«Қош келдің ,Жаңа
жыл!»
Залдың ортасындағы жасыл шырша
алуан -түрлі ойыншықтармен әсем безендірілген. Топтың балалары
музыка әуенімен қол ұстасып ,залға кіреді. Шыршаны айналып жүріп,
қызықтайды.
Мақсаты:
Балаларға
қуанышты сезім беру, көңіл- күйін көтеру, шаттықа
бөлеу.
Кейіпкерлер: Аяз ата. Ақша қар
.
Жүргізуші: Қымбатты қонақтар әріптестер
сіздерді Жаңа жыл мерекелеріңізбен құтыққтаймыз! Өмірлеріңізге
шаттық дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ынтымақ, бірлік
тілеймін !
Жаңа жыл, жаңа
жыл!
Жаңа жылда, жаңа
жыр!
Жасыл шырша жанында
,
Жадырап бала
жүр.
Жасыл желек жамылған
,
Асыл моншақ
тағынған.
Көптен күтіп
сағынған,
Шыршамыз тұр
жараса.
Кел, балалар
келіңдер!
Тамашаны
көріңдер!
Жүргізуші: Балалар мерекеміз қызықты болу
үшін, Жаңа жылда кімдер қонаққа келуші еді?
Балалар:
Аяз ата.
Ақша қар.
Жүргізуші: Қане ендеше бәріміз бірге
шақырайық. Бірге Аяз ата. Аяз ата. Ақша қар.
Қоңырау үні соғылып, әуенмен
Аяз атамен Ақша қар кіреді.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер! Аяз ата. Ақша
қар.
Аяз атаның
сөзі: Амандасады
құттықтайды.
Құтты болсын
балалар!
Келген жаңа
жылдарың,
Еркелеп ұл-
қыздарым,
Өткен жылы келіп
ем,
Бәріңді де көріп
ем,
Жыл өткізіп келем
деп,
Уәдемді беріп
ем.
Ойларың мен бойларың
да
Бірдей өсіп қалдыңдар
ма?
Ал, мен кіммін
айтыңдаршы.
Мені тани алдыңдар
ма?
Балалар:
иә, Аяз
ата .
Ақшақар:
Сәлеметсіздер ме балалар!
Жаңа жылдарың құтты
болсын!
Сүйсіндірер
маңайды.
Ақша қармен
арайлы.
Жалт -жұлт еткен
жүзіммен
Күміс сәуле
тарайды.
Ақшақармын
аппақпын
Менсіз қыстың сәні
жоқ.
Аяз ата:
Балалар
тойымызды бастайық, шыршамызды жағайық, барлығымыз бірге «Шырша
жан. Шамдарыңды жарқырат» деп айтайық .
Жүргізуші:Ой, қандай тамаша! Шыршамыз
жарқырап, айналаға қуаныш сыйауда. Шыршамыздың құрметіне ән айтып,
шыршаны айналып өтейік .
Ән: « Жаңа
жыл».
Ақша қар:
Ал,
келіңдер, келіңдер!
Жомарт Аяз
атадан,
Сыйлық алып
көріңдер.
Жүргізуші: Олай болса, балалардың
тақпақтарын тарту етейік.
Сұлтан:
Аяз ата
келді .
Бізге сыйлық
берді.
Бір қолында
шоколад.
Бір қолында
мормалад.
Вова:
Қызыл ала
шапаны.
Сағындым аяз
атаны.
Нұрислам:
Тамаша,
тамаша!
Шыршамыз тұр
жараса.
Жақсылық:
Шыршаға
бардық.
Әсем ән
салдық.
Айша:
Қуанттып
елді.
Жаңа жыл
келді.
Әльмаруа:
Аю отыр
партада .
Екі қолы
қалтада.
Апай сабақ
сұраса.
Ұйықтап қапты
масқара.
Аяз ата:
Жарайсыңдар, балалар! Өнерлі екеңсіндер!
Би: «
Шөжелерім»
Ойын:
Қысқа
дайынбыз ба?
Мақсаты:
Балаларға
қуанышты сезім беру, көңіл -күйлерін көтеру.
Қажетті
құралдар: бас киім, бөкебай, қолғап
.
Шарты:
Балаларды
екі топқа бөліп, үш баладан ойнату, осы киімдері кім тез кисе, сол
топ жеңеді.
Аяз ата:
Балалар
сендердің өнерлеріңе тәнті болдық, керемет өнерлі екенсіндер. Бізді
сендер сияқты балалар күтуде, олардың да өнерлерін тамашалайық.
Келер жылға дейін аман болыңдар !
Ақша қар:
Жаңа
жылда сендерге жақсылық тілеймін.
Сау болыңдар
балалар!
Жүргізуші: Тілеймін мен жаңа жылдық
бақытты!
Тіліймін мен жаңа
жылдық шаттықты!- деп «Раушан» тобының «Қош келдің, Жаңа жыл»- атты
ертеңгілігін көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Қош сау,
болыңыздар!