жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ертеңгілік. "Сыйынар ем ана деген тәңірге"
Тәрбиеші:
Ана
десем алғыс алам халқымнан
Ана
десем теңіз болам шалқыған
Ана
десем ,ашылады қабағым
Ана
десем әділдікті ұғамын
Біз
ғана емес
Қадір
тұтқан бабалар
Аналардаң
туған небір даналар
Ана
деген тіршіліктің тірегі
Армысыздар,қасиетті
аналар!
Қош келдіңіздер аяулы аналар, асыл әжелер, қызғалдақ қыздар. Көңілдеріңізге көктем шуағындай, сезім мен нұр құйып 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Ендеше көктемнің алғашқы күндеріне арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
БАЛАЛАР:
1-ұл. Арслан: Ұлдар айтындаршы мерекеге барлығы жиналдыма ?
2-ұл.Ерасыл: Барлығы жиналған сияқты қонақтарымыз да келіпті.
3-ұл. Даниал: Иә, бүгін аналар, әжелер, қыздар мерекесі ғой. Ендеше мерекені бастайық.
4-ұл. Кемел: Тоқтандар, қыздар жоқ ғой.
5-ұл: Нұрислам: Ә, олар сән салонында ғой әдеміленіп, боянып, сәнденіп кешке дейін келіп қалар.
6-ұл: Сүндет: Сән көйлектерін киіп, айнаның алдында бес сағат отырған шығар
7-ұл: Абылайхан: Осы қыздарды айтам да, боянбаса мереке болмайма екен
8-ұл: Шыңғыс: Мүмкін телефон шалармыз. Қашан келетіндерін сұрайық.
9-ұл: Абылай: Алло қыздар қайдасыңдар, тез келсеңдерші. Сағат неше болды.
10ұл:Алтайыр: Қыздарсыз мерекені бастай берейік онда. Сонша күттіріп. Өздерінше боп.
11-ұл: Арслан: Жоқ дұрыс емес, кішкене күтейік.
12-ұл: Нұрислам: Ұлдар, тыныш, міне қыздарымыз да келіп қалыпты
Барлығы: Ендеше қыздарымызды қарсы алайық
Әуенмен кіреді. Қыздар:
1 ару: Аяла
Ақша бетті Аяла
Ұқсайды хор қызына
2 ару: Алтынай
Алтынай қыз елгезек
Алады тез тіліңді
3 ару: Ясина
Ән айтса тез айтатын,
Ертегіні жақсы айтатын
4 ару: Алиша
Алишамыз сұлу қыз
Бойға өнер жиған қыз
5 ару: Злата
Злата қызымыз білімді,
Меңгерген бар ілімді
Тәрбиеші:
Құрметті
арулар!
Көктем мерекесі кұтты болсын!
Жүздерінен мейіріммен нұр тамар.
Құшақ жая қарсы аламыз сендерді!
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар!
Ән: «Көктем келді»
Орындарына отырады.
Жүргізуші: Балалар,мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Жауабын тауып көресіңдер ме?
Балалар:Ия
Жүргізуші:
Олай болса мұқият тыңдаймыз.
Жұмбақ жасыру
Бұлтты айдап желдеткен,
Нөсерлетіп, селдеткен.
Жаңбырлатып ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Балалар: Бұл көктем мезгілі.
Жүргізуші:
Дұрыс айтасыңдар, балалар! (ақырын музыка ойнап тұрады)
Балалар, көктем мезгілі - жыл мезгілдерінің ішіндегі ерекше мезгіл. Қыстың суығы кетіп, қар еріп, жер бетінің көгеретін кезі. Құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Балалар, тыңдаңдаршы бізге біреу қонаққа келе жатқан сияқты.(КӨКТЕМГЕ МУЗЫКА)
Әуенмен ойналып залға Ару Көктем кіреді.
Ару Көктем:
Мен Көктеммін, көктеммін мен орай
Адамдарға шуақ берем мен талай
Мен көктеммін тал болып, та жайқалам
Нөсерлеттім, құйындаттым мен борай.
Сәлеметсіңдер ме, балалар, ата-аналар,қонақтар!
Бүгінгі
аналар мерекесімен баршаңызды шын
жүректен құттықтаймын!
Жүргізуші:
Сәлеметсіз бе, Ару Көктем! Балалар сізді асыға күтіп отыр.
Қош келдіңіз, кең байтақ жерімізге! Біздің балабақшаға.
Ару Көктем: Менде айналамды гүлдендіріп, күн шуағын жарқыратып, сендерді сағына жеттім. Мен өзіммен бірге әдемі гүлдерімді ала келдім.
Гүлдерді сан алуан,
Түрлерін мен білемін.
Сол гүлдерді өсіріп,
Аялаумен келемін.
Бәйшешек: Алтынай
Көктем гүлі бәйшешек
Мен боламын қараңдар
Наурыз сәуір айында
Мен шығамын жайқала
Раушангүл: Аяла
Әдемімін сұлумын,
Менен қай гүл аса алған
Мен боламын раушангүл
Гүл патшасы атанған
Мак: Злата
Красные мак и радость несут
Мне улыбаются нежно
В поле зеленом рассветный уют,
Жизнь как и небо безбрежно
Тюльпан: Алиша
Расцвели тюльпанчики
Желтые стаканчики
Желтые и красные
Лепестки атласные
Би: «Гүлдер»
(қыздар екі қатарға бөлініп шеңбер болып жүреді, ұлдар артынан еріп орындарына отырады)
Ару Көктем:
Жарайсыңдар,балалар! Биді де жақсы билейді екенсіңдер. Мен сендерге өте ризамын. Неткен өнерлісіңдер. Рақмет сендерге! Біз сендермен тербеліп Көктем мерекесіне орай өткізіліп отырған өзімнің «Сазды сәлем» бағдарламама келіп қаппыз.
Жүргізуші: Ардақты асыл аналар. Мінекей күлімдеген көктем келіп айналамыз құлпырып кетті. Көрікті көктемнің алғашқы мерекесі аналар күні қарсаңында бүлдіршіндер сіздерді құттықтап, сазды сәлем бағдарламасында қонақтамыз. Ару Көктем бұл бағдарламаны жүргізсем қалай болады.
Ару Көктем: Әрина өте жақсы болар еді.
(Эфирде АРУ КӨКТЕМ жүргізеді, эфир басталғанын білдіретін музыка қойылады.)
Жүргізуші: Армысыздар құрметті теле көрермендер! Эфирде сіздермен бірге «Сазды сәлем» бағдарламасы. Бүгін біздің студиямызда Алматы қаласы Әуезов ауданына қарасты №25 санаториялық бөбекжай-балабақшасының бүлдіршіндері қонақта.
Ару Көктем: Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақын жанашыры. Ендеше бүгінгі хабарымыз аналарға арналады. Сондықтан сазды сәлем хабары арқылы барша аналарды мейрамымен құттықтаймын.
Жүргізуші: Олай болса аяулы аналарын құттықтауға келген бүлдіршіндердің ыстық ықыласын таңдайық.
Балалар тақпақ айтады.
Ана
деп ашқан соң, өмірдің есігін,
НҰРИСЛАМ
Анашым
әлдилеп, тербетті бесігін.
Құлаққа
жағымды нәзік ол үнімен,
Тербетсін,
тербетсін әр ана бесігін.
Әр
сөзімді жаттаған,
Жүрегімде
сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
ЗЛАТА
Айналайын
ақ анам!
Бөбегіңнің
сыйлығын,
АЯЛА
Қабыл
алшы анашым.
Ұзақ өмір жүр жасап.
Ауырмашы
анашым.
Айналайын анашым,
Асқар таудай панасың. БЕЙБАРЫС
Күн көзіндей күлімдеп,
Құшағыңа аласың
Ана сен бақыттысың АЛИША
Жайнап
жүрші,
Күліп жүрші
Мен сені
жақсы көрем
Анам
менің - өмірдегі тірегім,
Анам менің
- кеудемдегі жүрегім.
Егер менің
қасымда сен болмасаң, ШЫҢҒЫС
Бұл
өмірде қалай ғана жүремін.
Жүргізуші:
Құрметті көрермендер сіздер біздің хабарымызға қоңырау шалып, құттықтау жолдай аласыздар. Біздің байланыс телефонымыз 271-35-45 Жақын жандарыңызды құттықтауға асығыңыздар.
(Қоғырау соғылады)
Мінекей біздің хабарымызға хабарласып отырған алғашқы көрерменіміз де бар екен. Тыңдайық!
Абылай:
Алло сәлеметсіз бе? Менің атым Абылай. Мен әжемді мерекесімен құттықтаймын. Зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан тілеймін. Енді менің әжеме арнап әдемі әже туралы ән және әжем жақсы көретін түймедақ биін билеп берсеңіздер екен. Сау болыңыздар!
Жүргізуші:
Абылай әже туралы әнді міндетті түрде қойып береміз, алдымен балаларымыздың әжелеріне арналған тілектерін тыңдайық.
Ақ
әжемді арқашан
Сыйлап жақсы көремін
КЕМЕЛ
Қуантайын
деп оны
Өлең айтып беремін
Әжем
менің әйбат
Оған
ешкім жетпейді
Күні
бойы бірге ойнап АБЫЛАЙ
Жанымнан
бір кетпейді.
Тірегі
болып жанында
Бірге
еріп жүремін
Жанашырым
жанымда
Тек
әжем деп білемін АБЫЛАЙХАН
Мені
ертіп жетектеп,
Осы
күнге жеткізген. АЛТАЙЫР
Бізді
бағып өсірген,
Аман
болсын жан әжем.
Өзің
мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек
болсам кешірген
Ауырмашы ,ай әжем
АЛТЫНАЙ
Жүргізуші: Олай болса көрерменіміздің сұрау бойынша Әжелерімізге арнап бір ән шырқайық.
Қадірлі әжелер көңілі
Көктемдей жайнап гүл ашсын
Бақытқа толып өмірі
Шаттыққа шаттық ұлассын
Ән «Әжем»
Жүргізуші:
Мерекеге арналады бүгін билер,
Көтерілсін канекей, көңіл күйлер.
Түймедақ биін билейді қыздар,
Қол соғып қошемет көрсет ата-аналар.
Би: «Түймедақ» (қыздар шығып көйлек киеді)
Жүргізуші: Осы бір тамаша әннен соң біз хабарымызды одан әрі қарай жалғастырамыз.
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген қуанышы көңілдің
Ана деген әрбір үйдің жылуы
Ана деген гүлі туған өңірдің
Ана бір қолымен бесік тербетсе бір қолымен әлемді тербетеді. Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді екен ендеше асыл аналарды құттықтауға асығыңыздар. Ал біз хабарымызды одан әрі студиямыздың қоржынына келіп түскен мына бір хатпен жалғастырамыз.
ХАТ: «Құрметті сазды сәлем бағдарламасы» Менің атым Марат мен сіздердің хабарларыңызды үзбей көремін. Мен әскери борышымды әскерде өтеп жүрген сарбазбын. Сіздерге хат жолдап отырған себебім сіздердің бағдарламаларыңыз арқылы аяулы анамды және әжемді 8 наурыз аналар мерекесімен құттықтаймын! Мен оларға зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ өмір тілеймін. Музыкалық сәлем ретінде болашақ ел қорғаушыларымыздың биін жалпы Джентельмен биін жолдасаңыздар екен.
Жүргізуші:
Асыл анам жасыл бағым жайнаған,
Сол бағымда асыр салып ойнағам.
Пәк жүрекпен жыр жазды перзентің,
Бар тілегі сіздерге арналған.
Асыл аналар балаларымыз сіздерге деген ақ тілектерін жолдамақшы қабыл алыңыздар!
Анамды мен мейірлі, ЕРАСЫЛ
Жүзіңе біз қараймыз.
Анамыздың пейілі,
Жомарт жанға балаймыз
Ана шырақ ұрпағымен жағылған,
Өз анасын бар періште сағынған.
Құдіретін сезінгендер бас иіп, АЛИХАН
Ана деген үш әріпке бағынған.
Ананы
мен жақсы көремін,
Ана
шаттық, бақыт береді.
Анаменен
барлық адам,
Бақытты
болып жүреді.
СҮНДЕТ
Дүниеде
ең кемеңгер дананы, ДАНИАЛ
Ана
табады, аялайды бағады.
Сол
үшінде құдіретіңе бас иіп,
Құрметтейік
қасиетті – ананы
Құттықтаймыз
аналарды, қыздарды, АРСЛАН
Мерекеден
шуақты бір із қалды.
Болсын
әркез көтеріңкі көңілдер,
Нұрын
шашсын мерекеге өңірлер!
Жүргізуші:
Дүниенің жарық күні- анамыз,
Дана болсақ анаменен данамыз.
Көріңіздер көңіл қойып, ағайын,
Анаға арнап тағы бір би билейміз
Би « Джентельмен»
Жүргізуші:
Құрметтейік балалар аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой
Ойлауменен істелік бар қадамды.
Балалар айтыңдаршы сендер үйде аналарыңа көмектесесіңдер ме?
Қалай көмектесесіңдер?
Су әкелемін.
Дастархан жасауға көмектесемін.
Үй жинаймын.
Шаң сүртемін.
Үйді шаңсорғышпен сорамын.
Жүргізуші:
Мінекей, ардақты аналар! Біздің балаларымыздың берген жауабы осы болды. Расыменде бұл балалар қанша тырысып көмектескісі келгенімен шамалары келмейді. Себебі, олар әлі ойыны қанбаған ойын баласы емеспе? Сондықтан хабарымызға сәл үзіліс жасап ойын ойнап алайық. Ал біз сіздермен ойыннан соң жолығамыз.
1.Ойын балалармен ата-аналар қоса. (ұлдар шығады киінуге)
Ал балалар аналарымызды да бір сергітіп алайық.
«Гүлді құрастыр»
Жүргізуші:
Хабарымызға тағы бір көрермен хабарласқан екен. Қоңырауды қабылдайық.
Алло біз сізді тыңдап отырмыз.Кімді құттықтайын деп едіңіз.
Сәлеметсіздер ме? Менің атым Айнур Ұшқын тобаның ата-анасымын. Мен сіздердің бағдарламаларыңыз арқылы осы балабақшаның ұжымын және барша аналарды 8- наурыз халықаралық аналар мерекесімен құттықтағым келіп отыр. Біздің балаларымызға тәлім-тәрбие берумен қатар олардың саналы білімді өнерлі де өнегелі боп өсуіне үлесін қосып орасан еңбек жасап жүрген апайлардың ден сау болсын , бастарына бақ қонсын, ұстаздық деген ұлы жолда талмай шаршамай еңбек ете берсін дегіміз келеді. Апайлардың құрметіне арнап тамаша би тарту етсеңіздер деймін. Аналарымыздың жастық шақтарын естеріне салайық
Жүргізуші:
Ендеше ата-аналарыңның жастық шағына саяхат жасайық.
Би: «Дискотекадағы би»
Жүргізуші:
Асыл аналар! Мінекей сіздерді әлпештеп аялап отырған балапандарыңыз болашақта осындай беделді азаматтар болатынына біз сенеміз. Әлемнің бастауы мен таусылмайтын қазынасы өздеріңіз. Мәпелеп отырған балапандарыңыз сіздерге деген шексіз алғысын әнмен жеткізгісі келеді.
Ән: «Көп жаса Анашым»
Жүргізуші:
Біз ғана емес қадыр тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар
Ана деген тіршіліктің тірегі
Мерекеңмен қасиетті аналар
Би: «Аналармен»
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген қуанышы көңілдің
Ана деген әрбір үйдің жылуы
Ана деген гүлі туған өңірдің
Ән: Ән: «Ана жаным»
Жүргізуші: Құрметті көрермендер осымен «Сазды сәлем» хабарымыз аяқталып қалды. Аяулы да ардақты аналар! Бүгінгі айтылған әдемі әндер мен әсем билер және жақсы тілектер тек сіздерге арналады.
БАЛАЛАР:
Еңбек еткен біз үшін.
Еркелеткен біздерді,
Анамызға мың алғыс
Адал бол деп балдырған
Әділдікке баулыған
Жүрегінде махаббат
Анамызға мың алғыс
Ал біздің бағдарламамызды тамаша әуен жалғайды.
Ән: «Анаға рахмет» ағылшынша
Жүргізуші:
Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,
Отбасында болсын ырыс, береке.
Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді,
Өмір думан, бақ әкелсін мереке
Хабарымыздың соңында бүлдіршіндердің өздеріңізге арнаған әсем гүлін қабыл алыңыздар.
Келесі эфирде кездескенше қош сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген