жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ертеңгілік сценарийі "Күз- берекем,күз-мерекем"
Алматы облысы Қапшағай қаласы «Ақдидар» балабақшасы
Тақырыбы: «Күз-берекем,күз-мерекем!»
Мақсаты: Күз кереметтері туралы даярлық балаларының түсініктерін қалыптастыру, эстетикалық талғамдарын ояту, сөйлеу тілдерін, қарым - қатынас дағдыларын қалыптастыру, топтық жұмыстарда ұйымшылдыққа, сахнада өздерін ұстай білуге,ойындар арқылы білімдерін шыңдап, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
\Зал іші әдемі безендірілген, көңілге жағар әдемі әуен, қонақтар. \
Көңілді әуенмен ортаға тиін кіреді.Қолында шишкалары мен дорбасында жаңғақтары бар.Ортада әдемі болып жайқалып өсіп тұрған саңырауқұлақтарды біртіндеп иіскеп тұрғанда, кенет орман ішінің ауа- райы алай-дүлей болып, найзағай күркіреп,жел аралас жауын басталып кетеді.Тиін не істерін білмей, қай жерден баспана табарын білмей сасып қалады. Сол кезде дауыл басылып, әдемі әуенмен, әсем көңілмен, алтындай жарқырап ортаға күз ханшайымы кіріп келеді.Тиіннің қасына келіп:
Күз ханшайымы:
Тиінжан, сен орманда не істеп жүрсің?Әбден тоңып қалыпсың?
Тиін:
Қайырлы күн ханшайым, мен сол қысқы азығымды әзірлейін деп, осындай жағдайға тап болдым.
Күз ханшайымы:
Бірақ ,тиінжан,сенің қасыңдағы жолдастарың қайда, неге мұнда жалғыз жүрсің?
Тиін:
Олардың барлығы,білім мен ән,өнер бар жерге кетті,мен өзімнің ақымақтығымнан қалып қойған едім,енді міне...(деп мұңайып қалады)
Күз ханшайымы:
Түсінікті,тиінжан, мұңайма, менімен ер, мен сені сондай өнерлі балалар бар жерге, бір сөзбен айтқанда ғажайыптар әлеміне апарамын.Ол үшін көзіңді бір сәтке жұм, менің сиқырлы сөздерімнің арқасында біз тиісті жерге барамыз.
Бір....екі....үш...
(Осы кезде тиін мен күз ханшайымы көздерін жұмып тұрғанда, әуен көңілді әуенге ауысып, ортаға әдемі киінген ұлдар мен қыздар кіреді.Тиін мен күз ханшайымы біздің қонағымыз болып ортада қалып қояды.Балалардың биіне, өлеңдеріне қол соғып,қолпаштап тұрады.)
Балалар билеп ортаға кіргеннен кейін, өлеңдерін айтып, орындарына отырады.
Жүргізуші: Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен
Таңдандырып халқын күз.
Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме, қадірлі
қонақтар! Бүгінгі берекелі де, ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.
Ал, балалар, балалар,
Енді бері қараңдар.
Бізге қонақ келіпті,
Сендерді бір көріпті.
Өнеріңді шаш қане,
Көңілді бол бүгінде,
Айтсын барып орманға.
Әрбір атқан таңдарда,
Өнерлі балалар бар екен,
«Айзере» атты тобында.
Күз ханшайымы: Қандай тамаша балалар, біздің қуанышымызда шек жоқ.Барлықтарың бізді асыға күткендерің көрініп тұр, сондай әдемісіңдер,сондай өнерлісіңдер.
Жүргізуші: Қайырлы таң, күз ханшайымы!Қайырлы таң Тиінжан! Сіздерді көргенімізге өте қуаныштымыз.Төрлетіңіздер!
Тиін: Қайырлы таң балалар, қонақтар! Бүгінгі мерекелерің құтты болсын! Мен де сіздерді көргеніме өте қуаныштымын.
Балалар: Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар!
Жүргізуші: Балалар, онда біз өнерімізді тақпақтарымыздан бастасақ қайтеді?
Күз ханшайымы: Балалар, менің сендерге біраз сұрақтар қойғым келіп тұр.Жауап бере аласыңдарма?
Балалар: ия
Күз ханшайымы:Қазір жылдың қай мезгілі,балалар? (Қазір жылдың күз мезгілі)
-Бәрекелді,ал күз мезгілі екенін қайдан білдіңдер балалар? (Күзде күн суытады, жауын көп жауады, құстар жылы жаққа ұшады, жапырақтар сарғайады.Жемістер мен көкөністер піседі, біз оқуға барамыз)
-Неткен ғажап, күз мезгілінің айларын атап бере аласыңдарма? (Қыркүйек, қазан,қараша)
Тиін: Балалар, сендер неткен ақылдысыңдар, менің де сұрағыма жауап бересіңдерме?
-Мен кіммін?(Тиін)
-Менің сүйікті тағамымды білесіңдерме? (ия, жаңғақ)
-Мен қайда мекен етемін? (Орманда, ағаштарда)
-Бәрекелді балалар, мен сендерге ризамын.Менің бар білейін дегенім осы болған, көп жерлерде мені танымай қалып жатады, рахмет балалар, маған жақсы көңіл-күй сыйладыңдар.Бірақ мен қазір орманыма қайтуым керек.Менің жылға жинаған азығымнан сендерге де тастап кетейін, мерекелерің біткен соң мені еске алып отырып жейсіңдер.
Жүргізуші: Рахмет сіздерге тиінжан.Орман тұрғындарына бізден жалынды сәлем айтыңыз.
Тиін: Сау болыңдар балалар!
Жүргізуші: Күз ханшайымы, сіз ортамызда қалып, өнерімізді ары қарай тамашалаңыз.
Тақпақтар:
1.Қуаныштың ағайын,
Қоңырауын қағайын,
Қуандырып біздерді ,
Өлкемізге күз келді.
Айнала сары ала,
Қырманға дән тола.
Жемістер пісіпті,
Қырманға түсіпті.
Ендеше не тұрыс,
Болмасын жан қалыс.
Тойлайық,күлейік.
Қуанып билейік!
2.
Қуандырып біздерді, кел жемісті алтын күн,
Өлкемізге күз келді, кемелденсін халқымыз.
Жеміс мол беретін,күз дос екен бізбенен,
Бәрін тауып беретін,жомарт екен күз деген. \Айсезім\
3.
Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып-теріп болған соң
Той жасайды халқымыз,
Мол өнімді жинаймыз,
Елге бәрін сыйлаймыз. \\Қ.Айша\\
4.Қыстың жақын қалғанын,жапырақтар білгендей,
Желмен ұшып барады, жерге қонып үлгермей.
Жапырақтар жамырап, сайға барып бекінді.
Анасынан ажырап,қалған бала секілді. \\Абылай\\
5.Жатыр дала жалтылдап, жаз шуағы мол құйды,
Күн астында алтын дән, тербеледі толқиды.
Көктемде егін егетін, күзде жиып беретін.
Біздің дала бай дала, алтын астық айнала. \\Нурила\\
6. Көк майсалы көрікті алқаптағы көп егін,
Бұл күндері келіпті, сары жібек көйлегін.
Ағаштардан жамырап, үшты кенет жапырақ,
Ой,алақай, тамаша! Шашу шашты жапырақ! \\Мадина\\
7. Тоңазып атырап, бар жеміс піседі,
Сарғайып жапырақ, саудырап түседі.
Аспанды сұрғылт бұлт, жан-жақты жабады,
Күн бірте суытып, жауын көп жауады. \\Медина\\
8. Кездескен соң күзімен,
Бұтағынан үзілді.
Ай жапырақ сары алтын.
Айналаның бәрі алтын. \\Тұран\\
Жүргізуші: Бәрекелді балалар, жарайсыңдар!
Арайланып әрбір таңымыз,
Арайланып әнмен сәніміз.
Әдемі көңіл-күймен,
Шырқатайық бәріміз! демекші, біздің топтың әдемі қыздарының орындауындағы әнді қабыл алыңыздар!
Ән: «Золотая осень» қыздардың орындауында.
Жүргізуші: Көрдіңізбе күз ханшайымы, біздің балалардың сізді, тіпті аяқтың дыбысы мен алақанның шапалағынан танып қоятынын?
Күз ханшайымы: Өте тамаша!
Жүргізуші: Бәрекелді балалар, мен сендерге қызықты бір ойын әзірлеп келдім.Ойнағыларың келеме?
Ойын: «Кім зерек?»
Мақсаты: Балаларды,тапқырлыққа,жылдамдыққа тәрбиелеу.Сандарды меңгерту.
Ойынның шарты: Ортаға 3 баланы шығару.Ағаштарда сандар жазылған алмаларды таңдап, үзіп алу. Сол алмада белгіленген санға сәйкес шашылып жатқан жемістер мен көкөністерді жинап себетке салу. Жемісі кем болған бала ортаға шығып өнерін көрсетеді.
Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар, келесі кезекті біздің ұлдардың биіне берейік.
Би: «Агенттер» ұлдардың орындауында
Тақпақтар:
9.Алтын нұрдай тамшылап, жапырақтар төгілді.
Біздің өмір таң шуақ, біздің өмір көңілді.
Біреу астық түсіріп, біреу бидай ұшырып.
Жатқан мезгіл күз екен, алдым соны түсініп. \\Салимжанов Ержігіт\\
10. Ой балалар, балалар,
Қоңырқай күз келіпті.
Қурап жапырақ солыпты.
Ел егінін орыпты,
Ойнайық та күлейік,
Мәз боп бірге жүрейік. \\Ернар\\
11.Сарғайды тоғай, сап -сары маңай,
Соңғы әнін айтып, құс кетті қайтып.
Жапырақ ұшты, суық та түсті.
Сонда да бізге, қызық көп күзде. \\Насихат\\
12.Күн суытып келеді, жапырақтар түседі,
Астық жеміс жиылды, қамбамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс, алдық өнім сыйыңды. \\Аңсар\\
13.Жаздай күткен бәріміз,
Сары алтын сары күз.
Көк аспаның мөлдіреп,
Алтын күнім елжіреп. \\Інжу\\
14.Наступила осень,
Пожелтел наш сад.
Листья на березе,
Золотом горят . \\Малика\\
15. .Листик красный, листик желтый,
А зеленых не видать,
Поменяли цвет листочки,
Стали дружно опадать. \\Адина\\
16.Ән салыңдар күліңдер,
Жайнап гұлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық.
Би билейік ойнайық. \\Жеңіс Ерасыл\\
Жүргізуші: Рахмет балалар! Балалар, сендерге жұмбақ жасырсам шешесіңдерме?
1.Ортасында қазығы,
Бұтағында азығы? Алма

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген