Материалдар / Ертеңгілік ,,Қош келдің Жаңа жыл
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ертеңгілік ,,Қош келдің Жаңа жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертеңгілік
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

тобында жаңа жылдық ертеңгілік сценариі


Музыка әуені ойнап тұрады, ортаға 3 бала кіреді.


1 бала: Армысыздар, ағайын

Бармысыздар халайық

Ортада әсем шырша,

Көз тоқтатып қарайық.


2 бала: Шаттандырып, әлемді

Өзі сұлу әдемі

Жап – жасыл боп тұр жайнап

Ойыншықтары жылтырап.


3 бала: Онда бүгін тұрмайық

Ән салайық жырлайық

Ертегілер елінен

Ойынды да ойлайық


Тәрбиеші: Олай болса, құрметті қонақтар, ата – аналар, балалар жаңа жалдарымыз құтты болсын !

Жүздеріңіз жарқын, өмірлеріңіз мәнді,орталарыңыз сәнді,

Келген жылдарыңыз керемет келісіті жал болсын; - » тобының өнерпаздарын қарсы алайық!

(«Жаңа жыл» әні ойналып ортаға балалар кіреді.)

Бимен жалғастырады.


1 бала: Тамаша, тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Жаңа жылда ертегі

Келе ме біздің бақшаға.


2 бала: Қыстың күні көңілді

Көп қызықты көреміз.

Шығып алып далаға

Сырғанақта тебеміз.


3 бала: Ақ қар жапты даланы.

Ақ жамылды айнала

Шанаменен сырғанап.

Мәз болады айнала.



4 бала: Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жанашыр

Ата - әже, әке – ана.

Құтты болсын жаңа жыл.


Ән: «Жаңа жыл»


Тәрбиеші: Балалар біздің жаңа жылымыз да келіп қалды - ау деймін, бір дауыс шығатын сияқты.


(Осы кезде ешкі келеді)


Ешкі: Сәлеметсіздер ме, менің достарым! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Жаңа жыл келгенше мен де сендермен бірге болайын, менің сыйлықарым бар, сендерге әкелген дейді. Қаппен сыйлық келеді. Ешкі қапты ашады ішінен лақтар шығады. Менің лақтарым, сендер қу екенсіңдер, сыйлықты тығып өздерің келіпсіңдер, жарайды.


Ешкі: Үлкен лағым ..............

Бауырларға сен қара,

Қасқыр алып кетпесін

Мен орманға кеткесін. – шығып кетеді.


1 лақ: Бауырларға қараймын,

Шашын майлап тараймын.

Бізге жусан әкеп бер,

Есікті мен ашпаймын.


2 лақ: Екінші лақ данамын,

Анама мен қымбатпын

Жақсы көрем анамды.

Өлең айтып ұйықтатсын.


3 лақ: ................. атты лақпын

Желкілдеген құрақпын,

Тастан, тасқа секіріп

Ойнақтаған шұмақпын


4 лақ: Төртінші лақ .............

Жусан жегім келеді

Анам маған орманнан

Жусан әкеп береді.


5 лақ: Бесінші лақ .................

Сүтке әбден тойындым,

Көп секіріп тастарға

Өсіремін бойымды


6 лақ: Алтыншы лақ .....................

Ақылдымын, еркемін.

Өзім пысық көркеммін

Айтқандын үлкеннің,

Екі еткізбей етемін


7 лақ: Жетінші лақ .......................

Көмектесем анамы

Еңбегі бәлкім еш етпес,

Анам барсын орманға.

Ешкі шығып кетеді.

(Осы кезде ортаға қасқыр келеді)


Қасқыр: Қандай, тамаша лақтар, еді ! Сендерді алып кетейік, жақсы болды іздегенім табылды, - деп лақтарды алып кетеді. Бір лақ тығылып қалады.


(Ортаға ешкі келеді)

Лақ: (Ешкіге қарап)

Ана, ана келдің бе?

Көк шөп әкеп бердің бе

Жейтін енді көп шөпті

Менің бауырларымды

Қасқыр алып кетті.

Ешкі: Мен орманға барайын, берем қасқыр сазайын.

(Ешкі шыршаны айналып, артына кетеді)

Жүргізуші : Ешкі келгенше тақпақтар айтайық.

1 бала:

Жаңа жылда осылай,

Көп қуаныш береді

Шашу етіп біздерге,

Ақ күмісін төгеді.


2 бала:

Жаңа жылдай уақытым,

Ән ұясы жыр басы

Жаңа жылдай шаттықтың,

Жасыл шырша тұлғасы


3 бала:

Көңіліміз қаласа,

Сыртқа шығып таласа

Қар атысып ойнаймыз,

Қыстың күні тамаша


4 бала:

Той думанды тойлаған,

Пәк жандармыз бәріміз,

Жүректе нұр ойнаған

Бізде сендей сәндіміз.


5 бала:

Жасыл шырша жайнаған,

Жарқыраған нұрменен

Қандай ғажап айнала

Күліп тұрғандай гүлменен.

ӘН: «Шырша тауда туыпты»


Ешкі шығады:

Ешкі: Мүмкін, маған аңдар көмектесетін шығар. Аңдар сендер менің лақтарым қайда екенін білесіңдер ме ?

Аңдар: Иа, оларды қасықыр алып кетті. Ешкі сен жылама лақтарды тауып алуға көмектесеміз. Біз саған көңіліңді көтеріп би билеп берейік.


БИ: «Аңдар»

Ән : «Таяғы бар колында»

(Ешкі орманға келіп қасқырды тауып алады)

Ешкі: Қасқыр, кәне менің лақтарымды қайтар әйтпесе мүйізіммен сүземін; - дейді.

Қасқыр: Қандай өнерің бар, көрсетсең лақтарыңды қайтарамын – дейді.

Ешкі: Лақтарымды қайтарып, өзің де Жаңа жыл мерекесіне жүр. Барлық, достар сол жерде.

Қасқыр: Мұның дұрыс екен, барсақ барайық.



Жүргізуші: Балалар, біздің Аяз атамыз қайда? Ормандағы достар да, бәрі біздің ортамызда ғой.

Кәне бәріміз шақырайық Аяз атаны.

Балалар: Аяз ата

Аяз ата: Сәлеметсіздер ме балалар! Сәлеметсіздерме қонақтар!


Ақ таяғыма таянып

Таңмен бірге оянып

Аяз ата мен келдім,

Ақ күпіге оранып

Көрдің бе Аяз атаны

Аппақ екен сақалым

Аппақ екен мұртым да,

Аппақ екен сақалым


ӘН: Аяз ата



Тақпақтар:

Ойын: Аяз ата сыйлығы, Үсіремін.

Аяз ата: Шаршадым мен балалар, ерідім мен балалар. Суытыңдар мені мұздар.

БИ: Мұздар.

Жүргізуші: Аяз ата, сіздің балаларға деген сыйлықтарыңыз қайда?

Аяз ата: Ұмыттым мен ұмыттым. Қазір мен жаңа жалдарды ортаға шақырайын олар менің сендерге деген сыйлықтарымды

(Қоңырау сылдырлап ортаға жаңа жыл келеді.)


Мен жаңа жыл

Жаңа келіп таныстым.

Еңбек еткен жандарға

Көл – көсірмен табыспын.

Жақсылыққа бөлеймін.

Тыныштықты тілеймін.

Береке мен ырысты

Мен жыл боламын табысты.


Бала: Жаңа жалға арналады жаңа жыр

Жаңа жылда шақырады бар өмір

Бақыт болып қоян жылым келді ғой.

Құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл.


Жүргізуші ертеңгілікті аяқтап, қонақтармен қоштасады.






















Балалар залға кіріп, орындықтарының қасында шеңбер құрады.


Шыршаның шыраға жанады.

Ән – «Жасыл шырша»


1 бала: Тамаша, тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Жаңа жылда ертегі

Келе ме біздің бақшаға.


2 бала: Не ойласаң жаңа жылда

Орындалады бар арман

Жаңа жылды сондықтан

Күтеді барлық балақан.


Әуен ойналып: Сиқырлы таяқша ұстаған Фея кіреді.

Фея: Снип, снап, снурре !

Сәлеметсіздерме балалар

Балалар: Сәлеметсіз бе?

Фея: Мен сендердің Жаңа жалда ертегі күтіп отырғандарыңды естідім. Өзімнің сүйікті ертемігмді ала келдім. Сонымен мұқият тыңдаңдар. Бір қалашықта Кай деген кішкентай ұл мен Герда деген кішкентай қыз болыпты. (кішкентай ұл мен қыз жүгіріп шығады). Оларды әжелері өте жақсы көреді.

Кай мен Герданы әжелері «Ақбота » тобына той тойлауға жібереді.

(Фея оларды шыршаның артына алып кетеді, өзі қалып Кай мен Герда қайта шығады.)

Кай: Иә, шынында әсем, өзі үлкен, жарқырап тұр. Ал, балалар, құр тұрмайық, Би билеп, ән салайық. Жаңа жылдық мерекеде. Шаттанып қол соғайық.

Герда: Көрікті шыршамыз.

Шамдары самғаған. Көңілді ортамыз. Айтамыз шырқап ән.


Ән: «Қыс»


Кай: Герда, жаңа жылдық шыршамыз Аяз атасыз көңілсіз екен. Аяз ата қашан келер екен. (Сол кезде Қар ханшайымы келеді.)

Қар ханшайымы: Мен балалардың көңілді болғанын қаламаймын. Бұл не деген шу, бұл не күлкі.

Герда: Біз жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз. Мереке қызықты өту үшін Аяз атаны күтіп отрымыз.

Қар ханшайымы: Аяз ата менің қар патшалығымда. Сендердің шақыруларыңды күтіп отыр. Бірақ, сендер ол жаққа жете алмайсыңдар. Өйткені, Сендер суықтан, желден қорқасыңдар.

(Желдің әуені естіліп, шырша шамдары сөнеді. Қар ханшайымы шығып кетеді.)

Кай: Шыршамыз сөніп қалды, қараңғы болып кетті. Енді біз Аяз атаны шақыру үшін қар патшалығына қалай барамыз.

Герда: Мүмкін бізе Фея көмектесер.

(Әдемі әуенмен Фея кіреді)

Фея: Сендердің жолдарыңды жарықтандыру үшін, жұлдыздар жарығы көмектеседі. Жұлдыздарым қане, көмекке келіңдер.

Би: «Жұлдыздар».

Герда: Жұлдыздардың көмегімен біраз жол жүріп едік. Енді, міне, қарашы қар кедергі жасауда.

Кай: Мүмкін Феяны көмекке шақырамыз.

Фея: Балалар, біз Кай мен Герданың қардан өтуіне көмектесейік.


Ойын: «Қар тасу»

(Қарды бір шеттен екінші шетке күрекпен жеткізу.)


Кай: Міне, Омбы қардан өтіп, орманға да жеттік.

Герда: Мен шаршадым Кай отырып демалайықшы. (Осы кездеАтаманша мен кішкентай қыз келеді).

Атаманша: Сендер, кімсіңдер, менің мекенімде не істеп жүрсіңдер.

Кай: Біз жаңа жылды тойламақшы едік. Аяз атаны шақыруға бара жатырмыз. Қар ханшайымы шыршамызды сөндіріп кетті. Аяз ата да қар ханшайымының патшалығында. Сол жаққа жол жүріп барамыз.

Атаманша: Ә - ә, ендеше сендер ол жаққа бара алмайсыңдар, өйткені мен сендерді кешкі асқа дайындаймын.

Кішкентай қыз: Жоқ, олар менікі, тиіспе, мен олармен дос болғым келеді. Сендер алыс жолдан тоңып, шаршаған боларсыңдар, көңілдеріңді көтерейік. Ал, қарақшылар алға.

БИ: «Қарақшылар»

Кішкентай қыз: Қарақшылардың өнері тек би емес, олар тақпақ та біледі.

1 – бала:

Қыстың күні көңілді

Көп қызықты көреміз.

Шығып алып далаға

Сырғанақта тебеміз.


2 – бала:

Шанамызға мінеміз,

Мәз – мәйрам боп күлеміз

Жарысамыз бәріміз,

Жарасып тұр сәніміз.


3 – бала:

Далада қар борайды.

Ақ моншаққа орайды.

Жып – жылтыр боп жатады.



4 – бала:

Қорықпаймыз аяздан.

Шымшыса да бетімді

Аппақ қарды кешеміз.

Киіп алып етікті.


5 – бала:

Даламызға, қаламызға.

Жаңа жыл келіп кіреді.

Қартыңызға, жалпыңызға

Жалынды сәлем береді.


Атаманша: Жарайды, қызым бұл жолғы олжамды саған беремін, сенің – ақ айтқаның болсын.

Кішкентай қыз: Рахмет анашым. Ал, енді достарым біраз көңіл көтерген боларсыңдар, әрі қарай сапарларыңды жалғастырыңдар. Мұндағы барлық орман аңдары менің достарым. Олар сендірдің патшалыққа әкетулеріңе көмектеседі. Орман аңдары, алға.


БИ: «Орман аңдары»


Кай: Герда қарашы, қар патшалығы.

Екеуі: Бірақ, қақпасын қалай ашамыз.

Қар ханшайымы: Патшалығымның қақпасын ашу үшін сендерге жұмбақ жасырамын., сендер соны шешу керексіңдер.

Жұмбақтар.

Фея: Балалар енді осы жұмбақтың шешуін суреттерді құрастыру арқылы білуге де болады. Қар ханшайымы сен бізге қалып суретті құрастыруға көмектес, мерекені бірге тойлайық. Қане, балалар ойын ойнайық.

Ойын: Сурет құрастыру – Пазл.

Қақпа ашылады.

Фея: Қане балалар. Аяз атаны шақырайық.

Барлығы: Аяз ата - 3 рет.

Аяз ата:

Ау, армысыңдар ма, ұлдарым,

Амансыңдар ма, қыздарым!

Қандай жарқын жүздерің.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!