жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ЕРтеңгілік тақырыбы: Алтын күз Балабақша Ортаңғы "Ботақан" тобы
Тақырыбы:Алтын
күз
Мақсаты:
Балалардың күз
мезгілі туралы алған білімдерін тиянақтау, күз ерекшеліктерін, күз
сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл-күй
сыйлау. Күз туралы балалардың дүниетанымдарын
арттыру,күз мезгілінің қоршаған ортаға әсерін танысту,күз
ерекшеліктерін,күз егісін түсіндіре отырып,балаларға мерекелік
көңіл күй сыйлау.
Көрнекіліктер:
Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілгенжапырақтың суреттері,
күз жәрмеңкесі,шарлар,көкініспен жемістердің
муляждары.
Кейіпкерлер: Маша,Қарақшы,Бағбаншы,Алтын күз
Жүру барысы
Жүргізуші:Құрметті ата-аналар,ұстаздар,балалар.Бүгінгі «Алтын күз» мерекесіне қош келдіңіздер.
Армысыздар,халайық,
Бармысыздар халайық,
Күзгі тойды жұп жазбай,бірге қарсы алайық.
-Балалар бүгін біздер қандай мерекені тойлағалы жатырмыз?
-Жылдың неше мезгілі бар?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінің неше айы бар?
-Жарайсыңдар балалар.
Әдемі әуенмен ортаға «Алтын күз» келеді.Балалармен амандасады.
Алтын күз:Сәлеметсіңдер ме балалар!Сәлеметсіңдер ме қонақтар.Армысыздар ұстаздар.
Бақ береке дарыған,
Жомарт көңіл-жарқын жаз.
Сары алтынға малынған.
«Алтын күз» деген мен болам.
Балалар мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.Мен жалғыз келмедім,менің жанымда менің күз айларым бар.Өзіммен бірге күз айларымды ала келдім.Қане менің күз айларымды білесіңдер ме?Атап айтыңдаршы.
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Ендеше менің күз айларыма сөз кезегін берейік.
Аяулым Қыркүйек айы:
Бір-біріне жер аспан,
Мейіріммен қарасқан,
Ұстаз шәкірт жүздескен.
Қош келіпсіз күз дескен.
Аяна Қазан айы:
Қазан айы болыпты.
Қамбаға астық толыпты
Сары даланы сәндетіп
Думандатып әндетіп.
Даурен Қараша айы
Күн суытып барады.
Малдар қолға қарады.
Қарашы ауыл даламыз.
Қысқа дайын боламыз.
Алтын күз:Жарайсыңдар менің күз айларым.
Ән: «Алтын күз»
Жүргізуші: Қош келдің Алтын күз,біздің топ балаларының сізге арнап дайындаған тақпақтарын тыңдап,бірге көңіл көтер.
Нұриман:
Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап,
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Анель:
Ұшты талдан жапырақ,
Сары көбелек секілді,
Аспанда жай шатырлап,
Тамшы жерге секірді.
Санжар:
Жайдары күз жарқын күз.
Аяулы күз алтын күз.
Дәнге толы кең далам,
Дариядай шалқар күз.
Алия:
Аспанды сарғылт бұлт
Жан-жақтан жауады.
Күнбірте суытып,
Жауын көп жауады.
Нұрхан:
Сарғайды тоғай,сап-сары маңай.
Соңғы әнін айтып,құс кетті қайтып,
Жапырақ ұшты,суық та түсті,
Сонда да бізге,қызық көп күзде.
Айкөркем:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді,
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Рүстем;
Жаздай күткен бәріміз,
Сары алтын,сары күз.
Көк аспанын мөлдіреп,
Алтын күнім елжіреп.
Ақниет:
Алақай,алақай,
Шаттанып балақай,
Күз келді дән пісті.
Айтамыз алғысты.
Рауан:
Ел егінін жинайды,
Қырманға дән сыймайды.
Біздің дала бай дала,
Алтын астық айнала.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар,Алтын күз біздің балалардың сізге арнап айтылған тілектерін,сізге деген ықыластарын жақсы ниетпен қабыл алыңыз.Балалар сіздер күздің қандай ерекшеліктерін білесіздер?Ендеше ортаға күз мезгілінің сары жапырақтарын ортаға шақырайықшы
Би: «Күзгі жапырақтар» биі
Кенеттен ортаға Қарақшы Машаны құрбыларымен қуып келеді.
Қарақшы:Ой мында не болып жатыр,мыналар кімдер,Машаны көрмедіңдер ме?
Ааааа сен мындасыңба!? Қолыма түстіңбе.
Маша: Ой балалар мені қорғандаршы мен мына қарақшыдан қорқамын,орманда бақта себетімен көкіністер жинайыншы деп шыққан едім,мына қарақшы мені көріп қуып кетті,сендердің жандарыңа келегеніме қуанып тұрмын.Мына қарақшыдан қатты қорқып кеттім мен.
Жүргізуші:Қарақшы сен мына Машаны әбден қорқытыпсыңғой,Маша жан қорықпа,біз сені қорғаймыз.
Қарақшы:Мыналардың барлығы меннен неге қорқады,мен сондай қорқыныштымын ба?Менімен ешкім дос болғысы да келмейді,мені ешкім жақсы көрмейді,неге балалар?
Жүргізуші:Қарақшы сен өйткені зұлым,бұзықсың сол себепті сеннен қорқады.Сен балаларды зұлымдыққа шақырма сонда балаларда сенің айналаңдағы адамдарда сенімен дос болады.Жарайма Қарақшы.
Қарақшы:Жарайды,ендеше мен бүгіннен бастап,дәл осы сәттен бастап мен бұзық болмаймын.Енді менімен дос боласыңдар ма?
Қарақшы:Ендеше балалар бәріміз дос болатын болсақ мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын: «Кім шапшаң?»
Ойынның шарты: Екі командаға бөлінеді екі командаға есек беріліп сол есекпен шауып,шелекке жапырақтарды толтырады.Қай команданың шелегінде жапырақ көп болады,сол жеңіске жетеді.
Ортаға қарақшыны іздеген Бағбаншы келеді.
Бағбаншы:Сәлеметсіңдер ме балалар,бұл жерде не болып жатыр,Қарақшыны көрмедіңдер ме?
Ой мына Қарақшы мында жүр екенғой,мен мына Қарақшыны таба алмай жүрсем.Ей сен Қарақшы менің егістігімді неге,неүшін қопарып,егінде өсіп жатырған көкіністерімді шашып,бәрін бүлдіріп кетіпсің,неге,неліктен?Менің еңбегімді сонша бүлдіргенің не?
Қарақшы:Иә,бағбаншы енді мен мындай бұзық болмаймын,мен сіздің еңбегіңіздін бәрін бүлдіріп кеттім.Кешіріңіз.
Жүргізуші:Қош келдіңіз Бағбаншы,бүгін біздер балабақша бүлдіршіндері, «Алтын күз» мерекесін тойлағалы жатыр,бізбен бірге балалардың өнерлерін тамашалаңыз,шаршағаныңызды басып.
Ұл балаларымыздың көңілді биі: «Жаңбыр» биі
Бағбаншы:Ой жарайсыңдар балалар,сіздерге көптен көп рахмет,қандай өнерлісіңдер.
Кенеттен күн күркіреген даукыс естіледі.
Жүргізуші:Ой балалар бұл ненің дауысы,жаңбыр жауғысы келіп тұрған сияқтығой,қане өлең айтып көрейікші,мүмкін сол уақытта жаңбыр жаумас.
Топ балаларының әні: «Жаңбыр»
Маша: Рахмет сендерге балалар,менің атаммен әжем күтіп қалған болар, жаңбыр жаумастан бұрын мен қайтайын.Сау болыңдар.
Қарақшы да,Бағбаншы да балалармен қоштасып кетеді.
Балалар бүгін біздерге кімдер қонаққа келді?
Қандай мерекені тойлап өттік?
Жарайсыңдар балалар.
Жүргізуші:
Өңі қашқан
бәрінің
Оңып кеткен
атырап
Қолдарындай
кәрінің
Қалтырайды
жапырақ
Соңғы кезде жерге
күн
Қырын қарап
алыпты
Қара бұлттар
жөргегін
Кептіре алмай
қалыпты
Демекші міне балалар күзде аяқталып қалды,
енді қылышын сүйретіп қыс келмекші. Күзге айтарымыз берер сыйын
жылдан-жылға көп болсын елде тыныштық болсын дейміз. Осымен «Алтын
күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды көңіл қойып тыңдағандарыңызға
көп-көп рахмет.
№59 «Ақбөбек» балабақшасы

Ортаңғы «Ботақан» тобының ертеңгілік сценариі
Тақырыбы: «Алтын күз»
Тәрбиеші: Тулеуова А
Саз жетекшісі:Мусина Г
2018-2019 оқу жылы
Балалар Күз-байлық,күз береке,күз-молшылық,күз-қуаныш.Күз меркесінде күн салқындап
Жүргізуші:
Қуандырып
біздерді,
Мерекелі күз
келді.
Кел
жемісті алтын күз
Кемелденсін
халқымыз.
Құрметті ата-аналар, балалар, тәрбиешілер
«күз сыйы» атты ертеңгілігімізге қош
келдіңіздер!
Хор:
«Алтын күз».
Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей
жайнап,
Шақырады жарқын
жүз.
Сайрандаған
күліп-ойнап,
Келді міне алтын
күз.
Ендеше көңілімізді көтеріп бүгінгі күзгі балл кешімізге арнап дайындаған өнерімізді ортамызға салайық.
Тақпақтар:
Бүгінгі мерекеге орай №2
мектепалды даярлық топ бүлдіршіндері өздерінің жылы лебіздерін
жолдайды.
Абунасыр: Көк майсалы
көрікті,
Алқаптағы көп
егін.
Бұл
күндері киіпті
Сары
жібек көйлегін.
Бибінұр: Жел тынымсыз
гуілдеп
Болып кетті тым
бұзық
Шуылдайды тал
терек
Жапырағын
жұлғызып
Қуаныш: Күншуаққа
маужырап
Жатыр еді
атырап.
Ағаштардан
жамырап,
Ұшты
кенет жапырақ.
Бекет: Әй алақай
тамаша,
Шашу
шашты жапырақ
Бақтың іші
алаша
Аунар ма еді жатып
ап.
Жанарыс: Алтын-сары,
қызыл-көк
Алуан-алуан
жапырақ.
Күзгі бақта
күлімдеп
Көз
тартады жапырлап.
Нұрдәулет: Үркіп-үйрек
қаздары,
Шулайды көл
қоғалы,
Дәурен өтіп
жаздағы
Күздің желі
соғады.
Мұхамбет: Ұшты талдан
жапырақ
Сары
көбелек секілді
Аспанда жай
шатырлап
Тамшы жерде
секірді
Бекзат: Дамылдап жатқан
балғындай
Тоқтатты сулар
тасуын
Ағаштар алтын
жамбыдай
Шашады жерге
шашуын
Жүрексіз қоян
безеді
Жөңкілсе қаңбақ
күздегі.
Қызықтыру сәті: залға
«күз ханшайымы» кіреді.
Күз
ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме
балалар!
-
Мені таныдыңдар ма?
- Не
тойлап жатсыңдар?
-
Күз туралы және оның ерекшеліктері туралы кім
біледі?
Балалардың жауабы: Күзде табиғат ерекше күйге
енеді. Жапырақтар сары, қызыл болса, алқаптағы шөптер қоңыр, сарғыш
түске боялады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күн біртіндеп
қысқарады, жауын –шашын көбейіп, күн суытады. Күзде жеміс-жидектер,
көкөністер, бақша дақылдары, егістіктегі астық пісіп, қамбаларға
жиналады. Күз мезгілінде 3 ай бар, олар: қыркүйек, қазан,
қараша.Күз - жылдың берекелі
мезгілі.
Күз ханшайымы: - Ой
жарайсыңдар балалар ал енді күз айларын және күз ерекшеліктерін кім
маған жырға қосып айта алады?
Қыркүйек
Бір-біріне жер
аспан
Мейіріммен
қарасқан
Ұстаз-шәкірт
жүздескен
Қош
келіпсіз күз дескен.
Қазан
Қазан айы
болыпты,
Қамбаға астық
толыпты
Сары
даланы сәндетіп
Думандатып
әндетіп
Қараша
Күн
суытып барады
Малдар қолға
қарады
Қараша ауыл
даламыз
Қысқа дайын
боламыз
Алтынай
Жатыр дала
жалтылдап
Жаз
шуағы мол құйды
Күн
астында алтын дән
Тербеледі
толқиды
Көктемде егін
егетін
Күзде жиып
беретін
Біздің дала бай
дала
Астық толы
айнала
Нұрхан
Қоңыр күз келдің
бе?
Қабағың
түйіліп,
Қауындар,
жемістер
Қалыпты
жиылып.
Жанна Қ.
Қызды қайнап ел
ісі
Қызыл қырмен жер
үсті
Елдің тоймен
жүрген
Еңбегінің
жемісі.
Жүргізуші: Күз ханшайымы
біздің балаларымыздың өнерлері бұнымен шектелмек емес балаларымыз
өте талантты қане төрлетіңіз біздің өнерімізді
тамашалаңыз.
«Жапырақтар
биі»
Хор:
«Сары күз»
Жүргізуші: Күз ханшайымы
сізде құр алақан келмеген шығарсыз бізге арнап бір тосын сый жасап
келген шығарсыз солайма?
Күз
ханшайымы: Ия дұрыс айтасың бұндай өнерлі балалардың ортасына келіп
ойнамай кеткенім жөн болмас сондықтанда «Жемістер мен көкөністерді
жина» деген ойынды ойнағым келіп тұр. Ойынның шарты бойынша
балаларды 2 топқа бөлемін сендер «Алтын күз» ал сендер «Жомарт күз»
боласыңдар келістік пе? Ал ендеше ойынды
бастаймыз.
Қимылды ойын: «Жемістер
мен көкөністерді жина»
Ән:
«Жау-жау жаңбыр» Орындайтындар: Мектепалды даярлық топ
бүлдіршіндері
Жүргізуші: балалар бізді күз мерекесімен
құттықтауға өздеріңнің сүйікті достарың «Буратино» келіп отыр. Ал
ол өзімен бірге достарында ала келіпті. Соған қарағанда құр қол
келмеген шығар. Қане Буратиноны ортаға
шақырайық.
Би:
«Буратино»
Жүргізуші:
Жатыр дала
жалтылдап,
Жаз
шуағы мол құйды.
Күн
астында алтын дән
Тербеледі
толқиды
№1
мектепалды даярлық топ балалары жырдан шашу
шашады.
Айкөркем
Таудан салқын жел
соқса,
Сыбдырлайды
қалтырап
Жақын қалды
желтоқсан
Жабырқайды
жапырақ
Аягөз
Қиқулап көкте
жүзеді
Құстардың керуен
тізбегі
Күйекте күйлі мал
қанша
Қырманда толы дән
қанша
Алтын күз әсем
айналам
Қараймын көзім
талғанша
Гүлжайна
Кейде құйын
кетеді
Доп
қылып-ап қаңбақты
Бейне тентек
баладай
Ойран асыр
салады
Алма
бағын жағалай
Алмаларын
қағады
Серікболсын
Барын беріп
халыққа
Жұмыстан соң
қалтырап
Дала
ұқсайды алыпқа
Дамыл алған
маужырап
Саят
Ой
балалар балалар
Қоңырқай күз
болыпты
Қурап жапырақ
салыпты
Ел
егінін алыпты
Жүргізуші:
Жемістер жүр қадамын аңдап
басып
Келеді міне ортаға толқып
тасып
Бөбектерін өбектеген халқым
менің
Көңілді қошеметпен қол
соғалық
Ортаға жемістерді
«Жемістер биімен» қарсы алайық «Жемістер
биі»
Жүргізуші: Балалар мен
жұмбақ жасырғым кеп тұр бәріміз мұқият
тыңдайық:
Іші толған
шәрбат
Дәмі
қандай әйбат
Үзесің бірден
жүзін
Оның
аты-...(жүзім)
Дөп-дөңгелек
сары
Ішінде бар
дәні
Қызығасың
көріп
Оның
аты-...(өрік)
Жапырақты
тасалап
Өсетін жері
бақша-бақ
Күрең қызыл шіркін
ай
Оның
аты-...(құлпынай)
Бір сабақта көп
түйме
Жей
алмайсың көк күйде
Санап қара
қанша
Оның
аты-...(шие)
Пісетін кезі дәл
күзде
Мезгілсіз оны
үзбе.
Аузыңнан кетпес бал
дәмі
Оның
аты...(Шабдалы)
Көрініс: «Түлкі мен
торғай»
Күз
ханшайымы: Ой балалар менің көңіл-күйімді көтергендеріңе сендерге
көп-көп рахмет. Өнерлерің үстем болсын өте талантты балалар
екенсіңдер, келесі күз келгенше білімдеріңді де өнерлеріңді де
өрістете беріңдер. Ал мен сендермен қош айтысамын, сау болыңдар.
(Күз ханшайымы залдан шығып
кетеді)
Хор: «Күз
жомарт»
Жүргізуші:
Өңі
қашқан бәрінің
Оңып
кеткен атырап
Қолдарындай
кәрінің
Қалтырайды
жапырақ
Соңғы кезде жерге
күн
Қырын қарап
алыпты
Қара
бұлттар жөргегін
Кептіре алмай
қалыпты
Демекші міне балалар
күзде аяқталып қалды, енді қылышын сүйретіп қыс келмекші. Күзге
айтарымыз берер сыйын жылдан-жылға көп болсын елде тыныштық болсын
дейміз. Осымен «Күз сыйы» атты ертеңгілігіміз аяқталды көңіл қойып
тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.
Тақырыбы :Береке басы-алтын күз Құрметті
ата-аналар және апайлар! Бүгін біз 2-кішкентайлар тобында «Береке
басы- алтын күз» атты ертеңгілігін тойлағалы отырмыз. Күз мерекесі
отбасыларыңызға береке, бірілік әкелсін! Сұр бұлт түсі суық
қаптайды аспан, Күз болып дымқыл тұман жерді басқан. Білмеймін
тоңғаны ма,тойғаны ма Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.-деп
Абай атамыз айтқандай, біздің де балаларымыз осы күз мерекесіне
арнап тақпақтарын айтып береді. Хор; «Күз жомарт» Гүлназ: Сары
көйлегің желбіреп, Сап-сары маңай Соңғы әнін айтып Құс кетті
қайтып. Назым: Жаздай күткен бәріміз Сары алтын,сары күз, Алтын ұя
бақшада Сабақ бастар шағымыз. Перизат:Көк аспаның мөлдіреп Алтын
кұзім елжіреп Асыр салып жүре бер Сары көйлегің желбіреп. Ардақ:
Жемісті мол теретін Күз дос екен біздермен Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген. Алуан-алуан жапырақ Ернұр: Алтын сары
,қызыл,көк Күзгі бақта күлімдеп көз тартады атырап. Ақнұр: Өрік,
шие, балы бар Қарбыз,қауын көбейді Жегің келсе бәрін ал Неге аласың
демейді. Аружан:Бұлт ағады аулаққа Күз келіпті аймаққа Жаздай
піскен жаңғақта Шашылады жан-жаққа. Айерке: ой, балалар, балалар
Қоңырқай күз болыпты Қурап жапырақ солыпты Ел егінін алыпты. Дамир:
Күздің қазан айында Алма,алмұрт піседі Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр-сыбдыр түседі. Жүргізуші: Жарайды, балалар ендігі кезекті
әнге берейік. Хор; «Күз келгенде» Әдемі әнмен Алтын күз зал ішіне
енеді. -Балалар, бізге қонақ келе жатыр кім екен? Күз:
Сәлеметсіздер ме балалар? Бүгін сіздерде мереке болып жатыр екен.
Мен де құр қол келген жоқпын мерекеге жұмбақтар алып келдім. Жұмбақ
жасыру. Осы езде секіріп тиін келеді. Тиін: Саламатсыздар ма,
балалар? -Мен кіммін? -Мен өзіммен жаңғақтар алып келдім. -Ойын
ойнағыларың келе ме? Жүргізуші: Қане, балалар тиін алып келген
жаңғақтармен ойнайық. Жаңғақты тез әрі жылдам жинауымыз керек.
Тиін: Мен ән айтып бергім келеді. ән: «Кел, билейік» би: «Шөжелер»
Жүргізуші:Міне, құрметті қонақтар, балалар! Күз мерекесіне арналған
ертеңгілігіміз аяқталып келеді.Бүгінгі мерекеге қатысқан Алтын
күзге,Тиінге рахметімізді
айтамыз.
Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/2353-bereke-basy-altyn-kz.html
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген