Материалдар / Ертеңгілік сценариі "Күзгі ғажайып оқиға"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ертеңгілік сценариі "Күзгі ғажайып оқиға"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мерекелік ертеңгілік сценарий, балабақша тәрбиешілеріне қажет материал. күзгі ғажайп оқиға, күз ертеңгілігінің сценарий
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2021
517
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Күзгі ғажайып оқиға» атты ертеңгілік сценарий

(Музыка әуенімен Бекжан мен Қарақат қол ұстасып залға билеп кіреді)

Қарақат:

Қарсы алайық бәріміз,

Жасымыз бен кәріміз.

Қырдан кепті қыдырып,

Алтын күз бізге нұр төгіп.

Бекжан:

Тілегім аман болсын ел іргесі,

Алтын күз қайта келді берекесі.

Молшылықтың жаршысы бола білді,

Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

Музыка балалар шығады.

Флешмоб: «Ягода малинка»

Жүргізуші шығады:

Жүргізуші:

Армысысдар халайық

Армысыздар қадірлі қонақтар! «Күзгі ғажайып оқиға» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Ән: «Алтын Күз» (Қызыл сары жапырақтар алтындай жарқырайды)

Жүргізуші:

Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - Бұл не, балалар? (Күз мезгілі)

(ендеше, күз мезгіліне арнаған өлең шумақтарымызды тыңдайық)

Айсултан:

Қуандырып біздерді,кел жемісті алтын күз.
Өлкемізге күз келді, кемелденсін халқымыз.    

Жеміс мол теретін, күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін, жомарт екен күз деген. 

Медина:

Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз
Жиып-теріп болған соң    

Той жасайды халқымыз,

Шахназар:

Жатыр дала жалтылдап,

Жаз шуағы мол құйды,
Күн астында алтын дән,

Тербеледі толқиды    

Асылай:
Ағаштардан жамырап, 
Ұшты кенет жапырақ. 
Ой, алақай, тамаша, 
Шашу шашты жапырақ!

Жүргізуші:

Бүгін бізде мереке жай ғана мереке емес сыйқырлы ғажайып алтын күз меркесі.

(музыка ойнайды ортаға Майя арасы (Айша) келеді)

Майя арасы (Айша):

Сәлем менің достарым,  Өмірге көп қосқаным,

 Күз сыйлығын алыңдар Сыйлығына қаныңдар

Молшылыққа кенеліп, Шаттық әнге салыңдар.

Жүргізуші:

Сәлем Майя Ара! сен қайдан келдің не үшін келдің жағдайыңды айта ғой.

Майя арасы (Айша):

Балалар мен сендерге келе жатып балымды жоғалтып алдым. – деп мұңаяды.

Жүргізуші:

Сен мұңайма біздің балалар шетінен өнерлі би билеп, ән айтып, көңіліңді көтереміз, бал ұясын балмен толтырып береміз.

Майя арасы (Айша):

Рахмет, менің достарым! Ал, мен сендерге тамаша ән ала келдім.

Жүргізуші:

Ара сен мұңайма мерекені бізбен бірге тойла.

Қане балалар тұрайқ Майя арасымен бірге ән шырқайық

Ән: «Топ-топ, хлоп-хлоп» Айша Қайратова

Жүргізуші:

Ал балалар олай болса бал ұясын балмен толтыруға дайынсыңдар ма? Балалар қараңдаршы мына бал ұясында балдың орнында бір жазбалар бар екен, қане ашып көрейік.

(жүргізуші 1 тапсырманы алып балаларға оқып береді)

Балалар бұл балға апаратын жолдардың тапсырмалары екен. Сендерге 1 ші тапсырма мұқият тыңдап отырыңдар!

1 – тапсырма. Жұмбақ:

Бұлттар төніп, жерге төгіліп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып, өңі тайып,

Дала нұры қашады.

Ойнай алмай

Денең мұздап тоңады. (Күз)

Дұрыс айтасыңдар бұл жұмбақтың шешімі күз. Олай болса күз мезгілінің ғажайып, әсем табиғатын тамашалайық.

Би: «Күзгі бояулар»

Айару:

Бірінші қыркүйек
Білімге бастады.
Мал мен аң жүр билеп,

Құс шарлап аспанды.



Даяна:

Жаңартқан ғаламды
Жаңбырлы ғажап ай
Осынау заманды
Орнатқан қазан ай.
Ж.Амина:

Мол байлық тергені
Шаттығы қаншалық.
Қарашы, өрледі
Қараша ән салып.

Жүргізуші:

Жарайсыңдар балалар! Күз мезгілінің 3 айы туралы білдік. Балалар, айтыңдаршы күзде гүлдер өседі ма?

Жоқ, дұрыс айтасыңдар, күзде гүлдер өспейді. Ал саңырауқұлақтар өседі ма?

Ия, дұрыс айтасыңдар, жарайсыңдар балалар. Олай болса бір сергіп ойын ойнасақ қалай қарайсыңдар?

Ойын: «Грибочки и грибники»

Шарты: қыздар саңырауқұлақтар, ал ұлдарсаңырауқұлақ терушілер. Әр қайсылары сөздерін айтып болған соң ұлдар қыздарды ұстап ортадағы себетке алып келеді.

(Ойын ойнайды)

Жүргізуші:

Дұрыс балалар, жарайсыңдар! Ал біз күзгі орман жайлы ән білеміз бе?

Олай болса бәріміз орнымыздан тұрып, тамаша әнімізді айтайық!

Ән: «Осень в лесу»

Жүргізуші:

Қыс мезгіліне қамданып, саңырауқұлақтарды жинап алдық.

Ал енді осы саңырауқұлақтардың биін тамашалайық

Би: «Саңырауқұлақтар»

Нұрислам:

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап.

Дарын:

Гүл жайнаған даланың,

Жапырағы солыпты.

Таңырқадым, қарадым,

Танымастай болыпты.

Қабылбек:

Қуандырып біздерді
Кел жемісті алтын күз
Өлкемізге күз келді
Кемелденсін халқымыз.

Әділ:

Көптен күткен күз келді
Жеміс жидек піседі
Жапырақтар сарғайып
Ағаштардан түседі

Сұңқар:

Жайдарлы күз, жомарт күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр.

Бейбарыс:

Кездескен сон күзімен,

 Бұтағынан үзілген.

 Ай жапырақ-сары алтын,

 Айналаның бәрі алтын

Амирлан:

Көбейді құт береке
Астық толы қамбамыз
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.

Жүргізуші:

Балалар қараңдаршы, мында тағы да тапсырма бар екен, ашып қарап көрейік. Балалар күз мезгілінің ерекшеліктерін естеріңе түсіріп,

Қане балалар күз мезгілінің табиғатының ерекшеліктерін айтып беріңдерші.

2- тапсырма(балалар бір бірден жауап береді. Жаңбыр жиі жауады, жапырақтар сарғаяды, жапырақтар жерге үзіліп түседі, күн суытады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, кейбір жануарлар қысқы ұйқыға дайындалады. Адамдар жміс жидектерді, көкөністерді жинап қыс мезгіліне дайындалады. Жылы киімдерін киеді.)

Жүргізуші:

Жарайсыңдар! Тамаша! Ал енді серігіп алайық

Сергіту сәті: БУГИ ВУГИ

Жүргізуші:

Жарайсыңдар балалар!

Балалар қараңдар! Бізде мында тағы бір тапсырма шығыпты. Ашып көрейік.

3 – тапсырма Жұмбақ:

Бұтадан бұтаға секірген

Кішкентай ғана шапшаң аң. (Тиін)

Дұрыс айтасыңдар балалар! Сендер өте ақылды әрі білімді екенсіңдер!

Балалар қалай ойлайсыңдар, тиіндар қыс мезгіліне дайындалады ма? Жақсы, жарайсыңдар! Олай болса тиіндардың дайындығын тамашалайық.

Би: «Тиіндар биі»

А.Айша:

Алтын күз, әсем айналам,
Қараймын көзім талғанша.
Жақын қалды желтоқсан,
Жабырқайды жапырақ.

А. Амина:

Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.

Мәриям:

Алтын, сары, қызыл, көк...
Алуан алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жапырақ.

Раяна:

Күзім-ау, күзім-ау!

Мінезің бұзық-ау  

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау! 

Е.Амина:

Жел тынымсыз гуілдеп,

Болып кетті тым бұзық.

Шуылдайды тал - терек,

Жапырағын жұлғызып.

Айлин:

Алқаптан бидайды

Қоймаға ел жинайды.

Тырнасы тізілген,

Ұнатам күзді мен.

Ш.Амина:

Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді

Жүргізуші:

Қандай тамаша! Жарайсыңдар! Қандай әдемі рахмет сендерге сұлу қыздар. Балалар сендер ән ді, тақпақты,өлеңді жақсы айтасыңдар ,ал ойын ойнағанды жақсы көресіңдер ме?

\Балалардың жауабы\

ОЙЫН «Түрлі – түсті жапырақтар» Залға 3 шеңбер қойылады (олар үлкен себет болады) балаларға түрлі – түсті жапырақтар беріледі. Музыкамен барлығы билейді, тоқтап қалғанда, әр бала қолындағы жапырақтың түсіне қарай өз шеңберіне барып тұрады. Кейін ойын қайталанады.

(ойын ойнайды)

Жүргізуші:

Қандай тамаша! Ойын ойнап серігіп қалдық. Балалар қане келесі тапсырманы орындауға дайынсыңдар ма?

4 – тапсырма Жұмбақ:

Қойының толы жеміске, көк майсалы еңісте.

Көбелек куып ойнайтын, қай мезгіл деп ойлайсың. (Жаз)

Олай болса жаз мезгіліне барып көрейік!

Ән: «Жаз» (жаз жадырап келгенде)

Жүргізуші:

Балалар қараңдаршы біз жаз мезгіліне келдік! Қандай тамаша! Гүлдердің иісі неткен керемет, ана жақтағы араларды қараңдар, гүлдерден бал жинап жүр. Майяарасы сен де бал ұясына бал жинап алсаң болады.

Слайд

(Майя арасы рахметін айтып бал жинауға кетеді)

Енді қайта күз мезгіліне оралатын уақыт келді. Ол үшін біз сендермен күз мезгілі жайлы мақал-мәтелдерді есімізге түсіруіміз керек.

(балалар бір-бірден тұрып мақал-мәтелдер айтады)

  1. Көктемгі әрекет, күзгі берекет.

  2. Күз әуені жаздан белгілі.

  3. Малдың төлін күзде сана.

  4. Күз – береке, байлықтың бастауы.

  5. Күз келсе - бақыт келер ырыспен.

(Сиқырлы әуен ойнайды)

Жүргізуші:

Жарайсыңдар балалар! Тамаша! Сендер өте ақылды балалар екенсіңдер. Ал енді Асылай, Ш. Амина, Айсултан, Қ. Айша, А.Амина есімді балаларымызда күз мезгіліне арналған індері айтып беруге ортаға шақырамын.

Ән: «Күзгі жауын»

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар «Күзгі ғажайып оқиға» – атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Келгендеріңізге көп рахмет! Сау болыңыздар!

















Мазмұны:


  1. Бекжан мен Қарақат тақпақ айтады

  2. Флешмоб «Ягода малинка»

  3. Жүргізуші шығады

  4. Ән: «Алтын Күз» (Қызыл сары жапырақтар алтындай жарқырайды)

  5. Тақпақтар

  6. Майа арасы келеді

  7. Ән: «Топ-топ, хлоп-хлоп» Айша Қайратова

  8. 770 ₸ - Сатып алу

    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!