400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ертеңгілік тақырыбы " Қош келдің жаңа жыл"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бала- бақша тәрбиешілеріне және мектеп-интернат тәрбиешілеріне қолдануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қош келдің жаңа -жыл

Мақсаты: оқушыларға мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне балалардың, Аяз атаның, ақшақардың, жалмауыз кемпірдің карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынас ояту, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.

1 Жүргізуші: Сәлеметсіздерме бүгінгі жаңа жыл кешіне жиналған қонақтар.  Тезірек, тездетіп мында жиналыңдар,

Басталады Жаңа жылдық карнавал.

Маска да бар, би де бар, асығыңдар,

Шарша жанында қонақтарды қарсы алындар.

Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды,

Басталады, басталады Жаңа жылдық карнавал!

Карнавалдың иелерін қарсы алайық! (қол шапалақтау, оқушылар екі-екіден залға кіреді)

Балалар кіреді:

Сахна сыртынан дауыс :

Ерте, ерте, ертеде шығыс елінде бір хан өмір сүріпті. Сол ханның ай десе аузы, күн десе көзі сұлу ханшайымы болған екен. Ол ханшайымның ешқандай достары болмаған, ешкіммен ойнамайды,тіпті күлмейді де екен. Өте көңілсіз өмір сүріпті. Күндердің күнінде хан қол астындағыларын жинап егерде кімде кім жаңа жыл кешінде менің қызымның көңілін көтеріп би билеп, ән шырқап көңілін көтерсе сол балаларға көптеген жақсы сыйлықтарым бар деп жар салыпты.

Жүргізуші: Ал, балалар олай болса хан қызының көңілін көтеруге, жаңа жылды көңілді қарсы алуға хан қызының көңілін көтергілерін келеме ендеше ән айтып , би билейік. Ханның сендерге арнаған сыйлықтары бар.

Жүргізуші: Олай болса Ханшайымның көңілін көтеріп ойын ойнап, ән салайық ханның жақсы сыйлықтарынан алайық.

Ханшайым : қандай керемет әдемі киініп келіпті. Бұл қандай тамаша мереке? Бұл мекрекеге тағы кімдер келеді?

Балалар

Жүргізуші: ендеше балалар Ханшайымға арнап бір ән айтып.

Ән: ЖАҢА- ЖЫЛ

Ханшайым: өте тамаша енді мен сендермен бірге аяз ата мен ақшақарды қарсы аламын

Бірақ мен аяз атаны танымааймын. Ол кім?

Жүргізуші: балалар айтындаршы аяз ата деген ол кім? Ол қандай адам?

Аяз ата ол деген мейірімді, сүйкімді ақ сақалды ата. Ата көп ертегілерді біледі, ол ормандағы жануарлардың досы. Аяз ата барлық балалармен бірге билейді, ән айтады. Біз атаны жыл бойы күтеміз. Бізге жақсы сыйлықтар әкеледі.

Жүргізуші Ханшайым біздің аяз атаға сенде өнеріңді көрсетсең сыйлық аласын.

Жүргізуші:: енді балалар көп күтіп қалды аяз атамызды шақырайық.

Аяз атаны шақырамыз аууууу

Музыка ойналады Мыстан кіреді. (Бірақ ол аяз атанын киімінде)

Жүргізуші: Балалар мынау аяз ата?

Балалар: Жоқ

Мыстан: Сәлеметсізбе балалар. Ия мен Аяз атамын.

Жүргізуші: сен Аяз ата . Сенің мұрның қызыыл емес, сақалың ақ емес? Сен мұнда қалай келдің? 

Мыстан: сендерлің дауыстарыңды естіп келіп қалдым

Жүргізуші: Балалар аяз ата екеніне сендерде сенімдісіңдерме? Енді не істедік? Ал, ендеше сен қазір аяз ата екеніңді дәлелде.

Мынатұрған шыршамызды жарқыратып берші: Шыршанын шамын жақ.

Мыстан: Қазір ,енді не істеймін қазір, қазір.Қалтасынан сіріңке алып шығады. Қане жағып жіберейін.

Жүргізуші: Жоқ,жоқ жаға көрме сен өрт шығарасын . Бұл аяз ата емес бұл мыстан. Енді қайттық мыстан нан қалай құтыламыз.


Жоқ балалар қазір менің осы хан сарайда батыр ұлдарым мен қыздарым бар соларды шақырайын . Мүмін балалар мен бірігіп секіремін деп шаршап қалар. Мүмкін сол кезде мыстаннан құтыламыз. Қане ортаға 6 «а» сынып оқушыларын шақырмыз

Би « Полька» 6 «а»

(Осы кезде боранның гуілдеген дыбысы шығады) Жалмауыз кемпір тоңа бастайды да, біреулердің киімдерінің астына кіріп , ата-аналарға тығылып ақырын шығып кетеді.

Жүргізуші: балалар мыстан кетіп қалдығой деймін балалар тезірек аяз атамызды шақырайық, Бірақ балалар есімізде болсын ол мыстан қайтып келеді.

Қане қаттырақ дауыстап шақырайық.

Балалар: Аяз ата аууууу, Аяз ата ауууу.

Алыстан аяз атаның дауысы естіледі

Жүргізуші: Аяз ата келе жатырғой деймін қанекей қол соғайық.

Болған қиындықтарды ұмытайық.

Аяз атаның сөзі: Амансыздар ма, Тәуелсіз елдің бақытты ұрпақтары, аяулы аналар, ардақты ұл-қыздарым, бүлдіршін балаларым!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқап,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.

Жыл сайын сендердің жарқын жүздеріңді көріп, мен жасарып, бақыттан бал-бұл жанып тұрмын.

Ақшақар: Ақша қар:
Амансыздар ма балалар, ұстаздар, ата аналар! Өздеріңді сағынып келдік, Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Өт
келі отырған ит жылымызға аман есен саулық тілеп, келер жылымыз Доңыз жылына табысты жыл, береке, бірлік әкелсін деп тілеймін

Қане Аяз ата мен ақшақардың құрметіне балалар шыршамызды айланып ән айтайық. Ән « шырша жыры»

Би «Ақшақар»

Жүргізуші: Жаңа жыл жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет, төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын.
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Доңыз жылы   кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғасын жаңа уақыт.

Ортаға Жаңа жылымыз Доңыз жылын шақырайық.
Доңыз жылы: Аружан
Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық,
Жаса, жаса достық бірлік туыстық.
Құттықтайық жаңа жылды өнермен,
Қуаныштың әр минуты тым ыстық.

Жүргізуші: рахмет саған Доңыз жылы хош келдің Енді сенде біздің ортамызда би билеп, ән салып балалармен бірге бол. Кәне достар!Бүгін бәріміз өз өнерімізді ортаға саламыз деп келіскенбіз! Олай болса, ортаға 4 «а», 6 «а» сынып оқушыларын шақырамыз

ән « Жаңа жыл» (Жұмағайша дайындаған)

Жүргізуші: Балалар біздің қазымызда бір жыл бойы жүрген, бізге молшылығы мен байлығын ала келген ортаға ескі жылымызды шақырайық.

ИТ : Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға тілегім.
Жасампаз заман бұл заман
Бүгіннен ертең ғаламат
Алдыңғы сапта боларсың
Хош сау болыңдар балалар! (Ескі жыл кетеді)
.

Доңыз  жылы: 
Жаңа жылда өнер сынар қайсың бар
Алға шығып өлең тақпақ айтыңдар
Жаңа жылда сыйлық алып қайтыңдар

жүргізуші Кәне достар!Бүгін бәріміз өз өнерімізді ортаға саламыз деп келіскенбіз! Олай болса, ойын ойнамаймызба

Ханшайым: Балалар бұл ойынды мен сендермен бірге ойнаймын.

Ойын «Қырыққабат» (шартын түсіндіру)

жүргізуші Аяз ата, көрдіңіз бе, біздің балалар өнерлі. Сіз келеді деп күтіп отырғандары қаншама? Солардың өнерін тамашаласақ Алдымен сізлің құрметіңізге балалар шыршаны айналып Шырша жыры әнін айтып берсін.

Ән « Шырша жыры»

Аяз ата Ал қазір, балалар, шыршаны айналып,әнімізді айтайық.

Аяз Ата: Қандай әдемі шыршаныз. Бірақ шыршаныз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне сиқырлы сөзбен оның шамдарын жарқыратайық! 

Қуант бізді таңырқат 

Шамдарынды жарқырат!

Жүргізуші: Аяз ата қолыңыздағы сыйқырлы таяғыңыз қайда?

Аяз ата Мәссаған жаңа ғана осында болған, кім алып кетті екен?

Жүргізуші: не де болса ол таяқты мыстан кемпір алып кетті: енді не істедік.

Ханшайым: тоқтаңдар менің хан сарайымда қарақшылар бар. Сол қарақшыларға мыстанның қайда екенін , қайда жүргенін қарап келсін .

(Осы кезде қарақшылар биі орындалады).

Қарақшылар биінен кейін мыстан жүгіріп келеді.

Мыстан кемпір: Әрине, мен бәріңді қатырдым. Сендердің көптен күткен Жаңа жылдарың өтпейтін болды. Себебі Жаңа жылға сән беретін шыршаларыңның шамдары жанбайтын болды. Ол шамдарды жағатын Аяз атаның сиқырлы таяғын мен ұрлап алдым. Енді барлық сиқырлы күш менің қолымда, - деп алақайлап, қарқылдап күледі.

Жүргізуші: Мыстан біз сенің тілектеріңді орындасақ сен бізге таяғымызды қайтарасынба.

Мыстан ойланып көремін. Бірақ сендердің қолдарыңнан түк келмейді.

Жүргізуші: Жоқ сен олай айтпа бізде көптеген өнерлі әнші, биші балаларымыз бар қазір бізге сол балалар саған гномиктер биін билеп берсін қабыл ал.

Би «гномиктер»

Жүргізуші: Ал енді бересіңбе таяқты?

Мыстан жоқ

Жүргізуші ; енді не істедік, ендеше балалардың тағы бір өнерін тамашала

Ән « Ертегілер» орындайтын 2 « а» сынып оқушысы Еркежан

Ханшайым: Балалар бұл ойынды мен сендермен бірге ойнаймын.

Ойын (орташа ақыл ойы кем балалар мен ) «Қар қиыршығын» ату.

Ойын шарты екі командаға бөлініп қар ату кімнің командасы көп қар атты сол команда жеңіске жетеді.

Мыстан: жарайды балалар үшін берейін мәндер таяқтарын.

Аяз ата рахмет. Көп тұрып қалдық шыршамызды жағайық

Аяз Ата:  Қуант бізді таңырқат 

Шамдарынды жарқырат!

Балалар: Қуант бізді таңырқат

Шамдарынды жарқырат! ( қолдарын шапалақтайды) 

ШЫРШЫМЫЗ  ЖАНАДЫ

Шырша әні

Мыстан кемпір. Балалар сендер кешіріңдер. Мен сендермен бір ойын ойнайын қалай қарайсындар .

Жүргізуші: әрине болады ол қандай ойын?

Ол ойын шыршаны безендір деп аталады. Ол үшін бізге екі самокат керек

Ойын шартын түсіндіреді көрсетеді.

Ойын( мыстан жүргізеді )

Жүргізуші: Аяз  Ата шаршаған шығарсын,  отыра тұр дем ал біздің

Аяз Ата: Балалар сендер тақпақ жаттадындарма?

Балалар: Иә

Жүргізуші: әрине біледі қане ортаға шығып тақпақ айтайық.

ХОР шырша жыры әні жүргізуші

 Жүзімізде күлкі ойнап

Естіледі әніміз

Жаңа жылды қарсы алып

Би билейміз бәріміз дей отырып Шығыс биі 6 «а» кыздарының биін тамашалаңыздар.

(осы кезде айқайлап, дорба сүйреп мыстан кіреді)

Мыстан : тоқтаңдар, тоқтаңдар мында қараңдар мен сендердің сыйлықтарыңды тауып алдым мынау аяз ата сіздікі ме?

Аяз ата: Иә әрине біздікі

Жүргізуші: Мыстеке , Тағы қулығыңды асырып балалардың сыйлығын ұрлап кеткенсінбе?

Мыстан осы кезде майысып жоға, жоға . мен тауып алдым осы жақта менің жақсы достарым қалғаннан кейі әкеп тұрмын.

Аяз ата қане көрейін ( ашып қарайды)

Аяз ата Балалар кешіріңдер мен сыйлық туралы мүлдем ұмытып кетіппін мына қаптың іші толған сыйлық менің көмекшілерім таратып береді

Аяз ата: ал , мен кетейін
Аяз ата: Жаңа жыл жаңа бақыт, әкелсін далама құт.
Өнерлерің көп болсын, елде уайым жоқ болсын.
Тілектерің ақ болсын, бастарыңа бақ қонсын.
Келер жылы келермін, өнер тағы көрермін.
Сыйлық әкеп сендерге, көптен - көптен берермін.
Жақсылыққа толыңдар, тек биікке қоныңдар.
Келесі жылы көргенше, амандықта болыңдар.
1 Жүргізуші:
Ал құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық.

1 Жүргізуші: Келеді жылдар,келеді айлар ауысып,

ИТ жылы мен доңыз жылы да ауысып.

Береке,бірлік бейбітшілік төрінде

Тұрайық әркез татулықпен қауышып

2 Жүргізуші: Бітуге қалды таяп-ай,

Не қыласың аяп-ай.

Кәне халқым қол соқшы,

Жаңа жылда аямай !

Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.
(Аяз ата, ақша қар кетеді. )
1 Жүргізуші: Құрметті достар! Қадірлі ұстаздар!бірлесіп,достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді.Достық,бірлік бәрінде де жеңеді.Аспанымызды бұлт торламасын,аспанымыздағы күніміз сөнбесін!

Жүргізуші; Міне ханшайым біздің балалардың өнерін тамашаладың Ханға сәлем айт сен жалғыз болма сеніңде достарың көп болсын әрқашанда бізбен бірге бол.

Ханшайым: рахмет сендерге енді мен сендермен біргемін. Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларымызға жаңа нұр,жаңа шуақ, бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп,доңыз жылындай мейірімді көңілді болайық.Жылы жүздеріңізден нұр кетпесін
Жүргізуші: Ата-аналар, қонақтар! Жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталды.Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.Келе жатқан Жаңа- жылдарыңыз құтты болсын!
Келесі кездескенше сау – саламатта болыңыздар!

Жаңа жыл құтты болсын !







































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
454
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі