Төрлет, құтты Жаңа жыл!
Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп,
жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу.
Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салып үйрету.
Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру.
Екі жүргізуші ортаға шығады.
1-жүргізуші:
Армысыздар ардақты ағайын, ата-аналар,
тәрбиешілер, бүлдіршіндер!
2- жүргізуші:
Бүгін бізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайын.
Көргендер де, көрмегенде арманда
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!
1 – жүргізуші:
Зеңгір
көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!
2- жүргізуші:
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Мешін жылы кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.
1 - жүргізуші:
Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!
2- жүргізуші:
Жаңа күнде ән қылып,
Тек жүреміз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай,
Шырша тұрар мәңгілік!
1 - жүргізуші:
Білесің бе, осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке екен.
2- жүргізуші: Дұрыс айтасың, бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүр енеді екен!
1-жүргізуші:
Құрметті ата-аналар, бүлдіршіндер! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы – Жаңа жылы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
2-жүргізуші:
Нұрғазы ағай біздің ағамыз.
Ақылын тыңдап бата аламыз.
Ел үшін жақсылығын аялаған
Үлгі тұтып, жанұясы аялаған.
Бүгінгі көңілді кешіміздің алғашқы сөз кезегін Нұрғазы Қалмырзаұлына береміз.
1-жүргізуші:
Екі елді мекенде орналасқан мекеме
Сөзге шешен тілі бал
Биік-биік асулардан өтуге
Бар ықыласын төгуде
Екі елді басқара білген береке – деп меңгерушіміз Ұлмекен Құрманбекқызына сөз берейік.
Баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
2-жүргізуші: Бүгінгі Жаңа
жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата
мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып
тұрмыз.
1-жүргізуші:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды
Соқыр мұлқау танымас тірі жанды
Үсті басы ақ қырау түсі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды- деп, Абай атамыз жырға қосқандай, балаларды ұзақ күттірмей ортаға Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Аяз ата! Ақшақар! Аяз ата! Ақшақар! Аяз ата!
2 – жүргізуші: Біз бәлкім шын көңілмен шақырмай жатқан болармыз! Кәне, достар, не тұрыс, шын ниетпен, бар күшімізбен Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық! Аяз ата! Ақшақар! Аяз ата! Ақшақар!
Аяз ата келеді. Қасында Ақша қары бар. Таяғын тарсылдата кіріп келеді.
Аяз ата:
Сендерге көк жүзінен нұрдай болып,
Жауғанын қапалақтап көріп қардың,
Асыға ұшып келдім құрдай жорып,
Ал, достар алдарыңа келіп қалдым.
Оо, қарақтарым! Мен сендерді сағына жетіп келдім. Шын тілеген ниеттеріңнің арқасында Ақша қар және көмекшілеріммен сонау солтүстүтіктен бұғымызға шанамызды жеге салып келіп тұрмыз.
Ақша қар: Аяз ата, дұрыс айтасыз! Иә, достар. Біз келгенше көптеген жерлерде болдық. Әлемнің әр жерінде той-думан болып жатыр.
1-жүргізуші:
Аяз ата, біздің қаншама бүлдіршіндеріміз өнерлерін көрсетсек деп отыр солардың өнерлерін тамашалайық.
2 – жүргізуші:
Ендеше ортамызға биші балапандарымызды шақырайық: Балапан биі
Асыларманай, Балсезім, Айзере, Нұрай, Нұрслам, Нұрасыл
1-жүргізуші:
Аяз атамыз бүгін сыйлыққа тола келген екен. Өнерлі жастарымыз да бір риза болып қайтатын болды. Аяз ата, бізде өнерлі бүлдіршіндеріміздін тақпақтарын тамашалайық.
Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса Әсел
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Аяз ата тез тез кел
Қарша қызды ерте кел Нұрлан
Келмесеңіз болмайды
Біздің шырша жанбайды
Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып Нұрай
Келеді алыс сапардан
Аяз ата оралып
2 – жүргізуші: Ойын
Аяз ата бізде өнерлі балалар өте көп, ендеше сол балалармен ойын ойнайық.
Ойынның шарты: 2 команда жарысады. 4 бала ата-анасымен шығып, көздерін байлайды. Біз мұрынға бір затты жақындатқанда ненің ісі екенін бірінші тапқан команда жеңіске жетеді.
1 – жүргізуші: Ал, балалар биылғы жыл қандай жыл? Қой жылы дұрыс айтасыңдар! Ендеще биылғы жылды ортаға шақырайық. Мешін деп шақырайық!
Мешін, мешін, мешін.... Алижан мешін болып келеді.
Ой, балалар мешін өзімен 2 досын ерте келпті. Балалар сендер біздің қонақтарды таныдыңдар ма? Жарайсыңдар, балалар бұл Том мен Джери мультфильмі мен Микки Маус мультфильмінің кейіпкерлері екен.
Бәріміз шапалақ ұрайық!
Ендеше осы кейіпкерлермен би билеп қойымызды шығырып салайық.
2 – жүргізуші: Аяз ата! Ақшақар! тағы да бүлдіршіндеріміздін тақпақтарына кезек берсек
Келді Аяз атамыз
Қасында Ақша қары бар Гүлназ
Қызыққа әбден батамыз
Қарсы аламыз бәріміз
Тауда туып тауда өскен
Шырша келді ортаға Аяна
Бәріміз бір дауыспен
Дейміз енді шыршаға
Аяз ата келіп тұр
Бізге сәлем беріп тұр Ерқанат
Тақпақ айтқан балаға
Сыйлықтарын беріп тұр
1 – жүргізуші:
Жаңа
жылда жаңа белден асамыз,
Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз.
Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен,
Жаңа жылда тағы да алға басамыз.
Келесі кезекті тамаша бір биге берейік.
Қара жорға биі: Нұрлан, Рамазан, Нұрасыл
2- жүргізуші: ойын
Ойын шарты: машинамен жарысу. 2 команда шығып, машинамен жарысады. Қай команда бірінші жетсе сол команда жеңіске жетеді.
Мың бұралған ақ қайыңдай
Қыздар шықсын ортаға.
Ал, ендеше қол соғайық
Қошеметпен қолқала. – деп Матрешк биін тамашалаңыздар:
Аяна, Гүлназ, Әсел,
Әсем
1 – жүргізуші:
Келесі кезекті тағы да бір тамашатақпақтарға
берейік
2 – жүргізуші: Аяз ата! Ақшақар біз ендігі кезекті бәріміз қосылып «Шырша
жырын» айтайық.
Аяз ата: Ал, балалар менің тағы да тақпақ естігім келіп тұр! Сендер тақпақ айталысыңдар ма?
Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл
Саған әзір жаңа жыр Айзере
Елге табыс жақсылық
Ала келші Жаңа жыл
Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса Ерасыл
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Жасыл шырша орманнан
Бізге арнайы келіпті Балсезім
Ойыншығын балалар
Шыршаға әсем іліпті
2 – жүргізуші: Домбыра биі: Гүлназ, Аяна, Әсел.
1 – жүргізуші: Балалар, Аяз ата мен Ақшақар асығып тұрған секілді.
2 – жүргізуші: Әрине, әлі де барар жер, басар тауларың көп болғандақтан, сіздерді көп бөгемейік. Ендеше балаларымыздың сыйлығын тапсырайық.
Аяз ата сыйлықтарын тапсырады.
1 – жүргізуші: Ия, Аяз ата мына халқымызға бата берер кезде келді ғой деймін!
Аяз ата:
Жаңа жыл - жаң бағыт,
Әкелсін далама құт.
Өнерлілерің көп болсын,
Елде уайым жоқ болсын.
Тілектерің ақ болсын,
Бастарыңа бақ қонсын.
Келер жылы келермін,
Өнер тағы көрермін.
Сыйлық әкеп сендерге,
Көптен-көптен берермін.
Жақсылыққа толыңдар,
Тек биікке қоныңдар.
Келесі жылы көргенше,
Амандықта болыңдар!
1 – жүргізуші: Ал, құрметті достар, бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық.
2 – жүргізуші: Аяз ата келесі кездескенше аман болыңыз! Біз сізді асыға күтеміз.
1 – жүргізуші: Құрметті ата-аналар!
2 – жүргізуші: Құрметті тәрбиешілер мен бүлдіршіндер!
1 – жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп, мешіндей көңілді болайық!
2 – жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!
5
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ертеңгілік "Қош келдің Жаңа жыл"

шағым қалдыра аласыз