жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ертеңгілік. "Қош келдің Жаңа жыл"
Қош келдің жаңа жыл!!!
Жүргізуші – Азатқызы Венера
Сайқымазақ – Замира Қайырбекқызы
Қасқыр – Төлеуғайша Жұмабайқызы
Дымбілмес –Нұржігіт
Ескі жыл мен балалар –
Доңыз – Алмагүл Қыдырғалиевна
Аяз Ата – Бақытбек аға
Ақшақар – Айдана Сағидоллақызы
Би: «Ақшақарлар» Ертөстік
Жүргізуші: Қымбатты қонақтар сіздерді келе жатқан Жаңа Жыл мерекесімен құттықтаймыз! Өмірлеріңізге шаттық, дендеріңізге саулық, бақыт тілейміз. Бүгінгі біздің «Келді міне Жаңа Жыл!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтары тізілген.
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз.
Ендеше, әдемі шыршаның қасында ертеңгілігімізді әдемі әнмен бастайық.
Ән: Хор «Jingle Bells» ( шыршаны айналып жүреді)
Орындайтын: 3 топ бірге шығады
Көңілді әуен ойналады Сайқымазақ кіреді.
Сайқымазақ: Енді қайттім? Нестесем болады?
Жүргізуші: Сайқымазақ, неге сонша күйгелектеніп жүрсін?
Сайқымазақ: Балалардың Жаңа жыл мерекекелік кеші басталып та кетті.
Жүргізуші: Сайқымазақ, біз мерекемізге Аяз атаны шақырып едік, кешігіп жатыр біздің хатымызды апарып бердің бе?
Сайқымазақ: Мен болсам мына балалардың жазған хатын Аяз атаға жеткізе алмай әлі жүрмін.
(Осы кезде қасқыр кіріп, Сайқымазақты ұстап алады)
Қасқыр: Сайқымазақты мен сені жібермеймін.
Жүргізуші: Жоқ, қасеке, сайқымазаққа тиіспеңіз, ол аяз атамызға біздің балаларымыздың хатың апармақшы, сіз одан да біздің мерекеге дайындаған өлең, тақпақ, билерімізді тамашалаңыз.
Қасқыр: Жарайды, сендердін дегендерін болсын. (Сайқымазақ осы кезде шығып кетеді)
Сайқымазақ: Олай болса, менің серіктестерім сендердің көңілдерінді көтеріп би билей берсін!!!!!
Сайқымазақ: Онда мен кетейін, уақытты оздырмай балақайлардың аманаттарын жеткізейін. (шығып кетеді)
Би: Сайқымазақтар Орындайтындар: Бәйтерек тобы
Жүргізуші: Жаңа жылың жол болсын,
Басқан қадамын оң болсын
Төрлет, төрлет Жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын -дей келе,
ендігі кезекті тамаша бір әнге берейік.
Ән: «Келді міне Жаңа Жыл» Орындайтын: Ерболқызы Айару
(Ән айтып болғасын бір бала ентігіп жүгіріп кіреді)
Жүргізуші: Балақай, саған не болды сонша жүгіріп? Ентігінді бас та не болғанын айтшы бізге де.
Нұргелді: Ой, ой, мен жана сендердің балабақшаларыңның жанында қармен ойнап жүрсем, шашы аппақ, сақалы ұзыыын, үлкен шапаны бар, бір қолында найзасы, бір қолында қапшығы бар. Жанында әдемі киінген ханшайым сияқты қыз бар. Және де бар ғой, шашы ұйпа тұйпа, мұрны қызыл біртүрлі адамдар келе жатыр.
Жүргізуші: Тұра тұр, тұра тұр біз ол адамдарды білетін сияқтымыз. Шашы ұйпа тұйпа, мұрны қызыл дейсін бе? Ааа, ол біздің сайқымазақ қой, жанындағы біз күтіп отырған Аяз ата мен Ақшақар болар. Олай болса балалар, бәріміз бірге Аяз атаны шақырайық.
Барлығы бірге: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата ( Аяз ата мен Ақшақар кіреді кіреді)
Жүргізуші:
Қуаныңдар,
ағайын, тамсаныңдар.
Сүйінішпен
маңайға жар салыңдар.
Аяз
ата келеді Ақшақармен,
Қол
соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
Аяз ата мен Ақшақар кіреді.
Аяз ата: Аяулы ата-аналар, ардақты бүлдіршіндер Амансыңдарма?
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.
Ақшақар: Амансыздарма, балалар, ұстаздар, ата-аналар. Өздеріңді сағынып келдік, жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Ескі жылымызға алғыс айтып, келер жылымыз бізге табыс, бақыт, молшылық әкелсін.
Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар сіздер алыс жолдан шаршап келдіңіздер ғой. Біздің бүлдіршіндеріміз сіздерге арнап би билеп, өнерлерін көрсетсін.
Би: «Снегурочка» Орындайтын: Теремок тобының қыздары, Бекзат
Сайқымазақ: Ал ендігі кезекті біздің Аяла қызымыздың «Көңілді күн» әнін бірге айтып көңілімізді көтеріп алайық.
Аяз ата: Ооо, тамаша. Көңіліміз көтеріліп қалатын болды ғой.
Ән: «Көңілді күн» Орындайтын: Аяла Төлеубекқызы
Жүргізуші: Ендігі кезекті биші қыздарымыздың «Өзбек» бине береміз.
Би: Өзбек би Орындайтын: Ақмарал, Іңкәр, Айпара
Аяз ата: Рахмет, балалар. Не тұрыс одан да ескі жылымызды шығарып салып, жаңа жылылмызды қарсы алмаймыз ба? (Көңілді әуен шығады ескі жыл кіреді)
Ескі жыл келеді....сөйлейді де музыкамен шығып кетеді.
Жүргізуші: Ескі жыл, рахмет саған. Сенің арқанда біздің балалар бір жасқа өсіп көптеген толағай жетістіктерге жетті. Ит жылы бізге құтты, берекелі жыл болды.Енді ит жылына сау бол айтайық.
Ән: «Қош келдің Жаңа Жыл» Орындайтын: Дильназ
Сайқымазақ: Уа, халайық, сағат болса 12 болды доңыз жылымыз кеп қалған сияқты, қане барлығымыз қарсы алайық.
Доңыз балаларымен кіреді: Армысыздар қонақтар. Сіздердің қонақжай төрлеріңізге келіп қалдым. Аманатқа адал болуға, халыққа жайлы, табысты жыл болуға келдім. Мен өзіммен бірге Бақыт, Мереке,Береке, Қуаныш, Табыс, Жеңіс, Байлық, Жайлылық атты балаларымды ерте келдім. Келер жыл менің жылым сендерге көптеген толағай табыстар мен бақыт, шаттық әкелемін деген сенімдемін.
Би : «Jingle Bells» Орындайтын: Ертөстік тобы
Жүргізуші:
Әнші де құс үні бар,
Кірсең кештің сәні бар.
Салайықшы шарықтап.
Жаңа жылдың әніне
Ал ағайын тұрмайық,
Жаңа жылды жырлайық.
Хор: «Жаңа жыл» Орындайтын: Зият Дина Бәйтерек тобы Бәйтерек тобы Тақпақтарын да айтат)
(Шыршаның артында аюдың жүрген дыбысы шығады)
Ақшақар: Ата, біреуің жүрген дыбысы шығатын сияқты, кім жүр екен? Мен барып қарап келейін.
Аяз ата: Не дейсін, қызым?
(Ақшақар шыршаны айналып, аюдың қасына барады)
Ақшақар: Аюжан, неболды саған, қолындағы не нәрсе?
Аю: Бәрі – бәрі жақсы – ау, бірақ мен Жаңа жылдың құрметіне арнап бөшкеме қонжықтарыма азық болсын деп көбірек бал жинап едім. Сол азығымды мына жерде көтереалмай дал болып тұрмын.
Сайқымазақ: Олай болса, аюжан көтеріңкі көңіл күймен мына қолындағы бөшкені көтеруге мен - ақ көмектесейін, сен болсан алдымен қонжықтарыңды шақыр.
Сайқымазақ пен аю бөшкені ортаға әкеп қояды.
Би : Аюлар
Орындайтын: Теремок тобы
Жүргізуші:
Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Осы әдемі шыршамыздың құрметіне «Шыршаға бардық» әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Шыршаға бардық» Орындайтын: Азиза, Нұр, Нұркелді
Әдемілеп
біз ілген,
Ойыншықтары тізілген.
Қандай жақсы шыршамыз
Би билейік бәріміз, шыршаның қасында ертеңгілігімізді әдемі әнмен жалғастырайық.
Би : «Шырша» Орындайтын: Бәйтерек, Ертөстік тобы
Жүргізуші: Аяз ата, ақшақар осы бүлдіршіндеріміздің сіздерге арнаған 3 тілдегі жыр шумақтары бар соны қабыл алыңыздыр.
«Ертөстік» тобы тақпақ айтады
Жүргізуші:
Здраствуй праздник новогодный,
Праздник елки и зими
Всех друзей свойх сегодня.
Позовем на елку мы.
Встречаем группу Теремок.
Песня: «Новый год»
Тәрбиеші: ( Біздің балаларымыздың тақпақтары да бар)
Хор: «Новый год»
Орындайтын: Теремок тобы (артынан тақпақтары кетеді)
Жүргізуші: Тамаша жарайсыңдар, балалар, біздің мемелекетіміз (Отанымыз) қалай аталады,сендер қандай елде тұрасындар?
Балалар: Қазақстан (тәуелсіз). Біз өз Отанымыз жайлы әнде білеміз.
Жүргізуші: Тамаша, олай болса бәріміз бірге айтайық.
Хор: «Мы дети Казахстана»
Орындайтын: Теремок тобы
Би : «Попурри»
Орындайтын: Бәйтерек тобы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген