жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ертеңгілік сценариі
Бақшамен де қоштасатын сәт келді!
Жүргізуші: Қымбатты ата – аналар, балабақша қызметкерлері! Біз бүгін бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Олай болса 2019 жылдың түлектерін қарсы алыңыздар!
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,
Мұндай күй болған шығар қаншаңызда,
Қол соғып, қошеметпен шақырайық
Балдырған бүлдіршін түлектерді
Балалар вальспен әуен залына кіреді Би: «Вальс»
Жүргізуші: Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді бастайық.
Жүздерінен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тақпақтар: Айбиби, Алихан,Асия,Назым, Ильхан
Қуанышымыз
біздің мол, Назым Қиынсынып қашпаймыз, Шынығамыз жастай біз. Көңілді әуен сазымен, Жаттауларды бастаймыз. Мәпелеген анамыз, Бақша болды панамыз. Мектепке енді барамыз Оқып білім аламыз. |
Балабақша
есігін Жұбанғаным есімде. |
асия Тәрбие берген ұямыз, Тәртіпті бала боламыз. Қоштасып балабақшамен, Мектепке кетіп барамыз.
Ильхан Сен үйреттің сөйлеуді, Сенде ойым есейді. Мектепке барам мен енді, Бала бақшам қош енді. Жеті жасқа толамыз, Әдепті бала боламыз. Қуантып ата – ананы Мектепке кетіп барамыз. |
Ән: «Біз мектепке барамыз»
Залға әуенмен корреспондент жүгіріп кіреді.
(Мойнында камера, фотоаппарат,қолында микрофон). Корреспондент жан жаққа қарап фотоаппаратпен суретке түсіреді.
Корреспондент: Сәлеметсіңдер ме балалар, армысыздар қонақтар.Мені сіздер таныдыңыздар ма??? Мен атақты ............
Корреспондент: Өте қызықты интервью шықты. Рахмет, балалар. Ал енді естелікке бір сурет. Кәне түсіремін. Күлеміз. Мен қазір суреттерді шығарып келейін.
Жүгіріп шығып кетеді.
Жүргізуші: Міне балалар бойларың да ойларың да өсті. Енді сендерді алда өмірдің тағы бір белесі күтіп тұр. Ол – мектеп ана. Бүгін біз мектепке пойызбен барамыз. Сапарларың сәтті болсын!
Жүргізуші: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! «Балалық шақ – Сәлем мектеп» бағыты бойынша №1 жүрдек пойызына отырғызу басталды. Сақ болыңыздар!
Ән «Балалық»
Жүргізуші:Қымбатты түлектеріміз, міне, сендер үлкейіп, бойларың өсіп, мектепке барғалы отырысыңдар. Ең алғаш рет бақшаға келген кездерің естеріңде ме? Сол кезде кезде қандай болғандарынды еске түсерейік.Сендерді «Балалық шақ» бекетінен алыс жолға шығарып салу үшін, балдырғандар тобы құттықтауға келіп отыр.
(2 сәбилер тобының балалары)
Тақпақ Ән «Қуыршақ»
(түлектер балаларға сыйлық таратады, балдырғандар залдан шығып кетеді)
Жүргізуші:
Бөбек еді ол рас,
Кіп—кішкентай кешегі.
Бүгін міне адамзат,
Болды бәрі деседі.
Әріп танып,сурет салып,
Жаттықтырды қолдарын
Мектебіне шығарып сап,
Тілейін ақ жолдарын.
Жүргізуші:Сақ болыңыздар! №1 жүрдек пойызы 1«Ертегілер» бекетіне келіп тоқтады.
Тентек бала: Балалар ендер қайда барасыңдар?
Балалар: Мектепке
Тентек бала: Ааааа мектепке ме...... Мына рагатканы сендерге сыйға тартамын. Бұнымен сендер құстарды атасыңдар. Міне сендерге тапанша, осымен сен досыңды шошыт. Мен сендерге кнопка алып келдім, оны сендер отыратын орындыққа қойыңдар, сонда өте қызық болады.
Тексеруші: Балалар, сендерге осындай сыйлықтар керек пе?
Балалар: Жоқ
Тентек бала:: Мен өзімнің зиянкестер мектебімді ашамын, оған емтихансыз қабылдаймын. Кәне кім жазылады? Оқу тегін.
Жүргізуші: Онда балалар қандай ғылыммен танысады?
Тентек бала: Мен онда сағызды орындыққа жағуды, төбелеске, ренжісуге, өз ісіңді мойындамай басқа біреуге жаба салуға, көп сөйлеуге үйретемін.
Жүргізуші: Біздің балалар ондай мектепке бармайды. Олар нақты білім беретін мектепке барады. және олар осы балабақшада бәріне үйренді сонымен қатар санауды да үйренді. Сен тентек бала есеп шығара аласың ба?
Тентек бала: Әрине соны да айтасың ау, оп оңай 1+1 ???қанша еді??.
Жүргізуші: Кәне онда бізбен бірге ойын ойнаңыз. Ол ойынның аты «қызықты математика» деп аталады.
Ойын: «қызықты математика» (бала,ата-аналармен)
Тексеруші: Міне тентек бала көрдің бе сен бұны да істей алмадың. Ендігіде біздің пойызға осының бәрін үйренбей отырушы болма.
Тентек бала: Фу ууу ! Сендермен маған өте қызықсыз.
(Қолын бір сермеп, кетіп қалады)
Жүргізуші: Өтті қызық көп күндер,
Жеті жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер
Өсті ақыл, ойларың
Өсті міне бойларың
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың!
Тақпақтар: Нұрай, Эльнур, Жания, Дана, Айсұлтан
Айсұлтан Оқимыз білім аламыз, Болашақ жолын саламыз. Бақшамызбен қоштасып, Біз мектепке барамыз. Эльнур Тәрбие берген бақшамыз Тәртіпті бала боламыз Алда үлкен белес бар Сүрінбей өтіп барамыз. |
Балабақша
базарлы үй |
Жания Мектепке енді барамыз Біз оқушы боламыз. Жақсы оқып сабақты, Кілең бестік аламыз. Дана Беріп тәлім тәрбие, Үйреттін ән биге. Балабақша балдәурен, Нұр сыйлайды әр үйге. Біз бақытты баламыз, Өсті оймен санамыз. Бақшамен біз қоштасып, Мектепке кетіп барамыз. |
Ән: «Ана тілім»
Жүргізуші: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! №1 пойыз 2«Ағылшын тілі» бекетіне келіп тоқтады.
Жүргізуші:Алдыңдағы балалар,
Мектепке кетіп барады
Тақпақ айтып бір – бірден
Қимай кетіп барады.
Тақпақтар: Меруерт, Тамерлан, Батырхан
Жүргізуші: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! №1 пойыз 3«Білім» бекетіне келіп тоқтады.
(Әуенмен Білім ханшайымы кіреді)
Білім ханшайымы: Армысыздар, жас достар!
Армысыңдар, ата – ана.
Болашаққа жол бастар,
Білім ханшайымы келді ортаңызға.
Білім деген ғажаптың,
Әліпбиін меңгерген.
Жүргізуші: Қош келдіңіз, Білім ханшайымы! Біздің балалар мектепке аттанғалы жатыр. Оларға сіздің білім кілтіңіз керек.
Білім ханшайымы:Сәлеметсіздер ме балалар.Жақсы!
Білім ханшайымы: Дыбыс дегеніміз не?
Балалар: Дыбысты біз естиміз, айтамыз
Білім ханшайымы: Дыбыстар айтылуына қарай нешеге бөлінеді?
Балалар: Дауысты дыбыстар, дауыссыз дыбыстар болып екіге бөлінеді.
Білім ханшайымы: Өте жақсы , балалар!
Балалар сендермен көңіл көтеріп ойын ойнайықшы
Ойын:«Цифрды танисың ба»
Ән«Осында біз өстік»
Жүргізуші:
Көңілді өскен баламыз,
Шарқатып әнге саламыз.
Тойымызға сән берер,
Би де билей аламыз
Би: «1-клашки»
Білім ханшайымы:Балалар сеңдер мектепке барғанда кешікпеулерің керек, ол үшін
жылдам әрі тез қозғауларың керек.Ортаға екі отбасын шақырамын.
Ойын: « Мектепке дайындалу»
(ортаға 2 отбасы шығады, әкесі шар үрлейді ,анасы гүл жинайды, бала куртка, кепка, рюкзак киеді, болған сон жүгіреді, кім бірінші келеді сол женімпаз болады)
Білім ханшайымы: Балалар, сендер өте өнерлі, білімді балаларсыңдар. Мен сендерге білім кілтін табыс етемін. (Әуенмен білім кілтін табыс етеді). Әрқашанда осындай білімді, тәрбиелі болуларына тілектеспін. Келесі кездескенше сау болыңдар!
(Әуенмен шығып кетеді)
Жүргізуші: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! №1 пойыз 3«Алғыс» бекетіне келіп тоқтады.
Бақшаны әркім анасындай,
Қастерлейді бағалап,
Өйткені ол баласындай,
Бізді өсірер аялап.
Мың алғыс сүйікті бақшамызға,
Мың алғыс сүйікті апайларға.
Тақпақтар: меруерт,Айлана, Іңкәр, Зарина, Мирас
Ұстаздардың
ұстазы,
Бізді
баптап қараған
|
Жазу
жазып үйреткен
|
Ауыра қалса бір жерің Тынымсыз шауып жүретін Гүлбаршын Борашовна Дәрігерге мың алғыс! Зарина: Томпиған тәтті бауырсақ Самса, палау, бешбармақ Бізге арнап пісірген Аспаздарға көп рахмет
|
Жүргізуші: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! №1 пойыз 4«Сәт сапар» бекетіне келіп тоқтады.
Қош бол әсем бақшамыз,
Қош бол құрбы – құрдастар.
Қош балалар бақшасы,
Алғаш ашқан есігің
Мен шалғайда жүрсемде.
Қадіріңді білермін.
Ән: «Ақ көгершін»
Жүргізуші: Дайындалыңыздар, сақ болыңыздар» №1 жүрдек пойызы бірінші жолдан соңғы 5«Мектеп» бекетіне жүріп кетті. Сіздерді мектеп директоры қарсы алады. Нургалиева Сауле Нургалиевна қарсы алады.
Балалар әуенмен шығып кетеді

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген