Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертеңгілік "Құтты болсын Жаңа жыл!"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Құтты болсын, Жаңа жыл!»
Мақсаты:
балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Доныздың карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Қатысушылар: Жүргізуші, Аязата, Ақшақар,Ит, Доныз, балалар, ата - аналар..
Музыка ойнап тұрады.
Жүргізуші: (жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады) Тезірек, тездетіп мында жиналыңдар. Басталады Жаңа жылдық карнавал, маска да бар, би де бар, асығындар, шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аязата шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады, басталады, жаңажылдық карнавал! Карнавалдың иелерін қарсы алайық! (қол шапалақтау, балалар екі - екіден кіреді)
Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата - аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіндер. Мына жерде орман аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
Жүргізуші: Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.
Ән: «Шырша жыры»
Жүргізуші:
Балалар, ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша!
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып береді екен?
Айзере:

Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншығын балалар,
Шыршаға әсем іліпті.
Еркежан:

Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.

Даниял:
Жаңа жыл, жаңа жыл,
Қош келдің тағыда.
Дайындап жаңа жыр.
Біз күттік тағыда.

Ө.Айсултан:

Наша елка высока

Наша елка велика

Выше мамы, выше папы

Достает до потолка

Д.Айару:

Жасыл шырша, қош келіпсің,

Сені күтіп жүрдік біз.

Көркейсін деп сенің жүзің,

Ойыншықтар ілдік біз.

Нигара:

Наступает Новый год!

Что же он нам принесет

Много сладостей ,тепла

Счастья, радости сполна

Шамиль:

Белый снег летит, летит

Замело дороги

Новый год уже в пути

Ждать –уже совсем немного

Би: Гном биі

Жүргізуші: Жарайсындар, қандай жақсы тақпақтар , қандай жақсы би (шыршаның жанына жақындап келіп) бәрекелді.

Жүргізуші: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, ата - аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетпейді?
Балалар: Аязата, Ақшақар.
Жүргізуші: Кәне, онда Аязатаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.
Балалар: Аязата, Аязата (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да,Ит кіріп келеді.)
Жүргізуші: Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аязатаны шақырып едік қой?!
Ит:Мен Итпін,ескі жылмың. Ал, мені мерекеге неге шақырмайсындар? Мен сендерге реңжіп қалдым.

Жүргізуші: Сен бізге реңжіме ,бізбен бірге Жаңа жылды қарсал.

Ит: Жарайды, онда балалар кәне бәріміз бірге Аязата мен Ақшақарды шақырайық!

Балалар: Аязата, Аязата (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да алыстан Аязатаның дауысы естіледі.
Жүргізуші: Аязата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық!
Балалар: Аязата, Ақшақар!
Аязата: Сәлематсыңдар ма, балалар!
Күнтізбеде қалыпты жалғыз ғана бір парақ,
Дайындалдым жыл бойы,
Жолға шығар келді уақ!
Шақырымды жүздеген
Басып өту мен үшін
Жаңа жылдың түнінде
Жасыл шырша түбінде.
Кездессем деп сендермен,
Тарасам екен сыйлықтар,
Одан асқан не сый бар.
Қуаныш сыйлау балаға
Одан зор бақыт бола ма!
Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!
Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!
Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)
Балалар: Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат.(қолдарын шапалақтатады) Шырша жарқырайды.

Итті шақырып, «Арам-зам-зам» биін билеп шығарып салады.
Аязата: Балалар, менің қарша қызым қайда жұр екен, кім тауып береді екен маған?
К.Айлин

Аппақ тоңға оранып

Базарлықты мол алып,

Келді алыс сапардан.

Аяз Ата оралып
Нурали:

Кел билейік сенімен,
Деймін тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар.
Адамдардың демімен.
Дарина:

Міне тағы келіп тұр,
Жаңа бір жыл балалар.
Жадыратып жер үстін
Төрімізге ол шыққан.

Айбике:
Жаңа жыл, жаңа жыл,
Қош келдің тағыда.
Дайындап жаңа жыр.
Біз күттік тағыда.

Шернияз:
Дед Мороз идет на праздник

Красной шубе в валенках,

Он несет собой подарки:

Для детишек маленьких

Алинур:
Жүзімізге күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз.

Гульниса:

Мы волшебный праздник этот

Ожидали целый год

И желаний много разных

Загадали наперед

Би: Құыршақ биі
Аязата:
Бәрекелді, бәрекелді. Менің Ақшақарым қазір келіп қалар, мынадай тақпақтар дан кейін кідірмес.

Жүргізуші: Аязата, қане бәріміз бірге шақырайық.
Балалар: Ақшақар! (музыкамен Ақшақар кіреді)
Ақшақар: Сәлеметсыңдар ма, балалар! Орманды көктей өтіп жеттім - ау сендерге. Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Мен білемін бір ойын:
Үйретейін сендерге
Мен бастайын, ал, сендер аяқтаңдар ойынды. Хормен жауап айтыңдар! Қарға мүлгіп дала тұр, келе жатыр....
Балалар: Жаңа жыл!
Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты білсең атын тез ата, келеді бізге.....
Балалар: Аязата!
Ақшақар: Шырша бүгін кәделі! Сендер әрі....
Балалар: Әдемі!
Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ, ойын – күлкі таралсын.
Құтты болсын....
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)
Жаңа жыл келеді.
Жаңа жыл:
Кім десендер, мен жаңа жылмын, Доңызбын. Мен әкелген жаңа жыл сендерге үлкен табыс, денсаулық ала келсін.

Жаңа жыл ойын ойнатады.

Ойын: «Сыйлықты кім бірінші алады»

Ән: «Ақшақар»

Би: «Танец поросят»

Аязата: Бәрекелді, ал, енді балалар тақпақтарын айтып берсін.
Ануар:
Бізді байтақ далада,
Асқар тауда қалада.
Биыл ғажап іс болды,
Таң ғажайып қыс болды.
Сания:

Жаңа жылмен, жаңа жылмен,
Құттықтаймыз әрине.
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрін де!

Р.Айсултан:
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл.
Қызыл ала шапаны,
Сағындым Аязатаны.
Аружан:
Далада қар борайды,,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады,
Жып - жылтыр боп жатады.
Сумая:
Қыс келді, Қыс келді.
Ақтарып ақ қарды.
Қызыл ала шапаны
Сағындым Аязатаны.

Нұрасыл:

Қуантып елді,
Жаңа жыл келді.
Өсетін болдым,
Бір жасқа енді

Әкімбек:

Аяз ата келді,
Тамашаны көрді.
Риза болып қуанып,
Бізге сыйлық берді

Алихан:

Лишь часы пробьют 12

Закружиться белый снег

Начинают исполняться

Вдруг желания у всех

С.Айару:

Жүзімізде күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

Айша:

Жаңа жылым жол болсын,

Басқан қадам оң болсың

Төрлет,төрлет жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсың!

Жүргізуші: Кәне, балалар, бәріміз әнімізді жақсылап айтып жіберейік, Аязатамызбен Ақшақарымызбен, Жаңа жыл бар, Клоун бәріміз!
Ән: «В лесу родилась елочка»

Би: Балалардың бәрі билейді.

Аязата мен Ақшақар сыйлықтар таратады.
Ақшақар: Мінекей, балалар, сендермен қоштасатын да кез келді.
Сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер.
Аязата:
Жаңа жылда, балалар, тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан, мықты болу өзіңнен.
Ақшақар:
Жаңа жылда, балалар, тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық қастарыңда болмасын.
Сау болыңдар, балалар
!















































«Келісілді»

МКҚК «№97 б/балабақшасы»

Әдіскері:














Тақырыбы :



Құтты болсын, Жаңа жыл!»










Орындаған: «Бүлдіршін» ортаңғы топтың тәрбиешісі Шермаль С.В



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.01.2019
239
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12