15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ертеңгілік. Тақырыбы: "22-Наурыз"
Ертеңгілік
Тақырыбы: Жыл басы-Наурыз!
Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні Наурыз туралы мағлұмат беру;
Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Залдың іші мерекеге сай безендіріледі.
Тәрбиеші: Наурыззз құттықтау
Отбасының көрінісі:
Анасы: Отағасы, бүгін Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы отбасымызға құт береке алып келсін!
Әкесі: Аумин, Отанасы!
Анасы: Құлындарым, бүгін мейрам туралллллыыыыы жаааазззззуууу
Отағасы: Отанасы балалар біліп жүрсін Наурыз көжені қалай дайындайтыныңды балаларға түсіндіріп қой.
Отанасы: Көжжжжее туууураллллыы жаааззззуу үйге Ата – апамыз, жеңгелерің кел жатыр екен. Мен Наурыз көже пісіре берейін. Әлгі кішкентайымыздың түсауын кестіріп алайық.
Отағасы: Арине, арине.
Отанасы: Наурыз мейрамынада адамдар сәнді киәнеді жаааазззууууу киіііімммм жайййййлллыыы
Алихан: Анашым мен достарммен Асық ойнап келейінші?
Отағасы: Балам сен өзі Асық ойнауды білесің бе?
Алихан: Әке маған Асық ойнауды үйретші.
Ән: «Асық»
«Асық» ойыны ойналады
Мақсаты: Балаларды ұлық ойынымыз Асық атуға үйрету, ептілікке , дәлдікке тарбиелеу.
Қыздар мен ұлдар биі: «Қазақ қызы»
Ата бата береді
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаңда жол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін!
Бәле-жала жерге енсін!
Әжелер шашу шашады
ӘН: «Наурыз»
Науырыз айында
Әр үйге бақыт орнасын!
Науырыз айында,
Жамандық бізге болмасын!
Даланың гүлі солмасын!
КӨРІСУ САЛТ-ДӘСТҮРІН КӨРСЕТУ
От Анасы: Қош келдіңіздер, төрлетіңіздер!
Ата бата береді:
Ниеттерің ақ болсын
Наурыздың ақша қарындай
Бастарыңа бақ қонсын
Шашыңның барлық талындай
Құты қашып жаманның
Жақсы тапсын жалғасын
Аумин!
Көже құйып, қонақ күтіп көріс көрсетіледі.
Тәрбиеші: Қане балалар, келген қонақтарымызға бір тамаша ән арнап берейікші.
Ән: Наурыз
Той,той алақай
Бізге келді наурыз ай
Көшеде бұл мереке
Әр жыл келеді бізге
Наурыз,Наурыз
Сені қарсы аламыз
Той-той Наурыз
Көңілді ән саламыз
Науырызда мереке
Салтанатты мереке
Тәрбиеші: Балаларымыздың Наурыз мерекесіне арнаған тақпақтарын тыңдай отырыңыздар.
Тақпақтар:
Уа, ағайын халайық, Мұнда назар салайық! Мерекесі халықтың, Наурыз тойын бастайық! (Алихан)
Наурыз келді еліме, Наурыз келді жеріме. Байлық,бақыт тілеймін, Бүкіл қазақ еліне. (Сырым)
Жылдың басы Наурыз, Жердің басы Наурыз. Мерекеге арналсын, Бүгінгі жыр әніміз. (Айя)
Наурыз тойым,Наурыз тойым. Құтты болсын халайық! Қане достар,қане достар. Шырқап әнге салайық! (Асылым)
Наурыз тойы-тамаша,
Наурыз тойы – жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса. (Дамиля)
Жыл басы-Наурыз мереке, Ақ нұрға әлем боянды. Наурыз тойы береке, Тіршілік жаңа оянды. (Камила)
Елім менен жеріме,
Ырысын шашқан Наурыз.
Күлімдеген көктемге,
Шуағын шашқан наурыз.
Жеті түрлі дән салып,
Дәм татқызған наурыз.
Жақсылық тілеп халыққа,
Молшылық әкелсін наурыз. (Султан)
Наурыз келді сан құрып
Жасарып жаңғырып
Құлпырады жер мен көк
Мейірімі таң күліп (Али)
Наурызбен құттықтап,
Алыс жақын қауышты.
Көңілді жарқын сәт,
Көңілдерге ауысты. (Ақерке)
Көктем келді балақай, Жасарды жер алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық. (Айсури)
Наурыз тойы салтанат,
Наурыз тойы мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап (Нурали)
Ән: «Кім дейсің»
Әкеңнің әкесін кім дейсің
Ата деп айтамын жөнімен
Әкеңнің шешесін кім дейсің
Әже деп айтамын оны мен
Шешеңнің әкесін кім дейсің
Нағашы ата деп айтамын
Шешеңнің шешесін кім дейсің
Нағашы апа деп айтамын
Жасы үлкен ұлды сен кім дейсің
Ол ағам айтам мен дұрыстап
Өзіңнен кіші ұлды кім дейсің
Ол менің бауырым тынысым
Жасы үлкен қыз болса кім дейсің
Оны мен әпеке деп айтамын
Сенен жас қыз болса кім дейсің
Дұрысқой қарындас дегенім
Тұсау кесер
Ән: «Тәй-тәй»
Тақпақтар:
Наурыз бұл мереке,
Құтты болсын береке.
Қыдыр ата келсін,
Жақсы тілек берсін. (Ерхан)
Наурыз көктем Наурыз жыр,
Наурыз мейір шуақ нұр.
Жан иесін жаңартқан,
Аққан бұлақ,нәзік сыр. (Раяна)
Наурыз жауын наурыз сән,
Әсем әуен, сазды ән.
Қыз бозбала қыдырған,
Жасыл желек көк аспан. (Ақниет)
Наурыз әлем,Наурыз құс,
Сұлу дала сағым түз.
Самғай ұшқан қарылғаш,
Аққу қаздар мамық төс (Жанель)
Той думанға келіңіз,
Тамашалап көріңіз.
Ән айтайық бәріміз,
Қол соғайық бәріміз. (Амирхан)
Наурыз келді жыр келді,
Тірілтуге гүлдерді.
Сәнденеді ағаштар,
Адамдармен бірге енді (Амир)
Наурыз айы келгенде, Күн шуағы шашылып.
Қуанады кәрі жас,
Наурыз көже пісіріп. (Бахтияр)
Наурыз көктем
Наурыз жыр
Наурыз әуен
Наурыз гүл (Адема)
Кең болсын,
Қазағымның керкгесі,
Құтты болсын
Наурыз мерекесі. (Ералы)
Ақ сандықта ашылды,
Наурыз шашу шашылды.
Көптен күткен мереке,
Құтты болсын наурыз. (Айбын)
Наурыз келсе,
Құт келгені,халайық
Шашу шашып,
Наурызды қарсы алайық. (Алинұр)
Наурыз той,
Наурыз жыр.
Аққан бұлақ,
Нәзік сыр. (Алдияр)
Ойын: «Уық, кереге»
Мақсаты: Балаларды қазақ елінің бас панасы болған киіз үй бөліктерімен таныстыру.
Ән: Наурыз
Кел балалар ойнайық
Наурыз тойын тойлайық
Баянды боп мереке
Қыр гүліндей жайнайық
Қ-сы
Наурыз,наурыз
Наурыз жыл басы
Наурыз, Наурыз
Бақыт жалғасы
Жылдар бойы жоғалып
Қайта оралған наурызым
Талаптары тоз бұзып
Сайраңдауда ұл,қызың
Қ-сы
Наурыз,наурыз
Наурыз жыл басы
Наурыз, Наурыз
Бақыт жалғасы
Наурыз келді тамаша
Ән айтамыз таласа
Апам,атам той тойлап
Қуанып жүр балаша
Жүргізуші: Осымен «Аққайың» II-ші сәбилер тобының «» атты ертеңгіліг аяқталды көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет. Баршаңызды Наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз
«Өскемен қаласы әкімдігінің №5 «Арай» балабақша-бөбекжайы» КМҚК
Тәрбиешілер: Съезбек К
Доматай М
Өскемен қаласы, 2018-2019 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген