400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Ертеңгілік: "Сиқырлы ертегі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі білім бөлімдеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы



Білім беру саласы : «Денсаулық»

Бөлімі: «Дене шынықтыру»

Тақырыбы: «Спорт әлеміне саяхат»

Мақсаты: Балалардың шынықтыру жаттығуларына деген қызығушылығын

арттыру, әр түрлі дене қимылдарын саз ырғағымен орындауға

жаттықтыру, психо-физикалық қасиеттерін дамыта отырып,жыл бойына

меңгерілген қимыл-қозғалыс дағдыларын бекіту.

Билингвалды сыңары: саусақтар- пальцы,қол- рука, аяқ –нога, жалпақтабандылық-

плоскостопия

Қолданылатын құрал-жабдықтар: гимнастикалық орындық,асықтар,орамал, арқан,

массаж доптар,степ –тақтайша,түймелі жолдар,шығыршық.

Іс-әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Дәлелді түрткі болатын







































Ұйымдастырушы

ізденуші


«Марш»әуенімен балаларды кіргізіп, бірінің соңынан еріп жүру,аяқ ұшымен, өкшемен, «жыланша» ирелеңдеп жүгіру, белгі бойынша бағытты өзгерте жүру және жүгіру,секіру жаттығуларын жасату. Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ерекше болмақ,бізге көп қонақтар келіп отыр кәне амандасып алайық.

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнап күлеміз.

Қонақтарға ізетпен,

Иіліп сәлем береміз.


Медитация: «Құмырадан су құю»

Өз бастарыңды әдемі тұтқалы « құмыра»

деп елестетулеріңді ұсынамын, шеңбер бойына тізерлеп отырып бастарымызды баяу төмен түсіреміз, ондағы реніш, ауру, зұлымдықты төгіп, оны таза сумен жақсылыққа, татулық пен имандылыққа толтырамыз.

-Балалар сендерді көтерінкі көңіл күйде көру қандай қуанышты.Бүгін сендермен ғажайып саяхатымызды « Спорт әлеміне» жасаймыз.

«Денсаулық» туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?


Біздің көмекшілеріміз – қол мен аяқ туралы не білесіңдер? Олар не үшін керек? Сендердің аяқтарындағы ,қолдарындағы саусақтарың не істей алады?

Қолдың,аяқтың , орысша, ағылшынша баламасы?

Қол-рука,hand

Аяқ-нога,foot

Саусақтар-пальцы,finger

-Ал, қолмен аяқ несімен ұқсайды?

-Дұрыс!

-Тағы да саусақтардың не істей алатынын білгілерің келеді ме? Олай болса саяхатқа шығуға дайындалып алайық.


-Көздеріміз дайынсыңдар ма?



-Құлақтарымыз дайынсыңдар ма?



-Қолдарымыз дайынсыңдар ма?


-Аяқтарымыз дайынсыңдар ма?


-Дайынсыңдар ма?


«Ғажайып іздер» арқылы жолға шығайық.


Саусақ жаттығуы: «Салат»

Сәбізді алып тазалаймыз,

Үккіштен үгіп майдалаймыз.

Бұрыш сеуіп дәмдейміз,

Қаймақ құйып сәндейміз.

Міне, дайын нәр тағам,

Дәруменге байыған.

-Денемізді қыздырып шынықтырамыз.

Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар:

«Степ- аэробика»


1.Б.қ. аяқ сәл алшақ тұрады, бір орында жүру.

2.Б.қ. қолды көтеріп (шынтақтан бүгіп)

1-степ тақтайшасына оң аяқпне, 2-сол аяқпен міну,3-оң аяқпен түсу.4-степ тақтайшадан түсіп б.қ. келу 4-5 рет.

3.Б.қ. қолды көтеріп(шынтақтан бүгіп) степ тақтайшасына секіріп мініп, түсу,алдына оң аяқпен түсіп, сол аяқпен кері шегіну арқылы мініп түсу,б.қ.келу.5р.

4.Б.қ. степ тақтайшаға қырымен сол аяқпен шығып оң аяқты тізеден бүгу,бірден қолды екі жанға созу б.қ. келу.оң аяқпен шығып,сол аяқты тізеден бүгу,қолды жанға созу. б.қ. келу. 5-6 рет

5.Б.қ.степ тақтайшасына отырып, аяқты кезек-кезек бүгіп,созу,степ тақтайшасынан бір айналып жүру,қайта отырып аяқты екі жаққа созып,жинау б.қ. келу 5-6 рет.

6.Б.қ. степ тақтайшасына шығып,бір аяқпен тұру, қолды екі жанға созып тепе- теңдікті ұстап тұру б.қ. келу. Сол аяққа алмастыру, 2 рет қайталау.


Негізгі қимыл- қозғалыс жаттығулар:


1.Арқан үстінен шалқайып өту.


2.Шығыршық ортасынан төрттағандап еңбектеп жүру.

3.Гимнастикалық орындық үстінен секіру.


4.Гимнастикалық орындық үстінен тартылу.


Иога жаттығулары:

  1. «Түрікше отыру»



  1. «Көбелек»


  1. «Қайық»


  1. Тепе-теңдікті сақтау



Қимылды ойын: «Кім жылдам?»


Тапсырмаларды орындап сап түзеп тұрады.






Балалар қонақтармен сәлемдеседі.





Шеңбер бойына тізерлеп отырып,нұсқаушының тапсырмаларын орындайды.










«Дені саудың- жаны сау»

«Спорт-денсаулық кепілі!»

«Денсаулық-зор байлық»




Беті қолды жуады,жазу жазады,затты алу үшін, сурет салады, жапсырады

Аяқпен жүреді, жүгіреді, секіреді.


Олар саусақтарымен тырнақтарымен ұқсайды


Балалар өзідігінен уқалау жаттығуларын орындайды.


Көздерін ашып жұмады

Ия! Алақандарымен көздерін жабады.

Ия!Құлақтарын ысқылайды.

Саусақтарын сылайды.

Ия! Шаталақтайды.

Аяқтарын сылайды.

Ия!Аяқпен топылдатады.

Қолдарын жандарына созады.

Ия! Өздерін қүшақтайды.

Бір тізбекпен түймелі жолдар арқылы жүреді.


Мәтінге сәйкес саусақ қимылдарын жасайды.







Балалар шеңбер бойымен жүріп келіп үш қатарға тұрады.


Степ –аэробика жаттығуларын қызығушылықпен орындайды.
















Демді ішке тартып, бірден шығару.





Шалқайып қолды артқа тіреп алға жылжиды.

Тізі мен колды бүкпей еңбектейді.

Орындықтың шетінен ұстап арлы-бері секіріп түседі.

Орындық үстінде ішпен жатып, екі қолдың көмегімен алға қарай тартылады.

Малдас құрып тік отырып,

демді ішке тарту.

Табандарын бір-біріне беттестіріп,аяқты сермейді.

Етпетінен жатып,басты шалқайтып аяққа жеткізу.


Демді ішке тартып, бірден шығару














Рефлексивті түзетуші

«Массаж»

Жалпақ табандылықты алдын-ала емдеу әдістері:

  • «Қырықаяқ»


  • «Барабан таяқшалары»



  • «Саусақтар ойнайды»




  • «Айналмақ»



-Балалар сендер қол мен аяқ саусақтарының не істей алатындығына көз жеткіздіңдер.Бүгінгі ғажайын саяхатымыз сендерге ұнады ма? Сендерге денсаулық тілеймін. Әрдайым салауатты өмір сүріңдер. Балаларды мақтап мадақтап сыйлығын табыстайды.

Ал, енді қайтатын уақыт болды. «Ғажайып іздер» арқылы тобымызға барайық.Сау болыңдар!


Балалар шеңбер бойына тұрады

Аяқ саусақтарын жиырып, өкшемен алдыға жылжиды.

Аяқ саусақтарымен топылдатады, қабыстырып ашады.

Майда ойыншықтарды аяқ саусақтарымен ұстап орамалға салады, бұрыш- бұрышын жабады.

Массаж добын табан астына

қойып, айналдара домалатады





Ұнады.





Балалар қоштасып,

бір тізбекпен шығады.









Күтілетін нәтиже:

Біледі: Дене жаттығулары денсаулықты шыңдайтынын, ептілікті, күшті және

шыдамдылықты дамытатынын.

Меңгеруі: Жүру дағдысын және қозғалыс бағытын өзгертіп жүгіруді,жаттығу

ережелерін өздігінен дұрыс орындау іскерлігі.

Жасай алуы: Гимнастикалық орындық үстінен арлы-бері секіруді,ішпен алға

тартылуы,төртағандап жүру,тепе-теңдікті сақтап түзу жүруді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 наурыз
374
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі