Материалдар / ертеңгілік тақырыбы: Аяулы анашым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ертеңгілік тақырыбы: Аяулы анашым

Материал туралы қысқаша түсінік
: бүлдіршіндердің санасына халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сіңіру, ұлттық қасиеттерге баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Сәуір 2021
364
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КМҚК «Балбөбек» бөбекжай-балалар бақшасы














Shape1



























Тақырыбы: «Наурыз -біздің жаңа жыл» І сәбилер тобының наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігі.

Мақсаты: бүлдіршіндердің санасына халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сіңіру, ұлттық қасиеттерге баулу. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін қарсы алу арқылы балаларды отан сүйгіштік, үлкенді сыйлау, жаман әдетен аулақ болу тағы басқа ізгі қасиеттерді бойларына сіңіру.

Мерекеге сай безендірілген залда күмбірлеген күй ойнап тұрады.

Жүргізуші: Қымбатты балалар, қонақтар! Алдымызда Ұлыстың ұлы күні-наурыз мерекесі келе жатыр. Наурыз деген сөзді қазақшаға аударатын болсақ «Жаңа күн» деген ұғымды білдіреді. Жаңа күн яғни жаңа жылдың алғашқы күні. Ұлыстың ұлы күнінде жұрт жақсы киініп, ауыл аралап бірін-бірі жаңа жыл-Наурыз мейрамымен құттықтап, бір-біріне игі тілектер айтады. Кәне, балалар қандай тілектер айтады екен, еске түсіріп көрейік.

  1. Ұлыс оң болсын!

  2. Ұлыс бақты болсын!

  3. Төрт түлік ақты болсы

Жүргізуші: дұрыс айтасыңдар балалар.

Жүргізуші: қымбатты балалар ұлыстың ұлы күні даланы Қыдыр баба аралайды деседі. Қыдыр баба адамдарға бақ қондырып, дәулет береді екен. Балалар Қыдыр ата мен Ұмай ананы қарсы алайық.

Жүргізуші: Сәламатсыздарма, Қыдыр ата , Ұмай ана! Қош келдіңіздер, наурыз мерекесі құтты болсын!

Қыдыр ата: ұлыс күні құтты болсын!

Ұмай ана: берекелі де мерекелі жыл болсын!

Жүргізуші:

Бата беріп атамыз

Бата беріп апамыз

Тәтті болып жасалған

Наурыз дәмін татамыз

Бәріңізді дастарханға шақырамыз.

Қыдыр баба:

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін!

Бәле-жала жерге енсін!

Ұлыс күні қазан тола

Ол жылы ақ мол болар

Ұлы кісіден бата алса

Сонда олжалы жол болар

Қыс өтіп, қар еріп

Шырайлы жаз жетіп

Шаңырақ кенелген.

Мейрамы ежелден

Құтты болсын, бұл наурыз!

Жүргізуші:

Ұрпақтардың бағы болсын!

Арайланған таңы болсын!

Ақ батамен қол жайғанның

Тілегінің бәрі болсын!

Наурыз мейрамы құтты болсын!

Жүргізуші: Төрге шығыңыздар, Қыдыр ата, Ұмай ана. Бүгін балаларыңыз ұлттық ойындар ойнауда.

(ішке тазша бала кіреді)

Тазша бала: сәлематсыздарма,балалар!

Жүргізуші: сәлематсызба, тазша бала. Қайдан келесіз, қайда бара жатырсыз?

Тазша бала: хан ауылынан келемін. Осы балабақшада наурыз тойы болады дегенді естіп келе жатырмын. Наурыз мерекесі құтты болсын!

Жүргізуші: тазша бала біз сізді ертегілерден білеміз. Бізге ойын көрсетсеңіз жақсы болар еді.

Тазша бала: жарайды. Ойынды апайлармен көрсетейін. Ойынның аты «сақина салмақ» деп аталады.

Жүргізуші: Қымбатты тазша бала, бізбен бірге болыңыз. Балалардың ойынын көріңіз.

Тазша бала: рахмет, рахмет.

Жүргізуші: олай болса төрге шығыңыз. Ұлыс тойы күні адамдар аударыспақ, көкпар, арқан тартыс, асық ату, ақсүйек ойыны секілді ойындар ойнайды. Солардың бірі асық ойыны. Қазақта әр үйдің баласы сойған малдың, қойдың асығын жинайды. Асықты қынамен бояйды. Қорғасын құйып сақа жасайды. Асық ойыны түнде, күндізде болады. Күндізгісі мергендікке, түнгісі ептілікке баулиды.

Енді балалар асық ойынын ойнап, мергендігімізді көрсетейік.

Ән: «Көбелек»

Жүргізуші: енді арқан тартыс ойыны. Бұл арқылы тартыспаққа түскендердің бұлшық еттері қатаяды. Аяққа, білекке күш жиналып, адам денесінің қуаты артады. Ал, кәне ойынға шығайық балалар.

Ән: «Наурыз-біздің жаңа жыл»

Ұмай ана:

Бәреклд і балалар, мен сіздерге бір жұмбақ жасырайын деп едім.

Әжем уыстап сығып,

Далада кептірген

Түсі ақ, қатты

Дәмі ащы

Білесің бе, ол не? (құрт)

Ойын:«теңге алу»

Қазір сіздерге «тақия тастамақ» ойынын көрсетеді.

Наурыз мейрамы құтты болсын! Жаңа жыл бақыт, табыс, достық әкелсін дей отырып, мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сау саламатта болыңыздар.

Музыка ойналады.























































Жүру барысы: Құрметті аналар, ақ жаулықты әжелер, бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз аналар мейрамы құтты болсын! Аспанымыз ашық, жүздеріміз жарқын болсын. Балаларыңыздың жүрегінен шыққан, жыр-толқын, ән-билерін қабыл алыңыздар.

Ана деген өмірдегі ұлы есім,

Бақ тілесе анадай-ақ тілесін

Ана деген ардақты ат сен оны

Ана жайлы ән тыңдасаң білесің.

Көңілді әуенмен балалар шығып, жарты шеңбер болып тұрады.

Бекнұр: Той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық

Аналарды қуантып

Ән маржанын шашайық.

Ақжол: Бүгін наурыздың сегізі,

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз адамның,

Анаға айтар лебізі.

Бекнұр: Жеңге, мама, тәтені,

Қарындас пен әпкені.

Құттықтаймыз мейраммен,

Ақылшы, дана әжені.

Әли: Жанымызды жайнатқан,

Сіздерсіз ғой аналар

Зор денсаулық, мол бақыт,

Тілейміз біз балалар!

Бекнұр: Бүгін бізде мереке, кешікпейме ешкімде.

Ақжол: Жаңа көйлек киіп қыздар, дайын отыр келіп қалар.

Әли: Айттым әне сендерге, үлгермейміз біз енді.

Бекнұр:Қыздарда бір пәлденіп, болар емес сәнденіп.

Бәрі: шапалақтап қол соғып, қыздарды қарсы алайық.

Музыкамен қыздар шығады, ұлдар гүл ұсынады.

Ән: «Құттықтаймынмама туған күніңмен!»

Би: «Көбелектер»

Ақтілек: Құшағына кіргенде,

Жылынамын бір демде

Не жетеді көзіңе

Мейірімді күнненде

Дильяра: Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен

Құттықтаймын анашым,

Сегізінші мартыңмен.

Фариза: Әлпештеген, аялаған

Ақ сүт берген апатайым,

Тақпақ айтып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын.

Бексұлтан: Сенен өскен даналар

Сенен өскен балалар

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті аналар.

Мейірбек: Құтты болсын ақ анам,

Сегізінші наурызың.

Тілейді бақыт бір саған,

Әлпештеген ұл- қызың.

Би: «Ролли-полли»

Ойын: «Ата-анамен»

Жүргізуші: Ана десем алғыс алам халқымнан,

Ана десем теңіз болам шалқыған,

Ана десем ашылады қабағым

Ана десем әділдікті ұғамын

Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар.

Айсана: Шалқып тасып әніміз

Жадырасын жанымыз

Ана сені құттықтап

Әндетеміз бәріміз.

Айсұлу: Ана өмір жарығы,

Ана өмір бұлағы,

Бесігімнің жыр әні

Жүрегімде тұрады.


Сезім: Еркелесе күнім дейді

Ұрысқаны білінбейді

Маңдайымнан иіскеп менің

«Құлыншағым», «Күнім» дейді.

Ән: «Ақ мамам»

Диана: Жақсы көрем апамды,

Жүрем ылғи бір ойнап

Тауға мені апарды,

Талай қайттық гүл теріп.

Айсана: Алтын апам ол менің,

Мені жақсы көреді

Үйретеді өлеңін

Ертегі айтып береді.

Би: «Орыс биі»

Жүргізуші: О, халайық жарандар

Әжемді кім жамандар

Ақ тістері маржандай

Сенбесеңдер қараңдар

Сүйкімді біздің әжетай.

Гүлзар: Қайырымды қасиетті

Ең ардақты ақ әжем

Әрбір сөзі өсиетті

Баға жетпес бал әжем

Аман-есен жүріңізші

Бар тілерім сол әжем.

Мәдина: Өзің мені өсірген

Айналайын ақ әжем

Тентек болсам кешірген

Ауырмашы әй әжем

Шай қайнатып келейін

Шекер салып жан әжем

Өзім құйып берейін

Балдай тәтті бал әжем.

Көрініс: «Әжесі мен Бағлан»

Қазақша киінген әже іс тігіп отырады, немересі ойнап жүреді.

-Жүрегім кім менің?

-Мен

-Тірегім кім менің?

-Мен

-Жаным кім менің?

-Мен

-Сәнім кім менің?

-Мен

-Ботақаным, Бағлан қозым

Не деген тәтті баласың өзің

Ой, қарғам менің

-жоқ, әже, қарғаң мен емес

Жо, жоқ қарға болмаймын

Керегі жоқ ондайдың

Қарға қарқ-қарқ етеді

Алысқа ұшып кетеді

Қасыңда боп әрдайым

Мен ешқайда бармаймын.

Жүргізуші: Құтты болсын осы шаттық күніміз,

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.

Жанерке: Мерекені қарсы алып,

Мәз болады барша жұрт.

Гүл қсынып анаға,

Бердім өзім ән салып.

Ерсұлтан: Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді.

Барған сайын бір жаққа,

Кәмпит алып келеді.

Динара: Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтар

Әдеппен бас иеміз.

Зинат: Ақ анашым, аппағым

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнім де

Арнадым саған бәрін де.


Айару: Жарқын жүзді жан анам,

Сендей болса бар адам

Шаттық кетпес баладан.


Жұлдыз: Мәпелейсің мені анам

Қолыңдағы құсыңдай

Құлпыра өсіп демалам,

Құшағыңда қысылмай.

Әли: Ана біздің күніміз,

Ана біздің гүліміз

Анамыздан тарайды

Біздің ана тіліміз.

Ән: «Өнерге құштарлық»

Жүргізуші: О, анашым неткен жансың, мейірімнен жаралған,

Мәңгілікке арамызда шалқып-тасып жүр аман.

Егер де сен еш ауырмай ,күліп-ойнап қуансаң,

Бұл тәңірден одан басқа ешбір тілек сұрамаң.

Ана! Ана! Ана! Не деген мейірімді, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңші. Жақсылық атаулының барлығы ананың сүтімен жаралған. Қадірлі әжелер, аяулы аналар, сүйікті де сүйкімді қыздар мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге әлемдегі бар жақсылықты тілейміз.






























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!