«Балбөбек»
тобының «Алтын
күз» ертеңгілігіне
арналған
мерекелік
сценарийі
Балалар көңілді әуенмен
қолдарына жапырақ ұстап залға билеп кіреді,жарты шеңбер құрып
тұрады.
Жүргізуші: Сары жібек көйлегін
желбіретіп,
Жапырағын ағаштың
селдіретіп.
Тойға бөлеп елімді күзім
келді,
Нұр тамшысын аспанның
мөлдіретіп.
Сәлеметсіздер ме құрметті
қонақтар! Бүгінгі берекелі де, ырысты алтын күз құрметіне
арналған «Алтын
күзатты ертеңгілігімізге қош
келіпсіздер! Көтеріңкі көңіл күймен ертеңгілігімізді бастауға
рұқсат етіңіздер!
Ән: «Күзгі
жел»
Жүргізуші: Күзгі күнгі
қонақты
Шақыралық
бақшаға.
Күтеміз сені
Алтын Күз,
Бізге келгін, келгін тез.
Олай болса бәріміз сүйікті күзіміз
жайлы тақпақтарымызды
айтайық.
Тақпақтар:
(Балалар орындарына
отырады. Әуенмен Күз кіреді).
Күз: Сәлеметсіңдер ме менің кішкентай достарым.
Сендермен қайта қауышқаныма өте қуаныштымын!
Алтын күзбін әрленген
Басымды ием бәріңе
Көптен еді арманым
Көріссем деп сендермен
Мені күтіп пе едіңдер
Әсемдігін беретін.
Жүргізуші: Келгеніңе мың
алғыс
Күттік сені
асығып.
Әніміз де
өзіңсің
Сәніміз де
өзіңсің
Дайын саған
сыйымыз.
Күз: Балалар мен сендерге мына
сыйқырлы-қорапшаны дайындадым.
Жол-жөнекей ешнарсесін
жоғалтып алмас үшін оны құлыптап қойдым. Жәй ғана сөзбен
емес,сиқырлы сөзбен құлыптадым.
Ол сөздерді ұмытып қалмас үшін
5 қайың ағашының жапырағына жазған болатынмын. Қырсық шалғаны бар
ма?Сендерге қарай асығамын деп алдымнан қатты жел соғып,жаңағы
жапырақтарымның 3 еуі күзгі орманда ұшып кетті. Сиқырлы сөздерімсіз
мен бұл қорапшаны мүлдем аша алмаймын. Қалай болар
екен?
Балалар: Күзгі жапырақтарды табуымыз
керек
Күз:Сендер маған көмектесесіңдер
ме?
Балалар:Әрине
Күз:Тіпті жақсы
болды!
(Тыңдайды)
Тс-с
Құлақ салыңдаршы,біреу келе
жатқан секілді!
(Әуенмен Орманшы
кіреді)
Орманшы: Мен қарт
Орманшы
Орманым менің қорғаным
Ағашын да қырқамын
Барлығы менің достарым
(Балалардың жауабы)
Күз:Армысыз,Орманшы!
Біз балалармен бірге менің
қорапшамды ашатын сиқырлы сөздері бар жапырақтарды іздеп жүрміз.
Жел тұрып,орманда шашылып қалып еді. Енді бізге орманға бару
керек…
Орманшы:Мен осы жаққа келе жатып
жолдан сиқырлы сөздері жазылған жапырақты тауып
алдым.
Көмегім болар балалар,
Алайда ескертуім бар
Орманға барар жолда
Көп
кедергі тап болар
Бірақ біріксек жеңеміз!
Балалар:Ия!
Жүргізуші: Орманшы атай бізде сол
жапырақтарды іздеуге шығып едік. Өзіңді жолықтырғанымыз дұрыс
болды.
Орманшы:Онда жолға
шықтық!О-о-ой,балалар!
Алдымыз толған шалшық
су,
Қалай өтерміз бұл
кедергіден?
Жүргізуші: Орманшы атай сен еш уайымдама
бізге қыздарымыз көмектесетін болады.
Би: «Шалшық
су»
Орманшы: Жарайсыңдар балақайлар!
Сендердің арқаларыңда кедергіден де өттік.
Күз: Күзгі орманға да келдік. Күзгі жапырақтарды қалай
тапсақ екен?
Орманшы: Мен
біреуін тағыда тапқан
сияқтымын. Алайда
менің сендерге шартым
бар.
Менің тапсырмамды орындасаңдар жапырақтарыңды
аласыңдар.
Күз: Орманшының тапсырмасын орындай аламыз
ба,балалар?
Балалар:Ия
Орманшы:Міне менің тапсырмам,тез әрі шапшаң ойлайтындар
үшін. Кішкентай қиындылардан жапырақ құрастыру керек. Оны біз түрлі
ағаш жапырақтарынан құрастыратын боламыз.
Ойын:«Жапырақ құрастыру»
(пазлы)
Орманшы:Жарайсыңдар,тапсырмамды жақсы
орындадыңдар. Міне сендердің жапырақтарың.
Күз: Балалар, енді соңғы жапырақты
табуымыз қажет.
Ән: «Күн суытты
далада»
Жалмауыз
Кемпір:Өздерің тіпті өнерлі
екенсіңдер. Әбден көңілімді көтердіңдер. Орманшы,балақайлардың тағы
бір жапырағын бере қойшы. Олар осыған әбден лайық.
(Орманшы төртінші жапырақты
береді.)
Жалмауыз Кемпір:Менің қайтар уақытым да жақындады. Үйіме барайын.
Сау болыңдар,балақайлар.
(Әуенмен Жалмауыз Кемпір шығып
кетеді)
Күз:Балалар,бізде төрт жапырақ бар,енді соңғысын
іздесек болды.Қане Орманшы,бізге келесі тарсырмаңды
бер.
Орманшы: Менің сендермен билегім
келіп тұр. Бәріміз бірге көңілді би
билейік.
Би: «Көңілді
би»
Орманшы:Жарайсыңдар. Менің бар
тапсырмамды орындап шықтыңдар. Міне,сендердің соңғы жапырақтарың .
Күз жапырақтарын береді.
Менің де қайтатын уақытым
болды. Тағы да сендерді қонақ болуға күтемін.
(Әуенмен Орманшы шығып
кетеді).
Күз:Жапырақтарымыздың бәрі де
түгел.
Енді сиқырлы сөзді оқысақ менің қобдишамды аша
аламыз. Қобдиша ашылу үшін
бәріміз бірге
сиқырлы сөзді айтайықшы.
Қолымызды қояйық
Кішкене ғана бұрайық
Енді бірге айталық
.................................Қобдиша енді ашылсын
(Әуен ойналады,Күз қобдишаны
ашады)
Күз:Біздің қобдишамыз да ашылды. Ішінде сендерге
арналған сый бар.
(Күз қобдишаны жүргізушіге
береді)
Жүргізуші: Күз ханшайымы сен кетпес бұрын
балалардың әнін естіп кеткін.
Ән: «Келді міне алтын
күз»
Күз:Мен енді кетейін. Рақмет,
балалар. Қайта айналып көріскенше!
(Күз әуенмен шығып
кетеді)
Жүргізуші: Күздің кереметі, байлығы өте
көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге,
жеміс жидектерге толы болады. Бірақ осы байлыққа жету үшін көп
еңбек ету керек. Сондықтанда балалар сендер еңбекшіл болыңдар. Ал
сіздерге құрметті қонақтар отбасыларыңызға бақыт, береке тілей
отыра бүгінгі «Алтын күз» атты мерекелік ертеңгілігімізді
аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!