400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік "Қош келдің, əз Наурыз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз мейрамы ежелгі заманнан өалыптасқан жыл бастау мейрамы. Біз бұл мейрамды ерекше күтеміз. Бұл мерекелік іс -шарада биде, əнде ,тосын сида, қыз ұзату, бет ашар, ұлттық ойындар бəрін алуына брлады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қош келдің, Әз Наурыз!

Тәрбиеші: Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт, қуаныш, сыйласын!
Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар. Ұлыс күндеріңіз құтты болсын!

Ал, енді, «тойдың көркі - ән», - дейді халқымыз. Сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Ән: Хор «Наурыз әні»

Жүргізуші:

Рахмет, жарайсыңдар, балалар!

Кең болсын қазағымның керегесі,

Кетпесін Алла берген берекесі,

Алаштың баласына нәсіп болған,

Құтты болсын Наурыз мерекесі! дей отырып ортаға

Қазақ биі: Айша, Айсана, С Інжу, Дана, Балауса.


Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Өте тамаша. ал енді, тақпақтарымызбен мерекемізді жалғастырайық.
Айша

Наурызбен құттықтап,

Алыс жақын қаутышты.

Көктемдегі жарқын сәт,

Көңілдерге ауысты

Айсана

Жылдың басы Наурыз,

Жердің басы Наурыз.

Мерекеге арналсын

Бүгінгі жыр- әніміз.

С. Інжу

Наурыз тойы — салтанат,

Наурыз тойы — мархабат.

Әр жүректен ән тарап,

Шаттанады шартарап.

Дана

Наурыз әлем, наурыз құс,

Сұлу дала, сағым түз.

Самғай ұшқан қарылғаш,

Аққу қаздар мамық төс.

Балауса

Той думанға келіңіз,

Тамашалап көріңіз,

Ән айтайық бәріміз,

Қол соғайық бәріміз!


Жүргізуші:

Жарайсыңдар қыздар, рахмет!

Наурыз тойым, Наурыз тойым.
Құтты болсың халайық!
Қане, достар, қане, достар,
Шырқап әнге салайық.

Ән: Құтты болсын әз Наурыз


Жүргізуші:

Өнерлі, өршіл өренді
Халық жақсы көреді.
Мың бұралған бишіге
Енді кезек келеді

Павлин биі

Аянат, Қымбат, Айзере, Жанел, З. Інжу.


Жүргізуші: Жарайсыңдар қыздар! Ал енді, тақпақтарымызды айтайық.

Аянат

Қыс өтіп, қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп,

Шаруаның кенелген

Мейрамы ежелден –

Құтты болсын, Наурыз!

Қымбат

Наурыз тойы — тамаша,

Наурыз тойы — жаңаша.

Табиғат та тамаша,

Тамылжып тұр жараса.

Айзере

Наурыз жауын, наурыз сән,

Әсем әуен, сазды ән.

Қыз бозбала қыдырған,

Жаcыл желек, көк аспан.

Жанел

Наурыз келді - жыл келді

Тірілтуге гүлдерді.

Сәнденеді аналар

Сәбилермен бірге енді.

З. Інжу

Наурыз келді сан құрып

Жасарып жаңғырып

Құлпырды жер мен көк

Мейрім таң күліп.

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар!


Жүргізуші:Той дегенде көпшілігіміздің құлағымыз елең ете қалады. Қызды өз үйінен ұзатып салу ата – ана үшін өте үлкен бақыт. Жолаушы мұраты – жету, Қыз мұраты кету екенін ұғынғанымызбен бауыр етін жұлып алғандай етіп қызын өзге жұртқа аттандыру кімге болсада оңай емес екен. Дегенмен, теңін тауып, көңіл жарастырып, біздің, яғни ата – анасының, туған туыстарының ризашылығымен кетіп бара жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Ендеше қызымызды ортаға шығырып шығарып салайық.


Райхан апай: Қыздың шешесін шақырады (Енесі келін кел қызыңмен қоштас бұл өмірдің заңы) деп дауыстайды.

Шешесі жылап қоштасып қалады.


Жүргізуші:

Кеше ғана жүргендейсің балапандай бүлдіршін,

Білім алып, бой жетіп, ой түзедің.

Қанатың қатып, ұшып кеттің ұяңнан,

Қимастықтан ауырды менің жүрегім.

«Қыз - өрісің», «жат жұрттық» деген сөз бар,

Теңіңді таптың жүректен шыққан тілек бар.

Ақылды бол, еркелікті қоярсың,

Бір отаудың келіні сен боларсың.

Енеңді - анам, атаңды - әкем деп ойла,

Барған жерің - өз жұртыңдай сен сыйла.

Сонда ғана жағарсың сен еліңе,

Кір келтірме өзіңнің туған жеріңе

Құдай қосқан қосағыңмен қоса ағар,

Кешірімді, кішіпейіл болыңдар.

Аналық жүректен шыққан ақ тілегім,

«Қабыл болсын» деп Алладан тіледім.

Бір Алла тіл-көзден өзі сақтасын,

Жолдарың ақ, түзу болып басталсын.

Екі жасқа арналған осы ақ тілек,

Періштенің құлағына шалынсын. 


(Қызды екі жеңгесі алып кетті)

Жүргізуші:

Әнімде саған биім де

Құт қонақ өзің үйімде.

Қуаныш силап еліме,

Күлімде , Наурыз, күлімде. Ортаға Інжу қызымызды шақырамыз.

Хорезм биі: Інжу


Наурызым - тойлы нұрлы күн,

Мерейің асып тұр бүгін.

Жерімнің жүзін жылыттың,

Елімнің сақта бірлігін!

Жүргізуші:

Наурыз тойың, наурыз тойың

Құтты болсын халайық

Жыр мен күйлер төгілсін,

Шырқап әнге салайық келесі кезекте

Ән: «Наурыз көктем»


Самғат: Алақай сүйінші келіншек келатыр.

Әжесі: Қуанып күттіп алады. Адыраспандап келіннің бетін ашуын сұрайды. Музыкамен келіннің бетін ашады.

Енесі қуанып той жүргізушіге жақсы би болсын деп шақыртады.

Жүргізуші:              

Оу, халайық, халайық,

Биге  көңіл салайық.

Наурыз тойын көңілді

Бірге қарсы алайық!


Батыр биі: Мухаммед, Арсен, Вали, Абылай, Заңғар, Самғат, Нурис, Бекарыс.

                               

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Ал енді, тақпақтарымызды айтайық.

Мухаммед

Наурыз көктем, наурыз жыр,

Ана мейрім, шуақ нұр.

Жан иесін жаңартқан,

Аққан бұлақ, нәзік сыр.

Арсен

Уа, ағайын халайық,

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтын

Наурыз тойы бастайық!

Абдували

Жылдың басы Наурыз,

Жердің басы Наурыз.

Мерекеге арналсын

Бүгінгі жыр- әніміз.

Абылай

Наурыз тойым, Наурыз тойым.

Құтты болсың халайық!

Қане, достар, қане, достар,

Шырқап әнге салайық.

Заңғар

Көктем келді, балақай,

Жасарды жер, алақай.

Наурыз тойын тойлайық,

Әсем әнге салайық.

Самғат

Наурыз келді алақай,

Кел билейік балақай,

Бізде қарап тұрмайық,

Тойға шашу шашайық!

Нурислам

Наурыз келді, нұр келді,

Түгел аймақ түрленді.

Бақшадағы апайлар

Тойға әзір боп үлгерді.

Бекарыс

Наурызым армысың

Ата – бабам тойлаған

Нарызымыз армысың

Қызығына тоймаған

Жүргізуші:

Ақ білім жастарда

Сөз беремін жастарға

Бишілерде өнер көп

Билейді биді мәнерлеп ендеше ортамызға

Өзбек биі


Өзбек биі: Ернур, Бақытжан, Батырхан, С. Інжу, З. Інжу, Кәусар

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Ал енді, тақпақтарымызды айтайық.

Ернұр

Жыл басы – Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды!

Батырхан

Наурыз келдi елiме,

Наурыз келдi жерiме.

Байлық, бақыт тiлеймiн,

Бүкiл қазақ елiне.



Бақытжан

Наурыз тойы - елдің тойы,

Көктем тойы - төлдің тойы.

Ән айтатын күні бойы

Жақсы көрем Наурыз тойын!

Кәусар

Ақ қар кетіп қыс өтіп,

Шырайлы шуақ жаз жетіп.

Шаруаның ұлы кенелген.

Күн мейрамы ежелден –

Құтты болсың бұл Наурыз!


Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар енді ұлттық ойын ойнаймыз ойынның аты арқан тартыс.
«Арқан тарту»
Ойынның ережесі:
Арқан тарту. Алаң ортасына көлденең сызық сызылады. Ойынға екі ұшы тұзақтап байланған ұзын жіп немесе арқан керек. Ойынға қатысушылар өз топтарымен бірге екі жақтан арқанды белге салып өз жағына қарай тартады. Ортадағы көлденең сызықтан қай топ бұрын сүйреп өткізсе, солар жеңіске жетеді.

Жүргізуші; Наурыз құтты болсын!

Деніміз сау, мықты болсын!

Барлық халық бақытты болсын,

Қош сау болыңыздар қалайық!

Көріскенше күн жарық болсын!

Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз.

Көжеден дәм татыңыздар.
























Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан облысы



Сарағаш қаласы

«Дәмелі – Шыңғыс» бөбекжай балабақшасы



Келісемін: Бекітемін:

Әдіскер: Меңгеруші:

_______ _________







Даярлық тобының тәрбиешісі: Алдадосова Гулмира


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 мамыр
668
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі