15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ертеңгілік сценариі«Құттықтаймын анашым»
Тақырыбы: «Құттықтаймын анашым» Мақсаты: мерекелік көңіл-күй сыйлау,ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру. Балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру,өзінің жақын адамдарын қуанта білуге,мейірімділікке тәрбиелеу. Жүргізуші: Ана дейміз біріміз де аңқылдап, Ана дейді жас сәбиде жарқылдап Ана деген бәйтерегі өмірдің Ана деген алтын қызық, алтын бақ. Сәлеметсіздер ме қымбатты қонақтар, сүйікті аналар, ақ жаулықты әжелер, қымбатты әріптестер! Көктем мерекесі сіздерге тек қана әсем көңіл күй сыйласын.Мерекелеріңіз құтты болсын.Бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8-ші наурыз мейрамы құтты болсын деп «Құттықтаймын анашым»атты мерекелік ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.Ортаға «Ақбота »тобынын балаларын шақырайық. Балалар әуенмен залға кіріп,жарты дөңгелек болып тұрады. Барлық балалар хормен: Құттықтаймын анашым 8-ші наурызбен! Жүргізуші: Пердемізді ашайық Ертеңгілікті бастайық Аналарды құрметтеп , Ән маржанын шашайық Ән: «Айналайын анашым» Жүргізуші:- «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы, ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді».-демекші,балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар! Инабат: Гүлдердіде суарып Едендіде жуамын Келген кезде жұмыстан Қалсын апам қуанып . Даяна: Өлең айтып беремін Нанды алып келемін Өйткені мен мамамды Өте жақсы көремін Әмірхан: Сендерден өскен балалар Батырлар мен даналар Құттықтаймыз мейраммен Ең құрметті аналар.
Дария:
Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
Әділбек:
Менің анам ардақты
Алтыннан да салмақты.
Жақсы көріп баласың,
Мәпелейді анашым.
Кәусар:
Ана ,сен баққыттысың,
Гүлің болып өсіп келем.
Жайнап жүрші,
Күліп жүрші,
Алладан мен сұрап жүрем
Асылхан:
Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден,
Анаға сыйлаймыз.
Айзере:
Әлпештеген баласың
Ана-бақыт,ана-күн.
Әркім сүйіп өзінің.
Мақтан етер анасың.
Би:«Көңілді күн»
(М.Жасмина-Алихан,Анель-Дидар,Жанель-Ерхан,Тұрлан-Айзере) Жүргізуші:Балалар туған күнде,мерекелерде,аналарымыз дастарханға қандай тәтті тағамдар қояды.
-дұрыс айтасыңдар,кәмпитті балаларда,үлкендер де жақсы көреді.Кәмпитсіз дастарханның сәні кірмейді
(әсем әуенмен залға «Кәмпит-ханшайымы»кіреді )
-Кәмпит ханшайым:(кіріп билейді)
Мен тәттімін,
Балалардың сүйікті дәмімін,
Мерекенің сәнімін,
Дастарханның әнімін.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар, мені таныдыңдарма.Мен,«Кәмпит ханшайымымын».Балалар сендер өнерлерінді,білімдерінді,үлгілі тәртіптеріңді көрсетіңдер.Ол үшін мына менің ыдысымдағы үлкен кәмпиттер бар,онда әртүрлі тапсырмалар берілген.сол тапсырмаларды ашып орындасақ қайтеді.Тапсырмаларды түгел орындасаңдар мереке сонында әкелген сыйлығымды үлестіремін.(бір балаға тапсырманы аштырады,тапсырманы барлық бала орындайды).
Жүргізуші:Расында да,бізге тәтті «Кәмпит ханшайымы»қонаққа келіпті.Қараңдаршы кәмпиттері де көп екен,олай болса балалар өнерлерімізді көрсетіп тапсырмаларды орындайық.
1-ші кәмпиттегі тапсырма:
Ән: «Көктем»
Ойын: «Өз балаңызды таны»(аналары мен балалары)
2-ші кәмпиттегі тапсырма:
Би: «Жалқаубек»
(Асет-Инабат,Жанерке-Әмірхан,Іңкәр-Ислам,Санжар-Ислам)
Жүргізуші:Бүгінгі мереке күні әжелеріміздің де мерекелерімен құттықтаймыз «қариясы бар үйдің қазынасы бар»деп бекер айтылмаған.Келесі әніміз сендерге арналады құрметті әжелер.
Ән: «Әжетайым»
3-ші кәмпиттегі тапсырма:
Ағылшын тілінде аналарын құттықтау:(барлық балалармен бірге)
Жүргізуші:Кәмпит-ханшайымы енді біздің балаларымыздың әжелеріне дайындап келген тақпақтарын тыңдаңызшы.
Азиза:
Қуанатын балаша
Әжем менің тамаша
Жанға рахат береді
Айналайын дегені. Жангүлім
Менің әжем ақ әжем
Ұл мен қыздың бағы әжем
Ертегі айтып бер десем
Айтып берер тағы әжем. М.Жасмина:
Менің әжем сүйкімді
Мен әжемді ұнатам
Күзетер түнде ұйқымды
Әжемнен асқан бар ма адам. Дархан:
Әжетайым әжетай
Сізді жақсы көреміз
Сізге өлең тақпақты
Жатқа айтып береміз.
Ерхан:
Әжем менің әлі де
Ұқсамайды кәріге
Шәй қайнатып береді
Қажет болса бәріне
Санжар:
Әжетайым әжетай
Сізді жақсы көреміз
Сізге өлең тақпақты
Жатқа айтып береміз
Сабина:
Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған.
Үлкен,кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.
Руфина:
Әжем менің-береке,
Жүрген жері-мереке.
Әрбір үйдің ішінде
Бола берсің-береке.
Дидар:
Мен әжемді сыйлаймын,
Аман жүрсің әрдайым.
100-ге келген тойыңды,
Тойлайықшы біз лайым
(4-ші кәмпиттегі тапсырма:
Ойын: «Тағамның атын табу»(ата-аналармен)
5-ші кәмпиттегі тапсырма:
Би: «Смайлики»(Даяна,Дария,Жасмина,Асылхан,Жангүлім,Әділбек)
Жүргізуші:Кәмпит-ханшайымы енді біздің балаларымыздың аналарына дайындап келген тақпақтарын тыңдаңызшы.
Інкәр: Бал бөбегім баптаған Мамам үшін мақтанам Аялайтын біздерді Көп жасасын ақ мамам. Анель: Жанымызды жайнатқан Сіздерсіз ғой аналар Зор ден саулық, мол бақыт Тілейміз біз балалар. Ислам: Сегізінші наурыз келді Шаттық сезім алып келді Қуанышты күнде енді Құттықтаймыз сіздерді . Аян: Біз доспыз гүлдермен Текке оны жұлмаймыз Той күні бір-бірден Аналарға сыйлаймыз. Алихан: Өлең айтып берейін Нанды алып келемін Өйткені мен анамды Өте жақсы көремін. Жанель: Анашым анам, Ыстықсың маған Тәрбие бердің Көп алғыс саған. Әсет: Бәрімізге анасын Біз үшін күн боп жанасын Құтты болсын мейрамын Құттықтаймын анашым. Нұралі: Ақыл құйған санама Күннен артық расында Күн алыста ал анам Ылғи менің қасымда Ән: «Топ-топ балақан» Кәмпит-ханшайымы: Балалар сендер бүгін менің тапсырмаларымды өте жақсы орындап шықтыңдар.Сендерге көп-көп рахмет айтамын өздерін өнерлі,әдемі,тәртіпті екенсіңдер,мен сендерге ризамын.Енді мына қолымдағы ыдысты тәрбиеші апйларына беремін.Сендерге арнап әкелген кәмпиттерім бар.Соны сыйлыққа бергім кеп тұр.Мен енді сендермен қоштасайын, басқа да балабақшада мерекелер болып жатыр соған барайын. (Кәмпит-ханшайымы қоштасып шығып кетеді) Жүргізуші: Бөбегінің сыйлығын Қабыл алшы анашым. Ұзақ өмір жүз жасап, Ауырмашы анашым . Бәріміздіңде анамыз бар ,әжеміз бар ,әпкеміз бар,қарындасымыз бар7Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға не сыйласақта жарасымды .Өйткені бізді өмірге алып келген ,бізге әлемнің жарығын сыйлаған –анамыз емес пе?Олай болса әр баланын өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен,соны табыс етсін.Бүгінгі «Құттықтаймын анашым» атты ертеңгілігіміз аяқталды .Ардақты аналар мейрамдарын құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген