Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертеңгілік "Қош келдің, Жаңа жыл!" ІІ кіші топ

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілері үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Жасдәурен » бөбекжайы













«Қош келдің, Жаңа жыл»

ертеңгілігі

«Балапан» ерте жас тобы











Өткізген: З.Копжасарова









2017-2018 оқу жылы





Мақсаты:

Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру,жаңа жыл туралы түсінік беру, әрбір жыл бір хайуанның атымен аталатын жайлы түсіндіру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аяз атаның, Ақшақардың қарнавалдық кимімдеріне назар аударту,ата-аналармен бірлесіп, көңілді ойындар ойнату, достық қарым -қатынас ояту.

Білімділігі: Жаңа жыл туралы тақпақтарын айтқызу.



Дамытушылығы: балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.





Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа,тазалыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

















Залдың ортасында жасыл шырша алуан түрлі ойыншықтармен безендірілген.

Жүргізушінің: даусы тыс жерден шығады.

-Тезірек, тездетіп мында жиналыңдар. Басталады жаңа жылдық карнавал,маска да бар,би де бар,асығындар. . Басталады, басталады жаңа жылдық карнавал!

Қоян- Жанаргүл:

-Ой, бүгін орман тып- тыныш қой. Бәрі қайда кеткен? Аңдар қайда? Мені қарсы алатын балалар қайда?

Түлкі: Гүлзада.

-Не болды соншама орманның тыныштығын бұзып? Не жаңалық әкелдің?

Қоян:

-Сен не шырша тойы болатынын білмеуші ме едің? мен мына орманның көңілсіздігіне таң қалып тұрмын. Мына шыршаның әдемісін ай, балалар өздері безендірген болар. Ал өздері қайда?

Түлкі:

-Ә,-ә білдім. Олардың неге келмей жатқанын білдім. Олар мыстан ападан қорқып келе алмай жатқан болар.

Сайқымазақ:

-Аңдар бір жерге жиналып қалыпты. Мында шырша тойы болады деп естіп келіп едім. Неғып тұрсыңдар?

Сиқыршы: -Фарида

-Ау, орманның әсем бикештері! Неғып тұрсындар? Мен осында жаңа жыл болып жатыр дегенді естіп келіп едім. Бәрі қайда?

Қоян:

-Сиқыршы ханым, сиқырыңыздың күшін көрсетіп, балаларды осында алдырып беріңізші.

Сиқыршы:

-Шақырайын, мына қолымдағы сиқырлы таяғымды сынап көрейін.

трах тиби, дох,

тиби дох, балалар осында жиналсын!

( Осы кезде балалар келіп шыршаны айналып тұра қалады.)

Жүргізуші:

-Құрметті Ата –аналар, балбөбек балалар! Міне, асыға күткен Жана-жыл мерекесіде келіп жетті. Баршаңызды жана жылдарыңызбен шын жүректен кұттықтаймыз. Бүгінгі «Құлыншақ» тобының «Қош келдің, Жаңа жыл» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

-Балалар бәріміз әдемі болып, сәнді киініп алыппыз. Ал мына біздің шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен, қолымыздағы сиқырлы таяқшаларымызбен оның шамдарын жарқыратайық!

Қуант бізді,таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат.

Раз,два,три,

Елочка гори!

-Ал, ендеше, балалар,қоян, түлкі,сайқымазақ,сиқыршыларды ортаға алып шыршаны айналып «Шырша жырын » айтайық.

Жүргізуші:

-Жарайсыңдар, балалар. Айтыңдаршы жаңа жылда бізге кім қонаққа келуші еді?

Балалар: Аяз ата, Ақшақар.

Жүргізуші:

-Кәнекей ендеше бәріміз бірге шақырайық!

Бәрі: Аяз ата, Ақшақар,

Келіңіздер ортаға.

Біз сендерді сағындық,

Асыға күттік қаншама!

( Осы кезде мыстан кемпір кіреді.)

Мыстан:

- Сәламатсыңдар ма, балалар мен қонақтар! Мына шаршаның әдемісін ай! Түбімен жұлып алсам ба екен? Мен сендердің Аяз аталарың боламын.

Балалар: Жоқ, жоқ сіз Аяз ата емессіз.

Жүргізуші: Балалар дұрыс айтады, сіз Аяз атаға ұқсамайсыз.

Мыстан:

-Егер сендер сенбесеңдер, сиқырлы сыпырғыммен бәрін жойып жіберемін!

Жүргізуші:

-Балалар Аязата келгенше, мыстан апаның ашуына тимейік, көңілін көтеруге тырысайық. Сіз ашуыңызды басыңыз, одан да біздің балалардың өнерін тамашалаңыз.

Мыстан:

-Егер өнерлерің ұнамаса мерекелеріңнің сәнін кетіремін!

Жүргізуші:

-Балалар, Аяз ата мен немересі Ақшақар келе жатқан сияқты.

-Кәнекей ендеше бәріміз бірге шақырайық!

Бәрі: Аяз ата, Ақшақар,

Келіңіздер ортаға.

Біз сендерді сағындық,

Асыға күттік қаншама!

( Осы кезде ішке Аю кіреді)

Аю:

-Здравствуйте, ребята! С Новым годом!

Жүргізуші:

-Мәссаған, балалар, бұл кім?

Балалар: Аю.

Жүргізуші:

-Ия, « Маша мен аю»ертегісін сендер жақсы көресіңдер ғой. Бірақ біз аяз атаны шақырдық қой, аюды емес.

Аю:

-Мен қысқы ұйқыда жатыр едім, қатты айқай-шу, тасыр-тұсырдан шошып ояндым. «Не болып қалды »деп сұрап едім, бәрінің айтатындары бір-ақ сөз: «Жаңа жыл келіп қалды» дейді. Маша қызымды көрген жоқсыңдар ма, ол осында болар деп келдім.

(Осы кезде Маша келеді) Шыршаға қарап:

-Керемет, қандай әсем шырша?

Аю шауып келіп, Машаны көтеріп алады.

Аю:

-Әрең таптым ғой, сені адасып кеткен болар деп ойлап едім.

( Екеуі кетіп бара жатады)

Жүргізуші:

-Тоқтаңдар, кетпендер, бізбен бірге болыңдар!

-Кәне, балалар, Аяз ата мен Ақшақарды бар даусымызбен шақырамыз.

Бәрі: Аязата, Ақшақар,

Келіңіздер ортаға.

Біз сендерді сағындық,

Асыға күттік қаншама!

-Осы кезде боранның гуілдеген дауысы естіледі.

Жүргізуші:

-Аяз ата,Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық.

Балалар:

Аязата, Ақшақар.

Келіңіздер ортаға.

Біз сендерді сағындық,

Асыға күттік қаншама!

Аязата- Айымгүл:

Құтты болсын,балалар,

Келген Жаңа жылдарың.

Алаңдамай өсіңдер,

Еркелеп қыз, ұлдарым.

Өткен жылы келіп ем,

Бәріңді де көріп ем.

Жыл өткізіп келем деп,

Уәдемді де беріп ем.

Ойларың мен бойларың да,

Бірдей өсіп қалдыңдар ма?

Ал, мен кіммін айтыңдаршы,

Мені тани алдыңдар ма?

Балалар: Аязата.



Ақшақар:

Аязата қасына,

Мен де еріп келемін.

Сендердей балғын достарға,

Иіліп сәлем беремін.

Ақшақармын аппақпын,

Қалай тыныш жатпақпын.

Менсіз қыстың сәні жоқ,

Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Келіңдер, келіңдер,

Тақпақ айтып беріңдер.

Жомарт Аяз атадан,

Сыйлық алып көріңдер.

Жүргізуші: Ал, кане балалар, Аязатаға бар өнерімізді көрсетіп оның дорбасындағы сыйлықты алып алайық.

Қасиет:

Жасыл шырша орманнан,

Бізге арнайы келіпті.

Ойыншығын балалар,

Шыршаға әсем іліпті.

Алдияр:

Мұздан моншақ тағынып,

Күміс қырау жамылып.

Ортада тұр Ақшақар,

Көптен күткен сағынып.

Інжу:

Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келеді,

Бізге қарай жылыстап.

Перизат:

Жүзімізге күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жана жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

Али:

Жаңа жылмен, жаңа жылмен,

Құттықтаймыз, әрине.

Әкемізді, Анамызды,

Қонақтардың бәрін де!

Ән: «Шырша жыры» Хор.

Маржан:

Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Інжу.Ә.

Шыршамызда қаншама

Түрлі-түсті шырақтар,

Күлгін түсті тоқаштар.

Жарқыраған алтын бар

Әлішер.

Безендіріп шыршаны,

Жыл қуантты баршаны

Той-маскарад басталды,

Аяз оны басқарды.

Нұрасыл.

Киінді ұл мен қыз

Аң болып, жан болып

Танымай тұрсын деп,

Досымыз таң болып

Ән: «Кір қуыршақ» қыздардың орындауында.

Би: « Новый год»

Мадина.

Ақ қырауға малынған

Сақалы да, мұрты да

Аяз ата сағынған,

Сәлем берді жұртына

Айбар.

Жаңа жылға сәніміз

Біздің айтар әніміз

Келдің бе аман алыстан

Сәлем, Аяз атамыз.

Інжу.Б.

Шыршамыз да керемет,

Ойыншықтар тағылған

Алыс жақтан келіп тұр,

Аяз ата сағынған.

Ерсәт.

Кезектесіп балалар,

Тақпақ айтып береміз

Сұрақ қойса Ақшақар,

Ойланып жауап береміз

Ән: «Қошақаным» Інжу мен Маржанның орындауында

Ән: «Сұр қоян» Хор.



Әділжан.

Жаңа жылда жаңаша,

Тақпақ айтамыз

Болсын риза балаша,

Аппақ Аяз атамыз.

Айжан.

Аралайды бақшаны

Үзілмейді жақсы әні

Гүлденеді бақшалар,

Жауса, жаусын Ақшақар

Жігер.

Жаңа жыл, жаңа жыл,

Сені күтіп елеңдеп

Өзіңменен ілесіп,

Аяз ата келер деп.

Ән: «Ойыншықтар» Бақтығали Қасиеттің орындауында

Руфина.

Той мереке, салтанат

Думандатты шартарап,

Келді, міне Жаңа жыл,

Тартуларын арқалап.

Нұрислам.

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады қатады,

Жылтырап жатады.

Айару.

Тілеймін мен бар әлемге,

Дос көп болсын жаңа жыл,

Ата, әже, әке, шеше

Құтты болсын Жаңа жыл.

Ақбота.

Жаңа жылым жол болсын,

Басқан қадам оң болсын

Төрле, төрле жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын.

Амир.

Жаңа жыл, Жаңа жыл,

Сені күттім елеңдеп

Өзіңменен ілесіп,

Аяз ата келер деп.

« Шырша» әні

Би: «Буратино» бишілердің орындауында.

Жүргізуші:

-Балалар, жаңа жыл болса келіп қалды, біздің қоштасатын тауық жылымыз қайда? Ортаға ескі жылымызды шақырайық!

Ескі жыл- Айару.

Сау болыңдар, балалар,

Келешегі халқымның.

Ашық болсын аспаның,

Аман болсын жас-кәрің.

Жүргізуші:

-Шынымен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр. Олай болса, сау болыңыз! Біз сізге ризамыз! Ортаға Жаңа мешін жылын қарсы алайық!

Жаңа жыл- Қасиет.

Мен- Жаңа жылмын,

Мен жаңа нұрмын

Нұрымды да себейін,

Жырымды да төгейін.

Ата-аналармен ойын: «Байпақ»,

« Орындықпен ойналатын ойын» .

Аяз ата:

-Жарайсыңдар, балаларым, Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлығың да ақылды, білімді екенсіңдер. Солай емес пе қызым? Біздің сендерге арнаған сыйлығымыз бар. Соны қабыл алыңдар!

(Сыйлық таратылады)

-Балалар, біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал біз енді жолға шығайық. Тағы да баратын жерлеріміз бар. Қош болыңдар!

Жүргізуші:

-Құрметті қонақтар, балалар! 2018-шы жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын!









































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.11.2018
838
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12