Тақырыбы: «Сыйынар ем, Ана
деген тәңірге!» (балалар әуенмен безендірілген залға
кіреді) Жүргізуші:
Қош келдіңіздер! Аяулы әжелер, аналар,
қызғалдақ қыздар, қадірлі
тәрбиешілер!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр
құйып сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті.
Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны
аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес. Олар
өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Бүгінгі
«Сыйынар ем, Ана деген тәңірге» атты ертеңгілігіміз сіздерге
арналады.
Ән:
«Қарлығаш»
Музыка ойналып, ішке сыпырғышымен ұшып мыстан
кіреді. Мыстан:
Қараңғы үйшікте тұрамын, Сиқырлаймын
алдаймын. Сыпырғышпен ұшамын. Мұнда бала көп екен? Бұл не өзі болды
екен? Балалар:
Бұл
балабақша. Мыстан:
Демек, мен дәл түскен екенмін ғой! Мен
балабақшаға келген екенмін ғой! Жақсы болды! Ормандағы досым айтып
еді: балабақшаға бар, онда балалар көктемді қарсы алып, аналар мен
әжелердін мерекесімен құттықтап жатыр. Ал, сен онда болмайсың!
Сендер мені шақырған жоқсыңдар! Мына мені, Мыстан сұлуды шақыруды
ұмытып кеттіңдер(өзін қолымен көрсетеді)! Сондықтан мен сендерді
кешірмеймін! Мен сендерден өшімді аламын! Мерекені болдырмай, мен
сендерді осы жерден қуып шығамын!(балаларды
қорқытады) Тәрбиеші:
Әй, Мыстан! Босқа шаршамай-ақ қой. Күшіңді
құр босқа жоғалтпай-ақ қой! Біз сенен
қорықпаймыз. Мыстан:
Ах, сендер менен қорықпайды екенсіңдер! Қазір
мен айқайлаймын(айқайлайды). Мен сыпырғышыммен ұрайын(сыпырғышпен
жерді соғады). Мен сендерге көктем аруын жібермеймін. Айналаны қара
түнек көңілсіздік басатын болады. Мен қара түнекпен доспын. Ол
сендерге көңіл көтеруге мұрша бермейді. Көктем аруы да оянбайды.
Ал, көктем келмесе, мерекені де тойлай
алмайсыңдар! Тәрбиеші:Біз көңілді халықпыз. Көңіл көтеріп, би
билеп, ән салып, қара түнекті қуамыз. Кәне, балалар, көңілімізді
көтеру үшін тақпақ айтып, би
билейік. Мыстан:
Тақпақ айтыңдар, тақпақ!
1. Ана
біздің
күніміз
Ана
біздің
гүліміз
Аналардан тарайды Совет
Айша
Біздің ана
тіліміз.
Аялаған
анашым,
Мәпелеген анашым.
Айлин
Менің саған
тілегім
Қартаймашы
анашым
Мәпелеп мені өсірген Ризамын
мен өзіңе. Ана деген керемет, Айым Сыйлап өтем
өмірде.
Мне мама приносит Игрушки,
конфеты, Аруна Но маму люблю я Совсем не за
әто
Наурыздың сегізі, Сұлулықтың
негізі. Әдемі сөз баланың, Ерназар Анаға айтар
лебізі.
Аналарды сүйеміз Ақылын ойға
түземіз Сезім Әжені де ардақтап Әдеппен бас
иеміз.
Ана біздің күніміз Ананың біз
гүліміз Нұрқанат Балаларды қуантып Ұзақ өмір
сүріңіз.
Люблю свою маму, Скажу я вам
прямо, Ақжол Ну просто за то, Что она моя
мама!
Мыстан:
Жарайды менің көңілімді
көтердіңдер! Бірақ мен сонда
да берілмеймін. Күшті болсаңдар менің көңілімді тағы да көтеріп
билетіп көріңдер. Сендер мені билете
алмайсыңдар. Тәрбиеші:
Ах, мына мыстан өзінің жеңілісін мойындамады
ғой. Балалар, көңілді би билеп, мына мыстанды билетсек
қайтеді? Балалар:
Иә. Би:
«Көбелек
биі» Мыстан да
балалармен қосылып, билеп кетеді. Музыка бітсе де Мыстан билеп
жүріп әрең тоқтайды. Мыстан:
Жарайды,
жарайды. Менің көңілімді көтердіңдер! Сендер
жеңдіңдер! Бұл
балабақшада өнерлі, әрі көңілді балалар бар екен! Менің көңілімді
көтердіңдер, би де биледім. Көңілімді көтеріп, бір жасарып қалдым.
Жарайды менің орманға қайтатын уақытым болды. Мен барып көктем
аруын оятайын. Ал, сендер, мені мерекеге шақыруға ұмытып кетпеңдер!
Қош сау болыңдар! Мыстан қоштасып, шығып
кетеді. Тәрбиеші:
Манадан бері,
ән де айттық би де биледік. Ал, көктем аруы әлі жоқ! Не болды екен,
балалар? Осы кезде музыка ойналып ортаға көктем аруы
шығады. Көктем:
Сәлем, сәлем, балақайлар, Әзиз әже, назды
аналар. Қуаныңдар алақайлап, Құстар әнін ала келдім. Жерге кілем
жаба келдім. Жан бітіріп табиғатқа, Гүлдерімді ала келдім. -
Салеметсіңдер ме балалар! Мерекелеріңіз құтты болсын аяулы
аналар! Жүргізуші:
Салеметсіз бе Көктем аруы! Қош келдіңіз! Біз
сізді ұзақ күттік. Біздің балалар сізді келеді деп өз өнерлерін
дайындады. Олай болса біздің балаларымызбен бірге ән айтып,би
билеңіз. Ағылшын
өлең: «My dear
Mummy» Көктем:
Рахмет, балалар, бүгінгі мерекемен аналар мен
әжелерді тағы да құттықтаймын. Мен жәй келмей өзіммен бірге
сендерге ойын алып келдім.Менімен ойын ойнайсыңдар
ма? Балалар:
Иә
Ойын:
«Әжелерге тамақ беру» Ойын шарты: Ортаға үш
апа шығады, сол апаға немерелері тамақ береді. Кім бірінші болып
берсе, сол жеңіске жетеді.
Жүргізуші:
Көктем аруы сен білесің бе біздің ұлдарымыз
сізге арнап би билеп бермекші.
Би:
Ұлдар биі
Көктем
аруы: Жарайсыңдар, балалар! Өте өнерлі балалар
екенсіңдер! Жүргізуші:
Бүгін біздің қыздарымызда жәй қалмады. Оларда
сізге арнап өздерінің
сән үлгілерін көрсетпекші. Қыздарымыздың сән
үлгілерін тамашалаңыздар. (жүлделі орындар
беріледі) Көктем:
Балалар сендер өнерлі шапшаң балалар
екенсіңдер! Балалар менің кететін уақытым болды. Мен сендермен
қоштаспаймын. Әлі де мен сендермен бірге боламын. Сендер мені
далаға серуенге шыққанда көретін боласыңдар. Көріскенше сау
болыңдар балалар. Музыка ойналып, Көктем залдан шығып
кетеді. Ән:
« Ана деп ән
салам» Тәрбиеші:
Осымен бүгінгі «Сыйынар ем Ана деген тәңірге»
атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі ертеңгілікте кездескенше қош
сау болыңдар.