығын сәулелі

Күз әуені төгілді


Би қыздар «Тамшылыр»


Тәрбиеші:


Балдырғандар бүгінгі
Еркелігін тастайды
Күз туралы сіздерге
Тақпақтарын бастайды – деп өлең шумактарына кезек береміз.


Алтын сары, қызыл, көк.
Алуан - алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

Соңғы шуақ төгіліп,

Салқынданып тұр аймақ,

Ақ сәулеге шомылып,

жапырақтар жүр ойнап. 


Жеміс жидек пісті

Қамбаға астық түсті

Қызу жұмыс басталып

Жинап алды жан салып


Ән салыңдар, күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер

Күздің тойын тойлайық

Би билейік ойнайық


Ойын «Қияр - қызанақ»


Ұлдар биі «Жеміс-көкөністер»


Ән Хор «Күз тамаша»










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
08.11.2021
783
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі