Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертеңгілік тақырыбы: «Ана – аса қымбатты жан»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:

Балабақша әдіскері: Ж.Амангелдиева


Тақырыбы: «Ана – аса қымбатты жан»
Мақсаты: -мерекелік көңіл-күйін құру;
-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру;
-балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру;
-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу

Жүргізуші: Құрметті қонақтар!!!

Сіздерді көктемнің алғашқы күнімен құттықтаймыз.

Сіздерге таусылмас қуаныш, зор денсаулықты тілейміз!

Көктемгі мереке біздің балабақшамызға да жетті.

Көңілді балаларымызды қарсы алыңыздар!

Балалар залға кіреді.

Жүргізуші:

Құттықтау сөз кезегін балабақша меңгерушісі К.Жалгасбаеваға беремін.

- Балалар терезеге қараңдаршы, күн аздап жыли бастады.

Аналарымыздың мерекесі келіп, күн қуана қарсы алуда.


Балалар тақпақтарын айтады.

(Жансая, Ерсайын, Райана)

Жансая

Әлпештеген аялаған,

Ақ сүт берген апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын.

Ерсайын

Анам менің, ақ мамам

Балашым деп мақтаған.

Анам барда әрдайым,

Қуанамын шаттанам.

Райана

Ана деген - дара мүсін

Шаршамайды бала үшін

Ауырмашы жан анам,

Сенсің менің бар панам.



Хор: Балалар «Ақ мамам» әнін орындады.

Жүргізуші: - Міне, балалар, менің қолымда қандай әдемі гүл! Маған бұл гүлді сиқыршы берді.

Жүргізуші:

Сиқырлы гүлді қолыма алып едім,

Көктемнің дауысын ести бердім,

Құстардың сыңғырлаған әсем дауысы,

Орманда жүргендей кейіпке ендім.

 

«Aу, көктем!» Қайдасың? Жауап беріңіз! Келіңдер, балалар, Көктемді шақырайық-Бәріміз бірге қайталайық «Ау! Көктем!

Балалар шақырады, көктем келеді, би билейді.

Көктем: - Сәлеметсіз бе, балалар! Сендер мені шақырдыңдар ма?

Балалар: - Иә!

Көктем:

- Мен, көктем, сендердің мерекелеріне келдім.

Көңілді балақайларға әсем жүрекшелер әкелдім!.

Жүргізуші:

Жүргізуші: - Рахмет, сұлу - Көктем, мерекемізді бірге тойлайық!


Көктем туаралы өлең

Жүргізуші: келесі кезекті тақпақтарға берейік

Зере, Нұрайша,

Ақ кимешек киген,

Ақ бетімнен сүйген.

Менің әжем қандай,

Менің әжем айдай.


Нұрайша

Менің әжем мейірбан,

Мені жақсы көреді.

Қажетіне жарасам,

Жас балаша күледі.


Балалар «Әже» әнін орындады.


Балалардың аналарына деген сүйіспеншілігін тақпақтар арқылы жеткізеді.

Балалар: - Шын жүректен құттықтаймыз.

Әмина, Саян, Кәусар, Мейіржан

Құшағына кіргенде,

Жылынамын бір демде

Не жетпейді көзіне,

Мейірімді күннен де

Үн қатасын бал тілінмен,

Еркелеймін әр күнмен

Құттықтаймын анашым,

Сегізінші наурызбен.


Саян

Өмірдің иесі сен ғафу Ана

Келтіргне дүниегі нелер дана

Анасыз батырда жоқ ақында жоқ

Өмірдің алтын кілті сонда ғана


Кәусар

Шашымды өріп тараган

Қабағыма қараған

Құттықтаймын анашым

Сегізінші науызбен.


Мейіржан

Армандарға жетерміз,

Құстай ұшып кетерміз.

Ыстық құшақ анашым,

Сізді бақытты етерміз.

Сендер ән айтып ,билейсіңдер ме?

«Көбелек» биі

Балалар тақпақ айтады.

Інжу, Нұрислам, Шахназ, Өмірәлі, Аслан, Іңкәр


Біз доспыз гүлдермен

Текке оны жұлмаймыз

Мекереке күні бір-бірден

Анамызға сыйлаймыз

Нұрислам

Жылылықтан тараған

Құшағы оның таң мекен

Менің айдай анамнан

Асқан сұлу бар мекен

Шахназ

Сыйлайыншы гүлінді

Теріп алған даладан.

Мейрамыңыз бүгінгі,

Құтты болсын анажан


Өмірәлі

Анашым анам,

Ризамын саған.

Тілінді алам,

Ақылды болам.


Аслан


Ұ Ананың біз гүліміз

Ана біздің гүліміз

Ұлдарыңды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз.

Іңкәр

Еңбек еткен біз үшін

Еркелеткен біздерді

Мәпелеткен біздерді

Анамызға мың алғыс


«Ана» өлеңін шырқайық


«Ара» биі

Көктем: Сендермен қуанышты кездесу болды,

Сендер марапатқа лайықсыңдар.

Қуаныш сыйлағандарында рахмет.

Сендерге деген базарлығымызды қабыл алыңдар.

Ата-аналарыңды тыңдаңдар балалар!(Сыйлықтарды береді,кетеді)

Аналарына деген жылулық сөздерін айту

1. Анам – менің күнім. Жансая

2. Анам– менің бақытым.Саян

3. Ана – маған қымбатсың.Нұрайша

4. Ана-сенен жақын жан жоқ.Нұрислам

5. Анам – менің мейірімді. Зере

6. Анам-менің қамқоршым. Кәусар

7. Ана–бізбен бірге күліп, мұңаяды! Ерсайын

8. Ана–кез-келген жағдайда қасымда! Райана

9. Анам–жүрегі жұмсақ аяулым. Әмина

10. Анам – менің алтын Інжу

11. Анам – менің жанашыр Іңкәр

12. Анам – менің мейірбан Мейіржан

13. Анам – менің қадірлі Шахназ

14. Анамыз – әрқашан әдемі Аслан

15. Анам – менің ардақты Өмірәлі

Би: флешмоб

Жүргізуші: Біздің мереке аяқталады,

Көктем келіп, қуантады.

Барлығына серпіліс әкеледі,

Бақыт пен қайырымдылық жайылады!
































































КМҚК «Жазира» балабақшасы

















«Ана – аса қымбатты жан»









Тәрбиеші: Жұбатқанова Ж

Музыка жетекшісі: Халыкова Г

Арал қаласы

2020 жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.02.2021
334
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12