15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ертеңгілік. Тақырыбы: " Жаңа жыл!"
Төрлет, төрлет Жаңа жыл!
Жаңа жылға арналып әсем безендірілген залға Қоян мен Аю кіреді Ортада әсемделген қорап тұрады.
Қоян:Аюжан біз қайда келдік! Мынау неткен әдемі сарай? Аю: Расында да, біз қайда келдік өзі әсем безендірілген екен!Ал шыршалары қандай тамаша!
Қоян: Ал аюжан, біздің балаларымыз қайда мереке басталуға аз қалды ғой.
Аю: Соны өзімде ұқпай тұрмын. Мына тұрған әсем қорапта не бар екен, осында жасырынып қалмап па екен, көрейікші. Қоян: Аюжан көрейік мүмкін жасырынып отырған шығар.
Қорап ашылып ішінен қояндар секіріп шыға бастайды.
Қояндар биі «Жаңа жыл»
Залға жүгіріп бір топ қонжықтар кіреді.
Қонжықтар биі: «Біз тәтті қонжықпыз»
Қоян: Жаңа жыл жаңа нұр ала келсін
Қуанышқа құшағымыз тола берсін!
Ескі жылың есіркеп көкейіңде
Қимас шақтың бірі болып қала берсін!
Аю: Уа, халайық той бүгін
Бақыт шаттық, мол бүгін
Қызық көріп шат болып
Қызық көріп думандатып
Аю: (таңырқайды)
Балалар қараңдаршы шыршаның түбінде бір зат жатқан сияқты. Ол не екен, көрейікші. Қоян: Аюжан не екенін көрейік.
Аю: Балалар мен қолғап тауып алдым. Қоян бұл қолғап сенікі емеспе? Қоян: Жоқ, Аюжан менікі емес. Аю:Балалар мүмкін сендердікі шығар? Кане киіп көрейік. Аю:Балалар, бұл қолғаптың ішінде бірдеңе бар екен (ішінен қоңырауды алып шығады)
Қазір мен бұл қолғаптың иесін тауып аламын- деп қоңырауды сылдырлатқанда залға әдемі әуенмен Ақшақар билеп кіреді
Ақшақар: Салеметсіңдерме балалар! Бұл неткен әсем жер, бұл жерде не болып жатыр?
Балалар: Жаңа жыл.
Қоян: Қош келдің, Ақшақар! Аяз атамыз қайда?
Ақшақар:Мен осында келе жатып атамнан адасып қалдым, мен қоңыраудың үнін естіп менің атам осында екен деп келсем, емес екенкен ғой.
Аю:Ақшақар, бұл сенің қолғабың ба?
Ақшақар:Жоқ бұл менікі емес.
Аю:Ақшақар сен мұңайма қазір келіп қалар!Сен оданда мына біздің балаларымыздың әнін тыңда көңілің көтеріліп қалар. Балалар қане ақшақарға арнап бір әнімізді орындап берейік Ән:«Қыс келді» Жолда жатыр аппақ қар, Жұмсақ аппақ мамықтай. Тамаша,тамаша,
Аппақ-аппақ мамықтай.
Қар борайды далада,
Қалың қыстың амалы. Тамаша,тамаша,
Қыста келді жаңаша.
Ақшақар: Балалар, сендер Жаңа жылға арнап тақпақта жаттаған шығарсыңдар. Сол тақпақтарыңнан тыңдасам деп едім. Менде білесіңдерме не бар екенін, сыйқырлы микрафон бар. Бұл сыйқырлы бұған сөйлесеңдер дауыстарың қатты шығады. Қане кім тақпақ айтады?
Балалардың тақпақтары:
Айша
Этот праздник любит каждый
Этот праздник каждый ждет
Для детей он самый важный
А зовется –Новый год
Раяна
Әкем таңдап әкелді
Ең үлпілдек шыршаны
Иісі аңқыған шыршаны
Жарқыраған шыршаны
Анамда көріп мәз болды
Айя
Жаңа жылда балалар
Тек қуаныш көріңдер
Ауырмаңдар ешқашан
Мықты болу өзіңнен
Алихан
Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап
Айсури
Тоғай да, баулар да
Ақ күмісін жамылды
Дала да, таулар да
Өзіңді сағынды
Амирхан
Жаңа жыл келгенде
Қуанып қарсы аламыз
Аяз ата келгенде
Билейміз, ән саламыз
Дамиля
Оралды өлкеме
Жаңа жыл, армысың!
Оранды ақ көрпе
Асқар тау, қарлы шың. Ақшақар:Менің атам қайда жүр екен, ол да адасып кетпедіме екен
Аю:Қоңырауды қайта сылдырлатқанда залға Сайқымазақ келіп кіреді. (қолында дорбасы бар, көтере алмай кіреді) Сайқымазақ: Ой,ой мен қайда келдім бұл жер қандай керемет ал балалар сендер мені күтіп отырсыңдарма?
Балалар: ЖОҚ
Қоян: жоқ біз аяз атамызды күтіп отырмыз сен қайдан келдің? Сайқымазақ: Мен Аяз атамын қоңыраудың үнін естіп келдім.
Сайқымазақ: Онда мен кіммін, мені таныдыңдар ма? Аю: Жоқ, сен сайқымазақсың. Келіп қалған екенсің, ондай болса біздің көңілімізді бір көтеріп кет! Балалардың өнерлерін тамашала.
Тақпақтар:
Асылым
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа- жыл
Ата- әже, әке- шеше
Құтты болсын, жаңа жыл!
Сұлтан
Жылдың әнін бастайық,
Аяз- ата кеп қалды,
Майысады жас қайың
Көтере алмай көп қарды
Марлен
Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән,
Апайлармен және біз
Мерекені бастаймыз
Алинұр
Жаңа жылды қарсы алдым
Мініп алып күймеге
Мен де бүгін ән салдым
Араластым биге де
Сырым
Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да
Аяз ата, сағынған
Сәлем берді жұртына
Нұрали
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз -ата оралып
Бахтияр
Кто же в гости к нам идет
Это праздник Новый год
Сказка начинается,
Все мечтый сбываются
Сайқымазақ: Ойындар ойнатады. Ақшақар: Сайқымазақ саған рахмет менің көңілім көтеріліп қалды,бірақ мен атамды уайымдап отырмын қашан келеді екен. Аю: сен уайымдама ақшақар мен қазір қайта шақырайын мүмкін келіп қалар деп қоңырауды сылдырлатқанда Аяз ата залға кіреді. Ақшақар: Ата, сен қайда жүрсің мен сенен адасып қалып мында тап болдым. Азя ата: Амансыңдарма, балалар! Қызым мен қолғабыммен балаларға алып келе жатқан сыйлығымды да жоғалтып алдым. Соны іздеп жүріп қалдым. Қолғабымды көрмедіңдер ме?
Қоян: Аааа, мына қолғап сіздікі екен ғой.
Сайқымазақ: Аяз ата мен орманда келе жатсам мына сыйлыққа толы қап жатыр екен. Сіздікі екен ғой. Аю: Аяз ата төрлетіңіз сіздің қолбағыңызды біз тауып алдық . Аяз ата: Рахмет сендерге. Қоян:Аяз ата сіздің келгеніңіз жақсы болды біздің балаларымыздың сізді қатты күтіп отыр.
Аяз ата: Балалалар, мына шыршаның шамдары жанбай тұр екен ғой. Қазір мен оны сыйқырмен жағып жіберейін.
Аю: Тоқтаңыз, Аяз ата сіз арқашан шырша шамын өзіңіз ғана жағасыз, біздің де балалар сіздің шырша шамын қалай жағатынаңызды білгісі келеді. Біздің балаларға да үйретсеңіз.
Аяз ата: Үйретейін, сиқырымның сыры мынандай.
Ойын: «Сыйқыршылар»
Мақсаты: Балаларға, шыршаның жануына таңырқай қарауға, әдемілікке қызыға қарауға қызығушылық танытуға үйрету.
Аяз ата: Қазір сендер үрлеп және қол шапалақтап көріңдер. Сонда шырша жанама, жанбайма көресіңдер.
Балалар: Барлығы шыршаның жанына барып үрлей бастайды, бірақ шам жанбайды.
Аяз ата: Енді шапалақтап көріңдер.
Балалар: Шапалақтайды (шам жанады ойын бірнеше рет қайталанады)
Қоян:Аяз ата біздің балаларымыздың тағыда сізге айтар тақпақтары бар екен!
Ән: «Аяз ата»
Таяғы бар қолында,
Қар борайды соңында.
Қандай силық бар екен,
Арқалаған қабында.
Қаптың аузы ашылды,
Ойыншықтар шашылды.
Аяз-Ата би билей,
Әнімізге қосылды.
Сақалының ұзын-ай,
Судыраған ұзын-ай.
Жарқыраған оттары-хей,
Жаңа жылдың қызығы-ай
Камиля
Тауда туып
Тауда өсіп
Шырша келді ортаға
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз
Амир
Қалып едік сағынып
Күтіп алдық жабылып
Жолын қойдық жарыққып
Шыршаларға шам іліп
Айбын
Аяз-ата ақ сақалды
Ақ таяқты паң ата
Асып өтіп асқар тауды
Жеттің бізге таң ата
Ақерке
Ауыл маңы қар аппақ
Қызықтар көп не түрлі
Ақ дәптерді парақтар
Қыс отырған секілді
Ақниет
О, Алақай Аяз-ата
Келе жатыр алыстан
Кел билейік, үйренейік
Ол келгенше жаңа жыр
Құтты болсын, құтты болсын
Құтты болсын жаңа жыл!
Ерхан
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам мол болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын
Ералы
Сказка новогодняя
В двери постучит
Дед Мороз с подарками
В гости к нам спешит
Ән: «Шырша»
Шыршамыз,Шыршамыз,
Кане бізге көрінші.
Моншақтар тізілген,
Жұлдыздармен көмкерген.
Қ-сы
Шыршамызға жақындап,
Шырқап әнге саламыз.
Аяқпенен топ-топ-топ,
Алақанмен соқ-соқ-соқ.
Шыршамыз,шыршамыз,
Бізбен бірге ойнашы.
Сеніменен ойнап тұрған,
Кәне тапшы біздерді.
Қ-сы
Шыршамызға жақындап,
Шырқап әнге саламыз.
Аяқпенен топ-топ-топ,
Алақанмен соқ-соқ-соқ.
Аяз ата: Балалар сендер өте өнерлі екенсіңдер менің сендерге сыйлықтарым бар соны беріп кетейін.Енді біздің қайтуымыз керек басқа жаққада жаңа жылға барамыз келесі жылға дейін аман сау болығыздар!
Аю:Құрметті
қонақтар! Аққайың тобының ертеңгілігі
осымен аяқталды келесі жылға дейін қош
сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген