Тақырыбы: «Қош келдің,Жаңа
жыл!»
Мақсаты: Балаларды қонақжайлылыққа
үйрету, мерекелік көңіл-күй
сыйлау.
Кейіпкерлер: Аяз ата, Ақшақар,Құртақан.
(Музыка әуенімен балалар қолдарына жылтыр
қарлармен би қимылдарын жасап кіреді,билеп болған соң жарты шеңбер
болып, шыршаның қасына
барып тұрады.)
Ақшақар:- Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Сіздерді
келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен
құттықтаймыз.
Келді тағы
Жаңа жыл,
Қуантумен біздерді
Құтты болсын
мереке,
Құттықтаймыз
сіздерді.
Ақшақар:- Балалар,
қараңдаршы, біздің бөлмеміз әдемі безендірілген, біз бүгін Жаңа-
жыл мерекесін тойлаймыз. Бізге көптеген қонақтар келіпті, шыршаға әдемі
ойыншықтар ілініпті.
Ақшақар:-Балақайлар, қараңдаршы шыршамызда қаншама
ойыншықтар, тәтті кәмпиттер ілінген. Осы әсем шыршамызға әдемі
әнімізді тарту етеміз.
Ән: «Қысқы
ән»(орындыққа отырғызу)
Ой балалар мен Аяз атамды шақыруды ұмытып
кетіппін сендер маған шақыруға көмектесесіңдер
ме?
(Аяз ата, Аяз ата деп
шақырады)
Аяз-
Ата:
Амансыңдар ма,
балалар?
Сәлеметсіңдер ме,
қонақтар?
Балаларым,
балғыным
Өмір гүлім
шалғыным.
Тілегенім жыл
бойы,
Сендердің
денсаулықтарың!
Аяз-ата- Ой, балалар шыршаларың қандай әдемі,
керемет!
Ақшақар: Иә Аяз ата біз шыршамызды
безендіріп әдемілеп қойдық,қандай керемет менің ұлпадай әппақ сіңілілерім
келіп қалыпты,сендермен би билегім келіп тұр. Келіңдер ортаға
билейік.
Ақшақар: Аяз ата сіз ұзақ жолдан шаршаған боларсыз,
отырып демалыңыз. Ал, мен аппақ қыздарыммен би
билеп көңілдерін көтерейін.
Би:
«Ақшақарлар» (қыздар биден соң қарларды жерге шашып
тастайды)
Ақшақар:- Балалар қараңдарша айналамызда қаншама
ұлпақарлар шашылып жатыр. Қанекей бәріміз қарларды жинап, шыршаның
айналасын безендірейік!
Ойын:
«Ұлпақарлар жинау»
Ойынның
шарты: Балалар ұлпа қарларды жинап, шыршаның түбіне
қояды.
Ақшақар:-Жарайсыңдар балалар,бір сергіп
қалдық. Ой, қандай керемет шырша!!! Қаншама
жалтыраған ойыншықтары көп. Бірақ шамдары жанбай тұрғой.? Келіңдер
балақайлар бірге шамдарын жағайық.
Ойын:
«Шыршаның шамдарын жағу»
Ойынның
шарты: Ақшақар балалармен қол соққанда шырша шамы
жанады. Ал, үрлеген кезде шырша шамы сөнеді. Ойынды үш рет
қайталау. (Ойынның шартын ақшақар түсіндіреді және
ойнатады)
Ақшақар: Балалардың тақпақтарына
кезек берейік.
Тақпақтар:
тәрбиеші өзі табады
Осы
кезде Аяз ата ұйықтап шыршаның қасында
отырады.
Ақшақар:- Балалар қараңдар Аяз ата ұйықтап қалды. Ол
алыстан келемін деп әбден шаршаған ғой. Ой, балалар тыныш, тыныш.
Қасына барайық, келіңдер жақындайық. Қанекей балалар Аяз атаны
оятайық.
Ойын: «Аяз
атаны ояту»
Ойынның
шарты: Қане
балалар қолымызды қатты соғып, аяғымызды топылдатайықшы аяз ата
ұйықтап қалыпты. Алақанымызбен қаттырақ соғайық. /Ойын 3 рет
қайталанады/
Аяз
ата:-(оянып
кетеді)
Ақшақар:- Келіңдер балақайлар! Аяз атаны ортаға алып
ән айтайық.
Ән: «Аяз
ата-ақша қар»
Аяз-
ата: Тамаша,
керемет. Жарайсыңдар балалар бүгін сондай қуанышты мереке
болды.
Ақшақар: Аяз-ата сіз ештеңе ұмытып
кеткен жоқсыз ба?
Аяз-ата- Жоқ мен ештеңе ұмытқаным
жоқ. /ойланып/ Балалар ән айтты, балалар мен бірге
шыршаның шамын жақтым, тақпақтарын тыңдадым, ойын-ойнадық. Жоқ
ештеңе ұмытқаным жоқ.
Ақшақар- Балалар айтыңдаршы Аяз-ата
сендерге не беруі керек?
Балалар- Сыйлықтар!!!
Аяз
ата:- Ой,
ой, ой кәрі басым-ай, балаларға сыйлықтарын беруді ұмытып кетіппін
ғой. Қане қызым Ақшақар алып кел
сыйлықты.
Ақшақар: Ой Аяз ата мында біреу бар
ғой. /артқа
қарай шегінеді/
Ой мында құртақан
ғой отырған. Келе ғой
құртақан, қорықпа мында біз жаңа жыл мерекесін тойлатып
жатырмыз сен мында неге отырсың?
Құртақан: Біз достарымызбен мерекеге келе жатқанбыз,
адасып кетіп осы шыршаның астына
тығылдық.
Ақшақар:Ой, құртақан өзің
тоңыпта қалыпсың,сен мерекеден адаспадың дұрыс тауып
келгенсің,мұнда сенің достарыңда бар,мереке осы жерде болып жатыр.
Кел біздің балалармен жылынып, көңілді достарыңмен биін бірге
би билеңдер.
Би: «Құртақандар»
Аяз
ата: Құртақан балам жылынып,
көңілің көтерілдіме?
Құртақан: Рахмет, аяз ата ия
көңілім көтеріліп, жылынып, мерекеге келгеніме сондай қуанып
тұрмын.
Аяз
ата: міне
енді дұрыс болды. Біздің балалар өте зерек, қонақжай. Олай болса,
қане Ақшақар қызым, енді шыршаның түбіндегі сыйлықты алып келе
қойшы.Ақшақар
шыршаның түбінде жатқан үлкен сыйлықты алып
келеді.
Ақшақар:- Қараңдаршы балалар, Аяз ата сендерге қандай
керемет сыйлықтар алып келген. Жаңа жыл деген таңғажайыпқа толы
мереке ғой! Барлық адамдар бұл мерекені жақсы
көреді. қапшықтың ішін ашады, сыйлықтар
шығады.
Аяз
ата:
- Ал,кәне,балалар,
Сендерге сыйлығым
бар,
Аталарыңның
сыйлығын
Қуанып қабыл
алыңдар!
Ақшақар:
- Біз өнерлі
баламыз,
Ертең-ақ өсіп
толамыз.
Атамыздың
сыйлығын,
Рахмет айтып
аламыз.
Бәрі
бірге: РАХМЕТ!
Аяз
ата- Ал,
балаларым тағыда Жаңа жыл құтты болсын.Енді біздіңде қайтатын
уақытымызда болып қалды.Себебі, өздерің секілді балалар өнерлерін
дайындап, сыйлықтарын алуға асығып отырған болар. Келесі жылы
кездескенше қош сау болыңдар!
Балалар- сау болыңыздар!
Ақшақар:
- Би-биледік,жыр-жырладық,
Қызығына тоймадық
Достарменен
ойнадық,
Жаңа жылды
думандатып тойладық! Ал, құрметті қонақтар осымен
мерекелік ертеңгілігімізді «Шыршаға бардық»- әнімізбен
аяқтаймыз. Келесі мерекеде кездескенше қош-сау
болыңыздар!
Ән:
«Шыршаға бардық»
«Балдәурен»
бөбекжай – бақшасы
Ертеңгілік
Тақырыбы: «Қош
келдің,Жаңа жыл!»
Кіші топ:
«Балапан»
Тәрбиешілер:
Н.Сисенова
Н.Муратова
Музыка жетекшісі:
М.Момбаева
2024-2025 оқу
жылы