400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік: «Қош келдің, Жаңа жыл!»

Материал туралы қысқаша түсінік
менің әріптесіме қажет санатқа оту үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қош келдің, Жаңа жыл!»

Мақсаты: Жасыл шырша жанындағы мерекені сиқырлы, ғажайып етіп өткізу.Балалар көңіліне ерекше естелік қалдыру. Ән мен бидің, ойындардың көңілді өтуін ұйымдастыру.

Ақшақар:                 Жаңа Жылдың таңы неткен арайлы,
                                      Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
                                      Жаңа Жылмен құттықтаймын бәріңді,
                                      Бақыт шаттық, молшылық әкелсін,
                                      Бәрімізге шошқа жылы арайлы.

  • Жаңа жылда келіп қалыпты, ал балалар болса әлі жоқ (айналасына қарайды)



Көңілді әуен жүреді. Балалар залға музыкамен кіреді. 

Жүргізуші:                 Бүгін келді жаңарып
«Айгөлек»тобы тағы да
Би-билейді ән салып
Жасыл шырша жанын да
Сәлем бізден баршаға
Құттықтаймыз жар сала
Бүгін бізде Жаңа жыл
Қош келіппіз шыршаға
Жаңа жылда көңілді
Шырқалады әніміз
Ата-аналар сіздерді
Құттықтаймыз бәріміз!
Жүргізуші:
Балалар,мен бір жұмбақ жасырамын шешуін табыңдаршы
Аяз қысып ,өрнек сызып
Терезені торлайды
Қарға омбығып,бет домбығып
Балдырғандар ойнайды
Кейде ұлып,кейде жұлып
Ұйытқып боран соғады
Білсеңіздер айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Қыс мезгілінде.
Жүргізуші:Жарайсыңдар,дұрыс.Ал осы қыс мезгілінде ерекше тойланатын мереке қалай аталады?
Балалар: Жаңа жыл.

Жүргізуші: Балалар, біздер Жаңа жыл мерекесін тойлауға Ақшақарға келдік. Бәріміз Жаңа жыл мерекесін көңілді, қызықты өткізейік.

Жүргізуші: Ендеше «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекемізді әсем әнмен ашайық.


Ән: «Шырша жыры»


Жансая: Жаңа жыл, Жаңа жыл Амина: Ән саламыз, би билеп

Төгілсін жаңа нұр Жырдан шашу төгілді

Сыйлығын сүйретіп Бүгін біздің жаңа жыл

Келді міне Жаңа жыл Қандай қызық көңілді


Әмірхан: Жүзімізде күлкі ойнап Диана: Здраствуй, праздничная елка!

Қанаттанды жанымыз Ждали мы тебя весь год!

Жаңа жылды біз тойлап Мы у елки новогодний

Шаттанамыз бәріміз Водим дружный хоровод!


Айлы: Скоро, скоро Новый год!

Скоро Дед Мороз придет

Он подарки нам разносит

И стихи читать нас просит



Би «Қызыл телпектер» биі


Ақшақар: Қараңдаршы, қандай әдемі біздің шыршамыз. Қанша ойыншықтар, әдемі жарқыраған шамдар ілінген. Бірақ шамдар жанбай тұр ғой деймін. Неге екен? Ол үшін мына сиқырлы сөздерді айтып, шырша шамын жағайық.

Бәріміз бірге: 1,2,3 қуант бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат

( шырша шамы жағылып, балалар алақайлап қуанады)

Жүргізуші: Қанеки, балалар, шыршамызға арнап ән, тақпақ айтып берейікші.

Ән: «В лесу родилась елочка»

Милена: Наша елка высока Ангелина: Засверкай огнями елка

Наша елка велика Нас на праздник позови!

Выше мамы, выше папы Все желания исполни

Достает до потолка Все мечты осуществи!


Тахир: Тамаша, тамаша Айша: Әдемілеп біз ілген

Шыршамыз тұр жараса Ойыншықтары тізілген

Басында әсем жұлдызы Қандай жақсы шыршамыз

Көз тоймайды қараса Ән шырқайық баршамыз


Залға қапшыққа жасырынып Буратино кіреді.

Буратино: Ля,Ля, Ля. Мен Аяз атаның қапшығымын

Шыршаны айналып жүгіреді.

Ақшақар: Тоқта, тоқта! Балалар, бұл не жыбырлаған? Қазір көрейік.

Қапшықты ашқанда ішінен Буратино шығады.

Буратино: Сәлеметсіздер ме, балалар! Танымай қалдыңдар ма? Бұл мен ғой Буратино.

Ақшақар: Бұл не қылғаның, қаптың ішіне неге тығылып жүрсің?

Буратино: Мен Карабас Барабастан және Түлкі бикеш пен Базилио мысығынан қашып мына қапшықтың ішіне тығылып қалдым. Сендердің дауыстарыңды естіп сендерге қарай келдім.

Жүргізуші: Карабас Барабастан және Түлкі бикеш пен Базилио мысығынан неге қашып жүрсің.

Буратино: Олар менің қолымдағы «Алтын кілтті» тартып алмақшы болды. Аяз ата осы «Алтын кілтті» маған табыстап еді, сиқырлы сандықшаның кілті деп. Мен Карабас Барабастан және Түлкі бикеш пен Базилио мысығынан қашамын деп Аяз атадан адасып қалдым. Аяз ата осында болар деп келдім.

Жүргізуші: Буратино, сен бізге келгенің жақсы болды. Сенің достарыңың бәрі осында «Жаңа жыл» мерекесін тойлаудамыз. Сенің достарың саған әдемі биін билеп берсің, сенің көңіліңді бір көтерсің.

Би «Буратинолар мен мальвина» биі

Буратино: Ой, жарайсыңдар, қандай керемет билейсіздер! Мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Ойынның аты «Ұл көппе, әлде қыз көппе» деп аталады.

Шарты: Мен қыздар дегенде «а-а-а» -деп айқайлайды. Мен ұлдар дегенде «у-у-у» деп айқайлайды.

Ақшақар: Аяз Ата қарлы орманда адасып жүрген болар, ендеше дауысымызды қатты-қатты шығарып Аяз Атаны шақырайық. Біздің дауысымызды естіп, бізге келер жолды тез тауып қалар.

Бәрі бірге: Аяз Ата ау-у-у-у (3-4 рет қайталау)

(Залға Аяз Ата кіреді)

Аяз Ата: Амансыңдар ма, ұлдарым?
                 Амансыңдар ма, қыздарым.
                 Қандай жарқын жүздерің,
                 Қандай әсем жырларың.

Асулармен алыстым,

Асау желмен жарыстым.

Тойларыңа асығып,

Өздеріңмен табыстым.

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

-Балалар, мен сендердің әндеріңді жыл бойы аңсап, сағынып қалдым.Кімнің қандай өнерлері бар екен?

Жүргізуші: Аяз Ата, сіз отырып демала тұрыңыз,ал біздің балаларымыз сізге арнап ән, тақпақ, би билеп берсін.

Ән: «Аяз Ата» әні


Адемі: Сақалы аппақ күмістей Айзере: Аппақ тонға оранып

Тістері аппақ күріштей Базарлықты мол алып

Қызыл ала шапаны Келді алыс сапарда

Сағындым аяз атаны Аяз ата оралып


Алихан: Ақ қырауға малынған Алишер: Жаңа жыл, Жаңа жыл

Сақалы да мұрты да Жаңа жылда жаңа жыр

Аяз ата сағынған Жасыл шырша жанында

Сәлем берді жұртына Билеп барлық бала жүр


Ислам: Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле, төрле жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын


Би: «Аяздар» биі


Аяз ата және Ақшармен ойын ойнау

Ойын: «Пойыз»

Шарты: Аяз Ата тобы және Ақшақар тобы болып екіге бөлініп, пойыздың вагондарын құрады. Екі топ болып, шыршаны айналып, жарысып мәреге бірінші келу керек. Қай топ бірінші келеді, сол топ жеңімпаз атанады.


Ертегі елінен қонақтар келеді.


Базилио мысығы мен Түлкі бикеш (тарс-тарс етіп таяғымен кіріп келеді).


Базилио мысығы: Мұнда не болып жатыр?

Түлкі бикеш: Біз қайда келдік?

Жүргізуші: Қош келдіңдер қонақтар! Сіздер «Айгөлек» тобының Жаңа жыл шыршасына келдіңдер!

Базилио мысығы: Сіздер Буратино мен Мальвинаны көрдіңдер ма?

Жүргізуші: Ия, балалардың бәрі осында, келіңдер біздермен бірге «Жаңа жыл» мерекесін бірге қарсы алайық.


Жалпы би: «Жаңа жыл»


(Осы кезде Базилио мысығы мен Түлкі бикеш Буратиноның артынан қалмай, ымдап, ұрлаудың жолын іздеп жүреді).

Буратиноны ұрлау


Аяз Ата: Тоқтатыңдар бұл сұмдықты, Буратиноны қайда алып барасыздар?

Базилио мысығы: Буратинода «Алтын кілт» және көп ақша бар.

Түлкі Бикеш: Бізге көөп ақша мен кілті керек. Соны аламызда, кетеміз.

Аяз Ата: Жаңа жылда мұндай сұмдыққа жол бермеймін, мен сендерді қатырамын.

(Базилио мысығы мен Түлкі бикешті Аяз Ата өзінің сиқырлы таяғымен қатырып тастайды)

Аяз Ата: Балалар, мына екеуіне қандай жаза қолданамыз?

Балалар: Буратинодан кешірім сұрасын. Келесі де оны ренжітпеуге уәде берсін.

Жүргізуші: Базилио мысығы мен Түлкі бикеш ата-аналарымен ойын ойнасын.


Ата-аналарымен ойын

Ойын: «Сәбиді киіндіру»

Шарты: Ойынға екі ана шығып, баланы музыка тоқтағанша тез киіндіру керек. Қай ана бірінші киіндірсе, сол жеңімпаз атанады.


Жүргізуші: Балалар, «Ит» жылын шығарып салып, «Шошқа» жылын қарсы алайық. (Ортаға шошқа жылы келеді).


Жаңа жыл: Құтты болсын, Жаңа жыл

Сәлем бар адамдарға

Аяулы ата-аналарға

Ардақты ұл-қыздарға

Бүлдіршін балаларға

Аспан жерге төгілді

Ақ күмісін уыстап

Шошқа жылы келеді

Сізге қарай жылыстап

Жаңа жылда сіздерге

Зор денсаулық тілеймін

Көңілденсін балалар

Шырқатайық өлеңді


Жүргізуші: Жаңа жылға арнап әсем әніміз бен тақпақтарымызды айтып берейік

Ән: «Кел, кел, Жаңа Жыл» әні


И.Аружан: Ню Е дэй! С.Аружан: Уинтэ, уинтэ, уинтэ дэй Ит из уэнтэ, ит из коулд Уинтэ дэй, уинтэ дэй

Фаз э фрост из в эври олд Санта, Санта, Санта клаус

Кам ин май хаус

Әмір-Темір: Ню Е Дэй! Амира: Ню Е дэй, хэппи дэй

Ню Е Дэй! Уэй а глад энд вэри дэй

Лэт ас синг Уилл олл дэнс энд синг

Энд Лэт ас плэй! Уэлкм, уолкм Ню Е дэй


Айдар: Э хэппи Ню Е фо ми

Э хэппи Ню Е фо ю

Э хэппи Ню Е эвриуан!

Затс уат Ай уит-Ай ду!



Жүргізуші: Жаңа жыл басталғаннан бері мына шырша түбінде сандық тұр. Бұл неғылған сиқырлы сандық?


Аяз Ата: Ой, кәрі басым-ай, ұмытып кетіппін ғой, бұл сандықтың ішінде, балаларға алып қойған сыйлығым бар еді. Ешкім ұрлап алып кетпесін деп ішіне салып, құлыптап қойдым. Осы сандықтың кілтін Буратиноға мұқият тапсырып едім. Буратино саған көп рахмет, сенімді ақтап, кілтті жоғалтпай сақтағаныңа.

  • Кел, Буратино сандықты аш! Балалардың сыйлығын үлестірейік!


( Буратино сандықты ашады, Аяз Ата мен Ақшақар балаларға сыйлықтарды үлестіреді)


Балалар Аяз Ата, Ақшақар және ертегі кейіпкерлер балалармен қоштасады


Жүргізуші: :  Жаңа жыл- әр отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.Келесі жаңа жылда кездескенше аман-сау болайық.
Бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!!!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
227
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі