Материалдар / Ертеңгілік сценарийі "Барлық жақсылық-балаларға"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ертеңгілік сценарийі "Барлық жақсылық-балаларға"

Материал туралы қысқаша түсінік
1 маусым -халықаралық балаларды қорғау күніне арналған "Барлық жақсылық-балаларға" атты ертеңгілік сценарийі " орта топ тәрбиешілеріне көмек ретінде ұсынылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2018
502
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Барлық жақсылық балаларға!»

1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне арналған «Бар жақсылық балаларға! » атты мерекелік қойылымның сценарийі.

Мереке «Алтын балық» ертегісінің желісінде өтеді.

(музыка ойналып тұрады, жұқа көк матадан теңіз жасалып, жәй қозғалып тұрады, теңізде алтын балық жүзіп жүреді)

Автор: Ерте, ерте, ертеде,

Ешкі құйрық келтеде.

Бір шал мен кемпір өмір сүріпті.

Кемпір бір күні шалына:

-Әй, шал, үйде тамақ та таусылды. Немерелеріміздің де мерекесі жақындап қалды. Сен барып теңізден балық аулап кел – дейді.

(Шал немересімен көк теңізге беттейді. Шал ауын олай салып, былай салып біраз әуреленеді. Ауға үлкен алтын балық түседі. Шал қуанып кетеді)

Шал: - Немерем - ау, маған көмектес, мына ауға балық түскен секілді.

Мынау жәй балық емес сияқты ғой! Немересі көмекке келеді, ауды тартып шығарады.

(Сол кезде ауға алтын балық ілігеді).

Балық: - О, аса құрметті Адам! мені босатшы, мен жай балық емеспін «Алтын балықпын» Мен үш тілегіңді орындайын!

Шал: (Таңырқап)- Е, сенейін бе, сенбейін бе? олай болса, «Бар жақсылық балаларға!» деген, мына немеремнің тілегін орындашы. Ал, балам тілегіңді айта ғой.

Немересі: -Күнде теледидардан көріп жүрген жануарлармен, яғни мультфильм кейіпкерлерімен бірге ойнап, билеп, ән айтып, көңіл көтергім келеді.

Балық: -Тілегің орындалады, адам!

(Осы кезде мультфильмдегі аңдар билеп ортаға шығады. Ал, бала болса сол аңдарды қызықтап жүреді. Аңдар билеп жатқанда ортаға «Аю мен Маша» мультфильміндегі тентек қыз Маша жүгіріп келеді, осы кезде аңдардың бәрі тығылып, қорқып отырып қалады.)

Шал: - Ей мыналарға не болды? Неге тығылып қалды?Балам сен қайда кеттің?

Немересі –Ата, бұл Маша ғой, Машадан барлық хайуанаттар қорқады. Бұл тентек қыз, аңдарды күнде қорлайды, ұрады.

Шал: - Ендеше, Алтын балық! Сен Машаны ақылды, өнерлі қылып көрсетші! Мына аңдармен достассын.



Балық: -Тілегің орындалады адам.

(Маша роліндегі Нұрмұхан Меруерттің орындауында « Атам мен әжем»әні)

Немересі: - Ата, мен де өлең оқып берейінші!

Шал: - Айт, айт балам, бүгін балалар мерекесі олар шаттанып, қуансын.

(Немере ролінде Тұрғанбай Санжар Ф.Оңғарсынованың «Балабақша жақсы ма, үй жақсы ма?» өлеңін оқиды.)

Шал: -Үшінші тілегім мына халықты құттықтайтын балаларға базарлық сыйлайтын адамды ортаға шақыршы. Сол қолыңнан келе ме?

Балық: -Әрине қолымнан келеді, тілегің орындалады адам!

(Осы кезде ортаға «Ромашка» балабақшасының меңгерушісі шығып, балаларды мерекесімен құттықтап, балаларға сыйлықтар таратады.)

Шал: - Алтын балық мен саған ризамын, менің немеремді, барлық балаларды қуанттың. Мен енді кемпіріме барып немеремді бір қуантқанымды айтайын, сау бол! Жолың болсын, мейірімді алтын балық! Бар жақсылықты балаларға жасағаның үшін мың алғыс!

Алтын балық: - Сау болың халайық! Аман болың бүлдіршіндер! Еліміз тыныш болсын! Бар жақсылық балаларға жасалсын!

(Музыка ойналады, балалар мен аңдар естелік суретке түседі)



-

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!