Материалдар / Ертеңгілік сценарийі "Мерекелеріңізбен, Аналар"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ертеңгілік сценарийі "Мерекелеріңізбен, Аналар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды аналарын, әжелерін, құрбыларын сыйлауға, құрметтеуге, әрдайым мерекелерімен құттықтауға, оларға ізеттілік білдіруге, шығармашылық құзыреттіліктерін, оның ішінде театрландырылған сахналық көрністерді қоюға баулу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2021
497
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мерекелеріңмен, Аналар!

Перде ашылады.

Гүлдер биі.

Ортаға мұңайған,ойланған кейіпте Аслан шығады.

Аслан: Бүгін 8-наурыз.Анама қандай сый жасасам екен?!

- Ой, қандай әдемі құмыра! Мүмкін мен анама осы құмыраны сыйласам ба екен?

(құмыраны көтеріп,сипап көреді)

Осы кезде құмыра ішінен Хотабыч шал шыға келеді.

Хотабыч: О, құрметті Аслан! Сәлеметсің бе? Сен мені мына қара түнектен шығардың.Мен осы құмыраның ішінде үш жүз жыл отырдым. Сен менәі құтқарушымсың әрі падишамсың! Қалаған тілегіңді айт, мен бәрінде орындаймын.

Аслан: Сәлеметсізбе? Сіз кімсіз? Сіз менің атымды қайдан білесіз?

Хотабыч: Мен сенің атыңды ғана емес анаңа қандай сыйлық жасасам екен деп ойлап жүргеніңді де білемін. Аслан сен уайымдама. Мен саған көмектесемін.Анаңа сыйлықты ертегілер әлемінен іздеп көрейік. Ендеше сиқыр жасайық.

Сиқырлы сөз.

Алдынан Белоснежка мен жеті гном шығады.

Жеті гном би билеп, тақпақтарын айтады.

Аймира:

Анашым бүгін сіздің мерекеңіз,

Тасысын тау суындай берекеңіз.

Тек қуаныш тілеймін өзіңізге,

Дейміз біз құтты болсын мерекеңіз!

Күн сыйлар едім күнге барар жол қайда?

Гүл сыйлар едім күз болғанда солай ма?

Бәрінен де ақ жүрекпен арналған

Ән сыйласам жыр сыйласам болмай ма?

Мансур:

Еркелесем, күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

Балапаным,күнім дейтін.


Арафат:

Келбетіңе ұлылық,

Даладай кең пейілім.

Ана деген жылылық,

Ана деген мейірім.

Сізге бүгін сый құрмет!

Маржан:

Теңдесі жоқ данасың,

Арқа тұтар панасың.

Еңбегіңді ақтаймын,

Аман болшы Анашым.

Ақнұр:

Ана десем алғыс алам халықтан,

Ана десем теңіз болам шалқыған.

Ана десем әділдікті ұғамын,

Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар.

Ана деген тіршіліктің тірегі.

Армысыздар қасиетті Аналар!

Қар еріді, күн жылынды.

Көктем келді Аналар,

Көктем гүліндей құлпырыңыздар!

Аслан: Сәлем Мая, қайда барасыңдар?

Мая: Сәлем Аслан. Қайда болушы еді, тәтті бал жинауға.

Биден соң (Аслан) Мая, аралар! Маған көмектесіңдер. Анама қандай сыйлық жасаймын?

Аралар:

Ыз,ыз,ыз,

Біз арамыз,арамыз.

Гүлдерден бал аламыз,

Әрине, бал сыйлау керек.

Мая: Менің ойымша, балдан артық сый жоқ.

Аслан: Кеңестеріңе рахмет. Мен басқа да ертегіге барып көрейін. Сау болыңдар!

(Хотабыч пен Асланның сиқырлы сөзі)

Буратино биі (Мальвина, Артемон,Пьеро)

Аслан: - Буратино, мен сенен көмек сұрап келдім. Айтшы, анама қандай сыйлық сыйласам болады?

Буратино (Бақберген):- Мен білемін, сен анаңның бақытты болғанын қалайсың, сондықтан мен саған бақыт кілтін ұсынамын. Сен оны анаңа сыйла. (Буратино Асланға кілт береді)

Аслан: Хотабыч, мен анама сыйлыққа айна,бал,кілт алдым бұдан басқа қандай сыйлық жасауға болады?

Арафат жүрек алып шығады.

Аслан: Тамаша, міне осы сыйлықты анама сыйлау керек.

Жүрек биі.

Аяна:

Мамам менің ақ мамам,

Бәрін маған сақтаған.

Әнін маған сақтаған,

Бәрін маған сақтаған.

Мамам менің ақ мамам,

Менсіз таңы атпаған.

Менсіз күні батпаған,

Мен ұйықтамай жатпаған

Мамам менің ақ мамам!

Диана:

Еркелесем күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

Құлыншағым, күнім дейтін.

Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып.

Мәпелеген ақ мамады,

Жүрсем деймін шаттандырып.

Бақберген:

Анам менің сүйіктім,

Тек өзіңе табынам.

Қасымда жүрсең биікпін,

Алыстасаң сағынам.

Анаң болса қасыңда,

Басқа бақыт не керек.

Аналардың жүрегі,

Мейірімді ғой керемет!

Хор: «Деревца не шумят»

Жұлдызай:

Мама, мама, мамочка,

Я тебя люблю.

Я тебе весеннюю,

Песенку спою.

Ислам:

Пусть по праздникам и будням,

По утрам, по вечерам.

Мы помощниками будем,

Для любимых наших мам.

Жеке ән: «Мамочка моя»орындайтындар: Ислам,Маржан

Ойын:

Томирис:

Өмірдің қызығы өзіңсіз өтпейді,

Мен үшін анама ешкімде жетпейді.

Ән болып, жыр болып жүректі тербедің,

Бақытым, байлығым Анашым сен менің!

Құтты болсын ақ мамам,

Сегізінші наурыздың.

Қасымда бол әрқашан,

Сенсің жарық жұлдызым.

Айшанұр:

Мамам менің ақ мамам,

Бәрін маған сақтаған.

Әнін маған сақтаған,

Бәрін маған сақтаған.

Мамам менің ақ мамам,

Менсіз таңы атпаған.

Менсіз күні батпаған,

Мен ұйықтамай жатпаған.

Мамам менің ақ Мамам!

Іңкәр:

Айналайын анашым,

Көпке күн боп жанасың.

Ет жүрегің елжіреп,

Құшағыңа аласың.

Бәрімізге анасың,

Біз үшін күйіп жанасың.

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын Анашым!

Дінасыл:

Әркез сені ойлаймын,

Айтқаныңды тыңдаймын.

Анашым бір өзіңді,

Әрқашанда сыйлаймын.

Аслан: Сәлеметсіңдер ме?

Анама қандай сыйлық жасасам болады? Сендер маған көмектесіңдерші!

Белоснешка (Аймира)– Анаңа әдемі айна сыйла.

Аслан:– Рахмет кеңесіңе. Мен тағы да басқа ертегіге барып көрейін.

Хотабыч, айтшы енді не істесек болады?

Хотабыч: Саспа,бір амалын табамыз. (Хотабыч сиқыры)

Мая мен аралар биі.

Айдос:

Ана – біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз.

Ұландарды ұуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз!


Жандос:

Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып.

Мәпелеген ақ мамамды,

Жүрсем деймін шаттандырып.

Гүлжан:

Көгімде күн болып,

Жұлдыз боп жанасың.

Аман бол әрқашан,

Аяулы Анашым!

Ерасыл:

Мамады мен сүйемін,

Сөзін ойға түйемін.

Ал әжемді ардақтап,

Әдеппен бас иемін.

Мәпелейсің мені анам,

Қолыңдағы құсыңдай.

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қысылмай.

Хор: «Бабушки»

Би: «Анаға арнау»

«Сән әлемі» Айшанұр – Маржан,Бақберген - Аяна,Аслан- Аймира.

Хор: «Зореньки краше»



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!