400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Ертеңгілік. Тақырыбы: "Ана-өмір гүлі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық сыныбына арналған 8 наурыз мерекесі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ертеңгілік: «Өмір гүлі-ана!»



(Әуен орындалып тұрады)

Жүргізуші: Анасыздар әр үйге панасыздар

Бала десе от болып жанасыздар

Сәтті басса ұрпағын –мерей тасып,

Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

Өр десе те сіздерді, -лайықсыздар.

Төр десек те сіздерді, -лайықсыздар

Ер десек те сіздерді, -лайықсыздар

Зор десек те сіздерді, -лайықсыздар

Сіздер-Күнсіз аспанда жарқыраған,

Сіздер-өзен, тау суы сарқыраған

Сіздер-ана, Сіздер-жар, Сіздер-қыздар

Сіздер-жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған

Жүргізуші: Қымбатты да ардақты, аяулы аналар мен құрметті көктемдегі

құлпырған қыздар!

Гүл көктем, ару көктем, күн көктем!

Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8-наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге әлемнің нұрын,өмірдің гүлін,көктемнің шуағын тілейміз!Мына жарық дүниенің мәні де,сәні де сіздерсіздер! Балалардың сіздерге арналған «Өмір гүлі-ана!» атты ертеңгілімізді тамашалаңыздар.

«Көктем вальсі» әуеніне балалар залға көңілді ән-күймен кіріп, билейді.

Жүргізуші: Балалар қалай ойлайсындар бүгін қандай мереке?

Балалар ең асыл жан кім?\Ана\

Қызығыңда, бұзығында көтеретін кім? \Ана\

Үнемі жанында періштедей қорғаштап, демеу беретін кім? \Ана\

Сонымен бүгін қандай мейрам? \Аналар\

Осындай үлкен мейрамында аналардың жүзіне кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келе ме? \ Иә \

Ендеше бәріміз аналарға арнап ән айтамыз.

Ән «Айналайын, ақ мамам!» -хор

Ақ анашым, әппағым.

Өзің жайлы тақпағым.

Арналады сіздерге.

Бар баланың тақпағы.-дей отыра сіздерге арналған тақпақтары қабыл алыныздар!


Айдос:

Бар мейірімділік анада

Ана деген бір жанды

Мейірімділік ананың

Болмас еш бір адамда.



Илназ:

Анамыздың мерекесі

Келіп қалды жақындап

Көңілін қалай тапсам деп

Ойлап жүрім күн-түні.


Мирас:

Аналарды теңейміз ғой құндызға,

Күнге де, айға да, жұлдызға.

Өмір бақи анаменен

Бақытты ғой ұл-қыздар



Данагүл

Ана пана,

Ана дана.

Өмірді әкелетін,

Ана ғана


Ділназ:

Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де


Асқар:

Ақ мамамды әрқашан,

Сағынамын, сыйлаймын.

Мейрам сайын мен оған,

Түрлі сыйлық сыйлаймын

Алдияр:

Бізге қарап елжіреп, ...

Сүйсе беттен күнім деп,

Құшақ ашса келші деп,

Жүгіреміз күлімдеп


Мади:

Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен басиеміз


Нұрай:

Жанымызды жайнатқан

Сіздер ғой ол аналар

Зор денсаулық мол бақыт

Тілейміз біз балалар

Жансұлтан:

Ананы мен жақсы көремін,

Ана шаттық, бақыт береді.

Анаменен барлық адам,

Бақытты болып жүреді


Раушан:

Жарқын жузді жан анам

сендей болсын бар адам

сендей болса бар адам

шаттык кетпес баладан



Арлан:

Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған,

Анашым деп мақтанам,

айналайын ақ анам

Дана:

Анам кетсе жұмысқа

Анашымды сағынам.

Құлағына сыбырлап

Анама арнап ән салам.


Карим:

Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Бізді ана қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз


Нурали:

Бөбегімнің сыйлығын

Қабыл алшы анашым

Бізді ана қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз .

Диана:

Біз доспыз гүлдермен

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір-бірден

Аналарға сыйлаймыз

Жүрзгізуші: Той тойлап дала мен қалаларын,

Мерекең құтты болсынаналарым

Аналарға арналған сыйлықтарын

Сыйлауға келе жатыр балаларың (әуен орындалып тұрады)

Жүргізуші: Сөзімді дұрыстайтын әже,

Айғалап ұрыспайтын әже

Қыдырса ерте келетін әже

Алысқа кетпе сағынатын әже

Келесі орындалар әніміз ақ жаулықты әжелерімізге арналады.


«Әже» әні Темірлан мен Ясина орындауында

Жүргізуші:

Тентек болсам,ашынып,

Жақсы іс қылсам, асырып

Маған сақтап жүреді

Тәттіні де жасырып

Тосып тәтті дәмдерің,

Ол бар жерде бал жердім

Мен ұйықтарда айтады.

Ертегісін әндерін

Біздің үйде осындай

Әжетайым бар менің.

«Қайда, әже» әні орындайтын Нұрай анасымен және Алдияр анасымен.

«Алақаның сипап тап» ойыны (қыздар мен аналар)

«Гүлдерді жинау» ойыны(ұлдар)

«Кір жаю» ойыны(топпен)

«Толқиды теңіз» ойыны(аналарға)

(Әуен орындалып тұрады)

Жүргізуші: Ардақты ана, аяулы ана,қымбаттым

Тәтті ұйқынды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің

Кең құшағың-аясындай гүл бақтың

Мен өзіңмен қайда болсам біргемін

Махабаттың жүрегімде жүр менің.

Күн нұрындай-жадырай бір күлгенің

Қандай жақсы ортамызда жүргенің.
Би-«Мамино сердце»

Жүргізуші: Күндеріңіз толсын гүлге, желекке

Отбасында болсын ырыс-береке

Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді

Өмір-думан, бақ әкелсін мереке -дей отыра бүгінгі мерекеге арналған ертеңгілігіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
308
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі