400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік "Қош келдің Жаңа жыл"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды жасыл шыршамен таныстыру, əн айтқызу. Сахнаны сезіндіру, еркін би билету. Қыс ерекшелігімен таныстырып мереке есте қалатындай етеп көңілді өткізу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Дәмелі-Шыңғыс»бөбекжай балабақшасы

Қош келдің Жаңа жыл

1.Жүргізуші

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймыз бәріңді,

Бақыт,шаттық,молшылық әкелсін

Бәрімізге мына жыл арайлы

Құтты болсын ағайын

Жаңа жылың тағыда

Құрметті ата-аналар,ұстаздар,балалар кіріп келе жатқан жаңа жыл мерекелерін құтты болсын,жаңа жылда баршаңызға деннің саулығын,отбасыларыңыздың тыныштығын тілеймін.

Бүгінгі «Дәмелі-Шыңғыс» балабақшасында өтіп жатқан «Қош келдің Жаңа жыл»атты ертеңгілімізге қош келіпсіздер.

2.Әтеш жүгіріп келеді.

Ку-ка-ре-ку көмектесіңдер,көмектесіңдер,мені түлкі қуып келе жатыр.

Жүргізуші:

Эй әтеш саған не болды тыныштал,біз түлкіні көріп тұрған жоқпызғой.

Әтеш.

Ой алақай!мен оны орманда адастырып кетіппінғой.(секіреді) жоқ,жоқ ол мені тағы ренжітсеше,мен қорқамын,орманға бара алмаймын.

Жүргізуші.

Сен қорқпа әтеш,біз сені қорғап жүретін,түлкінің сазайын беретін бір жылды қонаққа шақырып қойғанбыз.

Әтеш.Ол қандай жыл екен а?

3.Ит кіріп келеді.

Әуп-әуп саламатсыздарма,мен ит жылы боламын,жаңа жылдарыңыз құтты болсын.

Жүргізуші. Құрметті ит жылы,мыны әтешті түлкі үнемі ренжітіп жүреді екен,сен оған көмектесесінбе?

Ит.Әтеш,сен қорқпа,сені мен үнемі қорғап жүретін боламын.Түлкінің сазайын беремін.

Әтеш.Алақай,онда мен барып дем алайын.

Жүргізуші.Төрлетіңіздер қәдірлі қонақтар.

Жүргізуші.

4.Ал, енді ортаға кішкентай бүлдіршіндерімізді шақырып алайық.

Балалар кіріп келеді.

Үлкенге де сіз,кішіге де сіз,

Баршаңызға құрметпен,бас иеміз біз.

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.

Жүргізуші.

Әсем кештің ажары,

Әсем әнсіз болама.

Кіп- кішкентай бөбектер

Әнін айтса болама?

Балалардың орындауында ән.

5.Аяз ата әнін қабыл алыңыздар.

6.Жалмауыз үшіп кіріп келеді.

А-ха-ха-ха сендердің жаңа жылдарың болмайды,ойткені мен аяз атаның сыйлығын ұрлап кеттім.А-ха-ха-ха.

Эй кетәңдер барлықтарын бұл жерден,ешқандай жаңа жыл болмайды.барыңдар,тараңдар кет бәрің кет.

Аяз ата орманда сыйлық салынған қалтасын іздеп адасып жүр аха-ха-ха.

Жүргізуші.

Тоқта мыстан,өзің кет бұл жерден,саған біздің мерекемізды бұзуға жол бермейміз.солайма балалар?

Балалар.Ия біз сенен қорықпаймыз.



Жүргізуші.

Балалар біздің Аяз атамыз адасып жүрген сияқты.Барлығымыз бірге орнымыздан тұрып,бар даусымызбен,Аяз ата,Қарша қыз деп шақырайық шы?Біздің дауысымызды есітіп келетін шығыр.1,2,3-

Балалар.Аяз ата, қарша қыз-4 рет айқайлайды.

7.Аяз ата мен Қарша қыз кіріп келеді.

Аяз ата.

Аяулы ата-аналарға,ардақты үл-қыздарға

Бүлдіршін балаларға ,бір сәлем!

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың.

Асулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан,

Аталарың сендерге,

Шаршап келді алыстан.

Ақша қар.

Амансыздарма,балалар,үстаздар,ата-аналар.Өздеріңізді сағынып келдік,жаңа жылдырыңыз құтты болсын.Өткен жыл тауық жылымызға аман-есен саулық тілеп,келер жылымыз ит жылына табыс жыл,береке бірлік әкелсін деп,тарих жыл болсын деймін.

Аяз ата.

Мен жолда келе жатып,сыйлық толы қалтамды жоғатып алдым,сендер кормедіңдерме кімнің алғанын?

Балалар.

Көрдік,көрдік, ана шыршаның артында мыстан тығып қойған,өзі де сонда тығылып тұр.

Аяз ата.

Қап бәлем,менде сол мыстанның жұмысы шығар деп ойлаған едім.

Мыстан шық мына жерге,мұның не,балаларға сыйлық болмаса не берер едім,ұялмайсынба?

Қазір мен сені мұздатып тастаймын.

Жалмауыз кемпір.

Кешіріңдерші мені,мені ешкім жаңа жылға кіргізбейді деп ойлаппын.

Қарша қыз.

Аяз ата бір жолға кешірейікші, ол кешірім сұрап жатырғой.

Аяз ата.Балалар кешіремізбе?

Балалар.Ия кешіреміз.

Мыстан.Кешіріңдерші деп жүгіріп жүреді.

Мыстан кемпір.

Балалар,рахмет сендерге,мен сендермен мерекеге қалсам болама?

Жүргізуші.

Аяз ата төрлетіңіздер,біздің қонағымыз болыңыздар,мына бүлдіршіндеріміздің сіздерге арнаған көптеген қызықты өнерлері бар,соны тамашалаңыздар.

Төрлет-төрлет жаңа жыл,

үлестір қуат береке.

Көп куаныш ала кел,

Қөп болсыншы береке-демекші,алдарыңызда тамаша би қабыл алыңыздар.

8.Би. Оқымыстар бии.

Ұлдар.Арсен,Димаш,Бексұлтан,Заңғар,Мұхаммед,Самғат.

Қыздар.Еңлік,Іңкәр,Сымбат,Сабира.

9.Тақпақтары.

Арсен.

Ақ қар жапты даланы

Ақ жамылды айнала

Жарқыратып шамдарды

Шырша келді ортаға.



Димаш.

Оралды өлкеме

Жаңа жыл армысын.

Оранды ақ көрпе

Асқар тау,қарсы шың.

Бексұлтан.

Әкелсін жыл ырыс,құт,

Әлемде болсын тыныштық.

Ән салайық жаңаша

Жаңа жылмен тамаша.

Заңғар.

Жаңа жылың жас болсын

Басқан қадам өң болсын.

Төрлет-төрлет жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын.

Мұхаммед.

Жүзімде күлкі ойнап.

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

Самғат.

Сылдырайды моншағы,

Шыршамыздың мол шамы.

Жаңа жылмен жайдары,

Құттықтаймыз баршаны.

Еңлік.

Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей.

Қызыл ала шапаны,

Сағындым аяз атаны.

Н.Іңкәр.

Аппақ-аппақ жапалақтап,

Қар жауып тұр тынбастан.

Қалын орман қар жамылған,

Маужырайды түнгі аспан.

Сымбат.

Сәлем достар,аманба,

Менде келдім ортаға.

Безендіріп шыршаны,

Жыл кұантты баршаны.

Сабира.

Келді міне жаңа жыл,

Қарсы алайық бәріміз.

Күліп,ойнап би билеп,

Ән салайық бәріміз.

Жүргізуші.

Жасыл шырша жанында,

Көңілдіміз бәріміз.

Ән салуға,би билеуге,

Біз дайынбыз қашанда.

10.Ендігі кезекте ән «Шыршаға бардық» Хор

Жүргізуші.

Жануарлар әлемі,

Қандай өзі әдемі.

Жасыл шырша жанында

Би билейді ортада.

11.Би «Аюлар мен қояндар»

12.Тақпақтар.

Абылай

Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келеді,

Бізге қарай жылыстап.

Айым.

Тамаша сый алып,

Келді аяз атамыз.

Шаттанып куаныш

Шырқап ән саламыз.

Нұрасыл.

Аяна

Тамаша,тамаша

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Жігер.

Келіңдер,келіңдер,

Тамашаны көріңдер.

Жомарт аяз атадан,

Сыйлық алып көріңдер.



Айзере.

Қуантып елді,

Жаңа жыл келді.

Өсетін болдым,

Бір жасқа енді.

Мұхаммед.

Жаңа жыл,жаңа жыл,

Тамаша тойымыз.

Алақай,алақай,

Өседі бойымыз.

Сабира.

Келді міне жаңа жыл,

Қарсы алайық бәріміз.

Куліп,ойнап,би билеп,

Ән салайық бәріміз.

Арман.

Аяз ата келді,

Тамашаны көрді.

Риза болып қуанып,

Бізге сыйлық берді.

А.Іңкәр.

Аяз ата келді,

Бізге сәлем берді.

Өлең айтқан балдарға,

Кәмпіттерін берді.

Жүргізуші.

Қуанышты мереке

Би билеген еркелер

Кіп-кішкентай балалар,

Ән айтады ортада.демекші кезекті әнге береміз.





13.Ән. «Жасыл шырша жанында» (Хор)

(Шеңбер болып айналады.)

Жүргізуші.

Жаңа жыл мерекесі құтты болсын,

әр қашан мерекелік көңіл болсын.

Кеудеміз күй бірлеген жырға толсын,

Кәне достар күлкіменен орта толсын.

14.Би. «Жұлдыздар»

Назым,Еркенұр,Айсүлу,Сымбат,

Алуа,Әмина,Еңлік,Н.Іңкәр.

15.Жүргізуші.Енді кезекті балапан тобының «Шырша »биине берейік.

16.Жүргізуші.

Құрметті қонақтар.Қазір біз кезекті балабақшамыздың орыс тілі пәнінің мұғалімінің балаларды дайындаған өнерін тамашалауға шақырамыз.

Ән «В лесу родилась елочка»

17.Өлең шумақтары.

Заңғар.

Здравствуй,здравствуй,Новый год!

Ты такой хороший.

Дед мороз прислал нам елку,

А на веточках снежок.

Еркенұр.

Он играет с нами

С ним и праздник веселее.

Дед мороз на елке нашей,

Самый главный из гостей.









Амина.

Елка наряжается,Новый год у ворот.

Ребятишек елка ждет.

Здравствуй Новый год! Здравствуй Новый год!

Ждали мы тебя весь год.

Алуа.

Праздник не простой у нас,

Он бывает только раз.

Здравствуй,здравствуй,овый год.

Арсен.

Кто нам елочку принес,

Это дед седой мороз.

Он с мешком подарков,

Гори елка ярко.

18.Жүргізуші.

Ана тілің арың бұл

Ұяттың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.-демекші ендігі кезекті биге береміз.

Би. «Новый год».

Саят,Сабира,Самғат,Айсулу,Бексұлтан,Алуа.

Жүргізуші.

20.Ән «Елочка» (Хор)

21.Би «Кукарелла»

Мұхаммед,Назым,Заңғар,Әмина,Нұрислам,Еркенұр,Дәурен,Н......Іңкәр.

Тақпақтар.

Нұрислам.

Аппақ талға оралып

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Дәурен

Жаңа жыл,жаңажыл,

Қош келдің тағыда.

Дайындап жаңа жыр,

Біз күтіп тағыда.



Жүргізуші.

23.Ән «Шырша»әні

Жүргізуші.Кезекті енді биге берейік.

24.Би «Папитто»

Әмина,Назым,Еркенұр.

Жүргізуші.

25.Ата-аналарға сөз береді.



Жүргізуші.

Аяз ата біздің балалардың өнерін тамашаладыңыздар,сіздерге ұнадыма?

Аяз ата.Ия ұнады көп,қөп рахмет,бір қуантып тастадыңдар.Енді балаларға алып келген сыйлықтарымды таратайын.

Жүргізуші.Рахмет сіздерге.

Аяз ата.Ой балалар,менің кететін уақытым болып қалды,мені басқада балалар күтіп отыр,енді соларға барып,олардың өнерлерін тамашалайық,сыйлықтарын таратайық.Біз кеттік қош сау болыңдар,келесі жыл коріскенше сау болыңдар!



Жүргізуші.

Осыменен жаңа жыл кешіне арналған ертеңгілігімізде аяқталды,зейін қойып тыңдағандарыңызға үлкен рахмет.

Хош сау болыңыздар!











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 мамыр
433
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі