«Приозерск қаласы
«Балақай»бөбекжайы» КМҚК
«Қош келдің Алтын
күз»
Ертеңгілік.
Тәрбиешілер: Исиркова
Г.И.
Досмуратова
Ж.У.
2017ж
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз
өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік
көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс -
әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой -
қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым –
қатынас қалыптастыру.
Музыка ойнап,
әсем безендірілген залға балалар келіп
кіреді.
Жүргізуші: Армысыздар ұстаздар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар!
«Қош келдің, алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош
келдіңіздер!
Жүргізуші: Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп
тұр.
«Көк майсалы көрікті,
алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - Бұл не, балалар?
(Күз мезгілі)
(ендеше, күз мезгіліне арнаған
өлең шумақтарымызды
тыңдайық)
1.Бексұлтан:
Қуаныштың
ағайын
Қоңырауын
қағайын
Қуандырып
біздерді
Өлкемізге күз
келді!
2. Мансур:
Айнала сары
ала
Қырманға дән
тола
Жемістер
пісіпті
Қоймаға
түсіпті!
3.Айжан:
Ендеше не
тұрыс
Болмасын жан
қалыс
Тойлайық,
күлейік
Қуанып
билейік!
Би:
«Алтын
күз»
(Музыка жетекшісінің шешімімен жалпы би
қойылады. Барлық балалар шығып көңілді би билейді. Би аяқтала
бергенде бір бала әлсірей
құлайды)
Айжан: Тоқтаңдар, тоқтаңдар!
Бойымнан әл құрып
Көздерім бұлдырап
Басым айналып барады!
Бекарыс: Енді, енді не етеміз?!
Данаға қалай
көмектесеміз?
Мейіржан: Сабыр сақта, саспайық
Дәрігер шақырайық!
Айжан: Жо - жоқ! Дәрігер керек емес!
Қазір өзім тұрамын тез!
Бекарыс: Онда дәрі ішіп ал,
Менде міне, көп дәрі
бар!
Мейіржан: Ауырмау үшін суық суға шомылу керек
Бұл - дәлелденген
рецепт!
Айжан: Ах!
Бәрі
бірге: Дәрігер, дәрігер!
("Жедел жәрдем" машинасының дыбысы естіледі. Дәрігер киімін киген
бала келеді)
Бексұлтан: Мені неге шақырдыңдар,
Қандай шағым, арыздар
бар?
Бәрі
бірге: Данаға дәрігерлік
көмек керек!
Бексұлтан: Қазір қарап шығайын,
Неден ауырғанын ұғайын... (Фонендоскоппен кеудесін
тыңдайды)
Бексұлтан: - А - а - а - деп
қане, аузыңды ашшы...... (Тексереді)
Тістерің орнында, тамағың іспеген
Қол - аяғың әлсізденген
Қызуың ыстық екен
Білдім, неден ауырғаныңды...!
Жеткілікті мөлшерде ағзаңа
Дәрумендер жетіспеген!
Айжан: Енді не
істеймін?
Бексұлтан: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс,
Көп - көп көкөніс, жемістер жеуге
тырыс!..
Айжан: Қазір күз мезгілі түсті
ғой,
Жемістер де, көкөністер де пісті
ғой!
Қоймаға қоңырау
шалайық
Күз өнімдерін осында
алдырайық!
Бексұлтан:
Дұрыс айтасың! (Қалта телефонымен қоңырау
шалады)
- Алло, алло! Қойма
ма?
Бізге жемістер мен көкөністер
керек
Машинаға тиеп
жіберіңіз
Мүмкін болса
тезірек!
(Машинаның дыбысы естіліп, руль ұстаған
жүргізуші бала жемістер мен көкөністерді «тиеп» алып
келеді.)
Тамирлан :
Мен - алмамын,
алмамын
Таңдандырар бал
дәмім
Пісіп толдым,
мінекей!
Баптап ерек
бағбаным
Ибригим:
Мен - өрікпін,
өрікпін
Дәміммен тәтті
еліттім
Сүйіктімін
сәбилерге
Айтпасам да бөліп
тым
Жүзім:
Мені бәрі жүзім
дер
Бір - бірлеп дәмдеп үзіп
жер
Қызықтырам
көркіммен
Қатар - қатар
тізілген
Асылхан:
Мен шиемін,
шиемін
Күннің көзін
сүйемін
Қажеттімін
адамға
Оны жақсы
білемін!
Жанболат:
Мен қиярмын,
сәндімін
Салаттардың
сәнімін
Дәруменім мол
менің
Жегенге қуат
сыйлаймын!
Ерасыл:
Таңдандырар
бәрін
Асқабақпын
дәмді
Кептірілген
дәнім
Таптырмайтын
дәрі!
Мерей:
Мен картоппын,
картоппын
Бір қарасаң -
доппын?!
Немен жесең де
жағам
Мені қоссаң тәтті болар
тағам!
Аружан:
Менің атым -
қызанақ
Тұзды сеуіп
молырақ
Банкілерге
салыңыз
Аузын мықтап
жабыңыз
Тағамға дәм
қосамын
Қыста тәбет
ашамын
Ән «Күз
жомарт»
Ғажайып
сәт: Музыка ырғағымен күз ханшайымы
кіреді.
Күз
ханшайымы: Сәлеметсіңдерме балалар!Мені таныдыңдарма?
Мен күз ханшайымын.
Тәрбиеші:Сәлеметсіз бе күз ханшайымы.Біз «Алтын
күз»мерекесін тойлап жатырмыз,мерекеге келгеніңіз қандай жақсы
болды.
Күз
ханшайымы:Сәлем менің достарым,
Өмірге көп
қосқаным,
Күз сыйлығын
алыңдар
Сыйлығына
қаныңдар.
Молшылыққа
кенеліп,
Шаттық әнге
салыңдар.
Күз
ханшайымы: Рахмет, менің
достарым! Ал, мен сендерге жұмбақ ала
келдім.
1.Бұтақта ілініп
тұрамын,
Піскенде себетке
құладым.(Жеміс)
2. Ашулы қонақ бұл
анық,
Тонып шешсе
жыладық. (Пияз)
3. Өсірер тың
дала,
Көшірер қамбаға.
Айналар ұңға да
Айналар нанға да.(Бидай)
4. Сырты
қатты,
Іші тәтті. (Қарбыз)
5. Өсірдім ұлпа
қар,
Шешуін кім табар. (Мақта)
Жүргізуші: Күз
ханшайымы, біздің балалар, егін және күз жайлы мақал- мәтелдер
біледі.
Мақсат: Екпей егін
шықпас,
Үйренбей білім
жұқпас.
Бақдәулет: Жердің сәні
егін,
Ердің сәні
білім
Диас:
Егіндікті күз
суар.
Күз суарсаң, жүз
суар
Заңғар:
Арпа, бидай ас
екен
Алтын күміс тас
екен
Батырхан: Не ексен
соны орасың
Бекарыс: Жері байдың – елі
бай.
Жүргізуші:Сұлу қыздарымыздың биін
тамашалайық.
Би: «Күзгі
жапырақтар»
Күз
ханшайымы: Балалар! Бақшада жемістер де, көкөністер де пісіп жатыр
Бірақ кім, оларды жинап алады, мен білмеймін! Мүмкін сендер
көмектесіп жібересіңдер?
Жүргізуші: Әрине біздің балалар, көмектесіп, көкөністермен жемістерді
жинап береді.
ОЙЫН «Жемістер мен
көкеністер»
Залға 4 шеңбер қойылады (олар
үлкен себет болады) 4 баланың басына- Алмұрт, сәбіз, Кортоп алма
маскаларын кигізеді. Барлық балалар 4 командаға
бөлінеді.
1
–Алмұрт
2 –
Сәбіз
3 –
Кортоп
4 –
Алма
(Музыкамен барлығы билейді,
тоқтап қалғанда, әр команда өз шеңберіне барып тұрады. Кейін ойын
қайталанады.)
Күз
ханшайымы: --- Бәрекелді,
керемет!
Жүргізуші: Күз ханшайымы саған көп рахмет. Біз бақшада қандай өзгерістер бар екенін
білдік. Ендеше, біздің Айжан қызымыздың әнін
тамашалайық.
Ән: «Жақсы көрем
атамды»
Жүргізуші:
Жыл мезгілімізге арнаған
өлең шумақтарын тыңдайық.
Бексұлтан: (Қыркүйек)
Бірінші
қыркүйек
Білімге
бастады.
Мал
мен аң жүр билеп,
Құс шарлап
аспанды.
Мансур: (Қазан)
Жаңартқан
ғаламды
Жаңбырлы ғажап
ай
Осынау
заманды
Орнатқан қазан
ай.
Аяжан:(Қараша)
Мол байлық
тергені
шаттығы
қаншалық.
Қарашы,
өрледі
Қараша ән
салып.
(Музыка қосылып, ортаға Жаңбыр
келеді)
Жүргізуші: Сәлеметсізбе Жаңбыр!
Жаңбыр
: Сәлеметсіңдер ме
балалар! Қандай әдемі, болып кеткенсіңдер, түрлі түсті киімдер киіп
алыпсыңдарғой. Балалар жаңбыр жауған кезде далаға сендер қолдарыңа
не ұстап, шығасыңдар?
Балалар:
Қолшатыр.
Жаңбыр: Дұрыс. Мен сендер мен
бірге ойын ойнағым келіп
тұр.
Жүргізуші: Жаңбыр сен жаңбырынды жауып тұр, біздің балалар көңілді
әуенмен би билеп, сенімен ойын
ойнасын.
ОЙЫН:
«Қолшатыр»
Жүргізуші: Теңіздей тербетіле көл
бетіне,
Бишілер билеп кетті
тербетіле.
Аққудай қалықтаған
теңіздегі,
Бишілеріміз өнерлерін
көрсетуде.
Ұлдарымыздың биін
тамашалаңыздар.
Би: «Саңырау
құлақтар»
Күз
ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша
бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін,
келесі кездескенше сау
болыңдар!
Жүргізуші: Енді кезекте жігіттеріміздің биін қабыл
алыңыздар.
Би: «Керемет жігіттер»
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Қош келдің,
алтын күз» атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі,
астықты болсын демекпіз. Сау болыңыздар қонақтар, келгенше жыл
айналып.