Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ертеңгілік Тақырыбы "Біздің шырша"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Ұлан ауданының білім бөлімі» ММ
«БЕКІТЕМІН» «ТЕКСЕРІЛДІ»
Балабақша меңгерушісі: Әдіскер:
___________________ _______________
«Біздің шырша»
атты
Аудандық жаңа жылдық ертеңгілік
Тәрбиеші:
Сайлхан Н
2018-2019 оқу жылы
Тақырыбы: «Біздің шырша»
Қош келдіңіз, қонақтар,
Айгөлектей бақшаға.
Құшақ жая қарсы аламыз,
Сіздерді бүгін қуана.
Жақсы өнерге көрімдік,
Болсын сізден халайық.
Құлыншақтар өнерін,
Ортаға біз салайық.
Балалар көңілді бимен залға кіреді.
Жүргізуші:
Амансың ба халайық?
Жаңа жылды тойлайық
Ән салайық, билейік
Көңілімізді көтерейік
Құрметті ата-аналар, тәрбиешілер «Құлыншақ» ортаңғы тобы
балаларының Жаңа жылға арналған ертеңгілігін бірге
тойлайық!
Жүргізуші:
Кел, жаңа жыл
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Құрметті жамағат “Жақсы сөз- жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясын шаттығына бөлегейсің бізді де, - дей отырып балабақша меңгерушісі Ержомарт Меруерт Аскербекқызына сөз береміз
Жүргізуші:
Ортада таңдандырып талайды,
Шыршамыз жасанып, жайнайды.
Құбылып, құлпырып айнала
Сиқырлы сәулелер тарайды.
Балалар, қараңдаршы қандай әдемі шырша. Біз шыршамызға тақпақ, ән
айтып берейікші
Балалар, сендерге ұнады ма?
Біздер бүгін жаңа жыл мерекесін тойлауға жиналдық. Мерекелерің құтты болсын. Енді жаңа жылға арналған әнімізді айтып берейік.
Ән: «Аяз ата»
Залға Аққала кіреді:
Менің атым Аққала
Ән саламын шаттана
Аққаланы айналып
Кел, ойнаңдар, шаттана.
Балалар, сендер мені таныдыңдар ма? Мен Аққаламын. Мен қардан жасалғанмын. Сендер менің қасымда тоңып тұрған жоқсыңдар ма?
Балалар: ЖОҚ.
Аққала: Сендер сонда аяздан қорықпайсыңдар ма?
Балалар: ЖОҚ.
Аққала: Ал егер қолдарың тоңып қалса не істейсіңдер?
Тәрбиеші-балалар: Біз шапалақтаймыз.
Аққала: Ал егер аяқтарың тоңса ше?
Тәрбиеші-балалар: Біз топылдатамыз.
Аққала: Ал егер мұрындарың тоңса ше?
Тәрбиеші-балалар: Біз уқалаймыз.
Аққала: Сендер бәрін біледі екенсіңдер. Енді менімен ойын ойнайсыңдар ма?
Балалар: Ия ойнаймыз.
Ойын: «Мұз жинау»
Ендеше балалар Аққаламен бірге ән айтайық.
Ән: «Шырша жыры»
Жүргізуші: - Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа
жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
Балалар: Аяз ата мен ақшақар .
Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге
шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 -
рет
Аю: - Здравствуйте, ребята! С Новым годом!
Мен қысқы ұйқыда болатынмын, қатты айқай – шу, тасыр - тұсыр шошып
ояндым, не болып қалды деп сұрап едім, бәрінің айтатындары бір - ақ
сөз: «Жаңа жыл келіп қалды, жаңа жыл» - дейді. Машаны да іздеп,
осында болар деп келдім.
Жүргізуші: Мәссаған, балалар бұл кім?
Балалар. Аю.
Жүргізуші: - Иә, «Маша мен аю» мультфильмін сендер өте жақсы
көресіңдер ғой. Бірақ біз Аяз атаны шақырдық қой, аюды
емес...
Балалар: иә.
(осы кезде Маша келеді. Шыршаға таңырқап)
Маша. – Керемет....(деп шыршаның астындағы қорапты тауып алады.
Аю шауып келіп Машаны көтеріп алады)
Аю. - Әрең таптым - ау, сені қасқыр жеп қойған шығар деп едім.
(деп кетіп бара жатады)
Жүргізуші: Тоқтаңыздар, кетпеңіздер, бізбен бірге болыңыздар!
(Екеуі қуанып, балалардың жаныңа келеді)
Жүргізуші: Балалар онда Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық қатты
дауыспен.
Бәрі. Қоңырау үні сыңғырла
Аяз ата, Ақшақар
Біз Сендерді сағындық
Тез келіңдер ортаға
Аяз ата, ақшақар 3 - рет
(әуенмен бірге Аяз ата, ақшақар келеді)
Аяз
Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Жүргізуші:Қош келдіңіздер, алыс жолдан келдіңіздер.
Әсем әні де, биі де бар
Отыр ата, сәл дем ал.
Аяз ата Ақшақар «Құлыншақ» тобының балалары қазір сіздерге
өнерлерін көрсетеді.
Шәрбат: Жаңа жылда балалар, Тек қуаныш көріңдер. Ауырмаңдар ешқашан, Мықты олу өзіңнен. |
Інжу: Аппақ тонға оранып, Базарлықты мол алып. Келді алыс сапардан, Аяз ата оралып. |
Жанерке: Қалып едік сағынып, Күтіп алдық жабылып. Жолын қойдық жарыққып, Шыршаларға шам іліп. |
Әлия: Жаңа жылым мол болсын, Басқан қадам оң болсын. Төрле,төрле жаңа жыл, Бізге құтты жыл болсын. |
Анель: Ауыл маңы аппақ қар, Қызықтар көп не түрлі. Ақ дәптерді парақтап, Қыс отырған секілді. |
Медина: Әкем таңдап әкелді, Ең үлпілдек шыршаны. Иісі аңқыған шыршаны, Жарқыраған шыршаны, Жұпар иісі аңқыды. |
Толғанай: Жасыл желен жамылған, Асыл моншақ тағылған. Міне сұлу шыршамыз, Көптен күтіп сағынған. |
|
|
Ақшақар: Мен сендерге сөздер жасырам жалғасын табайық.
Ақшақардың сұрақтары:
Мен білемін бір ойын:
Үйретейін сендерге
Мен бастаймын,
ал, сендер аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр....
Балалар: Жаңа жыл!
Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге....
Балалар: Аязата!
Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!
Сендер әрі......
Балалар: Әдемі!
Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын - күлкі таралсын
Құтты болсын.....
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)
Жүргізуші:
Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Ақшақарды ортаға алып
Би билейік бәріміз.деп қыздардың орындауында «Жасыл шырша» биімен
қарсы алыңыздар.
Аяз ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!
Жүргізуші: Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, ұлдарымыз тақпақты
да жақсы айтады.
Бақназар: Қыс келді міне өмірге, Жаңа жылменен бірге. Жаңа жылдың қызықтары, Сыйлық әкелді бізге. |
Рамиль: Далада қар борайды, Ақ мамыққа орайды. Мұз болады қатады, Жып жылтыр боп жатады. |
Тоқтар: Жапалақтап ала қар, Жауды күнде қайталап. Қырға шықты балалар, Шаңғыларын арқалап.
|
Ерсолтан: Жұлдыз болып ағамыз, Ақ мамықтың үстімен. Біз спортшы боламыз, Үлгі аламыз күштіден. |
Олжас: Аспан жерге төгеді, Ақ күмісін уыстап. Жаңа жылда келеді, Бізге қарай жылыстап. |
Дамир: Әдемілеп біз ілген, Ойыншықтар тізілген. Қандай әсем шыршамыз, Ән шырқайық баршамыз. |
Жүргізуші:- Аяз ата сіздің құрметіңізге біздің ұлдардың орындауында «Аяз ата» биін көрініз.
Би: «Аяз ата»
Жүргізуші:- Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын
қашан бересіздер?
Аяз ата: Ой - буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір....
(барлығыңа сыйлық үлестіріледі)
Аяз -
Ата: Жарайсыңдар балаларым!
Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді
көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі
екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің
сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да
балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер,
өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын
бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!
Бәрі.
Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Біздің шырша" атты мерекеміз
аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата -
аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа
рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш
әкелсін!!!