400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік Тақырыбы "Армысың Әз Наурыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаьақшаға арналған ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Наурыз -жыл басы».

Жүргізуші:

Құрметті ата-аналар ,әріптестер және балалар. Қош келдіңдер. Бүгінгі Ұлыстың Ұлы күні тыныштық пен бейбітшілік күннің есігін айқара ашып келіп жетті. Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Бүгінгі Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің , мерейлі Наурыз» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Қошеметтеп Аққайын тобының бүлдіршіндерін ортаға шақырамыз. (балалар залға кіреді).

Жүргізуші.: Наурызбеннен ұласып көктем жеткен

Үлкен, кіші көңілін өрлеткен.

Жан- жануар табиғатты түрлентіп.

Ескі жылмен реніш, өкпе кетсін- дегендей ,реніш, өкпе наздар ұмытатын күн .Жаңа жыл тек жақсылық ала келсін,төрт түлігім төлдесін,ақ мол болсын, ел тоқ болсын.

Наурыз тойын тойлауға келген «Аққайын» тобының бүлдіршіндерінің той шашуын қабыл алыңыздар!

Ән: « Наурыз біздің әніміз».

Жүргізуші: Балалар бір айқайлаған дыбыс естіле ме қалай? Бұл кімдер болды екен ?(екі әже, ата кіреді).

Әжелер : -Е-е біздің немерелеріміздің бәрі мұнда екен ғой.Біз оларды іздестіріп жүрсек. Балаларым Наурыз тойы құтты болсын!

Жүргізуші: Армысыңдар әжелер,мереке күні жақсы келдіңдер келіндер мына жерге төрге шығыңдар немерелеріннің өнерін тамашаландар .

Жүргізуші: Көргенше қуанасың таза ауаны

Құлаққа естілгендей жаз әуені.

Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи.

Наурызым құтты болсын ,қазақ елі.

Қане халайық ,құрметтеп ортаға жаңа жылымызды Наурызды шақырайық.

Жүргізуші: Армысың Наурыз.

Қуаныш боп, кір төрлет.

Ел болып саған

Көрсетіп жатыр сый құрмет. (Наурыз келеді).

Наурыз:

Жайнатамын бар гүлді

Сайратамын бұлбұлды

Төгілтіп ән-күй,жырды

Мейрамдайық бұл күнді.

Тіршіліктін бастауы

Наурыз айы мен болам!

Жүргізуші:

Сәлеметсіз бе наурыз айы. Қош келдіңіз.

Бізген бірге болыңыз балаларымыздың той шашуын тамашалаңыз. Төрлетіңіз.

(Наурыз ата мен әженің қасына отырады).

Ал балалар , жарыса билеп, ән салып, ойын ойнап ,тақпақ айтып , өнерді ортаға салайық.

Кезекті балаларымыздың өлең шумақтарына берейік.

1Абылай: Күттіріп келген жыл басы

Бізбен бірге жырлашы

Дастарханға елімнің

Береке ырыс сыйлашы.


2Айзере: Наурызды халқымыз

Жыл басы деп санайды

Көнермеген салтымыз

Көп елдерге тарайды.

3М Гүлсезім:

Наурыз келді еліме

Наурыз келді жеріме

Байлық бақыт тілеймін

Бүкіл қазақ еліне.


4Қыдірәлі. Көктем келді наурыз келді

Жер көгерді ел көгерді

Дастарханын жайып дархан

Жақсылық пен бақыт шашқан.

5Ақнұр:

Басталды міне тойымыз

Ұнады ән мен ойымыз

Наурыз бақыт әкелсін

Тойға ұлассын тойымыз.


6Мәулет:

Наурыз тойым, наурыз тойым

Құтты болсын халайық

Кәне достар ,кәне достар

Шырқап әнге салайық.


7Бақдәулет;

Ұлы күні Ұлыстың

Күн мен түнді теңеген

Тәтті дәмін ырыстын

Таттық наурыз көжеден.



8Айару:

Наурыз келді алақый

Кел билейік балақай

Бізде қарап тұрмайық

Тойға шашу шашайық.


9Мадина:

О халайық халайық

Әсем әнге салайық

Наурыз тойы көңілді

Бірге қарсы алайық.


Жүргізуші:


Жүргізуші: Қызғалдақтай құлпырып

Ұл-қыздарымыз жайнасын-деген тілекпен ұлдардың биін тамашалайық.


Би: «Жігіттер биі».

Жүргізуші: Әнім де саған, биімде

Құт қонақ өзін үйімде

Қуаныш сыйлап еліме

Күлімде наурыз күлімде- деп кезекті балаларымыздың тақпақтарына берейік.

10Ұлан: Жыл басы наурыз мереке

Ақ нұрға әсем боянды

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды!

11Біржан:

Наурыз келді нұр келді

Түгел аймақ түрленді

Наурызда күлімдеп

Күн нұры төгілді.


12Ранел:

Осыншама жақсылық

Алып келген наурызым

Төрлет бізге нұр беріп

Шуақ шашып ақ жүзін.


13Жасмин:

Наурыз тойы болғанда

Қырдан гүлдер тереміз

Наурыз тойы болғанда

Алтыбақан тебеміз.


14Дария:

Наурыз келді құт болып

Мына бізге сүт болып

Аққа аузымыз толады

Бар жақсылық болады.


15Ерасыл:

Ата- бабам тойлаған

Наурызым армысың

Қызыққа еш тоймаған

Наурызым армысың!


16Е.Гүлсезім:

Наурызбенен құттықтап

Алыс жақын қауымет

Көктемдегі жарқын сәт

Көңілдерге ауысты.


Жүргізуші: Айтыссыз мына өмірдің несі көктем

Айтыс десе Қазекеннің есі кеткен.

Көтеріп ел мерейін , ел еңсесін

Көкейін тыңдаушының риза еткен.

Дуниеде түрлі өнер көп,өнерді тапқан шебер көп» дегендей кезекті «Қыз бен жігіт» айтысына берейік.


Айтыс: «Қыз бен жігіт».


Әже: Ботақандарым сендер бүгін наурыз мерекесін тойлап жатыр екенсіндер , меніңде отбасымда бір қуаныш болып жатыр немерелі болып жатырм , осы мерекені пайдалана отырып немеремді «Бесікке салу» рәсімен откізсембе деп отырмын сендермен бірге.

«Бесікке салу».рәсімі.


Жүргізуші: Әже , немереңіздің бауы берік болсын ,өскенде ел сыйлайтын азамат болсын!

«Батамен ел көгерер» үлкен кісіден бата сұрайық.

Ата: : Сұрасан бата берейін

Үстем болсын мерейін

Балам, балам батыл бол!

Жауға шабар батыр бол!

Жамандықтан аулақ қаш

Жақсылыққа жақын бол!

Әумин!

Жүргізуші: Наурыз ,наурыз жыл басы .

Наурыз, наурыз бақыт жалғасы

Наурыз келді тамаша

Ән айтамыз таласа

Анам ,апам той тойлап

Қуанып жүр балаша- деп кезекті әсем әнге берейік.

Ән: Наурыз көктем.

Жүргізуші: Балалар осы наурыз мерекесінде қандай ұлттық ойындар, ұлттық тағамдар пісіріледі білесіндер ме ?

1 Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

Б: Алтыбақан, көкпер. асық ату , қыз қуу, теңге алу, білектесу.

2 Ұлттық тағамдарды атап беріндерші?

Б: Бауырсақ ,бесбармақ, тары талқан, көже, айран ,қаймақ тб

Өте жақсы жауап бердіңдер.

Балалар бүгін біз сіздермен ұлттық ойын туралы сөз қозғаймыз.Қазақ халқы ұлттық ойындарға бай халық.Ұлттық ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып жатыр.Ал ата –бабамыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың яғни сіздердің мықты әрі жігерлі болып өсуілеріне ықпал еткен. «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болама?» -деп Абай атамыз айтқандай ойын сіздердің балалар өмірінізде ерекше орын алды.

Ал кәне осы аталған ұлттық ойындардың ішінен «Теңге алу» ойының ойнайық.

Т: Өте жақсы ендеше ойнап көрейік.

Ойын: «Теңге алу».

Шарты:

Ойынға қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінелі.Әр қайсысы жеке-жеке шыбықтан ат мінеді. 
Ойын кезгі басталатын жерге сызық сызылады.Одан әрі 20-30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады.Шұңқырға он-оннан тас салынады.Содан екі топтан екі сайыскер шығады.сызыққа келіп қатарласып тұрады.Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйыңғытып,шаба жөнееді.Сол беттерімен әлгі шұңқырға тез жетіп қол соғып жібереді де, тасты іліп алып,әрі қарай шауып кете барады, шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды. 
Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі.Қай топ көп ұпай жинаса,сол топ жеңеді. 

Т: Тамаша балалар бұл ойын сендерді шапшандылыққа ептілікке , байқағыштыққа үйретеді . Міне жаңа Абылай өзінің қандай епті, байқағыш нағыз шабандоз екендігін қөрсеттіп жеңіп шықты.



Ойын: «Білектесу»

Шарты:
Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады.2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқастырады.Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып 2-ші қашан білектен тартысып сынасуға да болады

Жүргізуші: Наурыз тойым наурыз тойыи

Құтты болсын ағайын

Кәне достар кәне достар

Шырқап әнге салайық -деп кезекті әсем әнге берейік.

Ән: Наурыз көктем.

Жүргізуші: Елім менен жеріме

Ырысын шашқан наурыз

Күлімдеген көктемге

Шуағын шашқан наурыз

Жеті түрлі дәм салып

Дәм татқызған наурыз.

Жақсылық тілеп халыққа

Молшылық әкелсін наурыз.

Бүгінгі Ұлыстың Ұлы күніне арналған ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Келіп тамашалағандарына көп көп рахмет.

Бәріңізді Наурыз мерекесіне арналған дастарханға шақырамыз.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16 наурыз
1908
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі